НАУҚАСТЫ СИМСА ҚАЛПЫНА ЖАТҚЫЗУ

(ішіне және қырына жату қалпы аралығындағы жағдай)

Науқасты жатқызу екі медбикенің көмегімен орындалады.

Мақсаты:төсекте жайлы жату жағдайын жасау.

Қолдану көрсетілімдері: төсектегі енжарлы және еріксіз науқас қалпы, ойылудың алдын алу.

Қажеттілерді дайындау: 3 жастықты, валикті, аяққа арналған тіреуді (құмы барқап), функциональды немесе жәй кереуетті.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқас пен қарым қатынас жасаңыз (медбике өзін-өзі таныстырып, науқастың атын-жөнін сұраңыз).

2. Науқасқа жатқызу мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.

3. Науқасқа ескертіңіз және келісімін алыңыз.

4. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

5. Науқастың жағдайын және оның жағынан басқа жаққа ауысуына көмектесу мүмкіндігі барлығын бағалаңыз.

6. Кереуеттің тежеуішін (тормызын) бекітіңіз.

7. Медбике тұрған қыр жағындағы ұстағышты (порученді) түсіріңіз (егерде ол болса).

8. Кереуеттің бас жағына көлденең қалыпты беріңіз, жастығын алыңыз.

9. Науқасты арқасымен жатқызып кереуеттің шетіне жылжытыңыз.

10. Қырына және жартылай ішіне жату қалпына науқасты ауыстырыңыз.

11. Науқастың басының астына жастықты салыңыз (мойынның қырына иілуін алдын ала ескерту).

12. Шынтақ және иық буынынан 90°бұрышпен бүгілген «жоғарғы» қолын жастықтың үстінеқойыңыз, «төменгі» қолды бүктірмей төсекке салыңыз (науқастың дене биомеханикасын дұрыс сақтау. Науқастың денесін түзету және иықтың ішіне қарай бұрылуын болдырмау).

13. «Жоғарғы» бүгілген аяқ астына жастықты салыңыз, «төменгі» сирақ санның төменгі үшінші бөлігі деңгейінде болуы керек (тізе буындары және тобық аймақтарындағы ойылудың алдын алу, санның ішке қарай бұрылуын және аяқтың созылуын алдын ала ескерту).

14. Табанға арналған тіреуді (құмы бар қапты) аяқтың табанына 90° бұрышпен қойыңыз (аяқтың сыртқы бүгілуін дұрыс қамтамасыз ету және олардың салбырауын алдын ала ескерту).

15. Науқастың денесінің түзелуін тексеріңіз.

16. Науқастың ыңғайлы жатуына көзіңізді жеткізіңіз. Ақ жайманы түзетіңіз.

17. Ұстағышты (поручендерді) көтеріңіз.

18. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

 

НАУҚАСТЫ ІШІМЕН ЖАТҚЫЗУ

 

Мақсаты: төсекте жайлы қалыпты жасау.

Қолдану көрсетілімдері: төсектегі енжарлы және еріксіз қалыптағынауқас, ойылудын алдын алу.

Қажеттілерді дайындау: функциональды кереуетті, 8 кішкентай жастықтарды, 2 жастықты.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқас пен қарым қатынас жасаңыз (медбике өзін-өзі таныстырып, науқастың атын-жөнін сұраңыз).

2. Науқасқа жатқызу мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.

3. Науқасқа ескертіңіз және келісімін алыңыз.

4. Қолыңызды жуып,кептіріңіз.

5. Науқастың жағдайын және оның жағынан басқа жаққа ауысуына көмектесу мүмкіндігі барлығын бағалаңыз.

6. Кереуеттің (тормозын) тежеуішін бекітіңіз.

7. Медбике тұрған қыр жағындағы ұстағышты (порученді) түсіріңіз (егерде ол болса).

8. Кереуетке көлденең қалып беріп, науқастың басының астынан жастықты алып, оған көмек көрсетуді қамтамасыз етіңіз.

9. Ішіне аудару жасалатын науқастың шынтақ буынынан жазылған қолын тұлғасының барлық ұзындығына қатар(паралельді) орнатыңыз және қысыңыз, сан астына қолыңыздың ұшын салып, науқасты оның қолы арқылы ішіне «аударыңыз». Егерде науқас денесінің бір жақ жартысында салдану (гемиплегия) болса, онда салданған қол арқылы ішіне аударуды жасаңыз (төсектегі науқасты аудару жеңілденеді).

10. Науқастың денесін кереуеттің ортасына жылжытыңыз (науқастың қауіпсіздігін қамтамасыз ету).

11. Науқастың басын бір жақ қырына бұрып, оның астына аласа жастықты салыңыз (ол мойын омыртқаларының бүгілуі мен жазылуын азайтады). Салдануы бар науқастың басын дененің жансызданған жағына бұрыңыз.

12. Кішкентай жастықты науқастың ішіне, диафрагма деңгейінен біраз төмендеу салыңыз (бел омытқаларының жазылуын және бел бұлшық еттерінің күшін азайту үшін), әйелдердің кеуде қысуын азайтады.

13. Науқастың иығынан бүгілген қолдарын, жоғары көтеріңіз, оның қолдары науқастың басына орналасады (науқасқа жайлы қалып беру).

14. Шынтақ астына, білекке және қол ұшына кішкене жастықтарды салыңыз.

15. Табандардың астына жастықты салыңыз, аяқтың саусақтары матрацтың үстінде болуы керек (аяқтың саусақтарын матрацқа кысуын азайтады, табанның салбырауын және оның сыртына бұрылуын алдын ала ескертеді).

16. Науқастың ыңғайлы жатқанына көзіңізді жеткізіңіз.

17. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.