Геморрагическиялық, анемиялық, ойық- жаралы-некроз синдромдары қандай ауруға ең тән? 8 страница

Аталған болжам диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

*+Вирусты бауыр циррозы

*Алкогольдібауыр циррозы

*Созылмалы вирусты гепатит

*Біріншілік билиарлы бауыр циррозы

*Екіншілік билиарлы бауыр циррозы

#453

! Әйел 35 жаста оң жақ қабырға астында ауру сезіміне, жүрек айнуға, әлсіздікке шағымданып келді. Соңғы 5 жылда бірнеше рет стоматологта емделген, екі тіс экстракциясы жасалған. Объективті: тері жамылғалары мен склералары сарғыш. Іші кепкен. Бауыры қабырға доғасынан 3 см-ге шығып тұр, ауру сезімді.Қанда: лейкоциттер - 4,2х1012/л, ЭТЖ-10 мм/сағ, билирубин-69,78 мкмоль/л.

Қайсы болжам диагноз ЕҢ ықтимал?

*+Вирусты гепатит

*Өт тас ауруы

*Созылмалы панкреатит

*Созылмалы холангит

*Созылмалы холецистит

#454

! Әйел 49 жаста оң қабырға астында ауырлық сезіміне, тәбетінің төмендеуіне, әлсіздікке шағымданады. Ревматоидты артритпен ауырады, метотрексат 15 мг/аптасына, сульфасалазин 3г/тәулігіне қабылдайды. Объективті: склералары сарғыш. Бауыры қабырға доғасы астынан 2 см шығып тұр, тығыз, ауру сезімді. Қан анализдерінде трансаминазалар, тура емес билирубин деңгейі жоғарылаған.

Аталған болжам диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

*+Дәрілік гепатит

*Аутоимунды гепатит

*Созылмалы вирусты гепатит

*Біріншілік билиарлы бауыр циррозы

*Екіншілік билиарлы бауыр циррозы

#455

! Әйел 33 жаста оң жақ қабырға астында ауырлық сезіміне, терісінде сарғыштыққа, әлсіздікке, арықтауға, буындарында ауру сезіміне шағымданады. Анамнезінде жедел вирусты гепатит В. Объективті:тері жамылғылары сарғыш. Бауыры қабырға доғасы астынан 2 см-ге шығып тұр. Биохимиялық қан анализінде: трансаминазалар 3 есе , жалпы билирубин – 2 есе жоғарылаған. Тимол сынамасы – 9,3 бірлік.

Аталған болжам диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

*Аутоиммунды гепатит

*+Созылмалы вирусты гепатит

*Біріншілік билиарлы бауыр циррозы

*Екіншілік билиарлы бауыр циррозы

*Созылмалы тассыз холецистит

#456

! Әйел 46 жаста әлсіздікке, жұмысқа қабілетінің төмендеуі, арықтау, іш кебу, буындарында ауру сезіміне шағымданып келді. Анамнезінде жарақаттан кейін қан кұюлар болған. Объективті: склералары субиктериялық. Буындары – өзгеріссіз. Бауыры қабырға доғасы астынан 2 см-ге шығып тұр, ауру сезімді, шеті доғалданған.

Аталған болжам диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

*Бауыр циррозы

*+Вирусты гепатит

*Ревматоидты артрит

*Аутоиммунды гепатит

*Созылмалы панкреатит

#457

! Әйел 33 жаста оң жақ қабырға астында ауру сезіміне, әлсіздік, ұйқышылдық, тәбетінің төмендеуі, тері қышынуы, кейде мұрыннан қан кетуге бір ай бойы шағымданады. Анамнезінде өкпе туберкулезі бойынша ем жүрген. Объективті: терісі және склерасы сарғыш, қышыну іздері. Бауыры қабырға доғасы астынан 5-6 см-ге шығып тұр, ауру сезімді.Аздаған спленомегалия. Қан анализдерінде: билирубин -118,6 мкмоль/л, АЛТ-2,8 мкмоль/л, тимол сынамасы-11 бірлік, сілтілі фосфатаза-9,3 мкмоль/л.

