Оқыту мақсаттары

CИЛЛАБУС

 

 

«Қоғамдық денсаулық сақтау» пәні бойынша , ОZ 3225

 

Мамандығы: 051301- «Жалпы медицина»

 

Дәріс 18 (сағат)

 

Практикалық

(семинарлық) сабақ 54 (сағат)

 

СӨЖ 36 (сағат)

 

Емтихан 5,6 семестр

 

Барлық сағат саны 108 сағат

 

Курс 3

 

Семестр 5,6

 

 

Астана 2016ж.

1.7 Оқытушылар туралы мәлімет

 

Карп Леонид Лазаревич – кафедра меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, профессор, кафедрада еңбек өтілі 39 жыл. Ғылыми қызығушылықтары – медицина тарихы, қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау, жалпы эпидемиология.

 

Потапчук Татьяна Борисовна – аға оқытушы, кафедрада еңбек өтілі 26 жыл. Ғылыми қызығушылықтары – медицина тарихы, қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау, жалпы эпидемиология.

 

Цой Алла Николаевна –доцент міндетін атқарушы, кафедрада еңбек өтілі 4 жыл. Ғылыми қызығушылықтары-медицина тарихы, қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау, эпидемиология.

 

Байгенжеева Раушан Кужатовна-аға оқытушы, кафедрада еңбек өтілі 4 жыл. Ғылыми қызығушылықтары – медицина тарихы, қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау, жалпы эпидемиология.

 

Даулетова Гаухар Шелхарбаевна – аға оқытушы, кафедрада еңбек өтілі 15 жыл. Ғылыми қызығушылықтары – медицина тарихы, қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау, жалпы эпидемиология.

 

Байгулова Гульдана Билаловна – аға оқытушы, кафедрада еңбек өтілі 5 жыл. Ғылыми қызығушылықтары –қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау, жалпы эпидемиология.

 

Карпикбаева Жазира Абдижалеловна – оқытушы, кафедрада еңбек өтілі 5 жыл. Ғылыми қызығушылықтары – қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау, жалпы эпидемиология.

Шахметова Маржан Тураровна – аға оқытушының міндетін атқарушы, кафедрада еңбек өтілі 4 жыл. Ғылыми қызығушылықтары – қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау, жалпы эпидемиология.

 

Шакей Жанаргуль Шакейкызы – оқытушы, кафедрада еңбек өтілі 1 жыл. Ғылыми қызығушылықтары – қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау, жалпы эпидемиология.

 

 

Бексултанова Дана Тайгошкаровна– оқытушы, кафедрада еңбек өтілі 4 жыл. Ғылыми қызығушылықтары – қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау, жалпы эпидемиология.

 

Балданбаева Динара Адильхановна – аға оқытушы, кафедрада еңбек өтілі 5 жыл. Ғылыми қызығушылықтары – қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау, жалпы эпидемиология.

 

Раисова Карлыгаш Аскеровна - аға оқытушы, кафедрада еңбек өтілі 4 жыл. Ғылыми қызығушылықтары – қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау, жалпы эпидемиология.

 

1.8.Байланыс ақпараты: Кафедра мекенжайы –Сары-арқа көшесі, 33, 7 этаж. Сымтетік: 44-42-46.

Аудитория №1,2,3,4,5,6

Электрондық почта:kaf. oz 1

Пәннің саясаты

 

Кафедраның жалпы талаптары- студентте дәрістердің конспектілері болуы мүмкін. Тәжірибелік дәрістерге арналған дәптерлердің болуы мен ұялы телефондардың «вибрация» режиміне ауыстырылуы қадағаналады.

Қоғамдық денсаулық бойынша курсты оқу процесі кезінде студент тәжірибелік сабақтардың 17 тақырыбын, 4 аралық бақылау, СӨЖ 18 тақырыбын орындап, өткізуі тиіс.

