Практикалық сабақтардың жоспары

№1-тақырып. Мектеп жасына дейінгі балалардың тіл дамыту әдістемесі пәні

Мазмұны:

  1. Тіл дамыту әдістемесінің методологиялық негізі.
  2. Тіл дамыту әдістемесінің мазмұны мен міндеттері.
  3. Тіл дамыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы.
  4. Тіл дамыту әдістемесінің ғылыми-зерттеу әдістері.

Мақсаты: Тіл дамыту әдістемесі жайында түбегейлі білім беру; Тілдің грамматикалық құрылымы тұтас жүйе екендігін таныту;Осы пәнмен байланысты пәндер: қазақ тілі, қазақ әдебиеті пәндерінен мектептерде, жоғары оқу орындарында алынған білім осы курсты дұрыс меңгеруге септігін тигізеді. Бұл курстан алынған білім қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнін өткенде және жоғарыдағы пәндердің тәжірибелік бөлімдерінде қажет болады.

№2-тақырып. Мектеп жасына дейінгі бала тілін дамыту әдістемесінің даму тарихы.

Мазмұны:

  1. Қазақстандағы тіл дамыту әдістемесінің дамуы.
  2. Б.Баймұратованың тіл дамыту әдістемесіне қосқан үлесі.

Ресейдегі әдістеменің дамуы.

  1. К.Д.Ушинский, Е.Н.Водовозова, Е.И.Тихеева т.б. мектеп жасына дейінгі балаларға ана тілін үйретудің негізін қалаушылар.
  2. 30-40 жылдардағы тіл дамыту бойынша жүргізілген жұмыстар.

Мақсаты: Тіл дамыту мәелесінің ғылым болып қалыптасуы, Б. Б.Баймұратованың, К.Д.Ушинскийдің, А.Байтұрсыновтың ана тілін дамыту тарихына сіңірген еңбектері,пікірлері, әдістемелік еңбектері.

№3-тақырып. Мектепке дейінгі балаларды тіл дамытуға үйрету заңдылықтары мен принциптері.Тіл дамыту жұмыстары, мұғалімнің сөйлеу мәдениетінде қойылатын талаптар.

Мазмұны:

1.Мектепке дейінгі балаларды тіл дамытуға үйрету заңдылықтары.

2.Тіл дамыту әдістемесі пәнінің ұстанамдары.

3.Тіл дамыту жұмыстары жүргізу.

4.Мұғалімнің сөйлеу мәдениетінде қойылатын талаптар.

Мақсаты:Тіл дамыту әдістемесі пәнінің ұстанамдары мен заңдылықтарын таныстыру.

№4-тақырып. Балабақшадағы тіл дамыту жұмысының жүйесі. Тіл дамыту әдістемесінің әдіс-тәсілдері.

Мазмұны:

  1. Мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты тәрбиелеудегі ана тілінің маңызы.
  2. Тіл дамыту жұмысының жүйесі
  3. Тіл дамыту әдістемесінің әдіс-тәсілдері
  4. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қойылатын жалпы талаптар.

Мақсаты:Тіл дамыту әдістемесі пәнінде қолданылатын әдіс- тәсілдермен таныстыру

Тақырып.

Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету әдістемесі

Мазмұны:

  1. Байланыстырып сөйлеу туралы жалпы түсінік
  2. Байланыстырып сөйлеуге үйретудің психологиялық – педагогикалық негіздері
  3. Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретудің түрлері.
  4. Әр топтағы байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмысының мазмұны.
  5. Байланыстырып сөйлеуге үйретудің түрлері, олардың ерекшелігі.

№6-тақырып. Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретудін әдістері. Әңгімелеу барысындағы балалардың ойлау әрекетінің ерекшелігі.

Мазмұны:

1. Тіл мен ойдың адам өміріндегі маңызы.

2. Ойлау әрекетінің ерекшелігі.

3. Бақылау, топсаяхат әдісі.

4. Баяңдау әдісі.

5. Байланыстырып сөйлеуде көркем шығармалардың рөлі.

6. Сауалнама, әңгімелесу.

7. Тәрбиешінің әңгімесі.

8. Модульдік тапсырма беру әдісі.

Мақсаты: Байланыстырып сөйлеуге үйрету жолдары мен байланыстырып сөйлеу түрлері. Монологтық сөйлеуді және диалогтық сөйлеуді дамыту бойынша әдістемелік негіздер.

№7-тақырып. Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретуде лексикалық жаттығу, логикалық сөздік тапсырмалар орындату, ойын т.б. ролі.

Мазмұны:

  1. Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретуде лексикалық жаттығудың алатын орны.
  2. Логикалық сөздік тапсырмалар орындату арқылы балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету,
  3. Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретуде ойынның (дидактикалық) ролі.

Мақсаты: Бала тіліндегі сөздердің морфологиялық, синтаксистік құрылысын қалыптастыру жолдарынан түсінік беру.Жаттығу жұмыстары.

№8-тақырып.Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамыту әдістемесі

Мазмұны:

1. Баланың сөздік қорын дамытудың мазмұны.

2. Бала тіліндегі актив және пассив сөздер.

Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамытудың міндеттері.

Мазмұны:

1. Балаладың сөздік қорын толықтыру.

2. Баланың сөздік қорын нақтылау.

3. Сөздік қорды жандандыру.

4. Бала тілінің тазалығын сақтау.

№9-тақырып Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамытудың әдіс- тәсілдері.

Мазмұны:

  1. Бақылау.
  2. Картинамен жұмыс.
  3. Сөздік жаттығулар.
  4. Жұмбақтар, диафильмдер.
  5. Жаңа сөздің айтылу үлгісін беру.
  6. Дидактикалық ойындар немесе жаттығулар.

Мақсаты:Балалардың сөздік қорын дамыту, грамматикалық дағдыларды қалыптастыру, дыбыстарды дұрыс айта білуге қабілеттерін дамыту – байланыстырып сөйлеуге үйретудің алғышарттары екендігі.

№10-тақырып Сөздің грамматикалық құрылысын қалыптастыру әдістемесі

Мазмұны:

1. Сөздің грамматикалық құрылысы туралы ұғым.

2. Мектеп жасына дейінгі балаларға сөздің грамматикалық құрылысын меңгертудің міндеттері

3. Бір топтағы балалар тілінің грамматикалық құрылысының бір деңгейде болмау себептері.

4. Бала тілін дамытуда грамматикалық жаттығулардың ролі.

Мақсаты:Грамматикалық дағдыларды қалыптастырудағы грамматикалық жаттығулар түрлері, дидактикалық ойындарды қолдану және өткізу әдістемесін меңгерту.

№11-тақырып Сөздің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеуәдістемесі

Мазмұны: