Лекция. Электр тораптары элементтерінің номиналды кернеулері

Лекцияның мазмұны: электр тораптары элементтерінің номиналды кернеулері

. Лекцияның мақсаты: электр тораптары стандартты номиналды кернеулерінің шкаласын зерттеу.

Әрбір электр торабы оның жабдығы есептелетін тораптың номиналды кернеуімен Uном сипатталады. Номиналды кернеу электртұтынушылардың (ЭТ) қалыпты жұмысын қамтамасыз етеді, ең үлкен экономикалық тиімділікті береді және жеткізетін активтік қуатпен және электрберіліс желісінің ұзындығымен анықталады.

ГОСТ 21128–75 айнымалы токтың 1000 В дейінгі электр тораптарының және қабылдағыштарының номиналды фазааралық кернеулерінің шкаласын ендірді: 220, 380, 660 В.

ГОСТ 721–77 айнымалы токтың 1000 В жоғары электр тораптары номиналды фазааралық кернеулерінің шкаласын ендірді:

0,38, 3, 6, 10, 20, 35, 110, 150, 220, 330, 500, 750, 1150.

3.1 кестесінде электр тораптарының жіктелуі көрсетілген, мұнда тораптар төменгі кернеуге (ТК), орта кернеуге (ОК), жоғары кернеуге (ЖК), асқын жоғары кернеуге (АЖК) бөлінген.

3.1 кестесі – Электр тораптарының жіктелуі

    <1 3-35 110-220 330-750  
ТК ОК ЖК АЖК
Аймақты қамту Арналымы Тұтынушылар сипаты   Жергілікті Аудандық Таратушы Коммуналды - тұрмыстық Өндірістік Ауылшаруашылық Аймақтық Жүйе құраушы - - -

Электртұтынушылардың (электрқабылдағыштардың) қалыпты жұмысы үшін шарт орындалу керек:

ЭТ жүктемесі тұрақты емес, ал жұмыс режимі өзгеруінен тәуелді өзгереді (мысалы, өндірістің технологиялық процесінің жүру барысына сәйкес), сондықтан торап түйіндеріндегі кернеу номиналды мәнінен тұрақты ауытқиды, бұл электрэнергияның сапасын төмендетеді және шығындарды туындатады. Электрқабылдағыштардың көбісі үшін орнықты аймақ кернеу ауытқуларының δU = ±5% мәндерімен шектелгенін зерттеулер көрсетті.

Әдетте, желінің басындағы кернеу соңындағыдан артық және кернеу шығындарының шамасына айырмашылығы бар

Тұтынушы кернеуін U1 электр торабының номиналды кернеуіне жуықтатып және сапалы энергиямен қамтамасыз ету үшін генераторлардың номиналды кернеулері ГОСТпен тораптың номиналды кернеуінен 5 % жоғары қойылған

Жоғарылатқыш трансформаторлардың біріншіреттік орамдары тікелей генераторлардың қысқыштарына қосылғасын, олардың номиналды кернеулері U1ном бірдей болу керек

Төмендеткіш трансформаторлардың біріншіреттік орамдары олар қоректенетін тораптарға байланысты тұтынушы болады, сондықтан шарт орындалу керек

Соңғы кезде өндіріс тораптың номиналды кернеуінен 5 % көп біріншіреттік орамның кернеуі бар кернеуі 110–220 кВ төмендеткіш трансформаторларды шығарады.

3.1 суреті – Кернеу эпюрасы

Төмендеткіш және жоғарылатқыш трансформаторлардың екіншіреттік орамдары олар қоректендіретін торап үшін көз болып табылады. Екіншіреттік орамдардың номиналды кернеулері U2ном осы тораптың номиналды кернеуінен 5–10 % артық болады

Бұл қоректенетін тораптағы кернеудің құлауын өтемдеу үшін жасалынады. 3.1 сур. жоғарыда айтылғанды сипаттайтын кернеудің эпюрасы берілген.