СИФОНДЫ КЛИЗМАНЫ ҚОЮ

Мақсаты: ішектің жоғарғы бөлігіндегі ашыған, шіріген, шырышгы, улы заттарды, нәжісті шығару және ішекті жуу.

Қолдану көрсетілімдері: улану, тазарту, жібіту клизмаларынан әсері болмағанда және ішті айдайтын дәрілерді қабылдағанда, ішектің түйілуіне күдіктенгенде, ішекке операция жасағанда науқасты дайындау.

Қарсы көрсетілімдер: асқазан немесе ішектен қан кеткенде, жуан ішек және анус аймағының жедел қабыну немесе ойық жара үдерісінде, тік ішектің қатерлі ісігінде, ас қорыту мүшелеріне операция жасағаннан кейінгі бірінші күндерде, анус аймағындағы сызатта немесе тік ішектің түсуінде, қанаған геморройда.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: сифон клизмасына арналған бір рет қолданылатын жуан жүйені, сыйымдылығы 1 литрге дейін шыны құйғышты, t-20-22°С температурасындағы 10-12 литр суды, сыйымдылығы 1 литр крушканы, суды ағызуға арналған шылапшынды, шпательді, қолғапты, салфеткаларды, бір рет қолданылатын клеенкалы алжапқышты, халатты, масканы, жаялықты, вазелинді, су термометрін, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқастың аты жөнін сұраңыз, өзіңізді таныстырыңыз.

2. Науқасқа жасалатын емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

3. Науқасты кермемен (ширма) қоршаңыз (егер, емшара палатада орындалса).

4. Гигиеиалық деңгейде қолды тазартыңыз, халатты, масканы, қолғапты, клеенкалы алжапқышты киіңіз.

5. Кушетка үстіне клеенканы төсеп шылапшынға қарай салбыратыңыз, оның үстінен жаялықты жайыңыз, жуылған суды ағызу үшін шылапшынды қойыңыз. Науқасты кермемен қоршаңыз.

6. Кушетканың шетіне науқасты сол жақ қырымен жатқызып, оның оң аяғын тізе буынынан бүгіп, ішіне қарай келтіріңіз.

7. Бір рет қолданылатын жуан жүйенің 30-40 см ұзындығына вазелин майын жағыңыз.

8. Сол қолдың I және II саусақтарымен бөкселелерді ажыратып, ал оң қолмен абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен сүңгінің ұшын анус тесігіне енгізіп, оны тік ішекке қарай жылжытып, ең алғаш 3-4 см кіндік бағыты бойынша, сосын омыртқа жоғасына қатарластыра отырып 30-40 см тереңдікке енгізіңіз.

9. Резеңкеге құйғышты жалғастырыңыз, құйғышты науқастың бөксе деңгейінде ұстаңыз.

10.Дайындаған құйғышты 1 литр сумен толтырыңыз.

11. Құйғыны ақырын көтеріңіз, су тек қана құйғыштың түбіне жеткенде, науқастың бөксе деңгейінен төмен түсіріңіз.

12. Құйғы ішек бөлінісімен толғанда, құйғының ішіндегі бөліністі шылапшынға құйыңыз.

13.Жоғарғы ішекті жууды бірнеше рет таза жуынды су шыққанша қайталаңыз.

14.Салфетка көмегімен бір рет қолданылатын жуан жүйені ептеп шығарыңыз.

15. Науқастың тік ішек айналасын салфеткамен сүртіңіз.

16. Құйғыны зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдысқа салыңыз.

17. Бір рет қолданылатын клеенкалы алжапқышты, жуан жүйені, салфеткаларды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

18. Қолғапты шешіп қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

19. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

20.Науқасты палатаға апарып, жатуына көмектесіңіз.

21.Науқасты физикалық және психикалық тыныштықпен қамтамасыз етіңіз.

 

МАЙЛЫ КЛИЗМАНЫ ҚОЮ

 

Максаты: емдік: ішек бұлшық еттерін босансытуға, нәжісті сұйылту, түйілуді азайту және қалыпты ішектін жиырылып кеңеюін қалпына келтіру.

Қолдану көрсетілімдері: тазарту клизмасының әсері болмауы, спастикалық іш қату, ұзақ іш қату. жуан ішектің қабыну аурулары, операциядан кейінгі кезең, босанғаннан кейін.

Қарсы көрсетілімдері: асқазан немесе ішектен қан кету, тік ішектің қатерлі өскіндігі, анал тесігі аймағындағы сызат немесе тік ішектің түсуі, қансыраған геморрой.

Қажеттілерді дайындау: залалсыздандырылған: жел шығаратын түтікті, лотокті, Жане шприцін немесе алмұрт тәрізді баллоншаны, шпательді, қолғапты, салфеткаларды, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқастың аты жөнін сұраңыз, өзіңізді таныстырыңыз.

2. Науқасқа жасалатын емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

3. Науқасты кермемен (ширма) қоршаңыз (егер, емшара палатада орындалса).

4. Кушетка үстіне клеенканы төсеп шылапшынға қарай салбыратыңыз, оның үстінен жаялықты жайыңыз, жуылған суды ағызу үшін шылапшынды қойыңыз. Науқасты кермемен қоршаңыз.

5.Кушеткаға клеенканы, оның үстінен жаялықты төсеңіз. Науқасты кермемен қоршаңыз.

6.Науқасты сол жақ қырына жатқызып, оң аяғын тізе буынынан бүгіп, ішіне қарай келтірілуі керек.

7.Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киініз.

8.«Су» моншасында t-38°С дейін жылытылған 50-100 мл майлы ерітіндіні алмұрт тәрізді баллоншаға немесе Жане шприціне сорып алыңыз.

9.Жел шығаратын түтіктің саңлаусыз домалақ, бітеу ұшына 20-30 см ұзындыққа вазелин майын жағыңыз.

10.Сол қолдың I және II саусақтарымен бөкселерді ажыратып, ал оң қолымен жел шығаратын түтікті абайлап айналмалы қозғалыспен анал тесігіне тік ішекке қарай жылжытып енгізіп, ең алғаш кіндік бағытына қарай 3-4 см, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 20-30 см тереңдікке енгізіңіз.

11.Майлы ерітіндіні алмұрт тәрізді баллоншаға немесе Жане шприціне сорып алып, енгізер алдында оның ауасын шығарып, жел шығаратын түтіктің бос ұшына жалғастырып, ақырын тік ішекке енгізіңіз.

12.Жел шығаратын түтіктің сыртқы ұшына қысқышты салыңыз немесе қолмен қысыңыз.

13.Жел шығаратын түтіктен алмұрт тәрізді баллоншаны жазылдырмай немесе Жане шприцінен шығарып алыңыз.

14.Жане шприціне немесе алмұрт тәрізді баллоншаға ауа сорып алып, қайтадан оны жел шығаратын түтікке жалғастырып, түтікте қалған майлы ерітіндіні тік ішекке қарай үрлеп (итеріп) жіберіңіз.

15.Жел шығаратын түтікті шығарып алып және алмұрт тәрізді баллоншаның ұштығын зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.

16.Анал тесік аймағының терісін салфеткамен сүртіңіз.

17.Науқасқа ыңғайлы жағдай жасап және терең дем алуын сұраңыз. 10-12 сағаттан кейін дәретке отыруын сұраңыз.

18.Қолғапты шешіп, қолыңызды жуыңыз.

Ескерту:емшара жасар алдында науқас қуығын босатуы қажет;майлы клизманы емдік мақсатпен жасағанда алмұрт тәрізді баллоншаны қолданыңыз; науқас тізе-шынтақ қалпында болуы қажет; майлы клизманы түнде қою қажет.