Аталған болжам диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

*Созылмалы гепатит

*+Дәрілік гепатит

*Аутоиммунды гепатит

*Билиарлы бауыр циррозы

*Жедел вирусты гепатит

#458

! Ер кісі 55 жаста оң жақ қабырға астында ауру сезіміне, тері қышынуына, терісінің құрғақтығына, арықтауға, әлсіздікке шағымданады. Анамнезінде ұзақ уақыт ішімдік ішкен. Объективті: беті ісіңкі, тері жамылғылары мен склерасы сарғыш, қышыну іздері, Дюпюитрен контрактурасы, дене массасы индексі төмендеген. Бауыры қабырға доғасынан 4 см-ге шығып тұр. Қан анализдерінде: лейкоцитоз, анемия, ГГТП белсенділігі жоғары. ФЭГДС: өңеш веналарының варикозды кеңеюі.

Аталған болжам диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

*+Алкогольді бауыр циррозы

*Созылмалы вирусты гепатит

*Созылмалы алкогольді гепатит

*Біріншілік билиарлы бауыр циррозы

*Екіншілік билиарлы бауыр циррозы

#459

! Әйел 49 жаста үнемі жанына батып мазалайтын тері қышынуына шағымданады, қышыну түнгі уақытта және ваннадан кейін күшейеді, сонымен қатар тері құрғақтағына, дірілдеу, дене қызуының жоғарылауы, әлсіздікке шағымданады. Ауру дебюті алақан терісінің қарауытуынан, тері қышынуынан басталған. Объективті: тері жамылғылары мен склерасы сарғыш, қышыну іздері, қабағында, шынтағында, алақанында ксантомалар, алақан гиперпигментациясы. Бауыры 2 см-ге ұлғайған, тығыз, шеті үшкірленген. ЖҚА: Нв 87 г/л, эритроциттер 3,0х10¹²/л, тромбоциттер 90 мың. Биохимиялық қан анализі: қандағы билирубин – 63,8 мкмоль/л, холестерин - 7,9 ммоль/л, сілтілі фосфатаза - 8 мкмоль/л. Бауыр гистологиясы: өт жолдары пролиферациясы, септальді фиброз.

Аталған болжам диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

*Созылмалы вирусты гепатит

*Созылмалы аутоиммунды гепатит

*Екіншілік билиарлы бауыр циррозы

*Постхолецистэктомиялық синдром

*+Біріншілік билиарлы бауыр циррозы

#460

! Әйел 52 жаста оң қабырға астында ауру сезіміне, дірілдеу, дене қызуының жоғарылауы, әлсіздік, терісінің қышынуына шағымданады. 3 жыл бұрын- өт тас ауруына байланысты холецистэктомия болған. Об-ті: тері жамылғылары және склералары сарғыш, қышыну іздері. Бауыры қабырға доғасынан 5 см-ге шығып тұр, тығыз, шеті үшкірленген. Қан биохимиясы: қандағы билирубин – 63,8 мкмоль/л, холестерин - 7,9 ммоль/л, сілтілі фосфатаза - 8 мкмоль/л. Ретроградты холангиография: жалпы өт жолының обструкция белгісі.

Аталған болжам диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?

*Созылмалы аутоиммунды гепатит

*Біріншілік билиарлы бауыр циррозы

*+Екіншілік билиарлы бауыр циррозы

*Постхолецистэктомиялық синдром

*Созылмалы тасты холангит

Өт шығару жолдарының зақымдалу синдромы *3*8*2*

#461

! Әйел 39 жаста емхана терапевтіне әлсіздікке, шаршағыштыққа, субфебрильді температураға, соңғы бірнеше айдан бері жұмысқа қабілетінің төмендеуіне шағымданып келді. Қарап тексергенде трансаминазалардың, тура емес билирубиннің жоғарылауы анықталды.

Диагнозды дәлілдеу үшін аталғандардың ішінде қайсы зерттеуді тағайындау қажет?

*Зәр диастазасы

*Іш құрт жұмыртқаларына нәжіс

*С-реактивті ақуыз

*Тыныстық уреаздық тест

*+Вирусты В,С гепатиттеріне маркерлер

#462

! 50 жастағы әйелде созылмалы вирусты С гепатиті репликация фазасы анықталды.

