Есептеу техникасының құрылымы және бағдарламалық қамту

Дірістік технологиялық іс тәжірибелік есеп

 

Орындаған: Омархан А.

Тексерген: Рғынбаева Р.Ж.

 

 

Талғар 2016

Мен Омархан Адай Талғар Политехникалық колледжінің 30-топ студенті өндірістік технологиялық іс тәжірибемді Алматы облыс Талғар ауданы Кеңдала ауылы «Коктем» жеке кәсіпкерлігінен өттім. «Коктем» жеке кәсіпкерлігінің қызметтеріне компьютер жөндеу, басып шығару, көшірме жасау, тапсырыс бойынша жеке уйлерге немесе ғимараттарға, әр түрлі мекемелерге интернет желісін жүргізу және бейне камералар орнату секілді біршама қызмет көрсетулер жатады. Негізінен интернет порталдар арқылы алып-сатумен айналысады. Жоғарыда айтылғандай мен өндірістік технологиялық іс-тәжірибеден өткен «Коктем» жеке кәсіпкерлігінің қызметтері тапсырыс қабылдау арқылы іске асырылатындықтан менің тәжірибемнің басым бөлігі кеңседен тыс жерде өттім. Мысалы, белгілі бір жеке үйге немесе мекемеге

бейне-камера желісін жүргізу. Кейде кеңседе интернет арқылы жұмыстар немесе компьютер жөндеу, басып шығару, көшірме жасау секілді жұмыстар да болды.

 

Онда маған тапсырылған жұмыстар тізімі:

 

ДК-ге қызмет көрсету бойынша

Компьютерге Windows ОС 7/8,1/10 операциялық жүйесін орнату;

Жүйлік блок құрастыру, дискжетекті, жеделжад, бейнекарта, микропроцессорды алмастыру;

Басып шығару және көшірме жасау;

Power Point бағдарламасында слайдтар жасау;

Шақыру қызметі бойынша жеке үйлер немесе мекемелердегі компьютерлерге техникалық қызмет көрсету;

Шақыру қызметі бойынша жеке үйлерге немесе мекемелерге интернет және бейнекамера желісін жүргізу;

Жеке кәсіпкерлік қызметі бойынша ақпараттық технологияларға яғни принтерлер, проэкторларға, сканерлерге техникалық қызмет көрсету;

Microsoft Office Word редакторында жұмыс істеу;

Microsoft Office Excel редакторында кесте құру;

Corel Draw бағдарламасында жұмыс.

Интернетте жұмыс істеу.

Windows 7 операциялық жүйесі орнатылған компьютерлер арасында желі байланысын орнату.

 

Ауіпсіздік техникасы ережелері

 

1.Кабинетке сырт киіммен кіруге болмайды.

2.Тәжірибе жетекшісінің рұқсатынсыз компьютерді қосуға болмайды;

3.Компьютерлер тұрған үстелге асынуға, оның үстіне ауыр зат қоюға болмайды;

4.Компьютерлер тұрған бөлмеде жүгіруге,басқа да жұмыстармен айналысуға болмайды;

5.Компьютерде су немесе дымқыл қолмен жұмыс жасауға болмайды;

6.Компьютер алдындағы арақашықтық 70-80см болуы қажет;

7.Компьютерде жұмысты біткеннен кейін орныңнан тұрмай көз жаттығуларын жаса.

8.Егер компьютерден белгісіз жағымсыз иіс шығып жатқанын сезсеңіз дереу оны өшіріп, ток көзінен ажыратып истің не себепті шыққанын анықтау.

 

 

Есептеу техникасының құрылымы және бағдарламалық қамту

Мектептегі есептеу техникасы жайлы айтпас бұрын жалпы есептеу технологиясына түсініктеме беріп өтсем.

Есептеу техникасы- кез-келген ақпарат түрін автоматты түрде жылдам өңдеуге арналған электрондық құрылғылар жиыны. Бір-бірімен нақты түрде байланысып,біртұтас кешендік қызмет атқара алатын құрылғылар жиыны есептеу жүйесі деп аталады. Есептеу жүйелерінің орталық құрылғысы электрондық есептеу машинасы (ЭЕМ) немесе компьютер болып саналады.

Электрониканың дамуы компьютердің жаңа түрін–жеке пайдаланатын дербес компьютерлерді (ДК) көптеп шығаруға жол ашты. Компьютерлерді өндіріс пен жобалау ісінде, ғылыми-зерттеу істері мен білім беруде пайдалану миллиондаған адамдардың жұмыстарының мазмұны мен орындалуын түбегейлі түрде өзгертті десе болады.

ДК жұмыс істеу принципі. Компьютердің барлық есептеу және информация өңдеу істерін атқаратын негізгі құрылғысы-орталық процессор. Бір интегралдық схемадан тұратын процессор микропроцессор деп аталады.

Енгізу құрылғысы ( пернетақта, тышқан, сканер) компьютерге мәлімет енгізу қызметін атқарады. Шығару (мәлімет алу) құрылғысы компьютердің жұмыс нәтижесін адамдарға жеткізу үшін қолданылады. Есте сақтау құрылғысы программаларды, мәліметтерді және жұмыс нәтижелерін сақтауға арналған. Ол сыртқы және ішкі болып екіге бөлінеді.

Оперативті есте сақтау құрылғысы немесе ДК-нің жедел жады (RAM – Random Access Memory), сондай-ақ тұрақты есте сақтау құрылғысы (ROM-Read-only Memory) компьютердің ішкі жадын құрайды, осы екеуімен процессор жұмыс кезінде мәлімет алмасып отырады.

Қатты магниттік диск (винчестер) ДК программалары мен көлемді мәліметтерді еске сақтайды. Олардың көлемі оншақты Гбайттан жүздеген Гбайттарға дейін бола береді. Алмалы-салмалы мәлімет жинақтауыш-иілгіш магниттік дискінің (флоппи-дискілер немесе дискеттер) диаметрі 3,5 дюйм (88 мм), ал сақтайтын информация көлемі -1,44 Мбайт болады.

Мектептегі барлық компьютерлерде Windows 7 Maximal Операциялық жүйесімен (ОЖ) қамтылған және интернетпен қамтылған, бірақ технологиялық іс тәжірибені өту барысында кейбір бағдарламалардың орнатылмауына байланысты (антивирустар, принтердің бағдарламалық қамтуы, және т.б.), операциялық жүйені Windows 8,1/10 операциялық жүйесіне ауыстырдық және технологиялық іс тәжірибені бітіргенше компьютерлер орнатылған ОЖ жұмыс істеп тұрды. Сонымен қатар менің мамандығым техник-бағдарламашы болғандықтан мен іс-тәжірибеден өту барысында мен мектептегі барлық ақпараттық технологияларға яғыни, компьютерлер, проэкторлар, сканерлерге техникалық қызмет көрсеттім.

 

Жасаған жұмыстарым: