НАУҚАСТЫ УЛЬТРАДЫБЫСТЬІҚ ЗЕРТТЕУЛЕРГЕ ДАЙЫНДАУ

іш перде қуыс мүшелері (бауыр, өт, ұйқы безі, талақ) және бүйрек

 

Мақсаты: зерттеуге науқасты сапалы дайындауын қамтамасыз ету.

Қолдану көрсетілімдері: іш перде қуысы және бүйрек мүшелерінің аурулары.

Қажеттілерді дайындау: дәрігер тағайындаған дәрілерді, сүлгіні, ақ жайманы.Ультрадыбыстық зерттеулерді дәрігер жүргізеді, ал медбике науқасты дайындайды.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқас пен қарым қатынас жасаңыз (медбике өзін-өзі таныстырып, науқастың атын-жөнін сұраңыз).

2. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.

3. Қолыңызды жуып, антисептикпен тазартып, қолғап киіңіз, бет пердені киіңіз.

4. Зерттеу ашқарында жүргізілетінін науқасқа ескертіп қойыңыз.

5. Зерттеуге дейін 2-3 күн бұрын тамақтану рационынан жел (газ) жинауды болдырмайтын тамақтарды қабылдамайтының науқасқа түсіндіріңіз (көкөністер, жеміс-жидектер, сүт тағамдары, қара нан, бұршақ тағамдар, жеміс сөктер), таблеткалы іш айдайын дәрілер.

6. Науқас зерттеу қарсынында дәрігердің тағайындауы бойынша іш кебуді болдырмайтын дәрілерді қабылдайды.

7. 8-12 сағат зерттеуге дейін науқас тамақ қабылдауды тоқтатуы керек.

8. Зерттеу қарсаңында кеште тазарту клизмасын қойыңыз.

9. Зерттеу алдында темекі шегуге болмайды.

10. Науқас ультрадыбыстық зерттеуге барғанда өзімен бірге сүлгіні және ақ жайманы алады.

11. УДЗкабинетіне науқасты ауру тарихымен ілестіріп апарыңыз.

12. Зерттеуден кейін науқасты палатаға апарыңыз.

Кіші жамбас мүшелерін ультрадыбыстық зерттеуге (қуықты, қуық астыбезі, жатыр қосалқылары):

- науқастың дайындығы іш перде қуысы мүшелерінің УДЗ сияқты жүргізіледі;

- 1-2сағат зерттеу алдында 1,5 л сұйықтықты (газдалмаған су) ішуі қажет екенін науқасқа ескертіп қойыңыз(қуықы толтыру мақсатында);

- зерттеуге дейін науқас кіші дәретке отырмауын сұраңыз.

 

Бір компанетті нәжіс қабылдағыштарды жабыстыру.

Мақсаты:Стома бөлінділері үшін бір компанетті нәжісқабылдағыштарды жабыстыру.

Қолдану көрсетілімдері: ішек стомалары.

Дайындаңыз:жаңа нәжісқабылдағышты,стома өлшемін тексеруге трафаретті-ол өзгеруі мүмкін; « Стомагезив» майын немесе Лассар пастасын;қағаз сүлгі немесе салфетканы;қағаз қапшықты,пластик пакет не( нәжіс қабылдағыш үшін) месе газетаны қайшыны; қосымша қысқышты( дренажы бар нәжісқабылдағыштар үшін)қолғапты,қауіпсіз жоюға және жинауға арналған контейнер.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқаспен қарым-қатынас жасаңыз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып,құрғатың. Қолғапты киіңіз.

3. Стома өлшемңн анықтаңыз. Трафаретті қапшықтың жабысқақ пластинасына қойып,стома тесігі контурларын жабысқақ пластинаның қорғаныс қабығына түсіріңіз.

4. Контурға сай тесік қырқып алыңыз. Тесіктің өлшемі стома өлшеміне 2-3мм үлкен болуы керек.

5. Жабыстырудан алдын бір копонентті қапшықтың жабысқақ пластинасын алақанда жылытып алыңыз.

6. Қорғаныс пленкасын шешіп,қырқып алынған тесіктің төменгі шетін стоманың төменгі шекарасымен сәйкестендірініз.

7. Қапшық пластинасын төменнен жоғары қарай теріге қатты басып және қыртыстар болмауы үшін тегістеп жабыстырыңыз.

70. Екі компонентті нәжісқабылдағыштарды(пластина+қапшық)қолдану

71.

Мақсаты:стома бөлінділері үшін екі компонентті нәжісқабылдағышты жабыстыру.

Қолдану көрсетілімдері:ішек стомалары.

Дайындаңыз:жаңа нәжісқабылдағышты;стома өлшемін тексеруге трафаретті –ол өзгеру мүмкін; «Стомагезив» майын немесе Лассар пастасын; қағаз сүлгі немесе салфетканы; қағаз қапшықты , пластик пакет немесе газетаны (қолданылған нәжісқабылдағыш үшін), қайшыны; қосымша қысқышты (дренажы бар нәжісқабылдағаштар үшін), қолғапты , қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.

Медбикенің іс-әрекеттері:

1. Науқаспен қарым-қатынас жасаңыз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып,құрғатыңыз.Қолғапты киіңіз.

3. Стома өлшемін анықтаңыз. Трафаретті қапшықтың жабысқақ пластинасына қойып,стома тесігі контурларын жабысқақ пластинаның қорғаныс қабығына түсіріңіз.

4. Белгіленген контурге қарай тесік қырқып алыңыз.Тесіктің өлшемі стома өлшемінен 2-3мм артық болуы керек.

5. Пластинаны жабыстырудан алдын оны алақанға жылытыңыз.

6. Қорғаныс қабығын ашыңыз.

7. Қырқып алынған тесіктің төменгі шетін стоманың төменгі шекарасымен сәйкестендіріңіз.

8. Қапшық пластинасын төменнен жоғары қарай теріге қатты басып және қыртыстар болмауы үшін тегістеп жабыстырыңыз.

9. Пластинаны шығыңқы жағымен жоғары қарай жабыстыру қажет,өйткені оны шығыңқы жағымен ұстап жоғарыдан төмен қарай алып тасталады.

10. Егер белбеу қолданылатын болса,белбеуге бекіту үшін «құлақшалары» горизонталды орналасуы керек.

11. Пластинаға қапшықты кигізу үшін қапшықтың бекіту сақинасы ашық екеніне көз жеткізіңіз.

12. Оның фланеціне пластина кигізіңіз.Шықыр деген дауысты есту қапшықтың пластинаға бекітілгенін мәлімдейді.

13. Қапшық және ілмекті ыңғайлы қалыпқа келтіріп,ілмекті саусақпен басып бекіту сақинасын жабыңыз.Шықыр деген дауысты есту немесе сезу бекіту сақинасының сенімді бекітілгенін мәлімдейді.

14. Қапшықты пластинадан шешу үшін ілмекті басып бекіту сақинасын ашыңыз.

15. Қапшықтың «құлағынан» ұстап абайлап жоғары және өзіңізден әрі қарай тартып,бір қолмен пластинаны ұстаңыз.