Азақстанда этнопсихологиялық идеялардың дамуы. 1 страница

Психология тарихы жайлы сөз қозғағанда еске алар бір жәйт: жалпы әлемдік психологияның дамуында екі тарихтың бар екендігі . Оның бірі – басы Аристотельден басталатын психологиялық ой- пікірлер мен ілім білімдердің тарихы.; екіншісі өткен ғасырдың екінші жартысынан басталатын эскпирименттік психологияныңтарихы. Оның біріншісі –2400 жылдай уақытқа созылса, екіншісінің бар жоғы –115 жылдай ғана. Халқымыз осы тарихтың біріншісіне өлшеусіз үлес қосқан да , екінші кезеңінде ( мұның біразы кеңестік дәуірде) айтарлықтай іс бітіре алмаған. Әрине , мұның да түрлі себептері бар. Ежелгі ата бабаларымыздың күмбірлеген күміс көмейімен , сыбызғы үнімен , асқақтата салған әнімен ғашықтық , лироэпостық жырымен , мақал- мәтелімен , шешендік сөз, айтыс жырларымен сан ғасыр бойы өз ұрпағын сегіз қырлы , бір сырлы , өнегелі де өнерлі , имандылық – адамгершілік ар- ожданы жоғары , намысқор азамат етіп тәрбиелеп келгені тарихи шындық.

Шығыс Аристотелі атанған ғұлама әл-Фараби бабамыздың да Қазақстан топырағында дүниеге келіп, артына ұлан-ғайыр тәліми мұра қалдырып кеткен ін бүгінгі ұрпақ зор мақтаныш тұтады. Түркі тілдес халықтардың бәріне ортақ өшпес рухани мұра қалдырған орта ғасыр ойшылдары: Баласағұни, Қашқари, Жүйенки, Иассауи шығармалары, сондай ақ Алтын Орда дәуірінің ойшылдары: Хорезми, Сараи, Дулати, Жалайри, Әбілғазы, т.б. еңбектерінің қазіргі ұрпақ тәрбиесінен алар орны ерекше.

 

12-лекция.Тақырыбы:Қазіргі заманғы шетелдік этнопсихолгияның негізгі бағыттары.Негізгі этнопсихологиялық бағыттар мен мектептер.

Бізді қоршаған тіршіліктегі оқиғалар мен құбылыстар өздігінен, себеп-салдарсыз болмайды. Объективті дүниенің даму заңдылықтары қоғамдық құбылыстардан да айқын аңғарылады. Сондықтан түрлі ұлттардың күрделі тағдырлары өзара байланысты, бір-біріне ықпал етіп отырады.

Этникалық стреотиптің құрылымы мен функциясы. Автостреотиптер және гетеростреотиптер.

Этнопсихологияның негізгі категориялары. Этникалық тұлға этнопсихологияның негізгі категорияларының бірі. Этникалық тұлғаның мінез-құлық ерекшеліктері. Қабілет пен темперамент саласындағы этнопсихологиялық ерекшеліктер.

Ұлттық мінездің-этнопсихологиялық құрылымды анықтаушы элемент екендігі. Психикалық тұрпат және ұлттық мінез. Ұлттық өзіндік сана және оның кмпоненттері. Ұлттық сана-сезімнің өзгеріске түсуі. Қазақстандық патриотизмнің этнопсихологиялық негіздері. Пәнаралық этнопсихологиялық ұғымдар (мәнгурттік, маргиналдық тұлға, архетип, менталитет, этникалық сәйкестену, этникалық центризм, этникалық төлеранттылық т.б.).

Буржуазиялық этнопсихологтардың теориялық көзқарастары империализм дәуіріндегі философияның реакциялық бағытта қалыптасуымен баланысты. Олар халықтардың психологиялық ерекшеліктердің империалистердің мүдделері үшін пайдалануға тырысады. Кейбір буржуазиялық зерттеушілер, әсіресе социал-реформистер ұлттық психологияның ролін асыра сілтей көрсетеді. Ұлт мәселесіндегі негізгі әрі шешуші қасиет ретінде психологияның бірлігін ұсынады. Ал американдық этнопсихологтар адамдардың психологиялық табиғатның өзгермейтіндігі жөніндегі идеяларды дәлелдеуге тырысады. Олар Қоғамдық өмірдегі тарихы өзгерістер халықтардың психологиясына болар болмас қана әсері бар немес жоқ деген пікірде.

Ұлттар психологиясы тұрғысындағы пікірлердің таласты ойлар, тұжырымдар екендігін кезінде Густав Шпет өте орынды бағалаған еді. Ол этникалық психологияның шұғылданатын тиісті саласы мен мақсаттарын анықтап алуды қажет тапты. Бірақ ұлттар психологиясына талдау жасауды ұсынғанымен Г.Шпет өзінің бір жақты мүддесіне ұзап шықпады. Оның пікірінше ұлттық мінез-құлықұлттық қауымдасудың мүшелері болып есептелетін жеке адамдардың мінездерінің көріністері ғана. Кейін оның осы тұжырымдары ұлттық психологияда нәсілшілдердің қоныс тебуіне ыңғайлы жағдайлар туғызып, оларға сылтау болды. Қазіргі уақытқа дейін көптеген зерттеушілер мынадай шешімге келді, әлеуметтік-психологиялық заңдар болмыс мәдениетімен өте жиі шектелген, ал көптеген теориялар батыс емес мәдениет шарттарына негізделмеген. Мысалы, қазіргі әлеуметтік психологиядағы мәдениет шекараларын қабылдайтын, - Израилдегі зерттеулерді қайталауға тырысу, АҚШ-та, Амирда, Шаронда., оның бес зерттеулерінің нәтижелері 1973-1975 жылдары шығарылған, ойлауы таңдап алынған, жалпы адамшылдықты ұстанатын әмбебап америкалық мәселелерді, қиын құрылымдарды қажет етпейді. Сонымен қоса 6 нәтиженің 30 ғана Израилде қабылданды, жартысынан да аз, ал қалғадары мәдениетке қабылданады.

Әлеуметтік психологтар АҚШ тағы импорттың көптеген әлеуметтік-психологиялық концепциясын көрші тұрған Канадаға жепейтініне көздері жетті.

Батыс көптеген уақыт бойы психологтарға Азия, Африка және Латын Америкасының эталоны болып табылады. Сондықтан олар ойлаған нәтижелері батыстың теорияларымен сәйкес келмесе, онда нәтижелері дұрыс емес. Г.Триандистің айтуы бойынша, оларда толымсыздық комплексі қалыптасқан.

Сонымен қоса көптеген мәдениетте салмақтылық өте жоғары бағаланған, бірақ Батыста емес, сондықтанда Батыс емес психологтар өздерінің Америкалық құрбыластарын көптеген уақыт бойы айтпаған болатын: «Сендердің теорияларың қате болмаса , әмбебап емес». Ең біінші болып жапондықтар айтқан. Содан кейін өзге елдердегі әлеуметтік психологтар нәтижеге келді, олардың мүшелеріне көзбен қарауға тырысты және әлеуметтік, мәдениеттік контексті сынай отырып – нормалар құндылықтар нақты этникалық жалпылықты міндеттейді.

