Fe Cu Ni Zn Pв Sn Au Ag Pt Al Mg Ti W Мо 1 страница

Кесте

Бақылау түрлеріне қарай рейтингтік балдарды бөлу

Тапсырмалардың түрі және оларды орындау мерзімі

Бақылау түрі Жұмыс түрі Жұмыстың тақырыбы (нақты бетін көрсету керек) Ұсынылатын әдебиетке сілтеме Тапсыру уақыты
Ағымдық бақылау Лаб. жұмыс (Л) Ұсақтау агрегаттарының жұмысымен танысу 2 нег. [13-24], 11 нег. [6-10], 2қос. [26-35], 5 қос. [24-35]
Ағымдық бақылау Л Екшеуіштердің жұмысымен танысу 2 нег.[33-42], 11 нег.[17-22], 2 қос.[36-47], 5 қос. [46-53]
Ағымдық бақылау Л Кендерді ұнтақтау 2 нег.[54-65], 2 қос[44-52],. 5 қос.[53-67]
Аралық бақылау      
Ағымдық бақылау Л Нәрлендіргіштің жұмысымен танысу 2 нег.[67-85], 2 қос[56-62]
Ағымдық бақылау Л Гранулометриялық құрамды анықтау 2 нег. [9-21], 3 нег. [5-17]
Ағымдық бақылау Л Жүгіршек диірмендердің (жүгіршектер) конструкциясы1нег. [Т1,9-2], 2 қос. [7-34].
Ағымдық бақылау Л Жүгіршектерді есептеу   1нег. [Т1,9-2], 2 қос. [7-34].
Аралық бақылау      
Қорытынды бақылау Е Металлургиялық үрдістері мен кешендері    

1.7 Пән бойынша оқу әдістемелік материалдар

Негізгі әдебиет

1 Севрюков Н.Н. Общая металлургия. – М: Металлургия, 1976.

2 Полькин С.И., Адамов Э.В. Обогащение руд цветных и редких металлов. – М: Металлургия, 1975.

3 Диомидовский Д.А. Металлургическме печи цветной металлургии. – М: Металлургия, 1970.

4 Гудима Н.В., Шейн Я.П. Краткий справочник по металлургии цветных металлов. – М: Металлургия, 1975.

5 Герман С.М. Прокатка листов и лент из тяжелых цветных металлов. –М: Металлургия, 1977.

6 И.Г.Воскобойников и др. Общая металлургия. –М:Металлургия, 1967.

7 Общая металлургия. Под ред. Е.В.Челищева. –М:Металлургия,1971.

8 П.И.Полухин и др. Технология процессов обработки металлов давлением. –М:Металлургия, 1988.

Қосымша әдебиет

1 А.И.Целиков, П.И.Полухин и др. Машины и агрегаты металлургических заводов. –М:Металлургия, 1988.

2 Басов А.И. Механическое оборудование обогатительных фабрик и заводов тяжелых и цветных металлов. –М:Металлургия, 1978.

3 С.Б,Андреев и др. Дробление, измельчение и грохочение полезных ископаемых. –М:Металлургия, 1978.

1.8 Білімді бақылау және бағалау. Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың барлық курс пен барлық пәндері бойынша студенттердің білімін тексеруде рейтингтік бақылау қолданылады. Балдық-рейтингтік жүйеде іске асырылатын білімді бағалау туралы мәліметтер бақылаудың барлық түрі көрсетілетін шкала түрінде беріледі.

Қорытынды бақылау кезінде мамандық бойынша жұмыс оқу жоспарымен сәйкес балды бөлудің (3-кесте) үш нұсқасының бірі ғана таңдалынып алынады.

Мамандық бойынша оқу жұмыс жоспарына енгізілген әрбір пәннің рейтингі қорытынды бақылауға тәуелсіз 100 пайыздық шкаламен бағаланады.

Әрбір пәнге келесі бақылау түрлері белгіленеді: ағымдық бақылау, аралық бақылау, қорытынды бақылау.

Ағымдық бақылау түріне: бақылау жұмысы, реферат, семестрлік тапсырма, коллоквиум, лабораториялық жұмыстарды орындау және басқалар жатады. Қорытынды бақылау түріне байланысты бақылау түрлерінің пайыздық көрсеткіштері қолданылады (3- кесте)

Кесте

Бақылау түрлері бойынша рейтинг пайыздарын бөлу

Варианттар нөмірі Қортынды бақылау түрі Бақылау түрлері %
Емтихан Қортынды бақылау
Аралық бақылау
Ағымдық бақылау

Ағымдық бақылаудың қорытындысын өткізу мерзімі пән бойынша оқу процесінің күнтізбелік кестесімен белгіленеді (4-кесте). Ағымдық бақылау саны пәннің оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілген пәннің мазмұнымен және оның көлемімен анықталады.

Кесте

Бақылаудың барлық түрлерін өткізу бойынша күнтізбелік кестесі

«Жалпы металлургия» пәні бойынша

Апталар
Бақылау саны
Бақылау түрлері Л1 Л1 Л2 Л2 Л3 Л3 АБ Л4 Л5 Л5 Л6 Л6 Л7 Л7 АБ  
Бақылау түрлері: Л – лабораториялық жұмыс, АБ – аралық бақылау  

Пәннің қорытынды бағасы шкала бойынша (5-кесте) анықталады.

Кесте

Студенттердің білімдерін бағалау

Баға Әріптік эквивалент Рейтингтік балл (пайызбен %) Балмен
Өте жақсы А А- 95-100 90-94 3,67
Жақсы В+ В В- 85-89 80-84 75-79 3,33 3,0 2,67
Қанағаттанарлық С+ С С- D+ D   70-74 65-69 60-64 55-59 50-54 2,33 2,0 1,67 1,33 1,0
Қанағаттанарлықсыз Ғ 0-49  

 

Модульдар мен аралық аттестация бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар тізімі

1 модуль бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар

1. Металлургия дегеніміз не?

2. Қазақстандағы кен орындары қай жерде орналасқан?

3. Пирометаллургия

4. Гидрометаллургия

5. Электрометаллургия

6. Металлургия өндірістің қандай салаларына түелді?

7. Сирек металдарға қандай элементтер жатады?

8. Жеңіл металдарға қандай элементтер жатады?

9. Қара метаодарға қандай металдар жатады?

10. Пайдалы компонент дегеніміз не?

2 модуль бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар

1.Концентрат дегеміз не?

2. Ұсақтау дәрежесі қалай анықталады?

3. Ұсақтау заңдары

4. Флотациялық реагенттер неүшіе қажет?

5. Флотациялық реагенттердің топтарын атаңыз

6. Шаңнан тазарту не үшін қажет?

7. Кенді шаю қалай жүргізіледі?

8. Ұнтақтау жабдықтарын атаңыз

9. Компоненттін мөлшері дегеніміз не?

10. Концентрация дәрежесі дегеніміз не?

Аралық аттестацияға арналған сұрақтар

1. Шойын дегеніміз не?

2. Болат дегеніміз не?

3. Ферроқорытпалар дегеніміз не?

4. Мыс кендерін атаңыз

5. Қорғасынның балқу температурасы қандай?

6. Файнштейн дегеніміз не?

7. Штейн дегеніміз не?

8. Титан меншікті салмағы бойынша қандай металдарға жатады?

9. Түйіршіктерді ірілендіру тәсілдерін атаңыз

10. Шойын өндірісінде каупер не үшін қажет?

11. Болат өндіру тәсілдерін атаңыз

12. Түсті металдар қасиеттеріне орай қалай топталады?

 

1.9 Курстың саясаты мен процедурасы оқытушылардың студенттерден міндетті түрде сабаққа қатысуын, барлық бақылау түрі бойынша уақытында есеп беру, сабаққа қатыспаған күндерін қайта тапсыру тәртібін талап етуінен тұрады. Бақылау түрлерін тапсыру барысында оқытылатын пәннің бірізділігін сақтау қажет. Әрбір оқушы бақылау түрлерін бірізділікпен тапсырылуын негіздеуі қажет.

