Аралық бақылау сұрақтары

1. Жылуландыру және оның негізгі принциптері.

2. Жылумен жабдықтаудың жабық жүйелері

3. Реттеу әдiстері.

4. Жылу энергетикасы, энергетика, жылу техникасы және энергетикалық жүйе терминдері туралы жалпы түсінік.

5. Жабық жүйелердің артықшылықтары мен кемшіліктері

6. Бiркелкi жылулық жүктеменi орталық реттеу

7. Жылу желілері, жылу құбырлары туралы түсіндіріңіз

8. Бу жүйелері.

9. ЖЭО-нан жылуды жіберу режимі

10. Жылумен жабдықтаудың тиімділік бағасы

11. Рационалды жылутасығыштар мен жылумен жабдықтау жүйелерін таңдау.

12. Жылулық жүктеменің жіктелуі

13. Бутурбиналы ЖЭО-нан жылу мен электр энергиясын өндіруде отын шығынын анықтау

14. Жылу көзінің жылулық сүлбелері

15. Жылу мен электр энергиясын бөлек өндіруде отын шығынын анықтау.

16. Жылу алмасу аппараттары және қондырғыларының жылулық сипаттамалары.

17. Жылдық (жыл бойына) жүктеме.

18. Бутурбиналы ЖЭО-нан жылуландыру кезінде отынның меншікті үнемділігін анықтау.

19. Жылдық (жыл бойына) жүктеме.

20. Жылуландыру кезінде отынның меншікті үнемділігін анықтау.

 

 

Аралық бақылау сұрақтары

1. Әртүрлi жылулық жүктеменi орталық реттеу

2. Жылудың жылдық жұмсалуы, шығыны

3. Бутурбиналы ЖЭО-ның агрегаттар арасындағы жылу жүктемесінің тиімді таралуы.

4. Жылудың жіберілуінің орталық реттеудегі әдiсiн таңдау

5. Жылумен жабдықтаудық сулы жүйесінің сүлбелері

6. Газды- және бутурбиналы жылуландыру қондырғыларының энергетикалық сипаттамалары.

7. Жылумен жабдықтаудың ашық жүйелері

8. Жылу Электр Орталығы дегеніміз не?

9. Гидравликалық есептеудiң мiндетi

10. Жылумен жабдықтау жүйесінің жіктелуі

11. Жылу желiлерiнiң кескiнi және сұлбасы

12. Ашық жүйелердің артықшылықтары мен кемшіліктері

13. Маусымдық жүктеме.

14. Құбырларды гидравликалық есептеудiң әдiстемесi

15. Бу қазандығының принципиальды жылу схемасы

16. Гидравликалық есептеудi жүргiзу тәртiбі

17. Жылулық желiлердің гидравликалық режимі

18. Пьезометриялық кесте

19. Су жылу желiсi және iркiндi өткiзгiштер үшiн сорғы сипаттамаларын анықтау

20. Жылу желісіндегі гидравликалық соққы дегеніміз не және оның себебі?

Курстық жұмысты орындау бойынша мәліметтер

 

Жалпы жағдай

 

Курстық жоба «Жылуландыру және жылу желілері» пәні бойынша алынған білімді нақтылау, нақты техникалық тапсырмаларды орындау үшін, алған білімін қолдана білу және өзіндік жұмысты орындауды дамыту мақсатына ие.

Курстық жобаның тапсырмалары 1,2,3 қосымшалардан таңдалады. Қосымша 1 бойынша, студенттің тегінің бірінші әрпі бойынша, жылуландыру ауданы, аудан тұрғындарының саны, өндірістік кәсіпорынның жалпы құрылыс көлемі және тұтынушыдағы бу параметрлері (бу өткізгішті бу құбырын есептеу үшін) анықталады. Қосымша 2 бойынша, студент шифрының соңғы саны бойынша, өндіріс кәсіпорнының атауы, жылумен қамту жүйесінің типі жылумен қамту жүйесінің көзінің типі анықталады. Қосымша 3 бойынша, студент шифрының соңғы үш санының қосындысы бойынша, жеке тапсырманың тақырыбы анықталады.

Есептеуді бастамас бұрын өндіріс кәсіпорнының жалпы құрылыс көлемін, қосымша 3-те келтірілген цехтер тізіміне сәйкес, цехтерге бөлу керек. Бұл ретте қосымша 7-де келтірілген аналогиялық цехтердің көлеміне назар аударып бағдарлану керек.

Есептік-түсіндірме жазбасының көлемі А4 форматындағы 40-50 бет шамасында болуы шарт. Түсіндірме жазбасының құрамында келесі жазбалар болу керек:

1. Басты парақ

2. Курстық жобаның тапсырмасы.

3. Жылутұтыну есебі мен жылдық жүктеме графигін тұрғызу.

4. Жылу жүйесінің генпланын әзірлеу және трассасы мен профилін таңдау.

5. Желілік су шығынын есептеу.

6. Жылу жүйесінің гидравликалық есебі мен пьезометриялық графигін тұрғызу.

7. Жылулық изоляцияның қалыңдығын таңдау және жылутрассасының құбырларының жылу жоғалтуларының мөлшерін анықтау.

8. Жылумен қамту көзінің жылуландырулық құрылғыларын таңдау.

9. Жеке тапсырма.

10. Жылу транспортының экономикалық есебі.

11. Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Жеке тапсырма жылумен қамту жүйесінің жеке элементін тереңірек зерделеп, сол элементтің конструкциясын әзірлеуді қарасытрады. Құрылғы және сол элементтің жұмыс принципі, аналогиялық нұсқалармен салыстырғандағы артықшылықтары мен кемшіліктері баяндалады.

Курстық жобаның графикалық бөлігі А-1 форматындағы екі бет сызбадан тұрады.

№1 бет – Жылумен қамту ауданының генпланы (0,25 бет)

Жылу жүйесінің схемасы (0,25 бет)

Трасса профилі мен жылу жүйесінің пьезометриялық

графигі (0,50 бет)

№2 бет – Жылдық жылу жүктемесінің графигі (0,25 бет)

Жеке тапсырманың конструктивті әзірлемесі (0,75 бет)

Сызбалар қарындашпен орындалады.