Батыста жаңа жағдайға келді және де әлеуметтік-мәдени зерттеулерге өте үлкен жауапкершілікпен қарайтын болды. Салыстырмалы мәдени әлеуметтік психологияның алдында тұрған негізгі топтастырылулармен ерекшеленеді. Солардың ішінде ерекше-әмбебаптықты тексеру әлеуметтік-психологиялық теорияларда көрінді. Бұл есепке Дж. Берри былайша атау берді: «Өзгеріс және тексеріс». Психологтар өздерінің жорамалдарын өзгерткісі келеді, этникалық топтарға тексеру үшін көпшілікте қабылдайтындығы барлық мәдени-контекстерде байқалады. Екінші себебі, салыстырмалы-мәдени психологияда тұрған, психологиялық өзгерістерді зерттейтін, батыста қабылданбайды – шектелген мәдени тәжірибеде. Бұл есептерді шеше қойып соңғы мақсатқа жетуге болады, жинап алып және нәтижесінде әмбебап әлеуметтік психологияға негізделді.

Г. Триандистің көқарасы бойынша, күшті нәтижелер комплексті emic-еtic қолданылады, etic категориясы және еmіс тәсілі пайдаланылады.

Мысал ретінде, мәселелерді келтіруге болады, оларды салыстырмалы-мәдени әлеуметтік аралықта шешеді. АҚШ-та «әлеуметтік аралық» түсінігі бар. Богардустың оригиналды сұрақтары мәдини – АҚШ үшін ғасыр басындағы зерттеушілер үлкен қателік жіберді, оларды басқа уақытта пайдаланады және басқа мәдениетте.

Біріншіден мәдени топтағылар және индивид әртүрлі кезеңдегілерді теңестірді: бір мәдениетті ол нуклеарлы жанұямен байланысты, ал басқаларды – ұйыммен, ал тағы біреулерде – негізгі болып көрші топтары жатады, біреулерде элитарлы клуб. АҚШ-ң мәдени аралығын және Грецияны зерттеген кезде Триандис бұл жағдайды ескерген. Сондықтанда, барлық топтарда ол индивидттердің байланысын және екеуін салыстыра отырып бірақ арасындағы эквивалентті, мәдениет үшін сұрақтар тізімін қарастырды. Ерекше сөздер болып сұрақтың бір бөлшегі ағылшыннан грек тіліне тура аударылды, ал қалғандары мәдени ерекшелікке жатады. Мысалы, Грецияда зерттелінушілердің келісуі этникалық жалпылық (достар тобы), ал АҚШ-та оларды клубтарда достары ретінде көру.

Екіншіден, кейбір қатынас формалары бір мәдениетте әлеуметтік аралықты өлшеуді пайдалану болса, ал келесісінде ешқандай мағынасы болмайды. Индияда әлеуметтік аралықты өлшеу еtіс түсінігі қолданылады, ол «менің ыдысыма қол ұшын тигізу» дегенді білдіреді.

 

 

13-лекция.Тақырыбы: Психоаналитикалық антропология. Ұлттық сипаттағы зерттеулердегі психоанализдің ролі.

Лекцияның мәтіні:Әлемдік ғылымда этнопсихолгия XX ғасырда қарқынды дами бастады. Зерттеулердің нәтижесінде тіпті екі этнопсихология пайда болды:

1. Этнопсихологиялық, көбінесе оны психологиялық антропология деп аталған.

2. Салыстырмалы-мәдени психология немесе кросс-мәдени психология деген терминмен байланысты.

Кросс-мәдени зерттеуді ең алғаш 1901-1905 жылдары американдық ғалым К. Риберс жүргізді. Ол Мюррей аралының тұрғындары, сонымен қатар үнділер, европалықтарға қарағанда иллюзияға аз берілетінін эксперименталды түрде көрсетіп берген. Бұл зерттеу өзіне көптеген ғалымдардың назарын аудартты. Осы зерттеуден соң, осыған ұқсас көп түрлі психологиялық феномендерді зерттеу бойынша көптеген жұмыстар жүргізілді. Осы зерттеулерге ортақ нәрсе тек құрылымның алғашқы схемасы болды, адекватты түрде қойылған міндетке сәйкес психологияның арасындағы қандайда бәр әдістеме таңдалып алынады, осы әдістеме бойынша екі немесе оданда көп этникалық топ зерттеушілерге салыстырмалы зерттеу жүргізілді.

