Практика сабақ тақырыптары

Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

 

 

Жаратылыстану факультеті

Биология» кафедрасы

СИЛЛАБУС

Биотехнология және қоршаған ортаны қорғау (3 кредит)

В060700 – «Биология» мамандығы

Курс

Оқу жылы

Сабақ өткізу уақыты мен орыны ОСӨЖ-ның өткізу уақыты мен орыны Оқытушының аты-жөні Байланыс, тел, email
Ә.Молдағұлова даңғылы, 34 Дүйсенбі 12.40-13.30 12.40-13.30 А.Қ.Қалиева Р.М.Бисалыева Email:

Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Syllabus

Биотехнология және қоршаған ортаны қорғау (3 кредит)

ОҚУ ПӘНІНІҢ СИПАТЫ: Студенттерді биотехнология процестерінің негіздерімен, өнеркәсіптік продуценттерді өсіру тәсілдері мен микробтар биомассасынан белоктар ауылшаруашылығына маңызды биотыңайтқыштар тағы басқа да маңызды препараттарды алудың биотехнологиялық жолдарын қарастыру, сонымен қатар микроорганизмдерді пайдалана отырып, биологиялық отынды алу, қалдық ластанған суларды тазарту жолдарымен таныстыру.

 

КУРСТЫҢ МАҚСАТ-МІНДЕТТЕРІ: Студенттерді биологияның бірқатар фундаментальды салаларына негізделген қазіргі таңдағы биотехнологияның даму, қолданылу бағыттары және жетістіктерімен таныстыру, мағлұмат беру. Оқып үйренген білімін тәжірибе жүзінде пайдалана білуге үйрету.

 

ОҚУ ПӘНІНІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ: Биотехнология - қазіргі кездегі ғылым мен өндірістің қарқынды дамып келе жатқан жаңа салаларының бірі.

Берілген курсты сәтті аяқтағаннан кейін студент келесідей қабілеттерді меңгереді:

Білуге тиіс:

- микроорганизм, өсімдіктер дақылдарымен асептикалық жағдайда жұмыс істеу;

- қоректік орталар дайындап материалдарды себу әдістерін;

- микроорганизмдерді дақылдау (Өсіру);

- микробтар биомассасын аңықтау;

- өндірістік және тұрмыстық ағынды суларды тазарту әдістерін;

 

Біліктілігі болуы:

- өндірістік қалдықтарды пайдалануын;

- зат айналымдағында микроорганизмдердің ролін;

- суды, топырақты улы заттардан тазартуын;

- өсімдіктер клеткасын in Vitro жағдайында дақылдау принциптерін;

- каллус түзілу процессі;

- зертхана жағдайында биогаз өндірудің техникасын;

- биоэтанол өндірудің зертханалық жағдайындағы техникасын.

 

Дағдысының болуы:

- Микроорганизм, өсімдіктер дақылдарымен асептикалық жағдайда жұмыс істеу;

- Қоректік орталар дайындап материалдарды себу әдістерін;

- Микроорганизмдерді дақылдау (Өсіру);

- Микробтар биомассасын аңықтау;

- Өсімдіктер клеткасын in Vitro жағдайында дақылдау принциптерін;

- өндірістік және тұрмыстық ағынды суларды тазарту әдістерін;

- өндірістік қалдықтарды пайдалануын;

- зат айналымдағында микроорганизмдердің ролін;

- суды, топырақты улы заттардан тазартуын;

- Каллус түзілу процессі;

- Зертхана жағдайында биогаз өндірудің техникасын;

- Этанол өндірудің зертханалық жағдайындағы техникасын

меңгеруге студент міндетті.

КУРС ПРЕРЕКВИЗИТІ: Арнаулы курста оқылатын материалдарды студенттердің игеруі олардың неорганикалық химия және органикалық химия, ботаника, зоология пәндерінен алған білімдеріне негізделеді.

 

КУРС ПОСТРЕКВИЗИТІ: Биотехнология және қоршаған ортаны қорғау пәні бойынша алған білімдеріңіз келешекте биохимиялық және генетикалық инженерия, инженерлік инзимология, химиялық технология курсын оқу барысында зертханалық сабақтарда пайдаланылады.

