Имараттар, олардың элементтері, конструктивті желілер және топтастыру.

Дәріс. Тақырып: ҒИМАРАТТАР МЕН ИМАРАТТАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР.

1.Ғимараттар, олардың элементтері, конструктивті желілер және топтастыру

2. Ғимараттардың конструктивті желілері

3. Ғимараттарға қойылатын талаптар.

 

имараттар, олардың элементтері, конструктивті желілер және топтастыру.

Ғимараттар деп жерде орналасқан құрылыстарды атайды, оларда адам тіршілігінің түріне байланысты қажетті бөлмелер орналасады. Мысал ретінде тұрғын үйлерді, мектептерді, театрларды, гараждарды, фабрика-зауыт корпустарын және тағы басқаларды келтіруге болады.

Сонымен бірге ғимарат деп кейбір имараттарды атауға болмайды (мысалы: көпірлер, бөгеттер немесе радиодіңгектер), оларда негізгі міндеттерді анықтайтын не бөлмелер, не бөлек бөлімдер болмайды. Мұндай имараттарды инженерлік деп атайды.

Ғимараттың ішкі кеңістігі бөлмелерге бөлінеді. Егер бөлмелердің едендері бір (немесе шамамен бір) деңгейде орналасса, олар қабат құрастырады .

Ғимараттарды қабаттылығына қарай: бір қабаттылар және көп қабаттыларғабөледі.

Қабат еденінің тротуарға немесе отмосткаға (ғимаратты айнала тас төселген немесе асфальтталған жолаққа) қатынасы бойынша орналасуына байланысты, жер бетіндегі қабат деп атайды. Оның едені отмостка немесе тротуар деңгейінде орналасады; цокольдік (немесе жартылай үй асты), оның едені отмостка немесе тротуар деңгейінен төмен, бірақ бөлменің жарты қабатынан артпай төмендетіледі; үй астылық, оның едені отмостка немесе тротуар деңгейіне қарағанда бөлменің жарты биіктігінен артығырақ төмен орналасады; ал егер бөлме шатыр кеңістігінде орналасқан болса, ол мансардалық деп аталады.

Ғимараттар міндеттеріне байланысты әртүрлі болып бөлінеді. Бірақ олардың бәрін: азаматтық, өндірістік және ауылшаруашылықдеген үлкен үш топқа бөлуге болады.

Азаматтық ғимараттарға, адамдардың тұрмыстық және қоғамдық-мәдениет қажеттіліктеріне қызмет көрсету үшін арналған ғимараттарды жатқызады, мысалы: тұрғын үйлер, мектептер, ауруханалар, театрлар, вокзалдар, дүкендер, мекемелер және тағы басқалар.

Өнеркәсіп ғимараттарына, көлік пен өнеркәсіп өндірісіне қызмет көрсететін ғимараттарды жатқызады, мысалы: фабрикалардың, зауыттардың, шеберханалардың, электр ­ станцияларының, паровоз деполарының және тағы басқалардың корпустарыкіреді

Ауылшаруашылық ғимараттарға, ауыл шаруашылық мұқтаждықтарын қана-ғаттандыруға арналған ғимараттарды жатқызады, мысалы: сиыр қоралар, шошқа қоралар, теплицалар (өсімдіктер өсіретін жылы жайлар), ауылшаруашылық өнімдерінің қоймалары және басқалар.

Ескеретін жағдай: бұндай бөлу белгілі мөлшерде шартты, себебі негіздері бірдей ғимараттардың кейбір түрлерін әртүрлі топтарға жатқызуға болады.

Әр түрлі міндет атқаратын ғимараттардың сыртқы және ішкі пішіндерінің арасында бар өзгешіліктерде, үлкен айырмашылықтарға қарамастан, олардың барлығы өзара байланысқан, бірнеше негізгі сәулеттік-конструктивті, толығынан айқын функция атқаратын элементтерден тұрады.

Ғимараттардың негізгі элементтерін келесі топтарға бөлуге болады :

а) ғимараттарда пайда болатын, негізгі жүктеуді қабылдайтын, күштеу көтеруші;

б) қоршаушы, бөлмелерді бөлуші, сонымен қатар атмосфералық әсерлерден оларды қорғаушы және ғимараттарда айқын температураны қамтамасыз етуші;

в) күштеу көтеруші және қоршау функцияларын атқарушы элементтер.

Ғимараттардың негізгі элементтеріне (немесе бөлімдеріне): іргетастар, қабырғалар, жабындар, бөлек тіректер, жабулар, қалқалар, сатылар, терезелер, есіктер, шамдар жатады (1.1 сурет).

 

   

 

1.1 сурет. Күштеу көтеруші сыртқы және ішкі қабырғалы азаматтық ғимарат:

1 — іргетастар; 2 —сыртқы қабырғалар;

3 — ішкі қабырғалар; 4 —жабындар;

5 — жабулар; 6 — қалқалар; 7 —саты

 

Іргетас деп ғимараттың жер асты контрукциясы аталады, оның негізгі міндеті ғимараттан түсетін жүктеуді қабылдап негізге беру. Негізбен тікелей түйісетін іргетастың төменгі жазықтығы іргетастың табаны деп аталады. Тікелей жер бетінен іргетастың табанына дейінгі аралықты іргетасты салу тереңдігі деп атайды.

Негіз болып табиғи топырақ қабаты қызмет ете алады. Олар егер іргетас салу тереңдігінде салынған ғимараттан түсетін қысымды қабылдауға арналған қажетті қабілеттілікке ие болса - табиғи негіз, жасанды - нығыздалған немесе күшейтілген топырақ (жасанды негіз) деп бөлінеді.

Қабырғалар бөлмелерді сыртқы кеңістіктен (сыртқы қабырғалар) немесе басқа бөлмелерден бөледі (ішкі қабырғалар). Осымен олардың қоршаушы функ-циялары түзеледі. Бұдан басқа, қабырға тек өзіне меншікті салмақтан ғана емес, сонымен қатар ғимараттың жоғары жатқан бөлімдерінен (жабындардан, жабулар-дан және басқа) жүктеуді көтереді және күштеу көтеруші функцияны орындай алады. Өзіне меншікті салмақтан басқа, басқа конструкциялардан салмақ қабыл-дап, іргетасқа беретін қабырғалар күш көтеруші деп аталады.

Іргетасқа сүйенуші және барлық биіктік бойынша өзіне меншікті салмақты көтеруші, бірақ ғимараттың басқа бөлімдерінен күш қабылдамайтын қабырғаны, өзін өзі көтеруші деп атайды.

Ақырында, тек қоршаушы болып қызмет ететін және өзіне меншікті күшті тек бір қабат шегінде көтеріп, ғимараттың басқа элементтеріне тірелетін қабырға-лар күш көтеруші емес (аспалылар) деп аталады.

Жабындар деп, ғимараттың ішкі кеңістігін қабаттарға бөлетін конструкция-ларды атайды. Жабындар қабаттарды және онда орналасқан бөлмелерді жоғары-дан және төменнен шектейді (қоршаушы функциялары), сонымен бірге өзіне мен-шікті салмақтан басқа, ғимаратта табылатын пайдалы жүктеуді, яғни адамдардың, жабдықтардың және заттардың салмақтарын көтеруші (күш көтеруші функциясы) контрукциялары болып табылады. Одан басқа, жабындар ғимараттың кеңістік қаттылығын қамтамасыз етуде өте зор роль атқарады, яғни барлық мүмкін күштер ықпалынан болатын конструктивтік желінің тұрақсыздығын болдырмайды.

Ғимараттарда орналасуына байланысты жабындар: қабат аралық - қабат-тарды биіктігі бойынша шектеуші; шатырлық – жоғарғы қабатты шатырдан бөле-тін; төменгі – төменгі қабатты жерден бөлетін және үй астының үстіңгісі – бірінші қабатты үй астынан бөлетін болып бөлінеді.

Бөлек тіректер деп (1.3 суретті қара) тік тіреуді атайды (бөренелер немесе бағаналар), жабындар мен жабуларды, ал кейде қабырғаларды да сүйемелдеуге және олардан жүктеуді іргетастарға беруге арналады.

Жабындар тіке бағаналарға немесе, көбіне, олардың үстіне орналастырыл-ған прогондар немесе ригельдер деп аталатын арқалықтардың (белағаштардың) үстіне сүйенеді.

Бағаналар мен беғлағаштар ғимараттың ішкі қаңқасын құрастырады .

Жабу ғимаратты үстіңгі жағынан атмосфералық тұнбалардан, күн сәулесі-нен және желден қорғаушы конструкция болып табылады. Жабудың жоғарғы су өткізбейтін қабығы шатыр деп аталады. Жабу шатыр жабынымен бірге ғимарат жабуын құрастырады. Көбіне азаматтық және өндіріс ғимараттары шатырсыз салынады. Бұл жағдайда шатыр жабынымен жабудың функциясын шатырсыз жа-бу деп аталатын бір конструкция атқарады.

Қалқалар деп салыстырмалы, бір қабат шектерінде ішкі кеңістікті бөлуге қызмет етуге арналған жіңішке қабырғаларды атайды. Қалқалар әрбір қабатта жабындарға сүйенеді және өзіне меншікті салмақтан басқа, ешқандай жүктеуді алып жүрмейді .

Сатылар қабаттар арасын байланыстыру үшін қызмет етеді. Өртке қарсы ережелерге байланысты, саты торлары деп аталатын, арнайы, қабырғалармен қор-шалған бөлмелерде орналастырылады.

Бөлмелерді табиғи жарықпен жарықтандыру және оларды желдендіру үшін терезелер, ал көршілес бөлмелер мен бөлме арасын және сыртқы кеңістікпен қаты-нас үшін есіктер қызмет етеді. Бөлмелерге ірі жабдықтарды кіргізу немесе көлік құралдарын енгізу үшін кейбір жағдайларда есіктерден басқа қақпалар орналас-тырады.

Күн тартарлар (фонарьлар) деп арнайы контрукцияларды атайды. Олар бөлмелерді жарықтандыру және желдету үшін (егер бұл мәселе терезелер көмегі арқылы шешілмесе) жабында орналастырылады. Негізінен күн тартарлар бір қа-батты өнеркәсіп және салыстырмалы сирек азаматтық ғимараттарда құрылады.

Жоғарыда келтірілгендерден басқа, конструктивті элементтер бар, (мысалы: балкондар, кіріс алаңдар, терезелер алды орлар, үй астылар және тағы басқалар). Оларды ешбір көрсетілген топтарға жатқызуға болмайды.

Талап қойылатын еңбектің гигиеналық және тұрмыстық шарттарын қамта-масыз ету үшін, ғимарат арнайы санитарлық-техникалық және инженерлік қон-дырғылармен (жылыту, желдету, газбен қамтамасыз ету, тамақ дайындауға арнал-ған плиталар немесе пештер, суық және ыстық сумен қамтамасыз ету, канализа-ция, қоқыстарды шығару, жасанды жарықтандыру, радиоландыру және тағы бас-қалармен) жабдықталады.

Бұл қондырғылардың элементтері осы курста, ғимараттардың конструк-цияларымен тығыз байланысқан кейбір бөлшектері болмаса, қарастырылмайды.