Кросс-мәдени этнопсихологиялық зерттеудің қарапайымдылығы, жүргізу жеңілділігіне қарамастан біршама қиындықтар кездеседі.

Біріншіден, психологтың алдында үнемі әдістеме нәтижелерінің салыстырмалығы туралы сұрақ тұрады. Сондықтан барлық әдістемелер сол ұлттың ұлттық-психологиялық ерекшеліктеріне бейімделген болуы керек.

Екіншіден, әртүрлі этникалық қауымдастықтың өкілдерінің қатынасы бірдей болғандықтан, белгілі бір халық үшін экспериметтік арнайы порцедурасын өңдеу қажет.

Үшіншіден, зерттеуші өзінің және бөтен елдің мәдениетін обьективті түрде қарсы қоя ала ма? Немесе өзі жатпайтын этникалық топтарды ғана зерттеуге құқығы бар ма деген сұрақ үнемі туып отырады.

Кросс-мәдени этнопсихологиялық зерттеу психологияның басқа салаларының арасындағы әдістемелердің орнына қандай да бір әмбебап әдістерді құру қажеттілігін көрсетеді. Бірақта белгілі бір шектерге қарамастан кросс-мәдени этнопсихологиялық зерттеу бір этномәдениеттің, бір ұлттың, бір этникалық қауымдастықтың ішінен тыс жаңа принципті нәтижелер береді.

М. Мидтің көрсетуінше, мәселені шеше отырып, мәдени-антропологтар мен психологтар оған әртүрлі концептуалды схемамен, тұжырыммен қарады.

Етіс ықпалға сүйенетін психологияның антропология пәні психологиялық ауыспалылар, яғни этникалық жалпылық деңгейінде адамның ішкі әлемі мен этномәдени ауыспалылар арасындағы жүйелік байланыс болып табылады. Осы берген тұжырымына қарап, мәдениет еш нәрсемен салыстырылмайды екен, салыстыру зерттеудің соңынан жүреді.

Қазіргі уақытта этнопсихологиядағы жетістіктер осы ықпалмен байланысты. Санасыз түрде зерттеушінің өз мәдениетін салыстыру үшін стандарт болғандықтан үнемі қауіп төніп тұрады, оның жеткілікті мөлшерде кемшіліктері де болады.

Етіс және etic ықпалдарының арасындағы айырмашылықты бірнеше түрде нақтылап көрсету үшін әртүрлі мәліметтердегі каузалды атрибуция зерттеулерінің нәтижелерін қарастырамыз. Берілген жағдайда әртүрлі мәдениет өкілдері жасаған сәттілік пен сәтсіздік себептерін қалай түсіндіретіні зерттелді. Еtіс зерттеуді жүргізгенде, американдықтар жетістікке жетудің себебі: қабілетте десе, үнділер әділетте деп есептеген. Американдық психолог Б. Вайнердің теориясын қолдануға болады, ол сәттілік және сәтсіздіктің кез-келген себебінің негізіндегі әмбебап үш факторды бөліп көрсеткен. Вайнер моделін қолдана отырып, біз индия мен АҚШ-тан алынған нәтижелерді салыстыру мүмкіндігіне ие боламыз. Американдықтар мен үнділердің каузалды атрибуцияларында радикалды айырмашылық жоқ, қабілет пен әдептілік ішкі себеп екенін анықтаймыз.

Нәтижені бұлай өңдеу үшін etic ықпал қолданылады, ол «салыстырмалы-мәдени психология» деп аталатын «психологиялық этнопсихологияға» тән.

Салыстырмалы-мәдени психология немесе кросс-мәдени этнопсихологияның пәні әртүрлі мәдениеттер және этникасыз қоғамдағы психологиялық ауыспалылардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын зерттеу болып табылады.