БІЛІМДІ БАҒАЛАУ:

Ағымдағы бағалау: осы курстың барысында бағалау стратегиясы ретінде келесідей бағалау әдістері қолданылады: жазбаша бақылау жұмысы, үй тапсырмасы (көрсеткіштерді математикалық есептеулер, талдаулар, салыстырула, жазбаша тапсырмалар т.с.с.), ауызша сұрау, тест тапсырмалары, іздену жұмыстары (жоба, курстық жұмыс, презентация), мәнжазба, эссе т.с.с.

Аралық бақылау (бақылау жұмысы): бақылау жұмысы курста өткен бөлімдер бойынша теориялық және практикалық, лабораториялық (есептеу және шығармашылық) тапсырмаларды қамтиды.

Жеке өзіндік жұмыс: курс тақырыптары бойынша семинар сабақтарында тапсырмалар, үй тапсырмаларын, шығармашылық тапсырмаларды орындау, ситуацияларды талдау, күнделікті ақпараттық материалдарды пайдалану ескеріледі.

Үй тапсырмасы: үй тапсырмаларын студенттер міндетті түрде дайындайды және ОСӨЖ сабақтарында кесте бойынша тапсырады. Белгіленген уақыт мерзімінен кейін тапсырылған үй тапсырмаларына баға төмендетіледі.

Коллоквиум: өткен материал бойынша семестрде екі рет студенттен ауызша жауап алу түрінде жүргізіледі. Коллоквиум сұрақтары студенттерге алдын-ала беріледі.

Курстық жұмыс, мәнжазба эссе, презентация, графикалық-есеп жұмысы: нақты тақырып бойынша дайындалады, бағалау кезінде тақырыптың мазмұнының ашылуы, ғылыми әдебиеттердің пайдаланылуы, баяндалу стилі, көрнекі құралдардың пайдаланылуы, ҚР Заңдарын, ҚР Үкіметінің Жарлықтарын, нормативтік және әдістемелік материалдарды, негізгі әдебиеттерді меңгеру жағдайы ескеріледі. Зерттеу жұмысы бекітілген мерзімнен кейін қабылданбайды және бағаланбайды.

Аралық бақылау тестері: өткен материалдар бойынша 10 және одан жоғары тапсырмаларды қамтитын тесттер. Тест семестрде екі рет 7 және 15 апталарда кесте бойынша өткізіледі.

Қорытынды емтихан: қорытынды емтихан семестр соңында өткізіледі. Емтихан қабылданатын күн деканаттың емтихан кестесінде көрсетіледі. Емтихан компьютерлік тестілеу нысанында жүргізіледі. Тесттер курс бағдарламасының барлық бөлімдері бойынша тапсырмаларды қамтиды. Емтихан уақытында дәріс көшірмелерін, кітаптарды, әртүрлі жазбаларды пайдалануға тыйым салынады. Баға төмен болған жағдайда, оны көтеру үшін, қосымша тапсырмалар берілмейді. Емтиханның өткізілу тәртібін сақтамаған студент, емтиханды тапсырудан босатылып, емтиханды тапсырмаған ретінде есептелінеді.

Қорытынды баға: семестр соңында студенттер барлық пәндер бойынша 100 балл (40 %) көлемінде есептелінетін емтихан тапсырады.

 

МОДУЛЬ БОЙЫНША ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ:

№ р/с Модульдың атауы Лекция (тақырып/кредит) Практикалық сабақ (кредит) СӨЖ (кредит)
Модуль 1
Модуль 2    
  Барлығы 30 сағ/кр 15 сағ/кр 90 сағ/кр

ЛЕКЦИЯ ТАҚЫРЫПТАРЫ:

Апта Модуль 1. Сағат/кредит (1сағ/0,066кр)
Биотехнология пәніне кіріспе. Биотехнология туралы ұғым. Биотехнология пәні, мақсаттары, объектілері. Биотехнология ғылымның дамуы. Микробиология, биохимия, молекулалық биология және молекулалық генетиканың биотехнологияға үлесі. Биотехнологияның негізгі бағыттары, адам өміріндегі маңызы.
Микроорганизмдер биотехнологиясының негіздері. Өнеркәсіптік микроорганизмдер және оларды пайдалану жолдары. Микробтық массалар алудың биотехнологиясы. Микроорганизмдерге қойылатын талаптар  
Микробиологиялық өндірістің технологиясы. Себінді материалдарды дайындау. Қоректік орталарды даярлау мен заласыздандыру. Биотехнологиялық өндіріс және өнімдерінің сипаттамасы. Сұрыптау және оның тәсілдері.
Ферментациялық технология Ферментация субстраттары. Ферментация. Биореакторлар. Ферментация тиімділігі. Биореакторларды қолдану. Биореактор түрлерінің сипаттамасы.
Біріншілік метаболиттер биотехнологиясы. Аминқышқылдарды өндіру. Микробиологиялық жолмен ферменттерді өндіру.  
Екіншілік метаболиттер биотехнологиясы. Антибиотиктерді түзу. Вакциналарды микробиологиялық жолмен өндіру. Витаминдер, полисахаридтер алу
Вакцина ретіндегі микроорганизмдер. Өсімдіктер өсуін ширататын микроорганизмдер Вакцина алудың гендік инженериялық технологиялары. Вакциналар алу технологиясы. Проакриоттардың азот фиксация механизмі. Микроорганизмдер және биоремидиация. Вакцина технологиясындағы тірі және өлі микроорганизмдер. Вакцина алу технологиясының сызбасы. Вакциналарға қойылатын талаптар. Вакциналарды қолдану.
Модуль 2
Микробтық биопрепараттар. Биофунгицидтер. Биоинсектицидтер. Мұздың кристалдануына қарсы тұра алатын микроорагнимдер. Ағынды суларды активті сазбен тазалау.
Микроорганизмдердің көмегімен жүретін әр түрлі ашу процестерін зерттеу. Микроорганизмдердің көмегімен жүретін әр түрлі ашу процестерін түсіндіру Спирттік ашу процесі және оның тәсілдері Сүт қышқылды ашу процесі, оның түрлері
Ағынды суларды тазартудың биотехнологиялық әдістері. Ағынды суларды тазарту. Микроорганизмдерді тазартқыш қондырғыларда пайдалану. Тұрмыстық және өндірістік ағынды суларды қайта өндеу. Ағынды сулардың аэробты және анаэробты тазарту процестері
Өсімдіктер биотехнологиясы және өсімдіктердің өнімділігін жоғарылату. Өсімдіктер биотехнологиясы Өсімдіктер өнімділігін биотехнология арқылы жоғарылату
Өсімдіктердің клеткалық селекциясы. Бағалы өсімдік генотиптерін алу жолы Өсімдіктердің клеткалық селекциясының артықшылықтары мен обьектілері Клеткалық селекцияның әдістері
Гендік инженерия. Гендік инженерияға кіріспе Гендерді тасымалдайтын векторлар. Басқа организмге тасымалданатын қажетті гендерді бөліп алу Гендерді тасымалдайтын векторлар Бактерия плазмидаларын және рекомбинанттық ДНҚ құрастыру
Өсімдіктің клеткалық инженериясы. Протопластарды бөліп алу және оны өсіру Сомалық гибридизация (соматикалық будандастыру) Клеткалық инженерия әдістері арқылы өсімдіктердің жаңа түрлерін алу
Биотехнологияның экологиялық мәселелері 1. Биотехнологияның қазіргі кездегі өзекті мәселелері 2. Экологиялық биотехнология 3. Экологиялық биотехнологияның Қазақстандағы жетістіктері
    барлығы 2 кредит

Практика сабақ тақырыптары

 

