ндірістік оқытуды ұйымдастыру формалары

Оқыту – оқушыны білімдендіру, тәрбиелеу, дамыту мақсатына бағытталған алдын-ала жоспарланған іс-әрекет. Оқыту процесі – білімді, біліктілік пен дағдыны меңгертетін, оқушылардың дүниетанымын, күш-қайратын, қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын іс-әрекет барысы. Оқу барысында оқушының сана сезімі, адамгершілік, эстетикалық, тұлғалық қасиеттері қалыптасып дамиды.

Ұйымдастыру формасында оқытудың мақсаты, мазмұны мен әдістері бірыңғай жүзеге асады. Қоғамның даму тарихында жас ұрпақты оқытуды ұйымдастырудың тәсілдері де өзгеріп тұрады. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың тарихында, оның негізінен үш түрлі формасы қалыптасқан: жеке-дара, топтық және сынып-сабақтық жүйе. Ертедегі Грецияда оқытудың жеке формасы пайдаланылды. Бұл келесі ғасырға дейін –дворяндар үйелмендерінде сақталды. Ерте замандағы Вавилонда, Египетте, Қытайда, Үндістанда оқытудың жеке-топтық формалары шығып дамыды.

Кәсіптік – техникалық мектептерінде оқытудың мына түрлері қолданылады:

1. Теориялық оқыту: түрлі типегі сабақтар, лекциялар, зертханалық, сарамандық жұмыстар, теориялық және практикалық, семинарлар, экскурсиялар, оқу конференциялары, үй тапсырмалары.

2. Өндірістік оқыту: оқу шеберханасында сабақ, кәсіпорынның өндірістік цехында оқыту, қызмет көрсету аясындағы еңбек, өндірістік практика, жұмыс орны, диплом алдыңдағы практика, т.б.

3. Сыныптан тыс жұмыста мен қосымша сабақтар: факультативті сабақтар, консультациялар, үлгермеушілермен қосымша сабақтар, біліктілік байқау жұмыстары.

4. Оқудың білім, білік және дағдыларын тексеру: коллоквиумдар, сынақтар, емтихандар, қорытынды конференциялар, біліктілік байқау жұмыстары.

ІІІ.ҚОРЫТЫНДЫ

Өндірістік оқыту шеберлерінің кәсіптік әдістемелік даярлықтарын, олардың мамандыққа деген көзқарастарын өзгертіп, теория мен әдістемелік білімдерін арттыру, педагогикалық дағдылары мен шеберліктерін жетілдіру - өскелең заманымыздың өзекті мәселелерінің бірі болып келеді.

Кәсіптік білім беру саласында оқушыларды кәсіби мамандыққа үйрету және тәрбиелеуге өндірістік оқыту шеберлері педагог болып саналады. Оқу процесін жетілдіру, оқушылардың қазіргі кезеңдегі технологиялық процестерді меңгеруі соларға байланысты.

Кәсіп шеберлігінің негізін игеру үшін біртіндеп қарапайымнан күрделіге, оңайдан қиынға кезең – кезеңімен жаңа оқу - өндірістік міндеттерді игеру, оған машықтану, жаңа биіктерге көтерілу жаттығудың басты белгілірі. Әрбір жаттығудан соң белгілі бір дәрежеде өндірістік тәжірибе жинақталып, жетілдіріледі. Өндірістік оқыту процесі кезінде басты тірек болып тұрған, күрделі мақсаттарға жетуде және тұлғаның бойындағы еркешелікті көрсетіп тұратын – ол өндірістік өзіндік еркіндік, қандай жұмысты өз бетінше атқарушылық, одан туындайтын басты нәтиже – кәсіби шеберлік. Ол шексіз, оның деңгейі де, мүмкіндігі де жеке тұлғаның танымдық қасиеті мен творчествалық қабілетінің, ізденісінің жемісі болмақ. Соңғы айтарымыз, өндірістік оқыту барысында тыңдаушыларға «жаттығу» және «өз бетінше орындау» деген ұғымды жиі қайталап, айтамыз, мұны ажырата білуді үйретуіміз қажет. Өдірістік оқыту мазмұнын, оның орындалу кезеңдерін әбден машықтанып, шебер білікті жұмысшы арқылы игеріп алған соң, оны өз бетінше орындауға дағдылана бастаған дұрыс. Демек, бұл екеуі тізбектелген біртұтас құбылыс деп айтсақ та болады.

Қазақстан Республикасының экономикалық жағдайы, оның қаншалықты нарық жағдайына бейімделуіне білікті жұмысшы мамандарға деген сұранысты қанағаттандыру мәселесіне тікелей байланысты болып отыр. Саяси-әлеуметтік және экономикалық реформаларды жүзеге асыруда бәсекелестік басты орынға шықты. Білім беру, оның ішінде кәсіби білім беру жүйесінің қызметін дұрыс ұйымдастырғанда ғана қоғамның әрбір мүшесіне тиісті жалпы немесе кәсіптік білім бере аламыз. Тек қана нарық талабына лайық сұранысқа ие жоғарғы білікті дәрежеде дайындалған кәсіптік мектеп, колледж не жоғарғы оқу орнын бітірген мамандар арқылы ғана ішкі еңбек ресурстарын толықтырып, жұмыссыздықты жоюға жол ашуға болады

 

 

Пайдаланылған әдебиеттері тізімі

1.Панфилов С.А. Контроль знаний на ЭВМ. Учебное пособие. Саранск: Морд. Ун-т, 1989.

2.Балыкбаев Т.О. Педагогические и технические основы формирование студенческого контингента. Монография док. Дисс. Алматы,2001

3.Нұрбекова Ж.К., Сағымбаева А.Е., Білімді бақылаудың автоматтандыру тәжірибесі. Алматы, 2001

4.Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы». Астана, 2010 жыл

5.Скакун В.А. Введение в профессию мастера производственного обучения: Методические пособие. –М.: Высш. шк., 1988 г.

6.К.Өстеміров Кәсіптік оқыту әдістемесі оқулық Алматы 2006 ж.

 

 

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ............................................................................................................1

1.1.Өндірістік оқыту үрдісін тиімді ұйымдастыру...........................................

ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1.Өндірістік оқытуды есепке алуға қойылатын талаптар мен міндеттер......

2.2.Өндірістік оқытуда көрнекі құралдарды қолдану әдісі..............................

2.3.Өндірістік сабақты ұйымдастыру...............................................................

ІІІ.ҚОРЫТЫНДЫ

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі