Тақырып. Бюджет жүйесі

Бюджет жүйесінің экономикалық мазмұны және оның қалыптасуы.

Бюджеттік қатынастар және бюджетаралық байланыстар. Бюджет жүйесінің қызмет ету принциптері. Унитарлы және федералды мемлекеттердегі бюджет жүйесінің ерекшеліктері.

Бюджет құрылысы. Бюджетаралық қатынастар және бюджеттік трансферттер. Бюджеттің құрылымы. Бюджеттік құқықтар. Бюджеттік қатынастарды реттеудегі мемлекеттік билік органдары мен жергілікті өкілетті және атқарушы органдарының құзіреті.

 

Тақырып. Жекелеген бюджет түрлерінің сипаттамасы мен экономикалық мазмұны

Республиканың бюджетінің мазмұны мен мәні, бюджет кірістері мен шығыстарының құрылымы. Нарықтық экономика жағдайындағы республикалық бюджеттің атқаратын рөлі.

Жергілікті бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрылымының ерекшеліктері. Әртүрлі деңгейдегі бюджеттердің арасындағы кірістері мен шығыстарының бөлінуі.

Қазақстан Республикасының аймақтық саясатының тұжырымдамасы. Аймақтық бюджетаралық теңестірудің механизмі. Жергілікті бюджеттердің кірістері (бекітілген және реттеуші). Шығындардың құрылымы мен аймақтық қаржыландырудың ерекшеліктері. Аймақтық мақсатты бағдарламаларын қаржыландыру.

 

Тақырып. Бюджеттік жіктелу

Бюджеттік жіктелудің рөлі мен мәні, оның құрылымы. Бюджеттік жіктелудің жалпы принциптері. Бюджеттік жіктелудің өзгертулері, жаңа бюджеттік жіктелудің құру принциптері. Бюджет кірістерінің жіктелуі.

Бюджет шығыстарының функционалдық жіктелуі. Бюджет шығыстарының экономикалық жіктелуі. Бюджеттің жіктелу шығыстарының ерекшеліктерінің экономикалық мазмұны мен мәні. Бюджет шығыстарын жіктеудегі экономикалық жіктелу құрылымының ерекшеліктері. Бюджеттердегі тапшылықты қаржыландыру көздерінің жіктелуі.

 

Тақырып. Бюджетаралық қатынастарды реттеу механизмі

Билік органдарының заң шығару негізі мен құзыры. Бюджетаралық қатынастардың жүйесі. Реттеушілік кірістер. Бекітілген кірістер.

Аударымдар нормативтерін анықтау әдісі. Квоттау әдісі. Ставкаларды біріктіру әдісі. Трансферттер механизмі. Трансферттер сомасын есептеу әдісі.

Жергілікті бюджеттер бойынша жан басына шаққандағы табыстардың көлденең теңдестірілуі. Жергілікті бюджеттерді бюджеттік реттеу нысандары.

 

Тақырып. Бюджет түсімдерінің экономикалық мазмұны

Бюджет жүйесін басқару деңгейлері. Бюджет жүйесін басқару аппаратының сипаттамасы. Басқару объектілері мен субъектілері. Бюджет жүйесін басқаруда қызмет ету элементтері (жоспарлау,жедел басқару және бақылау). Қаржы органдарының құрылымы, жеке бөлімшелерінің құқықтары мен міндеттемелері. Мемлекеттің қаржысын басқарудағы қаржы министрлігінің құқықтық жағдайы мен маңызы.

Қаржы минисртлігі, қаржы органдарының құрылымы. Қаржы министрлігі, жеке бөлімшелерінің және қазынашылық органдарының жұмысының мазмұны.

Тақырып. Салықтық түсімдерді болжау

Табыс салығын болжамдау әдісі мен тәсілдері. Меншік салығы, оның салық салу базасын анықтау. Тауарларға, қызметтерге мен жұмыстарға ішкі салық бойынша түсімдерді болжауды қалыптастыру: ҚҚС, акциздер. Экономиканың жекелеген секторлары бойынша ҚҚС-н төлеу ерекшеліктері. Табиғи ресурстар үшін төлемдердің түсімі. Әлеуметтік салық шектеулімін есептеу әдісі. Халықаралық сауда мен сыртқы операцияларға салынатын салық, оны есептеудің ерекшелігі мен тәртібі. Салық реформасы және жергілікті бюджеттің кіріс базасын нығайту проблемалары.

 

Тақырып. Мемлекеттік бюджеттің шығыстар жүйесі

Мемлекеттік бюджет шығыстарының экономикалық мазмұны. Бюджет шығыстарының жүйесі мен жіктелуі.

Бюджет түрлері бойынша шығыстардың қалыптастыру ерекшеліктері. Шығыстарды қаржыландырудағы сметалық тәртіп. Республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер шығыстарының сметасын құру тәртібі мен бекітілуі және оларға енгізілетін өзгертулер. Бюджет бағдарламасының әкімшілігі. Екінші деңгейдегі жиынтық смета.