2 НЕГІЗГІ ТАРАТЫЛАТЫН МАТЕРИАЛДАР МАЗМҰНЫ

2.1 Курстың тақырыптық жоспары

Тақырып атауы   Академиялық сағат саны
Дәріс Лаборато риялық СОӨЖ СӨЖ
1. Кіріспе. Пәннің мазмұны мен мақсаты.  
2. Металлургия өндірісі туралы жалпы мәлімет. Негізгі металлургия үрдістері.
3 Дәріс тақырыбы. Пайдалы қазбаларды байытудың негіздері. Ұсақтау және ұнтақтау  
4 дәріс. Екшеу (грохочение) және классификация
5 дәріс.Флотациялық байыту әдістері
6 дәріс. Байытудың басқа әдістері
7 Дәріс. Гравитациялық байыту әдістері  
8 дәріс. Байытудың қосалқы операциялары
9 Дәріс. Металлургия үрдістерін жүргізуге керекті материалдар. Отын. Отқа төзімді материалдар
10 Дәріс. Шойын өндірісі
11 Дәріс.Домна процесі
12 Дәріс. Болат өндірісі және металургиясы  
13 Дәріс. Мыс өндірісі
14 Дәріс. Мырыш өндірісі
15 Дәріс. Қорғасын металлургиясы  
16 Дәріс. Магний өндірісі
17 Дәріс. Титан өндірісі
18 Дәріс. Алюминий өндірісі  
19 Дәріс. Никель өндірісі
20 Дәріс. Кадмий өндірісі  
21 Дәріс Металдарды қысыммен өңдеу
22 Дәріс Сортты прокат алу  
Барлығы (сағат)

Дәрістердің мазмұны

1 дәріс. Курстың мазмұны мен міндеті. Қазіргі технологиядағы металлургияның орны. Металлургия өндірісінің даму тарихы. Қазақстанда металл өндіру орындары.

2 дәріс. Металлургия өндірісі туралы жалпы мәліметтер. Металлургия кәсіпорындарының негізгі құрылымдары. Негізгі метааллургия үрдістері. Пирометаллургия, гидрометаллургия, электрометаллургия.

3-8 дәріс. Пайдалы қазбаларды байыту. Байыту үрдістерінің міндеттері. Байыту сипаттамалары. Байытудың технологиялық тізбектер құрылымының негізгі сұрақтары. Ұсақтау және ұнтақтау. Екшеу (елеу) және классификация (сұрыптау). Байыту әдістері. Байыту машиналары мен жабдықтары. Байыту өндірісінің қосалқы үрдістері. Жуу. Сусыздандыру, құрғату, қоюландыру. Кесектеу (ірілендіру), грануляция, брикеттеу. Шаңнан тазарту.

9 дәріс. Металлургия үрдістерін жүргізуде керекті материалдар. Отын. Кокс өндірісі. Отынның негізгі түрлерінің сипаттамалары. Отқа төзімді материалдар. Негізгі, қышқылды және амфотерлы отқа төзімді материалдар. Металлургияда отқа төзімді материалдардың қолданылуы. Агломерация.

10-11 дәріс. Шойын өндірісі. Темір кендері. Домна үрдісінің негіздері. Домна пешінің құрылысы, жүмыс істеуі және техника-экономикалық көрсеткіштері. Шойын өндірісінің өнімдері.

12-13 дәріс. Болат өндірісі және металлургиясы. Болат алудың жолдары. Мартен, Бессемер, Томас; оттегілі-конвертерлік тәсілдері. Болат алудың электрлік тәсілдері. Электр, индукциялық және доғалы пештер.

14 дәріс. Мыс өндірісі. Мыс кендері. Мыс қасиеттері. Мыс алудың технологиялық нобайдары. Агломерация. Штейнге балқыту. Қара мыс өндіру. Мысты балқыту. Тазалау (рафинация). Анодтарды дайындау. Мыстың электролизы. Вайербассты мыс.

15 дәріс. Мырыш өндірісі. Мырыш кендері. Мырыштың физика-химиялық қасиеттері. Мырыш алудың пирометаллургиялық және гидрометаллурпгиялық тясілдері. Мырышты тазалау (рафинация). Электролиз.

16 дәріс. Қорғасын металлургиясы. Қорғасынның физика-химиялық қасиеттері. Қорғасын кендері. Металлургиялық өндірістің технологялық нобайы. Агломерация. Шахталы пештер. Веркблей. Тазалау (рафинация).

17 дәріс. Магний металлургиясы. Магнй кендері. Магнийдың физика-химиялық қасиеттері. Магнийды алу жолдары және технологиялық нобайлары. Хлорлау. Магнийдың электролизы.

18 дәріс. Титан металлургиясы. Титан кендері. Титанның физика-химиялық қасиеттері. Титан алудағы технологиялық нобайы. Хлорлау. Кеуекті титан алу. Титанды тазалау (рафинация). Иодидты титан.

18 дәріс. Алюминий металлургиясы. Алюминий кендері. Алюминийдың физика-химиялық қасиеттері. Алюминий алыдың технологиялық нобайлары. Алюминий тотығының меатллургиясы. Қызыл шлам. Алюминийдың электролизы. Тазалау (рафинация).

19 дәріс. Никель металлургиясы. Никель кендері. Никельдың физика-химиялық қасиеттері. Никель өндірудің технологиялық нобайлары. Кесектендіру. Файнштейнге балқыту. Никельды тазалау.

20 дәріс. Кадмий металлургиясы. Кадмий өндірісінің шикізаттары. Кадмийдың физика-химиялық қасиеттері. Кадмий өндірісінің технологиялық нобайлары.

21-22 дәріс. Металдарды қысыммен өңдеу негіздері. Металдардың пластикалақ қасиеттері. Металлдарды қысыммен өңдеу тәсілдері. Соғу. Пресстеу. Штамптау. Еркін соғу. Прокаттау. Құбыр алу жолдары. Металдарды қысыммен өңдеу жабдықтары.

 

2.2 Дәрістік сабақ конспектілері

1 Дәріс тақырыбы Кіріспе. Пәннің мазмұны мен мақсаты

Металлургияның өнімдері негізінен өндіріс құралдарын алу үшін арналған. Металдардың орнына басқа металдарды қолдануға көп жағдайларда болмайды. Мысалы полимерлер. Сондықтан да дүние жүзінде метал өндіру күннен күнге өсіп келеді. Болат пен шойын жылына 600 млн .т.

Аl және Cu –10 млн. т. Ал кейбір металдарда жылына бірнеше килограмм немесе грамм болып алынады.

Металдарды қасиеттері бойынша сипаттау

Металдарды олардың қасиеттері бойынша сипаттауда бірнеше тәсіл бар.

Бір жүйесі бойынша қара және түсті металдар деп бөледі. Қара металдар ол темір (шойын, болат, марганец, хром, кобальт) қалғандары түсті металдар деп есептелінеді.

Басқа жүйе бойынша:

ауыр металдар: Сu, Ni, Pв, Zn, Sn;

жеңіл: Al, Мg;

асыл металдар: Ag, Au, Pt, Pd;

сирек кездесетін: In, Ga;

сілтілі: Nа, Ка, Ва, Са;

қиын балқитын: Ті, W, Mo;

радиосктивті: U, Pu.

Кейбір металдардың балқу температуралары, °С:

Fe Cu Ni Zn Pв Sn Au Ag Pt Al Mg Ti W Мо

1539 1083 1453 419 327 231 1063 960 1769 660,5 651 1725 3410 2620

Металдарды келесі тәсіл бойыншада бөлуге болады. Ол жер қыртысында таралу бойынша.

