Саз дайындаудағы шликерлі әдіс.

Шликерлі әдісте шикізатты іріге бөлшектеу дезинтеграторлы білікте, жоңғыш, білікті тісті ұсақтағыш; майда ұнтақтау және сазды босату үшін шарлы диірмен, қалақты араластырғышта немесе үздіксіз әрекеттегі арнайы машинада жүргізеді.

Сазды ыстық сумен босатып не жібітіп шликер алу үшін және қабырғалық керамика бұйымдар өндірісінде сазшайқалтқыш (глинаболтушка) пайдаланады, ондағы тас түйірлерін ажыратып бөліп алу мақсатында шликерді ойық елекке, содан соң кранды араластырғыш компрессорлы ауамен шликерді пісу үшін қондырғымен жабдықталған ашық шлам бассейнге жібереді.

Керамикалық плиткалар өндірісінде сазды үздіксіз босату үшін үздіксіз әрекеттегі машина пайдаланылады. Шликерлі әдісте жеке компоненттерді араластыру үшін (иілгішті, жүдеткіш, плавни) силоксанды немесе фарформен қапталған шарлы диірмен және түрлі конструкциядағы қалақты араластырғышта жүргізеді.

Массаны шликерлі әдіспен дайындау барысында тасты қоспаларды толығымен ажыратып алады, сазды материалдың құрылымын барынша бұзып және жоғары дәрежедегі біртекті массаны, сонымен қатар құю әдісі түрлі күнделікті конфигурациядағы бұйымдарды алуды қамтамасыз етеді.

Дәріс Керамикалық құрылыс материалдарын әр түрлі әдіспен өндіру кезіндегі қалыптау қондырғыларының жұмыс істеуі

Құрылыстық керамикалық бұйымдарды қалыптау үш әдіспен дайындалады: ылғалдылығы 15-22% массаны пластикалық әдіспен қалыптау, ылғалдылығы 6-11 % ұнтақ тәрізді массаларды жартылай құрғақ әдіспен және ылғалдылығы 32-38% сұйық керамикалық массаларды (шликерді) құю әдісімен қалыптау. Экструзды (сығып шығару) әдісі кезінде пластикалық массалардан дайындалған бұйымдарды қалыптау үшін таспалы (ленталы) винтті (шнекті) пресстер – вакуумды және вакуумсыз немесе піспекті, штамптау әдісімен қалыптағанда- фрикционды, тізелі –рычагты немесе гидравликалық пресстер қолданылады. Ұнтақ тәрізді массалардан бұйымдарды қалыптау үшін штампты фрикционды, тізелі-рычагты немесе гидравликалық пресстерді қолданады. Сұйық керамикалық массалардан бұйымды дайындау үшін оларды стендіде немесе арнайы құйғыш конвейерлерде гипсті қалыптарға құю әдісімен орындайды.

Қалыптау әдістерінің қайсысын болса да қолдану үшін бастапқы шикізаттың пайдаланылу ерекшеліктеріне көңіл бөліп, дайындалатын бұйымның өлшемдері мен формаларына қарай және содан кейінгі жүретін бұйымды өңдеу технологиялық процесстердің барлығын есептеп ескереді. Кәдімгі сазды кірпішті, беттік кірпіш (ғимараттың сыртқы бетін әрлеу үшін), қышқылға төзімді және отқа төзімді бұйымдар, канализациялық және дренажды құбырлар, арнайы тұрмыстық және өндірістік тағайындалған бұйымдары пішіндері қарапайым болғандықтан, оларды өндіру кезінде көбінесе пластикалық әдісті қолданады. Қабырғаларды ішкі әрлеуге арналған керамикалық плиткалар, еденге арналған плиткалар мен ғимараттың қасбетін (фасадты) әрлеуге арналған плиткаларды көбінесе жартылай құрғақ керамикалық массадан пресстейді. Санитарлық керамикалық бұйымдар (қол жуғыштар, унитаз, керамикалық ванналар), тұрмыстық керамикалық бұйымдар, яғни күрделі формадағы бұйымдарды, сұйық керамикалық массадан құю әдісі арқылы қалыптайды.

Қалыптауды жүзеге асыру үшін, жоғарыда айтылған әр әдістің, тағайындалуы бойынша, сонымен қатар конструктивті және жұмыс істеу принципі бойынша ерекшеленетін әрқайсысының өзіндік машиналары бар.

 

 


8-сурет. Ірі ұсақтауға арналған жақты ұсақтағыш

 


9-сурет. Конусты ұсақтағыш ККД

 


 

10-сурет. Майда ұнтақтауға арналған білік СМК-83 (СМ-1096)

 


 

11-сурет. Роторлы ұсақтағыштың конструкциясы СМД-87

 

 


 

12-сурет. Бір роторлы балғалы ұсақтағыш М-4-6

 


 

13-сурет. СМ-365 ылғалды майдалағыш жүгіргіштері

 

 


 

14-сурет.Екікорзиналы дезинтегратор

 

 


 

 

15- сурет. Аэромобильді диірмен.

 


 

 

16-сурет. Шахталы диірмен

 

 


 

 

17-сурет. Ылғал ұнтақтағы кезекті әрекеттегі шарлы диірмен.

 


 

 

18-сурет. Сазды босатуға арналған машина ФММ-9

 

 


 

 

19-сурет. Барабанды елек (елек-бурат)

 


20-сурет. Қалақты араластырғыш


Сурет- 21. Еківалды қалақты араластырғыш


 

22-сурет. Z-түріндегі қалақты араластырғыш

 


 

23- сурет. Пресс СМ-443А

 


24-сурет. Құбырлы пресс


 

25-сурет. Кескіш автомат СМ-678


 

26-сурет. Пресс К/РУ-160