Апта Практикалық сабақтың тақырыптары кредит
  Модуль 1  
Биотехнология пәніне кіріспе. Биотехнология пәні, мақсаттары, объектілері. Биотехнология ғылымның дамуы. Биотехнологияның негізгі бағыттары, адам өміріндегі маңызы.
Микроорганизмдер биотехнологиясының негіздері. Өнеркәсіптік микроорганизмдер және оларды пайдалану жолдары. Микробтық массалар алудың биотехнологиясы. Микроорганизмдерге қойылатын талаптар  
Биотехнологияның зерттеу нысандары Прокариоттар биотехнология объектісі ретінде. Саңырауқұлақтар биотехнология объектісі ретінде. Салыстырмалы аспектіде прокариоттар мен саңырауқұлақтар. Бактериялар биотехнологиялық өнімнің продуценті ретінде.
Ферментациялық технология Ферментация субстраттары. Ферментация. Биореакторлар. Ферментация тиімділігі. Биореакторларды қолдану. Биореактор түрлерінің сипаттамасы.
Құрғату. Тұндыру. Фильтрация. Сепарация. Экстракция. Мақсатты өнімді тұрақты күйде ұстау және сақтау.
Метаболиттер өндірісіндегі биотехнология. 1. Алғашқы метаболиттерді алудың биотехнологиясы 2. Аминқышқылдарын өндіру. 3. Витаминдерді өндіру. 4. Органикалық қышқылдарды өндіру. Антибиотиктердi алу. 1. Антибиотиктерді құнды өндiргiштерi. 2. Антибиотиктердiң негiзгi топтарына сипаттама. (пенициллиндер, аминоглюкозидтi антибиотиктер, тетрациклиндер, актиномицидтер, макролидтер). 3. Антибиотиктердi өнеркәсiпте алудың негiзгi сатылары. 4. Антибиотиктердi медицинада, ауыл шаруашылығында, тамақ өнеркәсiбiнде пайдалану. Амин қышқылдарын алудың химико-ферментативтік тәсілі 1. Амин қышқылдарына сипаттама 2. Амин қышқылдарын алудың химико-ферментативтік тәсілі 3. Амин қышқылдарының өндірісте қолданылуы
Тұтас микробты (инактивацияланған, немесе өлген, және тірі, әлсіз) немесе тұтасвирионды, химиялық, химерлік, генно-инженерлік және синтетикалық вакциналар. Вакцина алудың гендік инженериялық технологиялары. Вакциналар алу технологиясы  
  Модуль 2
Микробтық биопрепараттар. Биофунгицидтер. Биоинсектицидтер. Мұздың кристалдануына қарсы тұра алатын микроорагнимдер. Ағынды суларды активті сазбен тазалау.
Микроорганизмдердің көмегімен жүретін әр түрлі ашу процестерін зерттеу 1. Микроорганизмдердің көмегімен жүретін әр түрлі ашу процестерін түсіндіру 2. Спирттік ашу процесі және оның тәсілдері 3. Сүт қышқылды ашу процесі, оның түрлері
Ағынды суларды тазартудың биотехнологиялық әдістері. 1. Ағынды суларды тазарту. 2. Микроорганизмдерді тазартқыш қондырғыларда пайдалану. 3. Тұрмыстық және өндірістік ағынды суларды қайта өндеу. 4. Ағынды сулардың аэробты және анаэробты тазарту процестері Ластанған суларды аэробты процестерді пайдаланып тазалау технологиясы 1. Ластанған қалдық суларды тазалаудағы аэробты микроорганиздердiң ролi. 2. Микроорганизмдер тұнбаларын ластанған суларды тазалауға пайдалану. Тұрмыстық және өндiрiстiк ағын суларды қайта өндеудiң интенсивтi әдiстерiн жетiлдiрудiң биотехнологиялық жолдары.
Өсімдіктер биотехнологиясы және өсімдіктердің өнімділігін жоғарылату. 1. Өсімдіктер биотехнологиясы 2. Өсімдіктер өнімділігін биотехнология арқылы жоғарылату
Өсімдіктердің клеткалық селекциясы 1.Өсімдіктердің клеткалық селекциясының артықшылықтары мен обьектілері 2.Клеткалық селекцияның әдістері
Гендік инженерия. 1. Гендік инженерияға кіріспе 2. Басқа организмге тасымалданатын қажетті гендерді бөліп алу 3. Гендерді тасымалдайтын векторлар
Өсімдіктің клеткалық инженериясы 1.Протопластарды бөліп алу және оны өсіру 2.Сомалық гибридизация (соматикалық будандастыру) 3.Клеткалық инженерия әдістері арқылы өсімдіктердің жаңа түрлерін алу
Биотехнологияның экологиялық мәселелері 1. Биотехнологияның қазіргі кездегі өзекті мәселелері 2. Экологиялық биотехнология 3. Экологиялық биотехнологияның Қазақстандағы жетістіктері
  барлығы 1 кредит

СӨЖ тапсырмалары

Бақылау жұмысы

Нұсқа 1

Биотехнология пәніне кіріспе

Тапсырмалар:

1. Биотехнологияның даму тарихы

2. Биотехнологияның салааралық байланысы

3. Биотехнологияның бағыттары мен жетістіктері

Нұсқа 2

Органикалық қышқылдарды алу

Тапсырмалар:

1. Органикалық қышқылдарды алу жолдары

2. Лимон қышқылының өндірісі

3. Лимон қышқылының өндірушілері

Нұсқа 3

Амин қышқылдарын өндірудің микробиологиялық тәсілі

Тапсырмалар:

1. Аминқышқылдарын алудың микробиологиялық тәсілі, оның артықшылықтары

2. Аминқышқылдарының активті өндіргіштерін таңдау тәсілдері

3. Амин қышқылының өндірісте қолданылуы

Нұсқа 4

Өнеркәсіптік микроорганизмдер

Тапсырмалар:

1. Микроорганизмдерге жалпы сипаттама

2. Өндірісте қолданылатын микроорганизмдердің топтары

3. Микробиологиялық синтездің түрлері

Нұсқа 5

Биореакторлардың жұмыс істеу принципі мен құрылымы

Тапсырмалар:

1. Биореактормен жұмыс істеу принципі

2. Биораектордың құрылымы

3. Үздіксіз істейтін биореакторлардың екі типі

Нұсқа 6

Амин қышқылдарын алудың химико-ферментативтік тәсілі

Тапсырмалар:

1. Амин қышқылдарына сипаттама

2. Амин қышқылдарын алудың химико-ферментативтік тәсілі

3. Амин қышқылдарының өндірісте қолданылуы

Нұсқа 7

Жасанды ортада өскен клеткаларды биосинтездік өнеркәсіпте пайдалану. Экономика жағынан маңызды заттар алудың клеткалық технологиясы

Тапсырмалар:

1. Экономика жағынан маңызды заттарды өсімдіктерден алу

2. Сұйық қоректік ортада өсетін клеткалар және олардың ерекшеліктері

3. Сұйық қоректік ортада өсетін клеткалар алудың әдістері

Нұсқа 8

Биотехнологияның экологиялық мәселелері

Тапсырмалар:

1. Биотехнологияның қазіргі кездегі өзекті мәселелері

2. Экологиялық биотехнология

3. Экологиялық биотехнологияның Қазақстандағы жетістіктері

Нұсқа 9

Микроорганизмдердiң өнеркәсiптiк штамдарын алудың соңғы тәсiлдерi

1.Микроорганизмдердiң өнеркәсiп штамдарын жасаудың қазiргi кездегi тәсiлдерi.

2.Объектiнi бөлiп алу жєне таңдау.

3. Iс жүзiнде пайдалы микроорганизмдер штамдарын алу үшiн генетикалық инженерияны қолдану.

Нұсқа 10

Биотехнологиялық процестердi атқару кезiндегi негiзгi принциптер

1.Биотехнологияның сатылары.

2.Шикiзат, қоректiк орталар оларды даярлау және стерилизациялау.

3.Егетiн материалды даярлау.

Нұсқа 11

Микроорганизмдер белогiн өндiру

1.Белокты микробиолгиялық жолмен алудың артықшылығы.

2.Микроб биомассасындағы белоктiң мөлшерi және құрамы.

3.Микроб биомассаының зиянсыздығы.

Нұсқа 12

Вакциналарды жєне басқа медицина препараттарын алу

1.Бактериялар және вирустық бактериялардың негiзгi типтерi.

2.Тiрi, өлi және әлсiренген бактериялардан жасалған вакциналар.

3.Вирус вакциналары. Вакцина жасау үшiн вирустарды өсiру жолдары.

4.Әлсiренген вирус вакциналары.

Нұсқа 13

Фототрофты микроорганиздер биотехнологиясы

1.Цианобактериялар жєне микробалдырлар.

2.Фотоавтотрофты микроорганизмдердiң артықшылығы.

3.Микробалдырлар өсiру технлогиясы.

4.Қоректiк орталар.

5.Әлемде фототрофты микроорганизмдер өсiру технлогиясындағы жетiстiктер және келешегi.

 

Нұсқа 14

Микроорганизмдерді су және топырақ экожүйелерін тазалауға пайдалану.

1. Синтетикалық заттарды микробтың деструкциясы.

2. Қалдық суларды тазалау кезiнде бекiтiлген микроб клеткалардың ферменттер системасын қолдану.

3. Биологиялық тазалауқұрлыстары

4.Топырақ биоремедиациясы.

Нұсқа 15

Микробалдырлардың көмегімен ластанған суларды тазалау тәсілдері.

1.Микробалдырларды ластанған суларға өсіру

2.Микробалдырларды ластанаған суларды тазалау мүмкіншіліктерін зерттеу

Тест тапсырмалары