Лактоза, сахароза, түзілу жобасы және гидролизі

Лактоза (сүт қанты) сүтте кездеседі, көбінесе сүттің сары суынан алынады. Лактоза β-Д-галактопираноза мен α-Д-глюкопираноза қалдықтарынан тұрады, 1-4- гликозидтік байланыс арқылы жалғасқан.

 

 

Лактозаның альдегидтік формасы:

 

 

Лактоза молекуласында жартылай ацеталь гидроксил тобы болғандықтан тотықсыздандырғыш дисахаридтерге жатады. Лактоза ас қорыту процесі кезінде, ішек клеткаларында болатын лактаза ферментінің әсерінен ферменттік гидролизге ұшырайды:

Сахароза α-Д-глюкопираноза және β-Д-фруктофураноза молекулалрынан α-1-2- гликозидтік байланысы арқылы құрылған.

 

 

Сахарозаның басқа дисахаридтерден ерекшелігі, оның жартылай ацеталь гидроксил тобы болмайды, сол себепті тотықсыздандырғыш қасиет көрсетпейді.

Басқа дисахаридтерге қарағанда, сахарозаның гидролизі жеңіл жүреді, себебі оның құрамындағы фруктозаның бес мүшелі тұйық тізбегі тұрақсыз болып келеді.

 

Полисахаридтер

Полисахаридтер үлкен екі топқа бөлінеді:

Гомополисахаридтер – құрамы бірдей моносахарид молекулаларнына тұрады. Оларға: крахмал, гликоген және декстрандар жатады.

Крахмал екі түрлі фракциядан : α –амилоза мен α –амилопектиннен тұрады.

α–амилоза α – (1,4) гликозидтік байланысымен тізбектеліп жалғасқан α-Д-глюкопираноза қалдықтарынан тұрады.

α–амилопектинде α-Д-глюкопиранозаның қалдықтары α – (1,4) гликозидтік және α – (1,6) гликозидтік байланыстары арқылы тармақталып жалғасқан.

Крахмал ас қорыту жолдарында ферметтердің әсерінен гидролизденіп,

α – (1,4) –және α – (1,6) – гликозидтік байланыстары үзіледі.

Крахмал макромалекуласының ұсақталған қалдықтарға айналған түрін декстрин деп атайды: (С6Н10О5)п – гидролиз - (С6Н10О5)m m<n

Бактериялық негізді полисахаридтер декстрандар деп атайды. Олар емдеу практикасында қансыраған кезде қан тоқтаушы ретінде қолданылады, себебі декстран ертіндісі жабысқақ, оның бұл қасиеті қан плазмасының тұтқырлығына сәйкес келеді және онкоқысымды бір қалыпта ұстайды.

Гликоген жануарлар организміндегі өсімдік крахмалының структуралық және функционалдық аналогы болып саналады. Құрылысы бойынша ол – α –аминопектинге ұқсайды, бірақ оның тармақталған тізбегі үлкен болады. Аминопектинге қарағанда гликогеннің тармақталған молекуласы екі есе көп. Гликогеннің тканьдерде ыдырауы арқасында, организм өзіне керекті энертияны аденозин үшфосфат (АТФ) түрінде қабылдайды. Гетерополисахаридтер құрамы әр түрлі күрделі моносахаридтерден құралған.

Гетерополисахаридтер тобының ішіндегі маңыздылары гиалурон қышқылы, хондроитин - сульфаттары және гепарин.

Гуалурон қышқылы β-1,4-гликозидтік байланыс арқылы жалғасқан дисахаридтерден, ал дисахаридтік фрагмент β-(1,3)-гликозидтік байланыс арқылы жалғасқан Д–глюкурон қышқылының және N ацетил, Д–глюкозаминнің қалдықтарынан тұрады. Гиалурон қышқылы ерітіндісінің тұтқырлық қасиетіне байланысты микробтарға қарсы қорғаныш қызметі жоғары болады.

Хондроитин сульфаттары глюкурон қышқылы және 4-ші жағдайда сульфаттанған N ацетил галактозаминнің қалдықтарынан β-1,3-гликозидтік байланыс арқылы түзілген дисахаридтерден тұрады. Ал дисахаридтік фрагменттер өзара β-1,4-гликозидтік байланыс арқылы жалғасқан. Хондроитин сульфаттары белоктармен комплекс түрінде шеміршектерде, теріде, көздің белокты мүйізгек қабығында кіндік бауындакездеседі. Гиалурон қышқылына қарағанда тұтқырлық қасиеті төмен.

Гепарин жануарлар мен адам организмінің тканьдерінде, әсіресе, бауырда, өкпеде, жүректе және қаңқа еттерінде кездеседі. Медицинада гепариннің маңызы өте зор, оны қанның ұюын төмендету үшін (антикоагулянт) қолданады. Гепарин молекуласы Д-глюкурон және һ-идурон қалдықтарынан тұрады. Гепарин бауыр клеткасында, тағы басқа органдарда синтезделіп, бүйректе ыдырау процесі жүреді.