Сабақтың тақырыбы №2: Жер – ресурс және басқару объектісі ретінде.

Сабақтың мақсаты:Жер Табиғи-биологиялық, географиялық және экологиялық көзқарас бойынша жердің сипаттамасымен танысу.

Сабақ мазмұны:жерге қойылатын негізгі талаптар және негізгі қасиеттері тақырыбында. Эссе жазу.

Сабақтың тақырыбы №3: Жердің әлеуметтік маңызы және саяси – экономикалық аспектісі.

Сабақтың мақсаты:Жердің саяси –экономикалық және әлеуметтік мәнін ұғындыру.

Сабақ мазмұны: ҚР Жер кодексімен танысу. Негізгі баптарын жазып алу.

Сабақтың тақырыбы №4: Жер қатынастарын реттеу.

Сабақтың мақсаты:Жер студенттерді жердің саяси, құқықтық, шаруашылық, экономикалық реттеу негіздерімен таныстыру.

Сабақ мазмұны:дәріс материалдарын пайдалана отырып, жер реформасына дейінгі мүлік түрлеріне сипаттама беріп, кесте түрінде орындау.

Сабақтың тақырыбы №5: Ќазақстан Республикасында жер реформасының дамуы.

Сабақтың мақсаты:жер реформасының даму кезеңдерімен танысу.

Сабақ мазмұны:жер категориясы бойынша ҚР жер қорының диаграммасын құру.

Сабақтың тақырыбы №6: Жер реформасын реттеу бойынша экономикалық механизмдерді дамыту:жерді бағалау, жер салығы, жалгерлік төлем ақы, жер нарығы, несиелеу.

Сабақтың мақсаты:Жер реформасын реттеу бойынша экономикалық механизмдерді дамыту,жер қатынастарын реттеу негізгі әдістерімен таныстыру.

Сабақ мазмұны:кестенің мәліметтеріне сүйене отырып егістік жерлерге салынатын жер салығының ставкасын есептеу.

Нұсқа Өнімділігі бойынша жердің кадастрлық құны, балл Жалпы өнім, Шартты бір./га Шығын
Өнім өндірісі, шартты бір/га Жерге орналастыру. Қорғау және сапасының жоғарылатуына арналған, шартты бір./га
25 дейін
25—30
30—35
35—40
40—45
45—50
50—55
55 жоғары

Сабақтың тақырыбы №7: Тиімді жер пайдаланудың негізгі бағыттары.

Сабақтың мақсаты:жерді пайдаланудің тиімді аспектілерін анықтау.

Сабақ мазмұны:ортаның ластануынан ауыл шаруашылыққа келтірілетін шығынды анықтау (Усх).

Топырақ эрозиясынан келтірілетін шығынды анықтау.

Шаруашылықтың ластану нәтижесіндеауылшаруашылық айналымынан Sиз га шығарылды. Дифференциалдық кіріс жылына 1 га Чд мың теңге/га құрайды. Ластану нәтижесінде қара бидай өнімі DУ1 т/га (аудан S1 га), арпа DУ2 т/га (аудан S2 га), жүгері DУ3 т/га (аудан S3 га), күнбағыс DУ4 т/га (аудан S4 га) түсті. Сатып алу бағасы 1 т бидай Ц1 мың теңге /т, арпа — Ц2 мың теңге/т, жүгері— Ц3 мың теңге/т, күнбағыс — Ц4 мың теңге/т тең. Ластану аймағында мал шаруашылық өнімінің төмендеу байқалмаған.

 

  нұсқа
Sиз
Чд
S1
S2
S3
S4
1 0,45 0,45 0,45 0,45 0,45 0,45 0,45 0,45 0,45 0,45
2 0,33 0,33 0,33 0,33 0,33 0,33 0,33 0,33 0,33 0,33
3 0,51 0,51 0,51 0,51 0,51 0,51 0,51 0,51 0,51 0,51
4 0,42 0,42 0,42 0,42 0,42 0,42 0,42 0,42 0,42 0,42
Ц1 2,5 2,5 2,5 2,5 2,5 2,5 2,5 2,5 2,5 2,5
Ц2 1,8 1,8 1,8 1,8 1,8 1,8 1,8 1,8 1,8 1,8
Ц3 2,0 2,0 2,0 2,0 2,0 2,0 2,0 2,0 2,0 2,0
Ц4 5,0 5,0 5,0 5,0 5,0 5,0 5,0 5,0 5,0 5,0

 

Сабақтың тақырыбы №8: Жерді басқарудың мәні, міндеті, функциялары мен қағидалары.

Сабақтың мақсаты:жер кадастры базасы негізінде жер ресурстарын жоспарлау мен болжамдауға сәйкес жерді бөлу, бекіту.

Сабақ мазмұны: есеп шығару.

Азамат Смирнов жеке тұрғын үй салу мақсатында жекеменшікке тегін жер телімін беру өтініп, арыз жазды. Азамат Смирнов өзінің ҰОС мүгедегі ретінде және тұрмыс жағдай төмен болғандықтан, өйткені ол жанұясымен коммуналды пәтердің бір бөлмесінде жолдасы және 4 адамнан тұратын ұлының отбасымен тұратындықтан, жер телімін тегін алуға құқылы деп ойлады. Әкімшілік жауап- хатында қазіргі уақытта жеке тұрғын ұй салуға жер телімдерінің жоқтығын хабарлады. Дегенімен келесі жылда бекітілген жобаға сәйкес және жеке тұрғын үйлерді салу үшін жер телімдері анықталған соң азамат Смирновтың арызы қаралады да, ол жер телімің алу үшін саудаға қатыса алады деп мәлімдеді.

Азамат Смирновтің талабы заңды ма?

Әкімшіліктің жауабына азамат шағым арыз бере алады ма?

Азаматтың шағымы бойынша қандай шешім қабылдауға болады?

Әдістемелік ңұсқау:тапсырма орындау кезінде ҚР Жер Кодексі және Жер құқығын пайдалану.

Сабақтың тақырыбы №9: Жер мен басқа табиғи ресурстарды пайдалануды кешенді шешу сұрақтары. Жерді пайдаланудың салық өзгешілігің зоналығын ескеру.

Сабақтың мақсаты: Жерді бағалаудың мақсаты мен функциялары, жер ресурстарын басқару негізгі механизмдерін зерделеу.

Сабақ мазмұны: БҚО Теректі ауданының жері үшін жалпы өнімін көрсеткішін есептеу.