Жобаның тұжырымдамасы

Бизнес-жоспар

Көкөніс (қызанақ, қияр) өсіретін жылыжай

 

 

 

2016 жыл

Мазмұны

Кестелер тізімі 3

Суреттер тізімі 4

Резюме. 5

Кіріспе. 7

1. Жобаның тұжырымдамасы.. 8

2. Өнімнің (қызметтердің) сипаттамасы.. 9

3. Өндірістер бағдарламасы.. 10

4. Маркетингтік жоспар. 11

4.1 Өнімдер (қызметтер) нарығының сипаттамасы.. 11

4.2 Негізгі және әлеуетті бәсекелестер. 15

4.3 Нарықты дамытудың болжамды бағалары, күтілетін өзгерістер. 16

4.4 Маркетинг стратегиясы.. 17

5. Техникалық жоспарлау. 19

5.1 Технологиялық процесс. 19

5.2 Ғимараттар мен құрылыстар. 20

5.3 Жабдық және инвентарь (техника) 21

5.4 Коммуникациялық инфрақұрылым.. 22

6. Ұйымдастыру, басқару және құрам.. 23

7. Жобаны іске асыру. 24

7.1 Іске асыру жоспары.. 24

7.2 Жобаны іске асыру шығындары.. 24

8. Пайдалану шығыстары.. 25

9. Жалпы және әкімшілік шығыстар. 26

10. Қаржыландыру қажеттілігі 27

11. Жобаның тиімділігі 28

11.1 Cash-flow проекциясы.. 28

11.2 Пайда мен залалдардың есептері 28

11.3 Баланс проекциясы.. 28

11.4 Қаржы индикаторлары.. 28

12. Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық әсер. 30

12.1 Жобаның әлеуметтік-экономикалық мәні 30

12.2 Қоршаған ортаға әсер. 30

Қосымшалар. 32

 


Кестелер тізімі

1-кесте - Өндірістің жылдар бойынша жоспарланған бағдарламасы

2-кесте - Жылдар бойынша жоспарланған сату бағдарламасы

3-кесте - Астана қаласы бойынша қызанақ пен қиярдың 2011 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша бөлшек сауда бағасы, тенге/кг

4-кесте - Ішкі базарларды тұтынуды қамтамасыз ету болжамы,(в %)

5-кесте - 2012-2014 жж. арналған өндіріс көлемінің болжамы

6-кесте - Жылыжай үшін қажетті жабдықтар тізбесі

7-кесте - Жобаны іске асырудың күнтізбелік жоспары

8-кесте - 2012 жылға арналған инвестициялық шығындар

9-кесте - 1 айдағы ауыспалы шығыстар, ҚҚС-сыз

10-кесте - Кәсіпорынның бір айдағы жалпы және әкімшілік шығыстары

11-кесте - Еңбекақы төлеу шығыстарының есебі, мың тг

12-кесте - Инвестиции проекта

13-кесте - 2012-2013 жылдарға арналған қаржыландыру бағдарламасы

14-кесте - Кредиттеу шарттары

15-кесте - Кредит бойынша төлемдер, мың тг

16-кесте - Өнімділік көрсеткіштері

17-кесте - Баланстық есеп коэффициенттері

18-кесте - Жобаның қаржылық көрсеткіштері

19-кесте - Жобаның залалсыздығын талдау, мың тг.

20-кесте - Болжамдау кезеңіндегі салықтық түсімдердің көлемі (7 жыл)

21-кесте - Жобаның шеңберінде табиғатты қорғау іс-шараларын іске асыру кестесі

 

 


Суреттер тізімі

1-сурет - Кәсіпорынның коммерциялық қызметінің схемасы

2-сурет - Посевная площадь в РК в 2010 г, %

3-сурет - ҚР облыстары бойынша жаппай көкөніс жинау, мың тонна

4-сурет - 2011 жылғы қарашада Астана қаласындағы «Шарын» көтерме сауда базарына қызанақ жеткізу (Өзбекстан, Қытай) көлемі, тонна және бағаның серпіні, тг/кг