Аталғандардың ішінде қайсы дәрілік затты тағайындау қажет?

*Ацикловир

*Циклоферон

*Преднизолон

*+Пегинтерферон

*Эссенциале форте

#463

! Әйел 53 жаста емханаға жиі қан аралас құсуға, әлсіздікке, тершеңдікке шағымданып келді. Бауыр циррозы бойынша бақылауда тұрады; бұл жағдайының нашарлауы тойып тамақтанғаннан , алкоголь қабылдағаннан соң тәулік ішінде.Объективті: беті ісіңкі, тері жамылғылары бозғылт, ылғалды, склералары сарғыш, қышыну іздері, дене масса индексі төмендеген. АҚ 90/50 мм.с.б.б., пульс 104 рет/мин. Іші «Бақа тәрізді» . Бауыры–қабырға доғасында, тығыз.

Науқаста қайсы ЕҢ ықтимал асқыну дамыған:

*Асқазан диспепсиясы

*Гиперспленизм синдромы

*Бауырлық энцефалопатия

*Гепаторенальді синдром

*+Өңеш венасынан қан кету

#464

! Ер кісі 40 жаста жүрек айнуға, әлсіздікке, арықтауға шағымданады. Анамнезінде: тамырішілік есірткіні қолданған. Объективті: склералары иктериялық. Бауыры қабырға доғасы астынан 1 см-ге шығып тұр. Биохимиялық қан анализі: трансаминазалар, тура емес билирубиннің жоғарылауы.

Аталған диагностика әдістерінің қайсысы оң болуы ЕҢ ықтимал?

*+В және/немесе С вирусты гепатит маркерлері

*Біріңғай салалы бұлшықетке антиденелер

*Қанда альфа-фетопротеинді анықтау

*Сілтілі фосфатаза деңгейін анықтау

*Антимитохондриальді антиденелерді анықтау

#465

! Әйел 52 жаста біріншілік билиарлы циррозы бар. Қарап тексергенде: сарғыштық, тері жабыңдыларының гиперпигментациясы, қасыған іздері, көптеген ксантомалары бар. Қанның биохимиялық анализінде – гипербилирубинемия.

Аталған препараттардың қайсысы таңдаулы болып табылады:

*+Урсофальк

*Ламивудин

*Омепразол

*Сульфасалазин

*Метоклопрамид

#466

! Ер кісі 50 жаста бауыр циррозымен емханаға қан аралас құсуға, әлсіздікке шағымданып келді.Объективті: тері жамылғылары бозғылт, ылғалды, склералары сарғыш. АҚ80/50 мм.с.б.б. пульс 116 рет/мин. Бауыры – қабырға доғасында, тығыз.

Аталған дәрігерлік тактикалардың қайсысы ең дұрыс?

*Үйде стационар ұйымдастыру

*Күндізгі стационарға жолдау

*Эрадикациялық терапия тағайындау

*Антисекреторлы препараттар тағайындау

*+Хирургиялық бөлімшеге госпитализациялау

 

#467

! Әйел 61 жаста ентігуге, әлсіздікке, тәбетінің нашарлауына, эпигастрий тұсында ауырлық сезіміне, ішінің кебуіне, соңғы аптада зәр бөлінуінің шектелуіне шағымданып келді.Бауыр циррозы бойынша бақылауда тұрады. Объективті: Склералары субиктериялық. Телеангиоэктазиялар, пальмарлы эритема.Іші асцит есебінен ұлғайған. Бауыры қабырға доғасынан 4-5 см-ге шығып тұр, тығыз, шеті үшкірленген. ЖҚА: Нв-118 г/л, тромб-194 мың. ЭТЖ-21 мм/сағ. Қан б/х: креатинин 152 мкмоль/л. ЖЗА: белок 0,099 г/л. Зимницкий сынамасы: тәуліктік диурез 450 мл, салыстырмалы тығыздығы 1014–1020 аралығында.