Мәдениеттің, әсіресе тәуелсіз деп есептелетін «обьективті» әдістер қолданылады, зерттеушілер үлкен субьективті қателерден қашуға көптеген мәдени антрополгтар салыстырмалы-мәдени зерттеулерге белсенсіз қарайды. Олардың есептеуінше, әрбір мәдениетте тұйық, әмбебап желі бар, салыстыру үшін адекватты көрсеткіштер алу мүмкін емес дейді.

Психологиялық антропология психологиялық ұғымдар мен әдістерді қолданады.

Салыстырмалы-мәдени зерттеу психологияның әртүрлі салаларында қолданылады, жалпы психология әртүрлі халықтардың ойлауын, есте сақтауын, қабылдау ерекшеліктерін зерттейді, индустриалды психология-басқару мен еңбектің ұйымдасу мәселелерін, жасерекшелік психология-балаларды тәрбиелеу мәселесін зерттейді.

Қоныс аударушылардың өзгерістерге дайындығы өте үлкен мағына береді. Визитерлер өзгерістерді тез қабылдайды, өйткені бейімделуге түрткілері бар. Шетелдік студенттерің түрткілері нақты бағдарлы мақсаттарына негізделген – диплом алу, олардың болашақ өміріне өте қажет. Бұл мақсаттарына жету үшін студенттер әртүрлі қиыншылықтарға барады және тіршілік ету ортасына бейімделеді. Тағы бір дайындық өз еркімен қоныс аударушылар, олар басқа бөтен топқа қосылуға ұмытылады. Сонымен қоса түрткінің аз болуынан бейімделу процесі қоныс аударушыларға әлдеқайда қиынырақ болады. Қоныс аударушыларға түйісу тәжірибесі қолайлы болып табылады – тарихымен танысу, мәдениетімен елдің өмір сүру шарттарымен таныс болу. Бейімделудің ең жақсы бір қадамы ол тілдік білім, ол тек қана әлсіздік пен тәуелділікті емес иеленушінің алдында сыйлауды құрмет етеді.

Бейімделу басқа мәдениетсіз ортаға келгенде «экзотикамен» танысуға – этикамен, тамақпен, иістермен мүмкіндік береді.

Бейімделу процесіне әсер ететін тағы бір фактор сол жердің адамдарымен жақсы қарым-қатынаста болу. Визитшілер сол жердің адамдарымен дос болып жаңа мәдениеттің ережелерін біле отырып, өздерін қалай ұстау керек жайлы көп ақпарат жинап алады.

Бейімделуге әсер ететін топтық факторларды, өзара әрекет ететін мәдениеттердің мінездемелері:

1. Мәдениеттер арасындағы айырмашылықтар және ұқсастық кезеңдері:

Көптеген зерттеушілердің нәтижесі бойынша, мәдениетті шоктың кезеңі, мәдениет ара қашықтығымен өзара байланысты. И. Бабикердің көзқарасы боынша мәдениеттердің ұқсастықтары, мәдениет арақашықтық дистанциясы, соның ішінде тіл, дін, жанұя құрылымы, білім деңгейі, материалды жабдықталған, климат, тамақ, киім т.б.

Обьективті мәдениет аралығына тағы да факторлар әсер етеді:

· Қақтығыстардың болмауы – жауынгер, геноцид және т.б. – екі елдің арасындағы тарих.

· Келген елдің мәдениет ерекшеліктерімен танысу кезеңі, басқа тілді жетік білу. Біз араласатын адам бізге жақын болады.

· Статустардың тепе-теңдігі мен теңсіздігі немесе ерекшеліктері, мәдениет аралық байланыстарда жалпы мақсаттарынан айырылмау.

Бейімделу поцестері өте жақсы болады, егерде мәдениеттер бір-бірімен жақын болса. Бейімделудің қиын болуы мүмкін, қарама-қайшы жағдайлар болған кезде: адам шатаса бастайды, егерде оның бұрыңғы мәдениеті мен ұқсас болған кезде.

2. Визитимділер мен көшіп-қонушылар жататын мәдениет ерекшеліктері. Тез бейімделе алатын салт-дәстүр және мінез-құлықтар – Корея, Жапония, Оңтүстік-Шығыс Азия елдері. Мысалы: Жапондықтардың қиыншылықтары Европада тұратын шетел адамдары арасында өз-өзін өлтіру статистикалары бар. Европада Союзында сұрақтама жүргізілген кезде мемлекет аз болғанмен, тұрғындары көп тіл біледі, мәдениет аралық бейімделуге жақын. Люксембургтің 42% халық, 1% ғана француздар, ағылшындар мен немістер төрт тілді де түсіндіріп бере алады.

 

14-лекция.Тақырыбы:М.Херсковицтің «мәдени-релятивизм» теориясына қосқан үлесіШетелдік этнопсихологияның қазіргі жағдайы

Ұлттық психологияның құрылымдық күрделі элементтерінің бірі – ұлттық сана сезім. Ұлттық сана сезім дегеніміз өзінің ұлттық өкілділігін мойындай отырып, ұлтына деген сүйіспеншілік, жанашырлық, халық мұраларын, мақтанышын бағалай білу.

Ұлттық сана сезім – ұлттық психология ұғымынан гөрі шағындау түсінік. Ол ұлттарды бір-бірінен ажыратып тұратын айрықша белгі емес, тек әлеуметтік этникалық мәнін түсіну, ұларалық қатынастарда қандай жағдайға ие екендігін, жалпы адамзат дамуында қандай үлеін барын ұғыну, әрі өзге халықтармен бірдей бостандықта өмір сүруін т.б. жағдайларда жете түсіну болып табылады.

Ұлттық сана сезімнің пайда болуы халықтардың тарихи дамуының ерекше кездерімен байланысты. Кейбір халықтар үшін феодалдық шашыраңқылықты жою үшін күрескен, басқа біреулерінде ұлт азаттық қозғалыстары т.б. құбылыстармен сипатталады.

Мәселен, Ф.Энгелс Европа халықтарының Наполеон қарсы күресі тукралы айта келіп, былай деп жазады: «Халықтардың Напалеонға қарсы жаппай соғыс ашуы ұлттық сезімнің қарсы әрекеті болды. Наполеон барлық халықтардың сезімін аяққа басқан еді.»

Ұлттық сана сезімнің қалыптасуы мен өрбуі мен ұлт азаттық күресімен байланысты. Ұлт азаттық қозғалыстары ұлттық сана сезімнің салдарынан бола тұра, оның әрі қарай дамуына ықпал етеді. Ұл азаттық қозғалыстар ұлттарда жалпы патриоттық көңіл күйдің, эмоцияның қалыптасуына себепкер болады.

Белгілі қоғам мүшелеріне ортақ мінездерінің қатарына: Отанға берілгендік, адалдық, шыншылдық, еңбекке және қоғам мүлкіне дұрыс көзқарас, ұжымшылдық, гуманизм, борышын және жауапкершілігін түсіну, қиыншылықтарды жеңіп шығуға дайын болу, кішіпейілділік, қарапайымдылық, сергектік, жолдастық т.б. жатқызуға болады.

Американың мәдени антрополог және шетелдегі белгілі «Модели культуры», «хризамтема и меч», «Роса: Наука и политика» деген еңбектің авторы Р. Бенедикт (1887-1948) көптеген жылдар бойы Солтүстік Америкадағы үнді халқында тұрған ұлттық туа біткен этноцентризмді азайтуға әкелген «трансмәдениетінің» алғышарттарын зерттеуді ұйымдастырды. Ол мәдениетті белгілі бір этникалық ортақтылықтың өкілдері үшін талап норма және олардың ұлттық мінезде, яғни іс-әрекетте және мінез-құлықта көрінетін процесс ретінде қарастырды.

Бенедикт, әрбір мәдениеттің өзі қайталанбас конфигурация, ал оның құралған бөлімдері бірлікке біріктірілген, бірақ бүтінділігімен ерекшеленеді. Әрбір адамдық қоғамның бір уақытта белгілі бір мәдени бағдарлары болады деп жазды ол. Бенедикт сол уақытта ұлттық мәдениеттің нақты қоғамға берілетін мінез-құлық түрлерінің жиынтығы жеткілікті дәрежеде шекті және оның нақтырақ білу оңай деп дәлелдеді.

Екінші дүние жүзілік соғыс кезінде Бенедикт жапондықтардың ұлттық психологиялық ерекшеліктерін және мәдениетін зерттеп таныды. Бенедикт шығыс еврейліктердің және Россиядағы революцияға дейінгі Қытаи, Сирия, Польша, Чехославакия, Франция елдерінің мәдениетін салыстыра отырып зерттеп таныды.

Этнопсихологиялық мектеп, тарихи мектептер сияқты басқа да Американдық этнография бағыттарынан ерекшеленеді, айырмашылық «тұлға» және «мәдениет» деген түсінік категорияларында болды. Әрбір халықтың мәдениетін зерттеу үшін ең бірінші тұлғаны, индивидті танып білу қажет.

Сондықтан да бірінші Американдық этнопсихолотар «тұлға» түсінігін белгілі бір құрылымның негізгі компоненті ретінде көп көңіл бөлді. Екіншіден, олар тұлғаның қалыптасуына көп көңіл бөлді. Үшіншіден, Фрейдтің ғылымына яғни сексуалды сфераға да ерекше көңіл бөлді. Төртіншіден, кейбір этнопсихологтар психологиялық факторды әлеуметтік-экономикалықпен салыстыра отырып, оның рөлін асыра айтты.

Адамның жоғары деңгейдегі сезімдерінің қалыптасып, дамып отыруы ең алдымен өзінің жеке басына деген жауапкершілікті сезінуде жатыр. Екіншіден, ол отбасындағы тағылым тәрбиеге, мектеп пен қоғамдық ұйымдардың қамқорлығына орай өрістеді.

 

15-лекция.Тақырыбы:Когнитивті антропологияның пайда болуы.

Адамдар бойындағы конструктілер - саньша, олардың сипаты, өзара байланыстарьша тәуелді бір-бірінен ерекшелінеді деп тошпыланады. Осындай белгілердің жиынтығы — адамның когнитивті күрделілігінің белгілі деңгейін қүрайды. Адамның когнитивті күрделілігі мен қоршаған өлемді талдау қабілетінің арасында төуелділік бар екені эксперимент жолымен дөлелденген. Неғүрлым когнитивті күрделілеу адамдар қабылдағандарды тезірек интеграциялай алады, тіші объектілерде қарама-қарсы қасиеттері болған күнде де, ягаи мөселені шешуде "когнитивті қарапайым" адамдарға қарағанда қателіктерді аз жасайды. Топ 8 ішіндегі қарым-қатынас процесі " когнитавті күрделі" жөне * "когаитивті қарапайым" больш, топ мүшелерінің өзара санының сөйкестігіне байланысты анықталады. Әрине, бірлескен іс-. өрекетте когаитивті күрделілііі әртүрлі адамдар жолыққаңда, олардың өзара түсінісуі қиын болатыны түсінікті: біреуі бөрін тек ақ пен қара ден түсінсе, ейншісі олардың арасында түрлі нюанстар (өзгешелік, реңк, түр) болатынын біліп, бірішдінің квзқарасын қабылдамайды. Тіпті "күрделіліктің" өзі де екі түрлі өлшемде болатыны анықталған: адамның ішкі жан дүниесі күрделі (немесе қарапайым) болса, екіншіден, сыртқы ортаны қабылдауы да не күрделі, не қарапайым болады.