5-сурет - 2011 жылғы қарашада Астана қаласындағы «Шарын» көтерме сауда базарына қияр жеткізу көлемі, тонна және бағаның серпіні, тг/кг

6-сурет - Астана қаласында халықтың жылыжай өнімдерін сатып алу орындары, %

7-сурет - Астана қаласы тұтынушыларының жылыжай өнімдерін пайдалану басымдықтары, %

8-сурет - «Пушпульді» желкөздерді ашу жүйесінің схемасы

9-сурет - Жылыжайды көлденеңінен көлеңкелеу жүйесі

10-сурет - Ұйымдастыру құрылымы

 


Резюме

Жобаның тұжырымдамасы Астана қаласында көкөніс (қызанақ, қияр) өсіру жылыжайларын құруды қарастырады.

Мыналар кәсіпорын қызметінің мақсаттары болып табылады:

- Ішкі және сыртқы нарықтарда сату үшін жоғары сапалы, экспортқа бағдарланған,

бәсекеге қабілетті өнім алу;

- Астана қаласының тұрғындарын ауылшаруашылық өнімдерінің негізгі түрлерімен үздіксіз

қамтамасыз ету;

- Ауылшаруашылық өнімдерін өндіру мен сату нәтижесінде пайда түсіру;

- Ауыл тұрғындары үшін кәсіпорынның өндірістерінде жаңа жұмыс орындарын

ұйымдастыру және беру, олардың әлеуметтік мәселелерін шешу.

 

Жоба бойынша жалпы инвестициялық шығындар мыналарды қамтиды:

Шығыстар, мың теңге 2 012
Негізгі капиталға инвестициялар 288 573
Айналым капиталы 70 000
Барлығы 358 573

 

Жобаны қаржыландыруды жоба бастамашысының өз қаражаты есебінен сияқты қарыз капиталы есебінен де жүзеге асыру жоспарлануда.

Қаржыландыру көзі, мың теңге Сомасы Кезеңі Үлесі
Негізгі капиталға инвестициялар 136 272 04-05.2012 38%
Айналым капиталы 222 301 04-05.2012, 01.2013 62%
Барлығы 358 573   100%

 

Кредиттеудің келесі шарттары қабылданды:

Кредит валютасы теңге
Пайыздық ставка, жылдық 12%
Өтеу мерзімі, жыл 6,5
Пайыздар мен негізгі борышты төлеу ай сайын
Пайыздарды өтеудің жеңілдікті кезеңі, ай
Негізгі борышты өтеудің жеңілдікті кезеңі, ай
Өтеу түрлері тең үлестермен

 

Кәсіпорын қызметінің жобаның 7 жылына арналған тиімділік көрсеткіштері.

Жылдық пайда (7 жыл), мың теңге 58 320
Активтердің рентабельділігі 17%

 

13% дисконттау ставкасы кезінде инвестицияланған капиталдың дисконтталған таза кірісі 7 жылда 127 989 5 мың теңгені құрады.

Ішкі кірістілік нормасы (IRR) 24%
Ағымдағы таза құны (NPV), мың теңге 127 989
Жобаның өзін-өзі ақтауы (жай), жыл 4,2
Жобаның өзін-өзі ақтауы (дисконтталған), жыл 5,9

 

Жоба экономикалық көзқарас жағынан мыналарға ықпал ететін болады:

- өңірде тауар айналымының ұлғаюына;

- көкөніс сақтайтын қойма кешендерін дамытуға;

- перспективада нарықтың осы сегментінде импортты ығыстыруға;

- астана нарығында (ауа райының қолайсыз кезеңінде – тауарды әкелудің қолайсыздығы) көтерме және бөлшек сауда жасаушылар арасында мықты бәсекелестік орта құруға;

- жаңа жұмыс орындарын құруға (31);

- салық салынатын база құруға.