Аталған асқынулардың қайсысы дамыған:

*Асқазандық диспепсия

*Гиперспленизм синдромы

*Бауырлық энцефалопатия

*+Гепаторенальді синдром

*Өңеш веналарынан қан кету

#468

! Ер кісі 56 жаста жүрек айнуға, қан аралас құсуға, әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, оң қабырға астында ауру сезіміне шағымданады. Бауыр циррозы бойынша бақылауда тұрады. Объективті: астеник, склералары субиктериялық. Телеангиоэктазиялар, пальмарлы эритема. Іші асцит есебінен ұлғайған. Бауыры қабырға доғасынан шықпайды, тығыз. Спленомегалия. Қан анализінде: Нв-70 г/л, эритроциттер 3,9х1012/л, лейкоциттер – 4,1 х109 /л.

Аталған асқынулардың қайсысы осы науқаста дамыды?

*Асқазандық диспепсия

*Қақпа венасы тромбозы

*Гепаторенальді синдром

*Бауырлық энцефалопатия

*+Өңеш венасынан қан кету

Өт шығару жолдарының зақымдалу синдромы*4*12*2*

#469

! Аталғандардың ішінде қайсы ауру ішектік диспепсия симптомымен жүреді:

*Созылмалыэзофагит

*+Созылмалы панкреатит

*Асқазан ойық жара ауруы

*+Арнайы емес жаралы колит

*Созылмалы атрофиялық гастрит

*+Тітіркенген ішек синдромы

*Созылмалы атрофиялық емес гастрит

*Гастроэзофагеальді рефлюксті ауру

#470

! Аталған сипмтомдардың қайсысы бауыр асты сарғаюына тән:

*Зәр диастазасының жоғарылауы

*Қанда аутоантиденелердің болуы

*Сары суда амилазаның жоғарылауы

*+Сарғаю жасылдау реңді

*+Гемолитикалық анемиямен бірге жүреді

*+Қанда тура емес билирубиннің жоғарылауы

*Сарғаю қышынумен, қызбамен бірге жүреді

*Сілтілі фосфатаза белсенділігінің жоғарылауы

#471

! Аталған себептердің ішінде созылмалы обструктивті панкреатит үшін негізгілерін көрсетіңіз:

*Суық, аштық

*+Холедохолитиаз

*Вирусты инфекция

*Созылмалы эзофагит

*+Өт тас ауруы

*Асқазанның ойық жара ауруы

*Цитостатиктерді қолдану

*+Одди сфинктері дисфункциясы

#472

! АТАЛҒАН КӨРСЕТКІШТЕРДІҢ ҚАЙСЫСЫ СОЗЫЛМАЛЫ ПАНКРЕАТИТ ӨРШУІ КЕЗІНДЕ САРЫ СУДА ЖОҒАРЫЛАЙДЫ:

*+Липаза

*Билирубин

*Креатинин

*+Амилаза

*Холестерин

*Миоглобин

*Трансаминазалар

*+Трипсин

#473

! БАУЫР ЦИРРОЗЫМЕН АУЫРАТЫН 54 ЖАСТАҒЫ ЕР КІСІДЕ ҚАН АРАЛАС ҚҰСУ, ІШІНДЕ ЖАЙЫЛМАЛЫ АУРУ СЕЗІМІ, ДЕНЕ ҚЫЗУЫНЫҢ ЖОҒАРЫЛАУЫ, ӘЛСІЗДІК, ҰЙҚЫШЫЛДЫҚ, ТЕЖЕЛУ, ТЕРІ ЖАМЫЛҒЫЛАРЫНЫҢ САРҒАЮЫ ПАЙДА БОЛДЫ.

