Керме тартылу техникасы және оқыту әдістемесі

Шынықсаң – шымыр боласың» демекші, сымбатты денені барлығымыз да қалаймыз. Ендеше дене сымбатыңыз бен бұлшықеттеріңізді шынықтыру үшін спорт кешеніне бармай-ақ, үйде жаттығу жасауға болады. Әдемі шыныққан дене – адам тәнінің сымбаты. Осындай сымбатты дене қалыптастырудың бір жолы – белтемірге (турникке) тартылу. Ең бастысы – ерінбеу керек, және алға қойған мақсатқа сенімді қадам жасауға бел буған дұрыс.

Белтемірге (турникке) тартылу – физикалық жаттығудың қарапайым және айрықша түрі. Бұл адам қолын, көкірек және арқа бұлшықеттерін шынықтырады. Яғни, адам денесінің жоғарғы бөлігін физикалық шынықтыру үшін бұл таптырмас жаттығу. Ал осы белтемірге тартылу алдында нені білу керек? Егер сіз белтемірге (турникке) тартылу жаттығуын алғаш жасап бастамақ болсаңыз төмендегі ережелерді есте сақтағаныңыз жөн.

 

1. Ең бірінші – тартылу алдында денеңіз бен қолыңызды жаттығуға дайындау керек. Қашан қолыңыз өз қуатын жоғалтқанша, күнделікті белтемірге асылып тұру керек. Тартылуға дайын екеніңізді сезінгенде барып, жаттығуды бастауға болады. Дұрыс жаттығу – белтемірдегі қол ара қашықтығын дұрыс ұстаудан басталады.

2. Қол ара қашықтығын екі иықтың ара-қашықтығымен тең ұстау керек. Алғашқы жаттығуды аяқты айқастыра, тізені сәл бүгіп тартылудан бастау керек. Иық бос, арқа түзу болуы тиіс. Иегің белтемір белдеуіне жеткенде өз денеңді төмен бірқалыпты түсіру керек.

 

 

 

 

Ең бірінші осы ережелерді есте тұтып белтемірге тартылсаңыз, одан әрі тәжірибеңіздің шыңдалуына жол ашады. Қол бұлшықеттеріңіз шынығып, шымыр қалпына ене түскеннен кейін өзге жаттығуларға ден қоя бастауға болады. Мәселен, қолдың ара қашықтығын өзгертіп тартылған дұрыс.

Алғашқы жаттығуларды қол мен арқа бұлшықеттерінің қозғалысына арнаған жөн. Аяқты алға соза бірқалыпты жоғары тартылып, кейде басты белтемірден асыра, кейде желкені белтемірге тигізе тартыну керек. Қол арақашықтығының қаншалықты кең сақталуы арқа бұлшықеттерінің қызметіне пайдалы.

 

Белтемірге тартылу кезінде тағы бір жағдайды естен шығаруға болмайды. Ол – тартылған сәтте дем алу ережесі. Сонымен қатар, аптасына немесе күніне неше реттен тартылу керек екенін ойда сақтаған абзал.

Жаттығу кезінде белтемірге дұрыс тартылудың алғышарты демді дұрыс алудан басталады. Жоғары тартылып бар күшіңізді сала көтерілгенде тыныс алмай, қайта төмен түскенде жай терең тыныс алу қажет.

Белтемірде күн ара өткізіп жаттығу жасаған дұрыс. Әр тартылғанда 10-15 реттен 3 айналым жасау пайдалы. Ең бірінші көбірек тартылып, соңынан аздап төмендеп отырған жөн. Өзіңіздің қауқарыңызды бағамдай келе, белтемірге тартылу санын арттырып отырғаныңыз дұрыс.

Белтемірге тартылу – сымбатыңыздың нағыз сыншысы бола алады. Ал сіз неше рет тартыла аласыз?