МОДУЛЬДЕР БОЙЫНША ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

Түсініктеме хат

Пәннің қысқаша сипаттамасы

Қазақстан Республикасының жоғары мектеп жүйесі дамудың жаңа кезеңдерін бастан кешуде. Қоғамның барлық деңгейі мен саласында жетілдіру мен сапаландыру процесі жүргізіліп жатқан бұл кезең талабынан жоғары мектептегі дидактикалық процесс те тыс қала алмайды.

Жоғары бiлiм беру Қазақстан Республикасының үздiксiз бiлiм беру жүйесiндегi аса маңызды құрылымдық буын болып табылады. «Жоғары бiлiм беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Бiлiм беру туралы» Қазақстан Республикасы Заңына негiзделедi.

Қазақстандық жоғары мектептердің алдына қойылған маңызды міндеттерінің бірі - жоғары басқыш болып саналатын магистратураның оқу процесін жүйелі, дұрыс арнаға түсіру. Ол үшін магистратуралық оқу процесін сапалы ететін оқу-әдістемелік, дидактикалық материалды мол, әрі мазмұн жағынан толыққанды етіп шығаруды қолға алу керек. «Жоғары оқу орындарында пәнді оқыту әдістемесі» пәні магистратурадағы негізгі пәндердің бірі болып саналады.

Жоғары оқу орнында алған базалық білімнің сапасы маманның өмірлік және кәсіби жолын белгілеп береді. Бүгінде функционалдық білімге негізделген мықты мамандарға деген қажеттілік жоғары. Бұл ретте пәндерді оқыту әдістемесін меңгертуде магистранттың кәсіби даярлығының жоғары болуы шешуші фактор ретінде белгіленген.

Соған байланысты білім берудің қазіргі талаптарын тірек ете отырып, «Қазақ тілін жоғары мектепте оқыту әдістемесі» пәнінің бағдарламасын жасауда магистранттарға қазақ тілін жоғары оқу орындарында оқытудың өзіндік заңдылықтарын кең түрде таныту бағыты ұсталынды.

Пәннің мақсаты:

Әлемдегі әдістеме ғылымының жетістіктеріне сүйене отырып қазақ тілін оқытудың бағыттары мен ұстанымдарын анықтау, педагогтің шеберлігін дамыту.

Пәннің міндеттері:

1. Кәсіби құзыреттілік деңгейі жоғары, жан-жақты дамыған, білім нәрімен сусындаған,теориялық білімі терең, практикалық дағдысы қалыптасқан, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген, ұлттық менталитеті жоғары маман даярлау.

2. Магистранттардың қазіргі қазақ тілінің негізгі салалары мен әдістемесінен алған теориялық білімдерін тереңдетіп, іс-тәжірибе жүзінде бекіту, қазақ тілін оқыту процесінің ерекшеліктерін теориялық және практикалық тұрғыдан меңгерту;

3. Болашақ маманның зияткерлік және мәдени жағынан жетiлудегi, пәнді оқытудағы әдістемелер мен технологияларды меңгерудегі қажеттерiн қанағаттандыру;

4. Әдістеме саласындағы тың өзгерістермен таныстырып, оны тиімді қолданудың жолдарынүйрету;

5. Пәнді оқыту әдістемесінің методологиялық-теориялық негіздерін меңгерту;

6. Оқу-әдістемелік кешендерді оқып-талдау, баға беру, тиімді әдістемелік кешендерді құрастыра алу, оларды практикада қолдана білу дағдыларын қалыптастыру;

7. Пәнді оқыту әдістемесін ғылыми тұрғыдан зерттеп-тану қабілеттерін дамыту;

8. Педагогика мен әдістемедегі жаңашыл әдістемелерді талдай білуге, олардың практикадағы тиімді-тиімсіздігін анықтай білуге дағдыландыру, өз бетімен ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді іріктеу мен оларды талдай білу дағдыларын жетілдіру.

9. Қазақ тілін оқытып, үйретуде қолданылатын инновациялық-ақпараттық технологияларды меңгерту.

Пререквизиттер

Аталған пәнді меңгеру үшін пререквизиттерұсынылмайды

Постреквизиттер

Аталған пәнді меңгеру барысында игерілген білім мен дағдылар келесі пәндерді меңгеруге қажет болып табылады «Қазіргі тіл біліміндегі әдістемелік мәселелер».

 

Оқу жоспарынан көшірме

Курс Семестр Кредит саны
Сабақ түрі Жалпы сағат саны
Дәріс
Тәжірибелік сабақ -
Семинар сабақ
Лабораториялық сабақ -
Студиялық сабақ -
БӨЖ
Барлығы

МОДУЛЬДЕР БОЙЫНША ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

(академиялық сағатта)