Халі ауыр науқастың ауыз қуысын күту.

 

Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау, ауыздың ойылуы дамуының және ауыз қуысының басқа да қабыну ауруларының алдын алу.

Қолдану көрсетілімдері: төсекте жатқан халі ауыр, әлсіреген, қызуы көтерілген науқастарға.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: 3 лотокті, 3 қысқышты, тіл ұстағышты, ауыз кергішті, дәке сүрткілерін, тампондарды,алмұрт тәрізді баллоншаны немесе Жане шприцін, мензуркаларды, вазелинді, ішінде антисептикалық ерітіндісі бар флакондарды, сүлгіні, ішінде суы бар стаканды, қолғаптарды, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқас пен қарым қатынас жасаңыз (медбике өзін-өзі таныстырып, науқастың атын-жөнін сұраңыз).

2. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.

3. Науқасқа Фаулер қалпын беріңіз.

4. Қолыңызды жуып, антисептикпен тазартып, қолғап киіңіз.

5. Ауыз қуысын, қызыл иекті, тілді мұқият қарап тексеріңіз.

6. Лотокқа антисептикалық ерітіндіні (натрий гидрокарбонаты) құйыңыз.

7. Науқастың басын қырына қарай бұрыңыз, мойнын және кеудесін клеенкамен жабыңыз, астыңғы иегінің астына лотокті қойыңыз.

8. Науқастан тістерін сығылыстыруын өтіңіз (егер тіс протездері болса, оны алып тастаңыз).

9. Науқастың ұртын ауызкергішпен керіп, антисептикалық ерітіндіде суланған дәке тампонын қысқыш алып, оларды ауыстыра отырып, әрбір тісті қызыл иегінен бастап, азу тістерден күрек тістерге қарай сол жақтың сыртқы бетін тазартыңыз (жоғарыдан төмен және төменнен жоғары қарай)

10. Оң жағын да осы реттілікпен тазартыңыз.

11. Науқасқа тілін шығаруын өтінеміз, (халі ауыр жағдайда абайлап тілұстағышпен ауыздан шығарыңыз.)

12. Дәке сүрткісін антисептикалық ерітіндіге сулап,қысқышқа қысып, тілдегі бозамықты 2-3 рет сүрткіні ауыстыра отырып, тілдің түбірінен ұшына дейінгі бағытта жан-жағын сүртіңіз.

13.Қысқыштарды, тіл ұстағышты қолданған материалдарға арналған лотокқа салыңыз.

14.Науқастың ауызын шаюға көмектесіңіз немесе ауыз қуысына алмұрт тәрізді баллоншамен немесе Жане шприці көмегімен шайыңыз. Ауыз бұрышын ауызкергішпен керіп, кезекпен сол жағын, сосын оң жақ ұрт аймағын ерітіндімен орташа қысымдағы ағыс екпінімен жуыңыз.

15.Ауыз айналасындағы теріні құрғақ сүрткімен сүртіңіз, залалсыздандырылған сүрткіге салфеткаға шпательмен вазелин жағып, еріндерін майлаңыз.

16.Құралдарды ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа, дәке тампондарды, сүрткілерді қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

17.Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

Ескерту:

- ауыз қуысын шаю іс-әрекеті халі өте ауыр науқастарға қолданылмайды, себебі сұйықтық науқастын жоғарғы тыныс жолдарына кетіп қалып, кенеттен өліп кету қауіпі бар;

- халі өте ауыр науқастардың ауыз қуысының шырышты қабығын және тістерін антисептикалық ерітіндімен күніне 2 рет сүртіп тазарту керек.

- еріндерінде жарық болса, ауыз кергішті қолданбайды.

2. Көзді күту.

Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау, ауруларының алдын- алу, халі ауыр науқас көзіне таңертеңгі тазалықты жүргізу, дәрілік ерітіндіні тамызу.

Қолдану көрсетілімдері: науқастың халі ауыр жағдайдағы көзінде шығындылардың (бөліністердің) болуы.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: дәке тампондарын, лотокті, пинцетті (іскекті),

фурациллин ерітіндісін, вазелин майын, мензуркаларды, физиологиялық ерітіндіні,тамызғыштарды, қолғаптарды, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқас пен қарым қатынас жасаңыз (медбике өзін-өзі таныстырып, науқастың атын-жөнін сұраңыз).

2. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.

3. Науқасқа Фаулер қалпын беріңіз.

4. Қолыңызды жуып, антисептикпен тазартып, қолғап киіңіз.

5. Көздерін қарап, олардың жағдайын бағалаңыз.