 

N Масса бойынша мөлшері %  
101 Al Fe Ca Na K Mg Ti 8,8 5,1 3,6 2,64 2,6 2,1 6
102 Mn Ba Sz Rв Cz Zr V Cu 8 5 4 3,1 2 2 1,5 1
103 Ni Li Zu Ce Sn Co Y La Pв Ga Nв 8 6,5 5 4,5 4 3 2,8 1,8 1,6 ,5 1
104 Тh Cs Be Sc Hf T U Mo Ta W 8 7 6 6 3,2 3 3 3 2 1
105 Cd Sв Bi Ag In 5 4 2 1 1
106 Нg Os Pd 7 5 1
107 Ru Pt Au Rh Re Ir 5 5 5 1 1 1
1010 Ac Pa Ra 6 1 1
1015 Pu  

Бірақ бұл кесте мүмкін дұрыс емес те шығар. Жер қыртысында металдардың мөлшері олардың өндірілуіне сай келмейді. Оған бірнеше жағдайлар себепші болады:

1.Кендегі металдардың концентрациясы:

Мысалы: Fe-50% -ке дейін жетеді, Сu-5-6%. Балқашта қазір 1%-ке де жетпейді.

2.Металдарды өндірісте қолданылуы.

Метал өндіруде энергетикалық шығындар өте көп болады, отқа төзімді металдарды кеңінен қолданылады, сондықтан металлургия өндірісі химия заводтарына, отқа төзімді материалдар өндірісіне және энергетикаға (көмір, газ, электрэнергия қуат) тәуелді.

Металлургия заводтары мен комбинаттардың айырмашылықтарын білу керек. Көбінесе металлургия кәсіпорындары кен және флюс алу орындарынан бөлек. Мысалы: рудниктер, шахталар, кен байыту фабрикалар, комбинаттар. Ал металлургия заводтары отын, су, электрэнергияға жақын орналасқан. Егер кен алу және металлургияны біріктірсе онда оны комбинат дейміз.

Қазақстанда не шығарылады? Болат, шойын, - Теміртау. Ферроқорытпалар – Ақтөбе, Теміртау, Ақсу. Мыс – Жезқазған, Балқаш, Глубокое. Мырыш – Лениногорск, Өскемен, Балқаш. Қорғасын – Лениногорск, Өскемен, Шымкент. Cd, Te, Bi – Шымкент.

Pt, Моконц, Rеконц, Ве-Өскемен. Ta, Nв, Sc, Rb, U.

U-Ақтау, Степногорск.

Глинозем (Al2O3) - Павлодар.

Сr - Ақтөбе.

Аg, Au -Шымкент, Өскемен, Балқаш, Ақмола.

La, Ce –Первомайка (Шығыс Қазақстан).

Қазіргі жағдай металлургия өндірісіне өте ауыр. Бай кендер көбінесе таусылды, геологиялық барлау үлгере алмайды. Сондықтан кейбір заводтар кенді сырттан әкелуге мәжбір болады. Мысалға Балқаш-Әрденет; Шымкент-Иран, Чили. Лениногорск Zn-Австралиядан. Павлодар ПАЗ. алюминийді шығармайды. Қазіргі Батыс елдері бізді шикізат базасы ретінде ғана пайдалануға тырысады (“банановая” республика). Ал шикізаттын бағасы жоғары технологиялық өнімге қарағанда едәуір төмен. Дүние жүзілік экономикада өз орнымызды табу өте қиын. Ол үшін не керек?

1.Өнімнің сапасы өте жоғары болу керек.

2.Бағасы тым жоғары бөлмау керек.

3.Өнімнің дайындығы өте жоғары болу керек.

Сонда да бізді жібермеуге тырысады. Жаңа технологиялардың негізінде өндірістің өнімділігін даму мәдениеті жоғары болса ғана біз өз орнымызды таба аламыз.

