Нарық пен сала жағдайына талдау

Бұл бөлімнің мақсаты – жоба ұсынатын тауарға (қызметке) қажеттілікті ашып, негіздеп көрсету. Нарықты, саланың ерекшелігін бағалаудың таңдалған түрі жан-жақты сипатталып, негізделуі тиіс.

Ұсынылатын тауардың Қазақстан бойынша соңғы бірнеше жылдарда сатылым серпінін, нарықта пайда болуын, ұқсас және бәсекелес өнімдерге сұранысты жеке қарастыру қажет.

Егер заңды тұлға-жобаның бастамашысы нарықтың осы саласында жұмыс істейтін болса, оның тәжірибесі бар екенін айрықша атап, оның осы саладағы жиынтық өнім өндірістегі үлесін көрсету керек.

Әлеуетті ішкі және сыртқы бәсекелестердің атаулары мен мекенжайларын атай отырып, ұсынылып отырған жобамен салыстырғанда олардың күшті және әлсіз жақтарына талдау жасау қажет.

Бөлімнің басты нәтижелері:

  • қарастырып отырған тауарға (қызметке) қазіргі нақты сұраныстың ауқымы мен құрылымы;
  • сұраныстың серпіні мен нарықтың дамуы бойынша негізделген болжамдар;
  • ұсынылған жлба аясында шығарылатын өнімнің сатылымы өсу серпінін болжау, компанияның нарықтағы мүмкіндіктері;
  • нарықтың болжалды реакциясы, компанияның өз тауарын нарықта жылжыту кезінде кездесетін басты кедергілер, оларды жеңу жолдары.

Жобаның мәні

Бұл бөлім алдыңғы « Нарық пен сала жағдайына талдау » бөлімінің жалғасы болып табылады. Бұл жерде жоба өндірісі бағытталған тауардың (қызметтің) жан-жақты сипаттамасын беру керек. Келесі сұрақтар нақты қарастырылуы керек:

  • пайдаланылатын патенттер туралы ақпаратты көрсетіп, тауар мен тауар белгілерін сипаттау;
  • осы тауарды (қызметті) шығарудағы тәжірибесінің барлығын көрсету;
  • сіздің тауарыңыздың бәсекелестеріңіздің (шетелдік бәсекелестерді қоса алғанда) тауарларынан айырмашылығы неде;
  • сіздің тауарыңыздың бірегей жаңа ерекшеліктері бар ма, жоқ болған жағдайда тұтынушыларды немен қызықтыра алады;
  • тауар қандай шарттармен экспортталады (бағасы, маркетинг, сату желісін құру және т.б.), лицензияның керектігі.

Осы жерде жобаның сәттілігін негіздейтін жан-жақты дәлелдерді келтіру керек. Заңды тұлға-жобаның бастамашысы туралы, егер жоба оның өндірістік құрылмын дамытуға бағытталып, онымен қарым-қатынаста болса, оның техникалық, технолгиялық, өндірістік әлеуеті жайлы толық ақпаратты беру..

Маркетинг жоспары

Бұл бөлім алдыңғы екі бөлімнің жалғасы болып табылады. Бөлімнің мақсаты – бәсекелестік күрестің қлайлы әдісін таңдауды, өнімді нарыққа жылжытудың тәсілін қамтамасыз ету. Бұл жерде келесі сұрақтарды жіті қарастыру керек:

  • шығарылған өнімнің түпкілікті тұтынушылары, сұраныс сипаты (бір қалыпты немесе маусымдық); жоба бағытталған нарық сегментінің ерекшеліктері, неге ол бәсекелестерге қарағанда сәттірек болады ( олардың маркетинг стратегиясына талдауды есепке алғанда ); өнімнің қандай ерекшеліктері немесе қандай қосымша қызметтер оны бәсекелестерге қарағанда ұнамды етеді;
  • бәсекелестердің қандай әрекеттерінен сақтану керек, оларға қарсы әрекеттің стратегиясының басты элементтері;
  • технологиялық өзгерістердің өнімге әсер етуі (табиғатты қорғау заңнамасы, алмастырушы өнімдер); ұсынылған өнімге бәсекелес болатын жаңа өнімдерді жасау туралы деректер;
  • өнім бағасын негіздеу (сапа талаптарын, өзіндік құн талдауын есепке ала отырып );
  • өнімді өткізуді ұйымдастыру : өнімді тарату каналдары, өткізу жүйесін тартымды фирмаларды атай отырып суреттеу;
  • тауарды өткіщзу туралы келісім-шарттар мен ниет шарттарының бар екені;
  • өнімді өндірер алдында, өндіріс басталғанда және өткізу кезеңдерінде жарнамалау бағдарламасы;
  • жарнамаға, өнімді тарату және өткізуге қажет шығындарды бағалау.

Ндіріс жоспары

Бұл бөлімнің басты мақсаты – барлық өндірістік процестің жақсылап ойластырылғаны, заңды тұлғаны дамытудың негізделген жоспары барлығы, қойылған мақсаттарға жету стратегиясының барлығы туралы сендірерлік дәлелдер келтіру. Бірақ инвестордың көңілін бөліп, оның қызығушылығын азайтатын тым жан-жақты ақпарат бермеңіз, ал технологиялар, жабдықтар және басқалар туралы көлемді деректерді сілтемелермен қосымшаға орналастыру қажет.

Бөлімді жобаның алғытарихын сипаттаудан бастау қажет :

  • заңды тұлға, оның серіктестері туралы толық ақпарат, қысқаша сипаттама (ұйымдық құрылымы, өндірістік әлеуеті, қаржылық мүмкіндіктер, жасы, басшылық жұмыс, кәсіпкерлік тәжірибесі және т.б.);
  • жобаны жасау және іске асыру тарихы, оның маңызды күндері;
  • жүргізілген зерттеулер мен ізденулер (қашан, кім, кіммен, кімнің тапсырысы бойынша);
  • жобаны іске асырудың барысы бойынша, қазіргі жағдайы туралы ақпарат, оның неліктен бітпегендігін түсіндіру;
  • дайындық, инвестиция салар алдындағы зерттеулер мен ізденулерге қажет шығындар туралы ақпарат – егер олар жоба құнына қосылған болса, басқа тараптардан төленбейтін болса.

Ары қарай жобаны іске асырудың басты шарттарын сипаттау қажет, оларды мазмұндаудың нақты құрылымын және айқындығын қамтамасыз ету үшін бөлікше ретінде көрсету қажет :