Пәнді оқытудың соңғы нәтижесі

Оқу курсы бағдарламасындағы оқытудың соңғы нәтижелеріның жалпы көлемі:

Білім алу деңгейі Рөлдермен берілген компетенциялар Оқытудың соңғы нәтижелері
Б1.1. ҒАЛЫМ, ЗЕРТТЕУШІ (1) -БІЛІМІН ҚОЛДАНУ Білім (когнитивті) домені: Қолдану: Әлеуметтік мәні бар аурулардың ерте диагностикасы, алдын алу принциптері, қауіп факторларын анықтауда игерген және пререквизиттерден алған білімін қолданады. Дағдылар (психомоторлы) домені: Дәлділік: Презентация жасауды дәлділікпен орындайды. Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үйлестіру: Іс-әрекетінде медициналық білім берудегі оқыту негіздерінің құндылықтарын үйлестіреді.
Б2.1. ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ (1) КОММУНИКАТИВТІ ДАҒДЫЛАР Білім (когнитивті) домені: Қолдану: Науқастармен қарым қатынаста этикалық принциптерді қолданады. Дағдылар (психомоторлы) домені: Дәлділік: Науқаспен, оның туыстарымен, әріптестермен және басқа медицина қызметкерлерімен тиімді қарым-қатынас әдістерін дәлділікпен орындайды. Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үйлестіру: Коммуникациялық дағдылар принциптерінің құндылыктарын үйлестіре алады.
Б2.2. ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ (1) НАУҚАСТАРДЫ ЖҮРГІЗУ Білім (когнитивті) домені: Есте сақтау: ЖПД тәжірибесінде кеңінен тараған аурулардың алдын алудың негізгі принциптерін және халықтың денсаулығын нығайту шараларын есте сақтайды. Түсіну: кеңінен тараған ауруларды амбулатория жағдайында динамикалық бақылаудың негізгі принциптерін түсінеді. Қолдану: амбулаториялық қабылдауда науқастан анамнез жинауда, амбулаториялық жағдайда науқасты қарау арқылы тексеріп, алғашқы диагнозды қоюда білімін қолданады. Дағдылар (психомоторлы) домені: Дәлділік: жүйелер бойынша сұрастыру, қарау, пальпация, перкуссия және аускультация жүргізуді және т.б. дағдыларды дәлділікпен жасайды. Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үйлестіру және ұйымдастыру: жасаған іс-әрекетінің құндылыктарын үйлесімділігін орынды тауып, дұрыс ұйымдастыра алады.
Б2.3.     ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ (1) МЕДИЦИНАЛЫҚ ПРОЦЕДУРАЛАР Білім (когнитивті) домені: Қолдану: Амбулаториялық жағдайда науқасқа медициналық процедураларды жасауда пререквизиттерден алған білімін білімін қолданады. Дағдылар (психомоторлы) домені: Дәлдік:тәжірибе барысында сабақ талабына сай жасалатын машықтарды дәлдікпен орындайды. Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үйлестіру және ұйымдастыру: өз іс-әрекетінің құндылыктарын үйлестіре орырып, дұрыс ұйымдастыра алады.
Б2.5     ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ (1) ПРОФИЛАКТИКА ЖӘНЕ РЕАБИЛИТАЦИЯ Білім (когнитивті) домені: Түсіну: кеңінен тараған ауруларды алдын-алу және реабилитация шараларының негізгі принциптерінің қажеттілігін түсінеді; Дағдылар (психомоторлы) домені: Дәлділік: амбулатория жағдайдайында науқастарға алдыналу және реабилитация шараларын жүргізуді дәлдікпен орындайды. Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үйлестіру және ұйымдастыру: аурудың алдын-алу және реабилитация шаралары қажеттілігінің құндылықтарын үйлестіріп, дұрыс ұйымдастыра алады.

Студент білуі тиіс:

· ЖДП тәжірибесінде кеңінен тараған аурулардың алдын алудың негізгі принциптерін және халықтың денсаулығын нығайту шараларын;

· кеңінен тараған ауруларды амбулатория жағдайында динамикалық бақылаудың негізгі принциптерін;

· науқаспен, оның туыстарымен, әріптестермен және басқа медицина қызметкерлерімен тиімді қарым-қатынас әдістерін.

Студент жасай алуы тиіс:

· амбулаториялық қабылдауда науқастан анамнез жинау;

· амбулаториялық жағдайда науқасты көзбен көру арқылы тексеріп, алғашқы диагнозды қою;

· басқа мамандардың кеңесіне немесе стационарға жолдама беруді негіздеу;

· еңбекке жарамсыздығын сараптау;

· науқасты амбулаториялық жүргізудің жоспарын құру;

· қалқанша безін пальпациялау;

· науқаспен, оның туыстарымен, әріптестерімен және басқа да медицина қызметкерлерімен жоғары сенімділік қатынас орнату;

· командада жұмыс істеу.

Дағдыларды игерген болуы тиіс:

· қарау, пальпация, перкуссия және аускультация;

· артериялық пульс пен қысымды өлшеу;

· қалыпты ЭКГ тіркеу және интерпретациялау;

· пикфлоуметрия жасау және интерпретациялау.

· тік ішекті саусақпен тексеру;

· ішекті тексеру;

· сыртқы акушериялық тексеру;

· ішек пен жатыр мойнынан сүртінді алу.

 

5. Пәннің алғы және кейінгі реквизиттері:

Пәннің алғы реквизиттері: ішкі аурулар пропедевтикасы, коммуникативтік дағдылар – 1, коммуникативтік дағдылар – 2, клиникаға кіріспе – 2, дәлелді медицина негіздері, ішкі аурулар, балалар аурулары, хирургиялық аурулар, акушерия – гинекология

 

Пәннің кейінгі реквизиттері: жалпы дәрігерлік практика бойынша интернатура, ішкі аурулар бойынша интернатура, хирургиялық аурулар бойынша интернатура, акушерия және гинекология бойынша интернатура, балалар аурулары бойынша интернатура.