Әрбір сабақта студенттер тақырыптың талдауына қатысып, тәжірибелік тапсырманы орындауы тиіс. Жұмыстың барлық түрінің нәтижесіне байланысты сабақтың бағасы қойылады. Дәрістерге қатыспай қалу деканаттың рұқсаты бойынша өтеу графиктеріне сәйкес өтеледі. Қалдырылған дәрістер өтілген тақырып бойынша конспектімен өтеледі.РРБ-на әрбір себепсіз қатыспағаны үшін 1 балл шегеріледі

Студент міндетті түрде СӨЖ тапсырмаларын уақытылы тапсыруы тиіс. Оқу барысында студент СӨЖ бойынша 1 реферат немесе 1 презентация тапсыруы тиіс. Реферат немесе презентация тақырыптарын студент өзі таңдайды.

Аралық бақылауға рұқсат маңызды себебі бар болған жағдайда беріледі (коллоквиумнан кейін өтеу). Коллоквиумдарды қайта тапсыру «қанағаттанарлық емес» бағасын алған жағдайда жүргізіледі. Кафедра талаптарын орындамаған студенттер дәрістерге жіберілмейді.

Емтиханға барлық тапсырмаларды орындап, қалдырылған дәрістерін өтеген және рейтингтің 50%-дан аз емес балын жинаған студенттер жіберіледі (ағымды және араллық бақылауға бөлінген балдар ).

 

Студенттер дәріске дайындалып келулері тиіс.

Дәрістерге арналған тақырыптық жоспар кафедра стендіне ілінсе, методикалық нұсқауларды кафедра лаборантынан алуға болады.

Әрбір дәрісте топтың басшысы кезекшіні тағайындайды. Кезекші студенттік билет тапсыру арқылы оқу бөлмесін қабылдап, дәріске қажетті методикалық материалдарды алады, оқу бөлмесінің жағдайын бақылап, дәрістен кейін құрал- жабдықтар мен бөлмені лаборантқа тапсырады. Методикалық материалдарды жоғалтқан жағдайда студенттер және кезекші оларды қалпына келтіріп, немесе құнын төлейді.

Бағдарлама

Кіріспе

Қоғамдық денсаулық сақтау халық денсаулығына әлеуметтік және экономикалық факторлардың әсер ету заңдылықтарын зерттейтін және азаматтардың денсаулығын қорғау бойынша мемлекеттік, қоғамдық және медициналық іс шаралар жүйесін негіздейтін интегральды теориялық қолданбалы ғылым болып табылады.

Қоғамдық денсаулық ауқымды әлеуметтік тұрғыдан қарастыру қажет, ал денсаулықты сақтау және нығайту мәселелері денсаулық сақтау ұйымдарымен мекемелерінің нақтылы құзыреті мен жауапкершілігі шегінен шығып кетеді және мемлекеттің жұмыс беруші мен азаматтардың ортақ жауапкершілігін талап етеді.

Барлық дәрігерлер жоғарғы деңгейдегі клиникалық дайындықпен қатар саланың сыртқы және ішкі тиімділігін қамтамасыз етушілер болғандықтан, қоғамдық денсаулық сақтаудың мемлекеттік мақсаттары мен міндеттерін айқын көре алу керек.

Ізінше, денсаулық сақтау жүйесінің даму стратегиясымен тәсілдерін адам капиталына инвестицияны ұлғайту, сонымен қатар ұлт денсаулығының жоғарға деңгейіне жету мақсатымен бөлінген ресурстарды тиімді пайдалану тұрғысынан қазақстандық қоғамдық тұрақты дамытумен бір бүтін және жүйелі түсіну қажет.

Пәннің мақсаты

Қоғамдық денсаулықты жетілдіруге және қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін жаңартуға бағытталған басқару шешімдерін қабылдауға қабілетті денсаулық сақтаудың болашақ мамандарын дайындау.

Оқыту мақсаттары

 

- қоғамдық денсаулықты басқару және бағалау әдістері мен әдістемесін үйрету

- қоғамдық денсаулықты жүйелі түрде талдауға оқыту

- қоғамдық денсаулық сақтау мәселелерін шешуге дайындықты қалыптастыру.