Тақырып. Банктік қадағалау

Сабақ формасы:тәжірибелік сабақ

Сабақ мақсаты:Банктік қадағалау және оның қағидалары туралы алған ілімдік білімдерін бекіту.

Тақырып бойынша сұрақтар:

1. Банктік қадағалауды ұйымдастырудың принциптері

2. Коммерциялық банктердің пруденциалдық нормативтерді орындау тәртібі

3. Банктік қадағалаудың негізгі элементтері

Есептер шығару:

1. Несие алушыға 1 жылға банк несиелік желі ашып берді, оған әр тоқсан сайын тепе-тең үлесте тарншты төлеу жағдай жасалған. Кезекті төлеу сый-ақы төленген соң ғана жүреді заем сомасы 4 млн.т. 20% ж,е, Әрбір тоқсанға және барлық төлеу кезеңіне (несие мерзімі) сый-ақы сомасын есептеңіз.

2. Тратта вексельдің эмитенті Ж.А.Қ. «Екібастұзэнергоорталық» болып табылады. Екінші деңгейлі банк оны авльдайды. Осы векскельмен ЖАҚ «БАҚ» ЖШС-мен көмір үшін есеп айырысады. Аталған вексельмен ЖШС «БАҚ» РМК «Қазақстан Темір жолы» көмірді тасылмалдағаны үшін есеп айырысады. Сонымен РМК «Қазақстан Темір жолы» осы вексельмен электроэнергияны қолданғаны үшін ЖАҚ «Екібастұзэнергоорталықпен» есеп айырысады. Осы вексельдің есеп айыру құралы ретінде айналым сызбасын жасаңыз және оның экономика мен қаржылық саладғы артықшылығын көрсетіңіз.

3. Талап ету депозитінің орташа айлық сомасы 11294830 млн.т., жоғары өтімді активтер – 2783250 мың т. Ағымды өтімділік коэффицентін есепте. Пруденциялды нормативте белгіленген осы аталған коэффицентті банктің орындайтының анықтаңыз.

4. Бантің меншікті капиталы 5384240 мың т. негізгі құралдарға 740188 мығ т. салынған. Банк К6 (негізгі құралдарға инвестиция) коэффицентін сақтай ма, анықтаңыз.

5. Банк жалға 1125 мың т. болатын құралды ұсынады. Жылдық есептен 30% пен 4 жыл көлемінде, комиссиялық мөлшер 3 %, амортизация нормасы 10%. Осы мерзімдегі ҚҚС-ң нақты мөлшері - 16%. Лизинг келісім шарты бойынша құралдарды қолдану мен оларды жөндеу бойынша шығындарға жалға алушы жауап береді. Лизинг мерзімі аяқталған соң жалға алушы оны қалдық сомасы бойынша сатып алады. Есептеу керек:

а) құралды әр жылға жалдау бойынша орта жылдық бағаны;

б) амортизация сомасын;

в) несие үшін сый-ақыны (лизинг);

г) коммисиондық сый-ақы сомасын;

д) ҚҚС-ң әр жылдық мөлшерін;

е) жыл сайын төленетін жал төлемдерінің сомасын;

ж) жалға алушы сатып алатын құралдың сатып алу бағасын.

6. Салықтарды төленгеннен кейінгі банктің таза табысы 1123247 мың т. құрады. Резервке жарияланған жарғылық капиталдың 15% -і жіберілген, ол 1500000 мың т. құрайды. Дивиденттерді төлеуге 25 % көрсетілген. Банктің каиталын толтыруға кететін, бөлінбеген таза табыстың көлемін анықтаңыз.

7. Өз клиентінен банк шот-фактураны 560 мың т. сатып алады, ол өз шот-фактурасын дереу төлеу жағдайында 80% бағасымен алады, ал несиені 3 ай мерзімге береді. Факторингтің қызмет бағасына мыналар кіреді: а) комиссия - 2%, несие үшін пайыз көрсетілген құжаттармен алдын-ала төлем кезінде - 30%.

Анықтау керек:

а) факторинг өлшемін;

б) несие үшін сыйақыны;

в) комиссиондық сыйақыны.

