Аралық бақылау бойынша сұрақтар мен тапсырмалар тізімі.

Пәні бойынша студенттердің оқу жетістіктерін бағалау және бақылау бойынша материалдар

 

 

3 курс студенттеріне

05050900 Қаржы мамандығына

күндізгі оқу бөліміне

2016-2017 оқу жылының 5 семестріне

 

 

Орал – 2016 ж.

 

 

Бағалаудың ұстанымдары мен жүйесі.

Пәннің оқытылуы бөлінген сағат көлемінде дәріс, практикалық және тәжірибелік сабақ түрінде өтеді, сондай-ақ ағымдағы, аралық бақылау (8 және 15 апта) және қорытынды бақылау (емтихан) бірге жүргізіледі. Оқу қорытындысында жақсы баға алынған болса, пән бойынша кредит есептеледі.

Студент оқу материалының бағдарламасын толық меңгерген жағдайда, тапсырылған жеке, өзіндік және практикалық жұмыстарды орындап, барлық дәріс жазбалары түгел болса жақсы баға қойылады. Бағдарлама шеңберіндегі сұрақтарға дұрыс, саналы және сенімді жауап беруі керек. Түрлі практикалық тапсырмаларды алған білімімен өз бетінше орындай алуы. Ауызша жауап беруде әдеби, кәсіби тілді қолданып, қате жібермейді.

Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау пәндік оқу бағдарламаларына байланысты мына түрлерді қамтиды: ауызша сұрау, жазбаша бақылау, аралас бақылау, пікір сайыстар, тренингтер, дөңгелек үстелдер, кейс-сатылар, тесттер мен үй тапсырмаларын сұрау.

Білім алушылардың білімін өлшеу құралдары

Білім алушылардың білімін өлшеу құралдары ретінде баға шкаласы енгізіледі. Баға шкаласы балдық-рейтингілік әріптік жүйеге негізделген. Балдық-рейтингілік әріптік жүйеде он балдық жүйемен бағалау әдісі қалыптасады және дәстүрлі бағалар мен бағаның пайыздық мөлшері әріптік жүйе бойынша бағалаудан тұратын сандық балама балмен сәйкестендіріледі. Білім деңгейін әріптік жүйемен бағалауда ағылшын тілі алфавитінің А (ең жоғары баға) мен Ғ (ең нашар баға) аралығындағы әріптері қолданылады.

Он балдық жүйемен есептеуде араб санымен 4,0 -ден 1,0- re дейінгі сандық баламалар - оң бағалар, 0 қанағаттанарлықсыз бағаның сандық баламалы балы болып табылады.

Бағалаудың пайыздық мазмұны пайызбен анықталады. Бұған қоса 50%-дан 100%-ға дейінгі бағалаулар жағымды бағаларға жатады да, 0%-дан 49%-ға дейінгілер бағалаулар қанағаттанарлықсыз бағалауларга жатады.

Дәстүрлі баға шкаласы төрт балдық шкалада «өте жақсы», «жақсы», «қанағаттанарлық», «қанағаттанарлықсыз» қатарында түзіледі.

Баға қою саясаты

Студенттер үлгеріміне ағымдық бақылау оқу пәнінің әр тақырыбы бойынша өткізіліп, аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтардағы бақылауды қамтиды. Ағымдық бақылау бағасы (жіберілу рейтингісінің бағасы) аудиториялық сабақтардағы ағымдық бақылау мен межелік бақылау (аудиториядан тыс сабақтар) бағаларынан жинақталады.

Үлгеріміне ағымдық бақылау кезінде студенттердің оқу жетістіктері, әрбір орындаған тапсырмалары (күнделікті сабақтардағы жауап, үй тапсырмаларын тапсыру, студенттің дербес жұмысы, межелік бақылау) 100 балдық шкала бойынша бағаланып, үлгерімнің ағымдық бақылаудың соңғы қорытындысы академиялық кезеңде алынған барлық бағалардың орта арифметикалық қосындысы ескеріле отырып есептеледі.

Үлгерімді ағымдағы бақылау пән бойынша білімді қорытынды бағалаудың 60% құрайды және емтиханның бағасы пән бойынша қорытынды бағалаудың 40% құрайды.Қорытынды бағаны есептеген кезде тіркеу бөлімі 0,6;0,4 коэффициенттерінқолданады.

 

ҚБ = РБ1 (100) + РБ2 (100) х 0,6 + ҚБ (100) х 0,4

 

мұнда: РБ 1 – 1-ші рейтингілік бақылау;

РБ 2 – 2-ші рейтингілік бақылау;

ҚБ – Қорытынды бақылау;

ҚБ – Қорытынды баға.

 

Студент рұқсат алу рейтингілік бағаныңжәне/немесеқорытынды бақылаудың нәтижесімен келіспеген жағдайда рейтингті қоюжәне/немесе емтиханның өту күнінен бір күн ішінде шағымдана алады.Шағымдану комиссиясы отырысының нәтижелері хаттамамен безендіріледі.

Қорытынды бақылаудың қанағаттанарлықсыз бағасы мен оң бағасын (жоғарлату мақсатында) қайта тапсырылуға рұқсат етілмейді.

 

аралық бақылау бойынша сұрақтар мен тапсырмалар тізімі.

  1. Бюджетаралық қатынастар дегеніміз не?
  2. Бюджетаралық қатынастар неше принципке негізделеді?

3. Төмендегілердің қайсысы бюджетаралық қатынас принципіне жатады?

4. Бюджетаралық қатынас принципі

  1. Төмен тұрған бюджеттерге тұрақты сипаты бар, сыртқы факторлардың әсеріне тәуелсіз қандай түсімдер бекітіледі?
  2. Ресми трансферттер қалай бөлінеді?
  3. Бюджетаралық қатынастарды реттеу нысандары қандай саясатқа сәйкес белгіленеді?
  4. Нысаналы трансферттер мен кредиттерді қай орган тек қана олардың нысаналы қызметіне сәйкес пайдаланады?
  5. Жоғары тұрған бюджеттерден төмен тұрған бюджеттерге республикалық немесе облыстық бюджетте бекітілген салалар шегінде берілетін ресми трансферттер қалай аталады?

10. Жалпы сипаттағы ресми трансферттердің көлемдері қанша жылда өзгертуге жатады?

11. Облыстық бюджет пен аудандар (облыстық маңызы бар қала) бюджеттерін қай орган белгілейді

  1. Төмен тұрған бюджеттерден жоғары тұрған бюджетке бюджеттік алып қоюларды және жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджеттерге бюджет субвенцияларын аудару тәртібі мен кезеңділігін қай орган айқындайды?

13. Жалпы сипаттағы ресми трансферттердің көлемдері қалай анықталады?

14. Жекелеген ағымдағы бюджеттік бағдарламаларды іске асыру үшін республикалық немесе облыстық бюджетте бекітілген бюджеттік алып қоюларды есептеу кезінде ескерілмейтін салалар шегінде жоғары тұрған бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге беретін ресми трансферт қалай аталды?

15. Төмен тұрған бюджеттерге бюджеттік кредиттер қай кодекске сәйкес беріледі?

16. Аймақтық бағдарламаларда көзделген жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру үшін облыстық бюджетке бекітілген салалар шегінде облыстық бюджеттен аудан бюджетіне берілетін ресми трансферт қалай аталады?

17. Бірыңғай бюджеттік сыныптама не негізінде әзірленеді.

  1. Бірыңғай бюджеттік сыныптаманың құрамы

19. Қаржылық деңгейдегі бюджет түсімінің белгілі бір сипаттамалар бойынша ҚР- ның заңына негізделген топтамасы бұл:

20. Мемлекет функциясының орындалуын республикада мемлекеттік саясатты іске асыруды бейнелейтін функциялық және ведомствалық белгілер бойынша бюджеттік қаражаттардың жұмсалу бағыттарын айқындайтын барлық деңгейдегі бюджет шығысының топтпмасы бұл:

  1. Бюджет түсімдері сыныптамасының топтамасы мыналардан тұрады.
  2. Санаттар- бұл:
  3. Сыныптар мен ішкі сыныптар нені топтастырады?