Металл алу технологиясының дамуы

Барлық жағдайда металлургия келесі үрдістерге негізделеді:

1.Кен алу;

2.Оны дайындау - ұсақтау, ұнтақтау;

3.Байыту;

4.Метал алу (өндіру) - пирометаллургия, гидрометаллургия, электрометаллургия;

5.Металдарды өңдеу (қысыммен).

Ұсынылған әдебиет:

1 нег. (6-18), 3 нег. (15-26), 1 қос. (12-19).

Бақылау сұрақтары:

1. Қазақстан экономикасында металлургия қандай орын алады?

2. Қазақстанда қандай металдар өндіріледі?

3. Болат пен мыс өндірістері қайда орналасқан?

4. Комбинат пен заводтың айырмашылығы неде?

 

2 Дәріс тақырыбы Металлургия өндірісі туралы жалпы мәлімет. Негізгі металлургия үрдістері

Дәріс конспектілеріМеталлургия дегеніміз: кендер мен қалдықтардан металдар мен қорытпаларды алатын өндіріс саласы.

Металлургия ол физика, химия және басқада техника салаларының негізінде пайда болған металалу және оны тазалау тәсілдерін зерттейтін ғылым.

Метал өндіру әдістері

Металдар кендерде тотықтар, сульфидтер, хлоридтер, карбонаттар түрінде кездеседі. Металлургияның негізгі мақсаты металдарды қайта қалпына келтіру (түзілу).

Көміртегі мен сутегімен қайта қалпына келтіру.

(1)

(2)

Егерде көміртегі қатты күйде болса онда бұл реакциялардың жылдамдығы төмен болады. Газ күйінде реакция жылдамдығы өседі.

А.А.Байковтың мәліметтері бойынша металлургия рекциялары кезеңімен өтеді.

Мысалға:

Кейде көміртек орнына сутегі қолданылады. Мысалы вольфрам не молибден өндірісінде. Өйткені олардың карбидтері де пайда болады WC, MO2C.

Сульфидтермен реакциялар келесі болады.

Бірақ бұл реакциялардың өтуі өте қиын болады. Сондықтан металлургияда табиғи сульфидтерді алдын ала ауада күйдіреді де содан кейін көміртекпен қайта қалпына келтіреді.

Мысалы:

Геленит (1000 С).

Тотықтарды сульфидтармен қайта қалпына келтіру:

Жалпы нобайы келесі.

Алмасу реакциялар:

Электролиз:

Металлотермия:

Гидрометаллургия. Сілтілеу, электролиз:

Ұсынылған әдебиет:

1 нег. (12-29), 2 нег. (14-28), 1 қос. (19-33)

Бақылау сұрақтары:

1. Металлургия дегеніміз не?

2. Кендерде металдар қандай түрде кездеседі?

3. Металл өндіру әдістерін атаныз.

 

3 Дәріс тақырыбы Пайдалы қазбаларды байытудың негіздері. Ұсақтау және ұнтақтау

Негізгі түсініктер

1.Байытуды концентраттарды алу үшін жүргізеді. Концентрат дегеніміз пайдалы компонентің бастапқы шикізатпен салыстырғанда едәуір көп болған өнім.

Құнды компонентер -дегеніміз элементтер, оларды алу үшін пайдалы қазбалар алу жүргізіледі.

Пайдалы қоспалар -құнды компоненттердің сапасын жақсартатын немесе олардың алуын жеңілдететін элементтер.

Зиянды қоспалар -құнды компоненттің сапасын төмендететін немесе алуын қиындататын.

Серіктес элементтер -пайдалы қазбалардың құрамында аз мөлшерде бар құнды элементтер. Негізгі құнды компонентті алған кезде оларды да бірге алады. Мысалы: Cu-Au-Ag-Pt.

Байытуға кеннің химиялық құрамын өзгертпейтің өңдеу процессі жатады.

Байыту кезінде келесі жағдайларға жетуге мүмкіндіктер туады:

1.Пайдалы қазбалардың қорлары арттырылады, өйткені байытудың негізінде кедей кендерді пайдалануға болады.