6. Бір мензуркаға залалсыздандырылған вазелин майын, екіншісіне фурацилин ерітіндісін құйыңыз.

7. Дәке тампонын пинцеттің көмегімен вазелин майына ылғалдатып, оны мензурканың қабырғасына, аздап қана сығып қысыңыз.

8. Оң қолға тампонды ұстап, көздің бір қабағын сыртқы бұрышынан, ішкі бұрышына қарай бағытпен сүртіңіз (іріңді қабыршақтың қабатын жұмсаруын қамтамасыз етеді).

9. Дәке тампонын фурацилин ерітіндісіне ылғалдатып, осы бағытпен сүртуді қайталаңыз.

10. Іріңді қабыршақтар толық кеткенше сүртуді 4-5 рет әр-түрлі тампондармен қайталаңыз.

11. Көз бұрыштарында іріңді бөлінулер болған кезде: сол қолдың бас бармағы және сұқ саусағымен қабақтарын екі жаққа айырып ашып, ал оң қолмен көздің дәнекер қабына тамызғыштың көмегімен физиологиялық ерітіндімен шайып шығыңыз, сосын құрғақ тампонмен қабақты осы бағытта сүртіңіз.

12. Екінші көзді де осындай әдіспен тазалаңыз.

13. Қолғаптарды шешіңіз, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

14. Қолданылған қолғапты, тампондарды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Пинцетті (іскекті), мензуркаларды, тамызғыштарды ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

15. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Ескерту: көзді тазалаған кезде бірдей бір тампонмен екі көзді сүртуге болмайды. Бір көзден екінші көзге инфекция жұғуы мүмкін.

Лақты күту.

Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау, құлақ ауруларының алдын-алу, құлақ құлығының жиналып қалу себебінен есту қабілетінің төмендеуін ескерту, дәрілік ерітіндіні тамызу.

Қолдану көрсетілімдері: науқастың ауыр жағдайы, есту жолында құлықтың жиналып қалуы.

Қарсы көрсетілімдері: құлақ қалқанындағы және сыртқы есту жолындағы қабыну процестері.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: науаны, тамызғышты, пинцетті, мензурканы, мақта турундаларын, сүрткілерді, қолғаптарды, 3%-дық сутегі асқын тотығы ерітіндісін, сабынды суды, ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Науқас пен қарым қатынас жасаңыз (медбике өзін-өзі таныстырып, науқастың атын-жөнін сұраңыз).

2. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.

3. Қолыңызды жуып, антисептикпен тазартып, қолғап киіңіз.

4. Ішінде сабынды суы бар ыдысты дайындаңыз.

5. Науқастың басын тазаланатын құлаққа қарама-қарсы жағына қисайтыңыз, лотокті астына қойыңыз.

6. Сүрткіні жылы сабынды ерітіндіде ылғалдап алып, құлақ қалқанын сүртіңіз: сосын оны құрғақ сүрткімен құрғатыңыз (кірді кетіру үшін).

7. Алдын-ала су моншасында (t-36-37°С) жылытылған 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісін залалсыздандырылған мензуркаға құйыңыз.

8. Оң қолыңызға мақта турундасын алып, 3% сутегі асқын тотығының ерітіндісіне сулаңыз, ал сыртқы есту жолын түзету мақсатымен сол қолыңызбен құлақ қалқанын артқа және жоғары қарай тартыңыз,құрғақ турунданы жеңіл айналмалы қимылдармен сыртқы есту жолына 1 см тереңдіктен асырмай енгізіп, оны 2-3 минутқа қалдырыңыз.

9. Турунданы сыртқы есту жолынан айналмалы қимылдармен шығарып алыңыз, бұл есту жолындағы бөліністер мен құлықтың шығуын қамтамасыз етеді.

10. Екінші есту жолын да тура осындай реттілікпен тазартыңыз.

11. Қолғаптарды шешіңіз.

12. Қолданылған қолғапты, турундаларды, сүрткілерді қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Пинцетті, мензурканы ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

13. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Ескерту: құлақты тазалаған кезде мақтаны қатты затқа орауға болмайды, есту жолы жарақаттануы мүмкін.

4. Мұрын қуысын күту.

Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау, мұрынмен дем алудың бұзылуының алдын ала ескерту, дәрілік ерітіндіні тамызу.

