Е) өзендегі су өтімін реттеуге арналған құрылымдар

М.Х. Дулати атындағы тараз мемлекеттік университеті

Су ресурстары» кафедрасы

Тест тапсырмасы

Су шаруашылық жүйелерін және құрылымдарын пайдалану» пәнінен

3 курс, 5В050805_»Су ресурстары және суды пайдалану»_ мамандығы бойынша білім

/шифрі, атауы/

алушылар үшін

 

 

1. Гидротехникалық құрылымдарды пайдалану процесі дегенді қалай түсінесіз:

А) шаруашылық-ұйымдастыру шараларын жүргізу

В) гидроторап құрылысты іске асыру

С) жобалау-ізденіс жұмыстарын жүргізу

D) зерттеулер жүргізу

Е) жобалау жұмыстарын жүргізу

 

2. ГТҚ пайдалану мақсаты қандай:

А) қауіпсіз жағдайын қамтамасыз ету

В) олардың жағдайын зерттеу

С) бұл ізденіс бойынша шаралар өткізу

D) бұл техника-экеономикалық шаралар өткізу

Е) бұл жобалау бойынша шаралар өткізу

 

3. Су торабы дегеніміз не?

А) гидротехникалық құрылымдар кешені

В) өзенде су деңгейін реттейтін құрылымдар жүйесі

С) аймақты сумен басатын гидротехникалық құрылымдар

D) өзендегі су деңгейін көтеретін құрылым

Е) өзендегі су өтімін реттеуге арналған құрылымдар

 

4. Механикалық жабдықтарды атаңыз:

А) қақпаның барлық түрлері, қалдық ұстайтын торлар

В) турбиналы камералары,жұмысшы доңғалақ,

С) статорлы колонналар және бағыттаушы апарат

D) су өлшегіш құрылғылар, өтімөлшегіштер

E) сорғы және сорғы қондырғылар

 

5. Шөгуді бақылау үшін негізгі репер шоғырының саны төмендегіден кем болмауы қажет:

А) 1 шоғыр 1 жағаға

В) 1 шоғыр екі жағаға

С) 2 шоғыр 1 жағаға

D) 2 шоғыр екі жағаға

Е) 3 шоғыр 1 жағаға

 

6. Пайдалануға бақылау қанша уақыт аралығында су сүңгігіштермен жүргізілуі қажет:

А) 1 квартал ... жыл

В) 1 ай сайын

С) 1 тәулік сайын

D) 1 жыл... 2 жыл

Е) 2 жыл ... 3жыл

 

7. Су қоймасында химиялық талдау үлгілерін қанша уақыт аралығында алынуы қажет:

А) квартал ... жыл

В) айына бір рет

С) тәулікте бір рет

D) 6 ай... 12 ай

Е) 12 ай ... 18 ай

 

8. Пайдалануда пьезометрдің жотасын нивелирлеу қанша уақыт жүргізілуі қажет:

А) ай ... жыл

В) 10 тәулікте бір рет

С) апта сайын

D) квартал ... 1,5 жыл

Е) жыл ...2 жыл

 

9. Пайдалануда мұз тұруы және мұз еруін бақылау қанша уақыт жүргізілуі қажет:

А) 5 тәулік сайын

В) 3 тәулік сайын

С) тәулік сайын

D) 10 тәулік сайын

Е) 15 тәулік сайын

 

10. Пайдалануда пьезометрдегі су деңгейін анықтау қандай жүргізілуі қажет:

А) 10 тәулік ... 1 ай

В) 5 тәулікте

С) бір тәулік сайын

D) 15 тәулік ... 1 ай

Е) 20 тәулік ... 1ай

 

11. Пайдалануда сүзілу ошақтарында су өтімін анықтау жиілігі қандай уақыт борлуы қажет:

А) 15 тәулік ... 1 квартал

В) 2 ай ... 0,5 жыл

С) 1ай ... 0,5 жыл

D) квартал ... 0,5 жыл

Е) 1 тәулік ... 1 квартал

 

12. Құрылымдарды көзбен байқау қандай жиілікпен жүргізілуі қажет:

А) күн сайын

В) 5 күн сайын

С) 10 күн сайын

D) 15 күн сайын

Е) 20 күн сайын

 

13. Пьезометрлердегі су деңгейін анықтау жиілігі қандай?

