Тәжірибе сабағының тақырыптық жоспары

CИЛЛАБУС

 

Клиникаға кіріспе 051301 пәні бойынша

 

Жалпы медицина мамандығы

 

 

Дәріс______ (сағат)

 

Практикалық

(семинарлық) сабақ 36 (сағат)

 

ОСӨЖ _______ (сағат)

 

СӨЖ 18 (сағат)

 

Емтихан (сынақ)_____________

(семестр)

 

Барлық сағат саны 54 (сағат)

 

Курс 2

 

Семестр 3

 

 

Астана, 2012 ж.

 

Силлабус ҚР мемлекеттік жалпыға білім беру стандартына сәйкес құрастырылған. Бакалавриат. (Астана, 2006). 051301- «Жалпы медицина» мамандығы бойынша «Клиникаға кіріспе» пәнінен жұмыс бағдарламасы негізінде өңделген .

 

Дайындаған: Теляева Н.Н

 

 

Силлабус 051301-Жалпы медицина мамандығы бойынша «Астана медицина университеті» АҚ оқитын студенттерге арналған.

 

 

2012 жылы «03» қыркүйек айында кафедра мәжілісінде талқыланып бекітілген, № 2 хаттама.

 

 

Каф.меңгерушісі, профессор Қарқабаева А.Д.

 

Оқытушылар туралы мәлімет:

Ф.И.О. Дәрежесі қызметті Ғылыми қызығушылығы
Қарқабаева Айсулу Джасановна м.ғ.д, профессор каф.меңгерушісі ревматология, эпидемиология, иммуногенетика.
Шоланова Мадина Касымовна м.ғ.к завуч, доцент кардиология, клиникалық фармакология.
Амирбекова Алма Амалбековна к.м.н доцент ревматология и кардиология.
Теляева Нуриля Нурмахановна м.ғ.к доцент стоматология.  
Иконникова Валентина Антоновна   ассистент гастроэнтерология, пульмонология
Акжигитова Индира Шералиевна   ассистент кардиология  
Мухамеджанова Нафиха Кабдуловна   ассистент акушерство геникология
Манаева Махаббат Амангелдиевна   ассистент педиатрия
Бектасова Айткул Мустафаевна   ассистент акушерство геникология
Смаилова Дина Жанарисовна   ассистент акушерство геникология
Абдулина Оксана Александровна   ассистент педиатрия
Маншарипова Жазира Батырбековна   ассистент акушерство геникология
Власова Наталья Павловна   ассистент акушерство гинекология

Кафедра меңгерушісі: Қарқабаева Айсулу Джасановна - ҚР Денсаулық сақтау министрілігінің ревматологы, ҚР ревматологтар ассоциациясының президенті, Европа Халықаралық ревматологтар лигасының мүшесі (EULR), Азия Халықаралық ревматологтар лигасының мүшесі, Ресей Федерациясы ревматологтар ассоциациясының мүшесі, Ғылыми кеңестің мүшесі, медицина ғылымдарының докторы, профессор, жоғары дәрежелі дәрігер-терапевт. Педагогикалық жұмыс өтілі - 20 жыл. Емдеу жұмыс өтілі- 35 жыл. Дәрістерді мен семинарларды қазақ және орыс тілінде береді.

Телефон: моб.87015589323, kad_2004_1953 @ mail.ru.

Оқытушылар:

Доцент: Шоланова Мадина Касымовна - педагогикалық жұмыс өтілі -25 жыл, емдеу жұмыс өтілі- 27 жыл. Дәрістерді мен семинарды орыс тілінде береді.

Доцент: Амирбекова Алма Амалбековна - медицина ғылымының кандидаты, жоғары категориялы дәрігер педагогикалық жұмыс өтілі– 32 жыл, емдеу жұмыс өтілі – 42жыл. Орыс және қазақ тілінде сабақ береді.

Доцент: Теляева Нуриля Нурмахановна - Алматы мемлекеттік медицина институтын 1996жылы бітірген, педагогикалық жұмыс өтілі- 7 жыл, емдеу жұмыс өтілі -14 жыл. Орыс және қазақ тілінде сабақ береді.

