Курсы бойынша игерілетін пәндік құзіреттіліктер

Пән туралы ақпарат

Пән атауы Жалпы тіл білімі_____________

Кредиттер саны____2_______________________

Курс, семестр_______4 курс, 7, 5 семестр__________________________

Мамандықтардың шифры мен атауы__5В011700Қазақ тілі мен әдебиеті 4ж, 5В011700Қазақ тілі мен әдебиеті 3ж,5В012100Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті

Институт, кафедра ___Филология, Жалпы тіл білімі___

Пәнді өткізу уақыты және орны_____Достықдаңғылы 13,сабақ кестесі бойынша

Оқытушының аты-жөні, лауазымы, дәрежесі, атағы _ф.ғ.д., профессор М.С.Атабаева, аға оқытушы Қ.О.Сейталиева____

Контактілік ақпарат (телефон, e-mail)___87011584386__

 

Пәннің қысқаша сипаттамасы

«Жалпы тіл білімі» пәнін оқытудың мақсаты болашақ филолог мамандарға тіл ғылымы дамуының әр кезеңіндегі теориялар мен зерттеу әдістерінің даму логикасын меңгерту, зерттеу бағыттары мен олардың теориялық ілімдерін, ғылым әлеміне еніп жатқан жаңа бағыт жетістіктерін үйренуге бағыттау болып табылады.

«Жалпы тіл білімі» пәні бойынша білім алушы мына мәселелерді:

· «Жалпы тіл білімі» пәнін оқу арқылы әлемдік тіл ғылымының көрнекті ғалымдары жасаған лингвистикалық идеялар, концепциялар мен теорияларды таратып түсініп, түсіндіре алуы;

· белгілі ғалымдардың көзқарасын, тұжырымын тарихи принцип тұрғысынан жете түсіне білуге;

· тіл атаулыға ортақ белгі және тіл ғылымы зерттейтін өзекті мәселелер жүйесін таратып талдауды;

· тілді зерттеудің әдіс-тәсілдерін, оның тиімді жолдарын;

· тілдердің жіктемесі, оның қазіргі қоғамдағы маңызы жайында жан-жақты білуі керек.

«Жалпы тіл білімі»курсынан білім алушы:

· болашақ маман тіл тіл ғылымының қалыптасу, даму кезеңдерін, тіл дамуына ортақ заңдылықтарды,олардың туу себептерін тиянақты меңгеріп, оны сөйлесімде, мәдениетаралық коммуникацияда т.б.жағдайда пайдалана білуі;

· тілдерді типтік белгілеріне қарай ажарата білуге дағдылануы керек.

«Жалпы тіл білімі»пәні бойынша білім алушы:

· білім мен практикалық дағды нәтижесінде тілдің қызметі, тіл қызметінің түрлері жайындағы ғылыми-теориялық тұжырымдарды талдап, саралап ажыратуды;

· қазіргі тіл ғылымындағы негізгі бағыттарға қатысты ғылыми теориялық білім мазмұнын толықтыру бағытында тәжірибе жинақтауға;

· білім алушы қоғамдағы мемлекеттік тіл, оның белгілері, қолданылатын орындары тәрізді мәселелер бойынша теориялық білім жинақтаумен қатар, осы мәселенің әлемдік тәжірибесін жинақтап, практикалық тұрғыда талдау жасау, көзқарас білдіруді жеке тілдік тұлғаретіндемеңгеруі тиіс.

«Жалпы тіл білімі»

Курсы бойынша болашақ маман меңгеретін кәсіби құзіреттіліктер

Лингвистикалық құзіреттілік -қатысым әрекетін жүзеге асыратын тіл бірліктері мен грамматикалық амал-тәсілдердің қалыптасып дамуы жайындағы теориялар мен концепциялар, лингвистикалық білімдердің бірлігі және оларды қатысым әрекетінде қолдана білу дағдысы.

Жүйелілік құзіреттілік –болашақ маманныңәртүрлі тілдік т.б. жағдаяттарда өз ойын жеткізуде тілдік дағдыларын қалыптастырып, жүйелі қолдана алу біліктілігі.

Біліктілік құзіреттілігі– білім алушының тіл ғылымындағы ғылыми-теориялық қазіргі ғылымның жаңа бағыттағы жетістіктерімен байланыста игере отырып, зерттеудің тың әдіс-тәсілдері негізінде білімдерін талдау, өңдеу, жинақталған білім қорын болашақ маман ретінде қолданыс қажетіне жарата білуі.

«Жалпы тіл білімі»

курсы бойынша игерілетін пәндік құзіреттіліктер

Танымдық құзіреттілік– білім алушыныңөз бетінше жеке, қоғамдық өмірде жаңа білімді игеруі, білім деңгейін дәстүрлі және инновациялық әдістермен көтере білуі, жаңа технологияларды меңгеру біліктілігі.

Қатысымдық құзіреттілік –білім алушыныңқоғамдық-әлеуметтік ортада лингвистикалық білімін тілдің қоғамдық қызметі талаптарына сай қолданып, дискурсқа араласа алуы, өз көзқарасын мәтін деңгейінде жүйелі құрап, айқын білдіру қабілеті, сонымен қатар дискурсқа қатысушыларды сендіре, сөзге ұйыта алу шеберлігі.

Лингвомәдени құзіреттілік –болашақ маман ретінде қазіргі антропоөзекті бағыт зерттеулерімен таныс болуы, тіл бірліктері арқылы ұлттық әлемнің тілдік бейнесін тани білуі, өз ортасында қалыптасқан мәдениет үлгісін қажетіне қарай қабылдап,сипаттап түсіне, түсіндіре алуы, лингвистикалық білім қоры көмегімен ұлттық және өзге мәдениет әлемін көре алуы.