АТАЛҒАН ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ ҚАЙСЫСЫ ОСЫ ЖАҒДАЙДА ДАМУЫ МҮМКІН:

*+Асцит-перитонит

*Қақпа венасының тромбозы

*+Бауырлық энцефалопатия

*Гиперспленизм синдромы

*Гепаторенальді синдром

*+Өңеш веналарынан қан кету

*Бауыр циррозы малигнизациясы

*Өт шығару жолдары дискинезиясы

#474

! ӘЙЕЛ 29 ЖАСТА ОҢ ҚАБЫРҒА АСТЫНДА АУЫРЛЫҚ СЕЗІМІНЕ, ЖҮРЕК АЙНУҒА, ТӘБЕТІНІҢ ТӨМЕНДЕУІНЕ, ӘЛСІЗДІККЕ ШАҒЫМДАНЫП КЕЛДІ. АТАЛҒАН ШАҒЫМДАРЫ 3-4 АЙДАН БЕРІ МАЗАЛАЙДЫ. БІР ЖЫЛ БҰРЫН – БОСАНУ КЕЗІНДЕ ЖАТЫРДАН ҚАН КЕТУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ГЕМАТРАНСФУЗИЯ БОЛҒАН. ОБ-ТІ: ТЕРІ ЖАМЫЛҒЫЛАРЫ МЕН СКЛЕРАЛАРЫ САРҒЫШ. БАУЫРЫ 2 СМ-ГЕ ҰЛҒАЙҒАН, АУРУ СЕЗІМДІ. ҚАНДА: ТРАНСАМИНАЗАЛАР ЖОҒАРЫЛАҒАН.

АТАЛҒАН ДИАГНОСТИКА ӘДІСТЕРІНІҢ ҚАЙСЫСЫН ДИАГНОЗДЫ ДӘЛЕЛДЕУ ҮШІН ТАҒАЙЫНДАУ ҚАЖЕТ:

*Іш құрт жұмыртқаларына нәжіс

*Селективті ангиография

*Өңеш рентгеноскопиясы

*+Бауыр, өт жолдары УДЗ

*Тамырішілік холецистография

*+В, С гепатиттері маркерлері

*Helicobacter pylori анықталуы (ПТР)

*+Гепатит В, С вирустары (ПТР)

#475

! ӘЙЕЛ 25 ЖАСТА ӘЛСІЗДІККЕ, ЖҮРЕК АЙНУҒА, СҮЙЕКТЕРІНДЕ АУРУ СЕЗІМІНЕ ШАҒЫМДАНЫП КЕЛДІ. АНАМНЕЗІНДЕ АПЛАСТИКАЛЫҚ АНЕМИЯ БОЙЫНША БІРНЕШЕ РЕТ ГЕМОТРАНСФУЗИЯЛАР БОЛҒАН. ОБЪЕКТИВТІ: СКЛЕРАЛАРЫСУБИКТЕРИЯЛЫҚ. ГЕПАТОМЕГАЛИЯ.

АТАЛҒАН ДИАГНОСТИКА ӘДІСТЕРІНІҢ ҚАЙСЫСЫ ОҢ БОЛУЫ ЕҢ ЫҚТИМАЛ?

*+Бауыр УДЗ

*Ревматоидты фактор

*Стернальді пункция

*Буын рентгенографиясы

*+Қан ПТР - В, С гепатит вирустары

*Антинуклеарлы антиденелер

*Зәр диастазасын анықтау

*+Вирусты гепатит маркерлері (ИФА)

#476

! ӘЙЕЛ 52 ЖАСТА ОҢ ЖАҚ ҚАБЫРҒА АСТЫНДА АУРУ СЕЗІМІНЕ, ЖҮРЕК АЙНУ, ӘЛСІЗДІККЕ 3-4 АПТАДАН БЕРІ ШАҒЫМДАНАДЫ. РЕВМАТОИДТЫ АРТРИТПЕН АУЫРАДЫ, МЕТОТРЕКСАТ ҚАБЫЛДАЙДЫ. 1,5 АЙ БҰРЫН МЕТОТРЕКСАТ ДОЗАСЫН 20 МГ/АПТАСЫНА ДЕЙІН ЖОҒАРЫЛАТТЫ. ОБЪЕКТИВТІ: СКЛЕРАЛАРЫ САРҒЫШ. БАУЫРЫ ҚАБЫРҒА ДОҒАСЫНАН 3 СМ-ГЕ ШЫҒЫП ТҰР, ТЫҒЫЗ, АУРУ СЕЗІМДІ. ЖҚА: ЛЕЙКОЦИТТЕР 4,0 МЫҢ, ЭТЖ 19 ММ/ САҒ. ҚАН БИОХИМИЯСЫ: АЛТ 2,1 МКМОЛЬ/Л, АСТ 1,9 МКМОЛЬ/Л, БИЛИРУБИН 53 МКМОЛЬ/Л.