Қолдану көрсетілімдері: науқастың ауыр жағдайы, мұрын қуысындағы қатып қалған қабыршықтардың және шырышты бөліністердің болуы.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: мақта турундаларын, мензурканы, пинцетті, вазелин ,лотокті,қолғаптарды, ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқас пен қарым қатынас жасаңыз (медбике өзін-өзі таныстырып, науқастың атын-жөнін сұраңыз).

2. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.

3. Науқасқа Фаулер қалпын беріңіз.

4. Қолыңызды жуып, антисептикпен тазартып, қолғап киіңіз.

5. Сол қолдың 4-саусағын науқастың маңдайына қойып, ал бас бармақпен мұрынның ұшын көтеріп, мұрын қуысындағы сілемейлі бөлінулердің, кеуіп қалған қабыршықтардың барлығын қараңыз.

6. Сілемейлі бөлінулерді алып тастау үшін мақта турундаларын жеңіл айналмалы қимылдармен мұрын жолдарына енгізіңіз.

7. Мұрын жолдарындағы құрғақ қабыршықтарды жұмсарту үшін, мензуркаға залалсыздандырылған вазелин майын құйыңыз.

8. Турунданы пинцетпен алып, вазелин майымен ылғалдаңыз,мензурканың шетіне аздап қысып, сығыңыз.

9. Оң қолыңызға турунданы алып, жеңіл айналмалы қимылдармен мұрын жолына енгізіңіз және оны 2-3 минутқа сол жерде қалдырыңыз (катып қалған қабыршықтар болған кезде).

10. Мұрын жолдарынан турунданы айналмалы қимылдармен шығарып алыңыз, бұл мұрын жолындағы қатып қалған қабыршықтардың шығуын қамтамасыз етеді.

11. Екінші мұрын жолын да тура осындай реттілікпен тазартыңыз.

12. Қолғапты шешіңіз.

13. Қолданылған турундаларды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Пинцетті, мензурканы зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

14. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

5. Халі ауыр науқастың шашын күту.

Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау.

Қолдану көрсетілімдері: науқастың енжарлық қалпы.

Дайындаңыз: жылы суды (37-38°С), сабынды немесе сусабынды,

шылапшынды, крушканы, тісі жиі тарақты, сүлгіні, 6% сірке су ерітіндісін,

таза бас орамалды (мақта-матадан жасалған) кірлеген іш киімдерді салатын

қапшықты.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқас пен қарым қатынас жасаңыз (медбике өзін-өзі таныстырып, науқастың атын-жөнін сұраңыз).

2. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.

3. Халі ауыр науқастың басын төсегінде жуыңыз.

4. Басына көтеріңкі қалып беріңіз, арнайы бастың астына қоятын құралды немесе матрацты валик тәрізді домалақтап, оны науқастың басының астына қарай қатты бұраңқырап қойыңыз, оның үстіне клеенка төсеңіз.

5. Науқастың басын мойын деңгейінде артқа қарай шалқайтыңыз.

6. Керуеттін бас жағындағы орындықтың үстіне науқастың мойын денгейінде ішінде жылы суы бар шылапшынды қойыңыз.

7. Науқастың басын сумен ылғалдаңыз, шашын сабындаңыз, бастың терісін мұқият түрде ысқылаңыз.

8. Шашты бастың маңдай бөлігінен артқа қараған бағытта сабынмен немесе сусабынмен жуыңыз.

9. Шашты сумен шайыңыз және оларды сүлгімен сығып құрғатыңыз.

10. Шашты тісі жиі тарақпен күнделікті тараңыз. Қысқа шаштарды шаштың түбірінен ұшына қарай , ал ұзын шаштарды бұрымға бөліп алып, ұшынан түбіріне қарай жайлымен тарайды. Оларды жұлмауға тырысыңыз.

11. Басына таза орамалды тағыңыз.

12. Бас астындағы құралды орнына түсіріңіз, барлық күтім заттарын жинап алыңыз, матрацты түзетіңіз.

13. Қолданылған күтім заттарын зарарсыздандыратын ерітіндіге салыңыз.

Ескерту:

- халі ауыр науқастың басын (егер қарсы көрсетілімдері болмаса) аптасына 1 рет жуу керек;

- осы емшараны жүргізу үшін өте ыңғайлы бастың астына қоятын арнайы құрал болып табылады, бірақ кереуеттің арқасы алмалы-салмалы болуы қажет, ол күрделі емшараны жеңілдетеді;

- әйелдің шашын тісі жиі тарақпен күнделікті тарайды;

- ерлердің шаштарын қысқартып алып тастайды;

- 6% сіркесу ерітіндісімен суландырылған тісі жиі тарақ қайызғақты және шаңды өте жақсы тарайды.