МОДУЛЬДЕР БОЙЫНША ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

Түсініктеме хат

Пәннің қысқаша сипаттамасы

«Қазақ тіл білімінің тарихы» пәні тіл білімі ілімдерінің тарихы - ғылым мен мәдениет тарихындағы тіл туралы білімнің дамуына, онын теориялық мәнін түсінуге, жалпы тіл туралы тілдің шығу тегіндегі теориялар мен тұжырымдарды, ағым-дәстүрлерді, бағыттар мен мектептерді талдауға арналған зерттеулерді қамтиды. «Қазақ тіл білімінің тарихы» пәні магистранттарды лингвистика саласындағы басты ғылыми мектептермен, көрнекті тілші ғалымдардың еңбектері мен көзқарастарымен, олардың басты ұстанымдары мен зерттеу тәсіледерінің сипаттамасымен, өткен және қазіргі кезеңдегі лингвисттердің басты нақты жетістіктерімен таныстырады. Пән бойынша жүйелі теориялық білім алып, өзекті мәселелерді талдау нәтижесінде магистрант қазақ ғылыми лингивистикалық ой-пікірлерінің даму заңдылығын меңгеріп, әр кезеңдердегі тілші ғалымдардың жалпы тіл біліміне қосқан үлесін саралайды, олардың бүгінгі күнге дейін өзекті болып келе жатқан ой-пікірлерін айқындау мүмкіндігі болады. Пәнді оқу нәтижесінде магистранттар қазақ тіл білімінің өткендегі тарихын саралап, бағамдай келе, оның болашақ даму бағдарын айқындай алуы тиіс.

Пәннің мақсаты:

Магистранттарды қазақ тіл білімінің тарихына байланысты зерттеулермен, әсіресе синхронды және диахронды зерттеулер негізіндегі еңбектермен таныстыру, сондай-ақ, магистранттардың тілдік біліктілігін дамыту.

Пәннің міндеттері:

1. Тіл білімінің тарихы туралы жүйелі теориялық білім алып, өзекті мәселелерді талдай алуға баулу.

2. Қазақ ғылыми лингивистикалық ой-пікірлерінің даму заңдылығын меңгерту;

3. Әр кезеңдердегі тілші ғалымдардың жалпы тіл біліміне қосқан үлесіне талдау жасап, бүгінгі күнге дейін өзекті болып келе жатқан ой-пікірлерін айқындау;

4. Қазақ тіл білімінің болашақ даму бағдарын айқындау.

Пререквизиттер

Аталған пәнді меңгеру үшін пререквизиттер:(«Тіл біліміне кіріспе», «Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы», «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы», «Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі», «Жалпы тіл білімі)».

Постреквизиттер

Аталған пәнді меңгеру барысында игерілген білім мен дағдылар келесі пәндерді меңгеруге қажет болып табылады: «Коммуникативтік грамматика», «Терминология», «Тілдің жалпы теориясы».

Оқу жоспарынан көшірме

Курс Семестр Кредит саны
Сабақ түрі Жалпы сағат саны
Дәріс
Тәжірибелік сабақ
Семинар сабақ -
Лабораториялық сабақ -
Студиялық сабақ -
БӨЖ
Барлығы

МОДУЛЬДЕР БОЙЫНША ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

(академиялық сағатта)