8. Несие алушы банкке 50 млн.т. сома көлемінде несие алуға өтініш жасады. Банктің меншікті капиталы 5246850 мың т. банктің несиелік комитеті қандай шешім қабылдайды. Банкпен ерекше қатынастағы емес бір қарызшыға берілетін тәуекелділік коэффицентін анықтаңыз.

 

Бақылау сұрақтары

1 Банктік қадағалауды ұйымдастыру принциптері.

2 Қашықтықтан қадағалау.

3 Инспекциялық қадағалау.

4 Коммерциялық банктердің пруденциалдық нормативтерді орындау тәртібі және есеп шоттарды ашу мен олар бойынша операцияларды жүргізудің заңдылығы.

Дебиеттер: 1-4, 7, 8, 9, 10, 13-15, 16-19

СЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Нормативтік құқықтық база:

СЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕ

1. «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР Заңы 30.03.1995 № 2155 (ред. 10.07.2004)

2. «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 4 шілде 2003 № 474-ІІ.

3. « ҚР Банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңы 31.08.1995 №2444 (ред. 06.07.2004)

4. «Қазақстан Республикасындағы Зейнетақылық қамтамасыз ету туралы» 20.06.1997 № 136-1 (ред. 11.06.2004)

5. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 2 шілде 2003 жыл № 461-ІІ.

 

 

Негізгі әдебиеттер

1. Банк ісі: Оқұлық /жалпы редакциясың басқарған ҚР ҰҒА академиғі, э.ғ.д., профессор Ғ.С. Сейтқасымов.- Астана, ҚазЭҚжХСУ БПО, 2009

2. Банк ісі: Оқұлық / жалпы редакцициясың басқарған ҚР енбеғі сінген қайраткер, э.ғ.д., профессор Искаков У.М.. Алматы: Экономика, 2013

3. Мақыш С.Б. Банк ісі: Оқұлық. Алматы: Жеті жарғы, 2009

4. Мақыш С.Б., Ілияс А.Ә. Банк ісі: оқұ құралы. Алматы.- Қазақ университеті, 2004

5. Мақыш С.Б. Коммерциялық банкің қызметің баскару: жағдайы және болашағы. Алматы: ҒТБО ҚазҰТУ, 2009

6. Сейқасымов Ғ.С., Ілияс А.Ә. Банк менеджменті: оқұ құралы. Астана, ҚазЭҚжХСУ БПО, 2010

7. Ілияс А.Ә. Коммерциялық банктердің қаржылық қызметтері: оқұ құралы. Астана: ҚазЭҚжХСУ БПО, 2013

8. Ілияс А.Ә., Саулембекова А.К. Төлем жуйесі: теория және практикасы: оқұ құралы. Алматы – Экономика, 2007

9. Тулембаева А,Н. Банковский маркетинг. Завоевание рынка: Учебное пособие – Алматы: Триумф «Т», 2007

10. Қаржылық институттар қызметін басқару: оқу құралы Тлеужанова Д.А., А: 2010

Қосымша әдебиеттер

11. Қаржы: оқулық/ Құлпыбаев С., Ынтықбаева С.Ж., Мельников В.Д., А:2010

12. Финансы, денежное обращение и кредит: учебник/ Янин О.Е. «Академия»: 2008

13. Финансы, денежное обращение и кредит: учебник/ Галанов В.А., Форум 2008

14. Финансы и кредит под ред. О.И.Ларушина, Кнорус:2009

15. Финансы и кредит: Практикум: учебное пособие / Рудская Е.Н. Феникс: 2008

16. Ильин А.Е.Практикум по рынку ценных бумаг, 2005г.

17. Рынок ценных бумаг:курс в схемах /Ред. А.А.Килячков, Л.А.Чалдаева -М:2003

18. Колтынюк Б.А.Рынок ценных бумаг: Учебник -СПб:2000

 

Мерзімді басылымдар:

Қаржы-қаражат, Рынок ценных бумаг, Банки Казахстана, Саясат, Транзитная экономика, Вестник финансовой академии , Қаржы-Финансы.