Ассистент: Акжигитова Индира Шералиевна – Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын 2006 жылы кардиология мамандығы бойынша бітірген. Педагогикалық жұмыс өтілі - 5 жыл, емдеу жұмыс өтілі 5 жыл. Орыс және қазақ тілінде сабақ береді.

Ассистент: Иконникова Валентина Антоновна - емдеу жұмыс өтілі – 35 жыл, педагогикалық жұмыс өтілі -29 жыл. Орыс тілінде сабақ береді.

Ассистент: Мухамеджанова Нафиха Кабдуловна – 1980 жылы Семей мемлекеттік медицина институтын бітірген. Орыс және қазақ тілінде сабақ береді.

Ассистент: Манаева Махаббат Амангелдиевна- Ақмола мемлекеттік медицина академиясын 1998 жылы педиатр мамандығы бойынша бітірген. Орыс және қазақ тілінде сабақ береді.

Ассистент: Смаилова Дина Жанарисовна- Қазақ мемлекеттік медицина акдемиясын 2007 жылы емдеу ісі мамандығы бойынша бітірген, емдеу жұмыс өтілі – 4 жыл, педагогикалық жұмыс өтілі -3 жыл. Орыс және қазақ тілінде сабақ береді.

Ассистент: Бектасова Айткул Мустафаевна- Қазақ мемлекеттік медицина акдемиясын 2007жылы бітірген, емдеу жұмыс өтілі – 2жыл, педагогикалық жұмыс өтілі -1 жыл. Орыс және қазақ тілінде сабақ береді.

Ассистент: Абдулина Оксана Александровна - Ақмола мемлекеттік медицина академиясын 1998 жылы педиатр мамандығы бойынша бітірген. Емдеу жұмыс өтілі – 11 жыл Орыс тілінде сабақ береді.

Ассистент: Маншарипова Жазира Батырбековна- Ақмола мемлекеттік медицина академиясын 2007 жылы емдеу ісі мамандығы бойынша бітірген. Педагогикалық жұмыс өтілі -3 жыл. Орыс және қазақ тілінде сабақ береді.

Ассистент: Власова Наталья Павловна -Ақмола мемлекеттік медицина академиясын 2009 жылы емдеу ісі мамандығы бойынша бітірген. Педагогикалық жұмыс өтілі -3 жыл, клиникалық – 1 жыл.

Қажетті ақпараттар:

«Клиникаға кіріспе» кафедрасы мына адрес бойынша орналасқан: Бейбітшілік көшесі, 49А, 49 ғимарат, 502 аудиториясы ( кафедра кеңсесі), автобустар № 10, 23, 9, 13,19. тел: 53-96-11

Біздің клиникалық базалар: №2 Облыстық аурухана, Бас әскери госпиталь.

Пән маңыздылығы:студенттерді науқастарды күтудің терапиялық және тәжірибелік дағдыларына үйренуге, науқастармен және медициналық қызметкермен өзара тығыз байланыста болып маңызды манипуляция техникасын үйреніп, мейірбике ісін жүзеге асыру болып табылады.

Оқытушылардың студенттерге қоятын талаптары жоғары мектеп оқуының жалпы міндеттеріне негізделген. Ең басты талап студенттердің клиникада өзін ұстауы,оның сыртқы түрі (халаты, қалпағы, ауыстыратын аяқ киімі), бөлімшелерде емдеу-сақтау тәртібі мен этика және деонтология ережелерін сақтауы болып табылады.

Кафедраның жалпы талаптары айып шаралары:

· дәріске, тәжірибелік сабақтарға студенттерді халатсыз жібермеу

· тәжірибелік сабақтарға үй тапсырмасын алдын ала дайындап және қадағалау сұрақтарына методикалық өз бетінше дайындалу құрылымы бойынша жауап беру

· Үй тапсырмасын орындамаған студент сабаққа жіберілмейді және себепсіз сабақты жібергені үшін келесі сабаққа дейін өтеуі қажет

· Дәріске және сабаққа кешіккен студент (5 минуттан бастап), себепсіз сабаққа қатыспады деп есептеледі, келесі сабаққа дейін өтеуі қажет