 


 

Кіріспе

Қазақстан жылыжайлар қауымдастығының деректері бойынша бүгінде елде 56 гектар ғана жабық топырақ алқабы бар, бұл көлемге өнеркәсіптік жылыжайлар кешені сияқты шағын жылыжайлар да кіреді. Салыстыру үшін, Польшада жылыжай шаруашылықтары алқабы 6 000 га астамды, Голландияда – 10 000, Түркияда – 41 000, ал КҚытайда – шамамен 1,5 млн. Га құрайды.

Жылыжай шаруашылығын ұйымдастыру және ауылшаруашылық дақылдарының әртүрлі түрлерін өсіру барынша пайдалы бизнес, сонымен қатар барлық тараптар үшін пайдалы болып табылады.

Сауда желілері де қоғамдық тамақтандыру орындары да жас және сапалы өнімдерді аса қажет етеді. Тұрақты жұмыс істейтін жылыжай шаруашылықтары жыл бойы жақты табыс табуға мүмкіндік береді. Өнімділігі жоғары, өзін тез ақтайды, рентабельділігі жақсы, жылыжай шаруашылығының басымдығы осымен шектелмейді.

Негізінен, жылыжай бизнесі қазіргі уақытта елдің оңтүстік өңірлерінде дамуда. Өйткені нарыққа қатысушылар солтүстік аудандарда газ бен электр энергиясына шығынданғанша өсірілген тауарды оңтүстіктен солтүстікке тасыған пайдалы деп санайды.

Алайда тасудың ұзақтығы салдарынан тауар бұзылады, сондықтан қосымша шығыс туындайды, ол өнімнің өзіндік құнын ұлғайтады. Осыған байланысты Астана қаласына жақын жерде жылыжай кешенін ұйымдастырудың тиімділігіне талдау жасалды, онда көкөністі тұтыну көлемі халық санының өсуіне қарай үздіксіз өсіп отыратын болады


Жобаның тұжырымдамасы

Жобаның тұжырымдамасы Астана қаласында көкөніс (қызанақ, қияр) өсіру жылыжайларын құруды қарастырады.

Кәсіпорын қызметінің мақсаттары мыналар болады:

- Ішкі және сыртқы нарықтарда сату үшін жоғары сапалы, экспортқа бағдарланған,

бәсекеге қабілетті өнім алу;

- Астана қаласының тұрғындарын а/ш өнімдерінің негізгі түрлерімен үздіксіз

қамтамасыз ету;

- Ауылшаруашылық өнімдерін өндіру мен сату нәтижесінде пайда түсіру;

- Ауыл тұрғындары үшін кәсіпорынның өндірістерінде жаңа жұмыс орындарын

ұйымдастыру және беру, олардың әлеуметтік мәселелерін шешу.

Мақсатқа қол жеткізу жоспары:

- «Кілтін тапсыра отырып» инженерлік және технологиялық жабдықтарымен бірге жылыжай кешенінің құрылысы;

- Өндіріс үшін негізгі және қосымша материалдарды сатып алу, әкелу (тұқым, тыңайтқыш және басқалары үшін айналым қаражаты);

- Құрамды орналастыру, жинақтау және оқыту;

- Жылыжай кешені өндірісінің басталуы және өнім шығару.

Осы жобаның шеңберінде компания мынадай схема бойынша коммерциялық қызметті жүзеге асыруды жоспарлайды:

 

1-сурет - Кәсіпорынның коммерциялық қызметінің схемасы

 

Астана қаласының базарларында көкөністі бөлшек саудада сату  
Көтерме сауда жасаушыларға сату  
Жылыжайда көкөністі «қызанақ, қияр) өсіру және жинау  

 

 

 

Өнімнің осы түрін таңдау кезінде компания Астана қаласының тұрғындары үшін мынадай пайдалы шарттарды басшылыққа алды:

- импортты айырбастайтын өнімдер өндірісі (жылыжай кешені Астана қаласының шекарасында орналасатын болады);

- жыл бойы экологиялық таза өніммен қамтамасыз ету;

- өнім бағасының барынша төмен болуы