Пән: «Балалар аурулары», «Балалар нефрологиясы»*1*45*1

 

#1

*!3 жасар қызға жедел пиелонефрит диагнозы қойылды. Несепті бак.сепкенде шынайы бактериурия анықталды. Оның санын көрсетіңіз (1 мл зәрдегі микроб денелері):

 

*1000

*5.000

*10.000

*+100.000

*1000.000

 

#2

*!Қант диабетінен зардап шегетін 5 жасар ұл балада симптомсыз бактериурия анықталды. Осы жағдайға сай келетін МЕЙІЛІНШЕ дұрыс жауапты көрсетіңіз:

 

*тек лейкоцитурия болғанда

*клиникасыз бактериурия 103 және гематурия болғанда

*басқа белгілерсіз 1 мл зәрде м.д. 102 бактериурияның болуы

*+басқа белгілерсіз 1 мл зәрде м.д. 105 бактериурияның болуы

*басқа белгілерсіз 1 мл зәрде м.д. 105 бактериурияның және лейкоцитурияның болуы

 

#3

*!НШЖИ-мен 8 жасар балаға несепті флораға бактериологиялық себу тағайындалды.Несепті жинаудың МЕЙІЛІНШЕ дұрыс әдісі:

 

*тәуліктік несептен

*несептің кез келген несеп сынамасы

*қуықтың пункциясы арқылы

*қуықты катетеризациялау арқылы

*+стерильді ыдысқа несептің ортаңғы порциясынан

 

#4

*!3 жасар балаға жедел пиелонефрит диагнозы қойылды. Емдеу үшін антибактериалды препаратты таңдау байланысты:

 

*бактериурия дәрежесіне

*лейкоцитурия дәрежесіне

*+антибиотикке микроорганизм сезімталдығына

*несеп жолдарының обструкциясының болуына

*несеп жолдарының обструкциясының болмауына

 

#5

*!13 жасар қыз балаға емханада жедел цистит диагнозы қойылды. Ішек таяқшасының себілу ықтималдығы:

 

*30%

*60 %

*50 %

*3-5 %

*+80%

 

#6

*!12 жастағы қыз бала. Шағымдары: жиі ауру сезімімен несеп шығару, қасаға үстіндегі ауру сезімі, жиі императивті шақырулар. Бұл шағымдар суықтанғаннан кейін 2-3 күннен бері мазалауда. Тексеру кезінде ЖҚТ өзгеріссіз, ЖНТ-да – Лейк 20-30 к/а, бактериялар +++. Қандай диагноз мейілінше ықтимал?

 

*+цистит

*жедел пиелонефрит

*несеп-тас ауруы

*симптомсыз бактериурия

*тубулоинтерстициалдық нефрит

 

#7

*!1 айлық балада дене қызуы 40 С-қа дейін жоғарылады, тәбеті төмендеп, құсу байқалды. ЖҚТ: лейк -16000, нейтрофилез, ЭТЖ- 30 мм/сағ., ЖНТ-да пиурия. Ауруының 3-ші күні жағдайы нашарлай түсті – интоксикация өршіп, отит, терісінде іріңді бөртпелер пайда болды. Төменде аталған талдаулардың қайсысы диагнозды сенімді түрде дәлелдейді?

 

*жалпы несеп талдауы

*несепті бак.себу

*қанның иммунограммасы

*қанның биохимиялық талдауы

*+инфекция ошағынан бак.себу

 

#8

*!14 жасар қыз бала дене қызуының 39◦С дейін жоғарылауына, әлсіздікке, шаршағыштыққа шағымданып ауруханаға жеткізілді. Анамнезінен: жедел ауырған, 3 күннен бері қызба 39◦С дейін, өз бетінше парацетамол, бисептол қабылдаған, әсері болмаған. Қараған кезде улану симптомдарына байланысты жалпы жағдайы бұзылған, температура 39,5◦С, ісіну жоқ, АҚ 110/70 мм с.б., несеп бөлуі еркін. Зертханалық талдау: Қанда – Нв 120 г/л, лейкоциттер 12 мың, с/я 72%, лимф. 20, мн. 8%, ЭТЖ 40 мм/сағ; Несеп: лайлы, белок 0,066%, лейкоциттер – тұтасымен алып жатыр, бактерия +++. Мыналардың қайсысы осы аурудың дамуының ең ықтимал себебі?

 

*+E. Coli

*Proteus

*Citrobacter

*Ps. aerouginosa

*Staphylococcus

 

#9

*!Қыз балаларда несеп шығару жүйесі инфекциясы жиі кездесуінің ықтимал факторлары болып табылады:

 

*обструктивті уропатияның болуы

*+уретраның қысқа болуы, анустың жақындығы

*қуық дисфункциясының болуы

*іш қату

*дисбактериоз

 

#10

*!Науқаста рецидивирлеуші гематурия. Төменде аталған әдістердің қайсысы гематурияның гломерулалық сипатын МЕЙІЛІНШЕ дәл анықтау үшін қолданылады?