· Топ кезекшісі, барлық студенттер сияқты жихаздарға, басқа да заттарға аудиторияда болған уақытта материалдық жауапкершілікті мойнына алады. Егер осы заттарды сыңдырса оны қалпына келтіруі қажет

· Сабақ кезінде, тағы басқа жұмыстарды орындау кезінде студенттер стол, парталардың тазалығын сақтауы қажет. Осы аталған ережелерді сақтамаған студенттер сабақтан тыс уақытта сембілікке шығыуы керек

· Дер кезінде рефераттарды, ауру тарихын және басқа СӨЖ дайындамаған студенттер жалпы жұмысты бағалауда бір балл жоғалтады

· Экзаменге және қортынды тестілеуге төрт кредитті меңгерген (ОРД 50%) және практикалық сабақтан қарызы жоқ колоквиумдарды тапсырған студенттер жіберіледі.

· Осы аталған жұмыстарды орындамағандарға штраф шаралары, қарызын дер кезінде өтеу немесе қайта оқыту курстарнына жіберу түрінде қолданылады

Бағдарлама

Кіріспе

“Клиникаға ену” – бұл пән студенттерді алғаш рет студенттерді тәжірибелік денсаулықсақтау ісімен, емдеу мекемелерінің ұйымдастырылу жұмысымен таныстырып, науқасты күту және бақылау әдістерін үйрене отырып, науқастың және оның жанұясының мәселелерімен ерте танысуға мүмкіндікті қамтамасыз ете отырып, науқасқа және оның жанұясына көмек көрсету.

Пәннің маңыздылығы жоғары медициналық білімді маман дайындауда интегралды жүйе қорын қамтамасыз ету арқылы, медициналық көмекті ұйымдастырудың барлық кезеңдерінде кәсіби қызметтің тұрақтылығын қалыптастыру.

Пәнді оқытудың обьектісі кәсіби қызметтің шарттары және барлық түрлері болып табылады, сондықтан бұл медицина қызметкерінің науқасты жалпы күтуге және емдеу, диагностикалық үрдістің оң әсерін қамтамасыз етуге бағдар бере отырып, науқастың туыстарымен, жанұясымен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады.

2.2 Пәннің мақсаты: Студенттерде мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру және мейірбикелік диагнозды қоюға білімін қалыптастыру.

2.3 Оқыту мақсаттары:

· Емдеу мекемелерінде мейірбикелік үрдісті ұйымдастырудың теориялық негіздерін оқыту;

· Диагностикалық және емдік дәрігерлік тағайындаулар орындау кезіндегі маңызды манипуляциялар әдісімен тәсіліне үйрету;

· Жедел жағдайлар кезінде науқасқа дәрігерге дейінгі көмекті көрсетуге үйрету;

2.4 Пәнді оқытудың соңғы нәтижесі:

Білуі тиісті:

· Мейірбикелік үрдісті ұйымдастырудың теориялық негіздерін;

· Орта медицина қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастыру принциптерін;

· Әр түрлі емдеу сақтау мекемелеріндегі орта медицина қызметкерлер жұмысының ерекшеліктері;

· Мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру;

· Орта медицина қызметкерлерінің жұмысын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасының регламенттеуші құжаттарын;

Істей білуі тиісті:

· Науқастарды лабораториялық-инструментальды зерттеу әдістеріне дайындауды жүзеге асыру;

· Пероральды дәрілік заттарды тарату және оны науқастың қабылдауын бақылау жүргізу;

· Науқастар жағдайының мониторингін жүргізу;

· Дәрілік заттарды парентеральды енгізу (көк тамырға, көк тамырға тамшылатып) ;

· жүрек-өкпелік реанимациялық шараларды жүргізу.

2.5 Пәннің алғы реквизиттері : Биология, физика, химия, психология негіздері, анатомия, коммуникативті дағдылар, клиникаға кіріспе -1.

Пәннің соңғы реквизиттері : ішкі аурулар пропедевтикасы, ішкі аурулар, хирургиялық аурулар.