А) 5 тәулік

В) 3 тәулік

С) бір тәулік

D) 7 тәулік

Е) 10 тәулік

 

14. Су торабы құрылымындарын бақылау актісі қандай аралықта жасалып тұруы қажет:

А) жылына екі рет

В) жылына бір рет

С) жылына үш рет

D) жылына төрт рет

Е) жылына бес рет

 

15. Жағалардың өзгеруі мен тасындылардың жиналуын қай кезде бақылайды:

А) тасқыннан кейін және су қоймасы қарқынды төмендегенде

В) тасқын басталғанда

С) бірінші қардан кейін қыс басында

D) күздің басында

Е) қар кеткен соң көктем басында

 

16. Тасқын су сүзілу ошақтарында су өтімдерін қандай жилікпен бақылайды:

А) тәулік сайын

В) 10 сағат сайын

С) сағат сайын

D) 2 күн сайын

Е) 3 күн сайын

 

17. Орналастыру тәсілдері бойынша пьезометрлердің түрі қандай болады:

А) бөгетпен бірге құрылатын

В) тереңдікте орналасқан

С) нүктелік пьезометр

Д) ашық бетті пьезометр

Е) арынсыз пьезометр

 

18. Шығу бөлігі орналасуы бойынша пьезометрлер болады:

А) арынды

В) түсретін

С) тереңдікті

D) арынсыз

Е) нүктелік

 

19. Қақпаға түсетін негізгі күш:

А) гидростатикалық қысым

В) фильтрациалық қысым

С) тұрып қалған қоқыстардың қысымы

D) толқындардың әсерінен болатын күш

E) желдің әсерінен болатын күш

 

20. Су өлшеу бекеттеріндегі деңгей көрсеткішін алу қай кезеңде жиі болады:

А) тасқын кезінде

В) жаз кезеңінде

С) қыс мезгілінде

D) аспан ашықта

E) қарқынды жұмыс істгенде

 

21. Сүзілу жылдамдығына бақылауды өтім мөлшері мәннен артық болғанда жүргізеді:

А) 25%

В) 15%

С) 20%

D) 10%

Е) 30%

 

22. ГТҚ бас тарту (отказ) дегенді қалай түсінесіз:

А) ГТҚ элементі жұмыс істеу қабілетінен айырылуы

В) бұл жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстарын өткізу

С) бұл ГТҚ гидромеханикалық жабдығын жүйелі пайдалану

D) бұл оқиғадан кейін, бірден ГТҚ жобалау басталады

Е) бұл оқиғадан кейін алдын-ала жөндеу өткізіледі

 

23. Табиғатты қорғау шараларын іске асыру үшін қорғалатын аймақтары анықталады:

А) судың ӘТД

В) судың ТТД

С) судың ӨСД

D) ӨСД және ТТД

Е) ӨСД және ӘТД

 

24. Су қоймасындағы суды пайдалануға жыл ішінде қанша рет алмастырылуы қажет:

А) 10 рет

В) 7 рет

С) 5 рет

D) 15 рет

Е) 20 рет

 

25. Су өсімдіктері мен судың жасылдануының пайда болуы қандай тереңдікте туындайды:

А) 2м

В) 1,5м

С) 1м

D) 2,5м

Е) 3

 

26. Су өлшеу бекеттеріндегі деңгей көрсеткішін алу қай кезеңде жиі болады:

А) тасқын кезінде

В) жаз кезеңінде

С) қыс мезгілінде

D) аспан ашықта

E) қарқынды жұмыс істгенде

 

27. Торларды тазалау қалай жүргізіледі:

А) механизмдермен

В) әдістермен

С) есептермен

D) конструкциялармен

E) крандармен

 

28. Торларды тазалайтын механизмдерді қайда орналастырамыз?

А) тор тазалығыш машиналарда, крандарда

В) торлардың қақпамен қыйылысқан жерінде

С) қақпаларды көтеретін механизмдерде

D) крандар жүретін арнайы жолдарда

E) суағардың тесіктерінде

 

29. Су қоймадағы су деңгейінің көтерілу қандай мақсатта шектейді:

А) бөгет жақтауы орнықтылығының бұзылуы мүмкіндігінен

В) бөгет жотасы үстінен судың асып кетуі мүмкіндігінен

С) бөгет жақтауларының бекіністерінің тұтастығы жоғалуы мүмкіндігінен

D) су тұтынушыларға су беру графигі бұзылуы мүмкіншілігінен

Е) төменгі бьефке су беру графигі өзгеруі мүмкіндігінен

 

30. Су қоймасынан су жібергенде төменгі бьефте шайылу құбылысың себебі неде?

А) ағынның лайлылығы аз болуынан

В) су өтімі көбеюінен

С) судың лайлылығы өсуінен

D) үлестік өтімнің өсуінен

Е) судың химиялық құрамы өзгеруінен

 

31. Су қоймасының лай басуын бақылау қалай іске асырылады:

А) жармаларда тереңдікті өлшеу арқылы

В) қойма түбінен тұнбаны алу жолымен

С) судың лайлылығын өлшеу арқылы

D) теодолит жолдарын түсіру арқылы

Е) температуарны өлшеу жолымен

 

32. Су қоймасын шөп басуын бақылау қандай мақсатта жүргізіледі:

А) су қоймасындағы судың көлемін анықтау үшін

В) өсімдіктердің судың химиялық құрамына әсерін анықтау үшін

С) судың биологиялық құрамын бағалау мақсатында

D) қойма жағалауының мөлшерлерінің өзгеруін анықтау үшін

Е) су қоймасының деңгейлік режимін бағалау үшін

 

33. Су қоймасының лай басуын бақылау қандай мақсатта жүргізіледі:

А) су қоймасындағы су көлемін анықтау үшін

В) судың химиялық құрамын анықтау үшін

С) қойма жағалауының мөлшерлерінің өзгеруін анықтау үшін

D) судың мөлдірлігін анықтау үшін

Е) судың түсін анықтау үшін

 

34. Су қоймасы жағалауларының өзгеруіне бақылау не үшін жүргізіледі:

А) тұнбалану мөлшерін анықтау үшін

В) судың түсі мен мөлдірлігін анықтау үшін

С) судың көлемін анықтау үшін

D) су қоймадағы судың лайлылығын бағалау үшін

Е) су қоймасындағы судың химиялық режимін анықтау үшін

 

35. Мұздың қалыңдығын бақылау не үшін жүргізіледі:

А) су шығынын анықтау үшін

В) су көлемін анықтау үшін

С) түсі мен мөлдірлігін анықтау үшін

D) қойма жағалауының өзгеру мөлшерін анықтау үшін

Е) судың химиялық құрамын анықтау үшін

 

36. Мұздың қалыңдығын өлшеу жиілігі:

А) бес күн сайын

В) күн сайын

С) апта сайын

D) ай сайын

Е) қажеттілік туындаған сайын

 

37. Су қоймасының жылдық су тепе-теңдігі (баланс) қай кезде жасалады:

А) желтоқсан айында

В) келесі жылдың қаңтарында

С) келесі жылдың ақпаныныда

D) қараша айында

Е) келесі жылдың наурызында

 

38. Су қоймасының айлық су тепе-теңдігі (баланс) қай кезде жасалады:

А) айдың соңғы күнінде

В) келесі айдың 5 күнінде

С) келесі айдың 10 күнінде

D) келесі айдың бірінші күнінде

Е) айдың 20 күнінде

 

40. Су қоймасынан суды толық гидрохимиялық зерттеуге үлгі қандацй жиілікпен алынады:

А) үш ай сайын

В) ай сайын

С) он күн сайын

D) жылына бір рет

Е) апта сайын

 

41. Су қоймасынан суды қысқартылған гидрохимиялық үлгі қандай жиілікпен алынады:

А) ай сайын

В) 5 күн сайын

С) апта сайын

D) күн сайын

Е) үш ай сайын

 

42. Мұз қату кезеңінде су қоймасында су деңгейінің күрт ауытқуына неге рұқсат етілмейді?

А) мұз жылжуын болдырмау үшін

В) су шығынын азайту үшін

С) жаға мұздарын болдырмау үшін

D) жағадағы мұзқатқақтарды болдырмау үшін

Е) қойма бетінде тұтас мұз қабатын болдырмау үшін

 

43. Жазықтық өзені қалай сипатталады:

А) өтімі және жылдамдығы көп болуымен

В) салыстырмалы жылдамдығы үлкен болуымен

С) көлденең қимасы кіші болуымен

D) ірі түпкі тасындылардың болуымен (дөңбек, малтатас)