ДӘРІГЕР ТАКТИКАСЫН КӨРСЕТІҢІЗ?

*Антибиотиктер тағайындау

*Ревмофакторды анықтау

*+Гепатопротекторлар тағайындау

*Helicobacter pylori (ПТР) анықтау

*+Метотрексатты тоқтату/дозасын азайту

*Глюкокортикостероидтар тағайындау

*Вирусқа қарсы терапия тағайындау

*+Вирусты гепатит маркерлерін анықтау

#477

! АТАЛҒАН СИМПТОМДАРДЫҢ ҚАЙСЫСЫ АЛКОГОЛЬДІ БАУЫР ЦИРРОЗЫНА ТӘН:

*+Дюпюитрен контрактурасы

*Склеродактилия, дисфагия, склеродермия

*+Науқастың псевдогипертиреоидты статусы

*Арқада қабынулық ауру сезімі, артриттер, увеит

*Бетте бөртпе, аллопеция, фотосенсибилизация

*Қатты және сұйық тамаққа шашалу, миозиттер

*Буында «Старттық» ауру сезімі,крепитация симптомы

*+Перифериялық невриттер, миопатия, бұлшықет атрофиясы

#478

! АТАЛҒАН КӨРСЕТКІШТЕРДІҢ ҚАЙСЫСЫ СОЗЫЛМАЛЫ ГЕПАТИТТІҢ ЦИТОЛИТИКАЛЫҚ СИНДРОМЫ КЕЗІНДЕ ҚАН САРЫ СУЫНДА ЖОҒАРЫЛАЙДЫ:

*липаза

*амилаза

*+ферритин

*креатинин

*+трансаминазалар

*тимол сынамасы

*сілтілі фосфатаза

*+сарысулық темір

#479

! АТАЛҒАН СИМПТОМДАРДЫҢ ҚАЙСЫСЫ СОЗЫЛМАЛЫ ГЕПАТИТ КЕЗІНДЕГІ ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ СИНДРОМҒА ТӘН:

*Сарғаю

*Миалгия

*Қызба

*Полиартрит

*Гинекомастия

*+Қан кету

*+Қанталау

*+Пальмарлы эритема

#480

*!ЕР КІСІ 49 ЖАСТА, ЭПИГАСТРИЙ ТҰСЫНДА БЕЛДЕМЕЛІ АУРУ СЕЗІМІНЕ ШАҒЫМДАНАДЫ. АУРУ СЕЗІМІ ҰСТАМАЛАРЫ ДИЕТА БҰЗҒАННАН КЕЙІН ПАЙДА БОЛАДЫ. СОЗЫЛМАЛЫ ПАНКРЕАТИТ БОЙЫНША БАҚЫЛАУДА ТҰРАДЫ. ОБЪЕКТИВТІ: ІШІ ЖҰМСАҚ, ЭПИГАСТРИЙ ТҰСЫНДА ЖӘНЕ СОЛ ЖАҚ ҚАБЫРҒА АСТЫНДА АУРУ СЕЗІМДІ.ЗӘРДЕ ДИАСТАЗА-260 БІРЛІК ВЕЛЬГЕМУТ БОЙЫНША, ДУОДЕНАЛЬДІ ҚҰРАМДА ПАНКРЕАТИТТІК ФЕРМЕНТТЕР АЙҚЫН АЗАЙҒАН.

БҰЛ ЖАҒДАЙДА АТАЛҒАН ДӘРІЛЕРДІҢ ҚАЙСЫСЫ ЕҢ ОПТИМАЛЬДІ?

*Холеретиктер

*+Ферментті дәрілер

*Пробиотиктер

*Прокинетиктер

*Асқазан сөлі

*+Протон помпа ингибиторлары

*Вирусқа қарсы дәрілер

*+Гиперферментемияны бейтараптау

*Анемиялық синдрои және гемобластоздар *1*17*3*

#481

! Төменде көрсетілген диагностикалық критерийлердің ішінде қайсысы темір тапшылықты анемияның (ТТА) негізгі болып табылады?

*гиперхромия

*нормохромия

*гиперпротеинемия

*+ферритин деңгейінің төмендеуі

*ферритин деңгейінің жоғарлауы

#482

! Төменде көрсетілген себептердің ішінде қайсысы теміртапшылықты анемияның дамуында негізгі болып табылады?

*ішек құрттар

*артық салмақ

*+геморрой

*маскүнемдік

*темек шегу

#483

! Терінің құрғауымен, тынақтың сыңғыштығымен, шаштардың түсуі мен ерте ағаруымен, дәмнің және иістің бұрмалауымен жүретін синдром?

*геморрагиялық

*гиперпластикалық

*интоксикациялық

*+сидеропениялық

*циркуляторлы-гипоксиялық

#484

! Фуникулярлы миелоздың қандай анемия кезінде дамуы ең ықтимал?

*талассемиялар

*гемолитикалық

*+В12-тапшылықты

*гипопластикалық

*теміртапшылықты

#485

! Темірдің латентті тапшылығы бар науқастар жылына қанша рет диспансерлік бақылауда болады?

*4 рет

*3 рет

*2 рет

*+1 рет

*диспансеризацияға алынбайды

#486

! АҚҚ көтерілуі, эритромелалгия, «қоян көздер» симптомы қандай синдромға тән?

*диссеминерленген тамырішілік синдромға

*анемиялық

*+плеторалық

*геморрагиялық

*гиперпластикалық

#487

! Төменде көрсетілген критерийлердің ішінде қайсысы апластикалық анемияға ең тән?

*панцитоз

*бластемия

*гемосидероз

*эозинофилия

*+панцитопения

 

#488

*!L-аспаргиназа қандай төменде көрсетілген цитостатиктер тобына кіреді?

*+фермент

*антракиноин

*антиметаболик

*глюкокортикоид

*ісікке қарсы антибиотик

#489

! Сүйек кемігінің плазматикалық инфильтрациясы қандай ауруға ең тән?

*жедел лейкоз

*+миеломды ауру

*апластикалық анемиялар

*созылмалы миелолейкоз

*созылмалы лимфолейкоз

#490

! Жедел лейкозды нақтылап дигнозды қою үшін бластты клеткалардың деңгейі қандай болуы керек?

*5%

*10%

*15%

*+30%

*50%

#491

! Гемограммада «лейкемиялық үңгірдің» анықталуы қандай ауруға ең тән?

*эритремия

*+жедел лейкоз

*миеломды ауруы

*созылмалы лейкоз

*апластикалық анемия

#492

! Қандай критерий арқылы В12-тапшылықты анемияны фолийтапшылықты анемиядан ажыратады?

*сарғаю

*геморрагиялық

*+неврологиялық

*гастроэнтерологиялық

*циркуляторлы-гипоксиялық

#493

! Төменде аталған симптомдардың ішінде қайсысы сидеропениялық синдромға ең тән?

*құлақтағы шуыл

*жүрек қағуы

*телеангиоэктазиялар

*+терінің құрғауы және тырнақ бетінде көлденең сызықтар

*терінің ылғалды болуы және тырнақ бетінде көлденең сызықтар

#494

! Қандай ауруға плеторалық синдром ең тән?

*+эритремияға

*миеломды ауруға

*апластикалық анемияға

*созылмалы миелолейкозға

*созылмалы лимфолейкозға

#495

! Анемиялық кома кезінде, оның этиологияға байланысты емес, емдеу тактиканың қайсысы ең дұрыс?

*стероидтарды беру

*коллоидтарды құю

*тромбомассаны құю

*+эритроцитарлы массаны құю

*жаңамұздатылған плазманы құю

#496

! Темір препараттар қандай уақытқа беріледі?

*1-2 жыл

*1-2 апта

*+2-3 ай

*6-12 ай

*өмір бойы

 

#497

! Темірдің саны ең көп болатын тағам қандай?

*балық

*бауыр

*көкнәр

*грек жаңғағы

*+ет (бұзау еті)

 

*Анемиялық синдром және гемобластоздар *2*27*3*

#498

! Қандай ауру кезінде қанның анализі: эр-2,9 млн, Нв – 78 г/л, ЦП- 0,8, лейк-4,0 мың, тромб-200 мың?

*гемолитикалық анемия

*В12-тапшылықты анемия

*гипопластикалық анемия

*+теміртапшылықты анемия

*сидероахрестикалық

#499

! Әйел 28жаста, әлсіздікке, ентігуге, жүрек қағуына, соңғы жарты жылда меноррагияларға шағымаданады. Қарағанда: тері және көзге көрінетін шырыштар бозарған, тырнақтарда көлденең сызықтар. Жүрек ұшында систолалық шу, тахикардия. Қанда: эритр - 3,2 млн, Нв – 86 г/л, лейк.-4,0мың, СОЭ-15 мм/сағ, анизоцитоз ++, пойкилоцитоз++. Миелограммада сидеробласттар-12%. Сарысулық темір-7,0 мкмоль/л.

Сіздің ең тән диaгнозы қандай?

*В12-тапшылықты анемия

*гипопластикалық анемия

*+теміртапшылықты анемия

*орақжасушалы анемия

*аутоиммунды гемолитикалық анемия

#500

! Студент қыз 25 жаста, есептегі дәрігерге ентігуге, жүрек қағуына, бас айналуына, құлақтың шуылдауына, тәбеттің бұрмалауына (борды, ұнды жейді), тәбіттің жоғалуына, әлсіздікке шағымданып келді. 2 жылдай ауырады, соңғы 1,5 жылда гиперполименоррея. Қарағанда: арық, тері жабындылары және көзге көрінетін шырышты қабаттары боз, тырнақтары деформацияланған, ішке қарай майысқан. Өкпе және жүрек – айырмашылығы жоқ, бауыр және көкбауыр ұлғаймаған. Қанның анализі: эр-2,9 млн, Нв-72 г/л, ЦП-0,7, лейк- 4.0мың, ЭТЖ-26мм/сағ, анизоцитоз++, пойкилоцитоз+.

Диагнозды дәлелдеу үшін зерттеу әдістің қайсысы ең ақпаратты болады?

*Хем сынамасы

*Кумбс сынамасы

*иммунограмма
*қанның протеинограммасы

*+сарысулық темірге қан

#501

! Әйел 78 жаста, есептегі дәрігерге жалпы әлсіздікке, ентігуге, тамақ ішкеннен кейін пайда болатын эпигатрийдгі ауырлығына, сасық иісті кекіруге, оң аяқтағы «құмырсқа» жүргендей сезімдерге шағымданып келді. Қан анализінде: эрит-2,5 млн, Нв – 80 г/л, ТК-1,3, лейк.-3,5 мың, тромбоцит- 150 мың, жалпы билирубин-45 мкмоль/л.

Қандай диагноз ең ықтимал?

*вирусты гепатит

*гемолитикалық анемия

*+В12-жетіспеушілік анемия

*гипопластикалық анемия

*темір жетіспеушілік анемия

#502

! Плеторалық синдромға ең тән симптом қандай?

*миалгия

*артралгия

*тершендік

*«көк шел (көздің ағы)» симптом

*+«қоян көз» симптомы

#503

! Науқас А., 45 жаста әлсіздікке, тершендікке, арықтауға, сол жақ қабырға астындағы тұйық ауру сезімге шағымданады. Қарап тексергенде: тері жамылғылар боз, ылғалды. Лимфотүйіндер ұлғаймаған. Бауыр қабырға астынан 3 см сыртқа шығып тұр, көкбауыр кіндік деңгейінде, тығыз және ауру сезімі байқалмайды. Қан анлизінде: эр - 3,0млн, лейк.-96 мың., миелобласты- 2%, промиелоциты – 4%, метамиелоциты-8%, таяқ.-12%, сегм-52%, эоз.-5%, базоф.-5%, лимф.-12%, тр-200 мың СОЭ-60 мм/сағ.