2.6 Пәннің қысқаша мазмұны:

Мейірбикелік үрдіс. Мейірбикелік ісінің қазіргі заманның моделдері. Науқастың иерархиялық қажеттіліктері туралы түсінік. «Мейірбикелік үрдіс» туралы түсінік. Науқас мәселері. Мейірбикелік диагноз жиынтығы. Мейірбикелік үрдістің бес сатысы. «Мейірбикелік диагноз» туралы түсінік. Мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру және жүзеге асыру. Мейірбикелік ауру тарихы. Науқастарды мейірбикелік бақылау күнделігі. Мейірбикелік үрдіс картасы. Организмнің негізгі он төрт қажеттілігі (А. Маслоу бойынша). Мейірбике үрдісінің этикасы мен деонтолгиясы.

Тәжірибе сабағының тақырыптық жоспары

Тақырыптары Жүргізілу түрі Ұзақтығы
«Мейірбикелік үрдіс, мейірбикелік диагноз» ұғымы. Мейірбикелік үрдісінің бес сатысымаен танысу, оны жоспарлау және этика бойынша тапсырмаларды орындау. 2 сағат
Дәрілік заттар және дәрілік формалар. Дәрілік заттармен жұмыс істеу. Дәрілік заттармен жұмыс істеу және оларды сақтау ережелерімен танысу. 2 сағат
Посттағы мейірбикенің жұмысын үйымдастыру. Дәрілік заттарды энтеральды енгізу жолдары. Посттағы мейірбикемен бірге жұмыс істеу, есептік құжаттарды толтыру. Науқастарға дәрілік заттарды таратуына қатысу. 2 сағат
Дәрілік заттарды сыртқа енгізу жолдары.Физиотерапиялық процедуралармен танысу. Посттағы мейірбикемен бірге жүмыс істеу. Физиотерапия бөлімшісінде жұмыс істеу. 2 сағат
Емшара бөлмесінің жұмысын ұйымдастыру. Мейірбикенің бақылауы бойынша бөлімшеде жұмыс істеу. 2 сағат
Тері асты,бұлшықетке, көк тамырға егулер жүргізу. Оқу бөлмесінде муляждармен жұмыс істеу. Емшара бөлмесінде жұмыс істеу. 2 сағат
Көк тамырға тамшылатып енгізулерге дайындау және жүргізу. Оқу бөлмесінде муляждармен жұмыс істеу. Емшара бөлмесінде жұмыс істеу. 2 сағат
Аралық бақылау. Тапсырмалардың орындалуын талдау 2 сағат
Науқас жағдайын сараптау. Науқасты бақылау кестесін құрау. 2 сағат
Қанды лабораториялық зерттеу. Науқасты дайындау. Терапиялық бөлімшеде науқастармен жұмыс істеу. 2 сағат
Зәрді лабораториялық зерттеу. Науқасты дайындау. Терапиялық бөлімшеде науқастармен жұмыс істеу. 2 сағат
Инструментальды зерттеу әдістеріне науқастарды дайындау (рентгенологиялық, эндоскопии-ялық). Рентгенологиялық, эндоскопиялық кабинетте науқастармен жұмыс істеу. 2 сағат
Инструментальды зерттеу әдістеріне науқастарды дайындау (УДЗ,ЭХОКГ, ЭКГ, спирографияға). Функциональді кабинетте науқастармен жұмыс істеу. Спирограммаларды, қалыпты жағдайда ЭхоКГ-да қақпақша жармаларының қозғалыс схемаларын құрастыру. 2 сағат
Гипертониялық криз, өкпе ісінуі,жүрек аймағының ауруы, іш ауырсынуы кезіндегі дрігерге дейінгі көмек және диагностикасы. Есептерді құрастыру және шешу. 2 сағат
Экзогенді уланулар кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек және диагностикасы(қышқылдар,сілтілер,алкогол суррагаты, иісті газ). Есептерді құрастыру және шешу. 2 сағат
Клиникалық өлім түсінігі. Жүрек-өкпелік реанимациялық шаралар.Мәйітпен жұмыс істеу. Инновациялық технологиялар орталығында жұмыс істеу, реанимация шараларын өндеу. 2 сағат
  Аралық бақылау. Тесттік бақылау. 2 сағат.
  Қорытынды бағалау  
  Барлығы 36 сағат