 

*ЖНТ

*протромбин индексі

*протеомдық талдау

*допплерография

*+фазалық-контрасты микроскопия

 

#11

*!Айқын ісінулермен, гипоальбуминемиямен, гиперхолестеринемиямен, протеинуриямен (1,5 г/л) науқаста қандай зерттеулер жүргізгенде нефротикалық синдром диагнозы толықтырылады?

 

*бүйрек УДЗ-і

*коагулограмма

*липидтер фракциясы

*+тәуліктік протеинурия

*несеп тұнбасының микроскопиясы

#12

*!Клиникаға 7 жастағы ұл жедел нефритикалық синдромға күдіктенумен түсті. Жедел нефритикалық синдром үшін қандай көрсеткіштер тән

 

*анемия

*+макрогематурия

*гипопротеинемия

*протеинурия 3,5 г/л

*лейкоцитурия

 

#13

*!5 айлық балада пневмония фонында несеп талдауында – белок 0,165‰, эритроцит 3-4 к/а, лейкоцит 3-5 к/а пайда болды. Несептегі өзгерістердің мейілінше ықтимал себебі болып табылады:

 

*IgA-нефропатия

*тұқым қуалаушы нефрит

*туа біткен нефротикалық синдром

*+температура жоғарылауымен байланысты транзиторлық протеинурия

*БЖЗ

 

#14

*!Қандай клиникалық симптомдар және зертханалық көрсеткіштер жедел постстрептококкты гломерулонефритке МЕЙЛІНШЕ тән болып келеді?

 

*артритпен басталуы және гематурия

*протеинурия және массивті ісінулер

*артериалық гипертензия және гематурия

*қайталамалы ағыммен және лейкоцитурия

*+жедел басталуы, гематурия, циклдық ағым

 

#15

*!Тәуліктік протеинурияны белок/креатинин қатынасын тексеру арқылы анықтау мүмкіндігі болмаған жағдайда несеппен белоктың шығуын қандай сандық әдіс мейілінше анық көрсетеді?

 

*таңғы несептегі

*+тәулік бойы жиналған несептегі

*6 сағат бойы жиналған несептегі

*2 сағат бойы жиналған несептегі

*12 сағат бойы жиналған несептегі

 

#16

*!10 жасар қыз балада нефритикалық синдромға күдік. Осы кезде дамыған артериалды гипертензияның даму механизмі қандай?

 

*жүрекшелік натрийурездік пептид өндірілуінің төмендеуі

*антидиурездік гормонның дұрыс емес өндірілуі

*белок өндірілуінің төмендеуі және гипопротеинемия

*простагландиндер жүйесінің белсенуі

*+РААЖ белсенуі

 

#17

*!10 жасар қыз балада нефритикалық синдромға күдік. Қандай несептік синдром осы синдромға мейілінше тән?

 

*гематурия, лейкоцитурия

*гематурия, балауызды цилиндрлер

*гематурия, гиалиндік цилиндрлер

*гематурия, лейкоцитарлық цилиндрлер

*+гематурия, эритроцитарлық цилиндрлер

 

#18

*!3 жасар балада анасарка. Нефротикалық синдром кезіндегі анасарканың даму механизміне заманауи көзқарас:

 

*+гипопротеинемия протеинуриямен, натрий мен судың ұсталуы

*белок синтезінің төмендеуі және гипопротеинемия

*ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің белсенуі

*антидиуретикалық гормон секрециясының бұзылуы

*жүрекшелік натрийурездік пептид синтезінің төмендеуі

 

#19

*!Шумақшалардың экстpaкапилляpлы типте зақымдалуы (жарты айшықтар түзілуі) гломерулонефриттің келесі түріне тән:

 

*нефритикалық синдромға

*нефpотикалық синдромға

*оқшауланған несептік синдромға

*гематуриямен жүретін нефротикалық синдромға

*+тез үдемелі гломерулонефритке

 

#20

*!Стероидрезистентті нефротикалық синдромнан зардап шегетін 6 жасар балаға нефробиопсияның қажеттілігі талқылануда. Төменде аталғандардан бүйрек биопсиясын өткізуге қарсы көрсеткіш болып табылады:

 

*артериалдық гипертензия

*+жалғыз бүйрек

*гематурия себебі белгісіз

*нефропатияның торпидті ағымы

*себебі белгісіз протеинурия

 

#21

*!13 жастағы пациент, педиатрға проф.қарау кезінде кездейсоқ анықталған микрогематурияға байланысты келді. Анамнезінде бүйрек аурулары анықталмады. АҚҚ 120/80мм с.б. Қандай тактика мейілінше дұрыс?

 

*стероидтар тағайындау

*антибиотиктер тағайындау

*цистоскопия жасау

*бүйрек биопсиясына жіберу

*+эритроциттерді ажырату

 

#22

*!Амбулаторлық тексеру кезінде 16 жастағы жігітте созылмалы бүйрек ауруының белгілері, естудің төмендеуі, несепте протеинурия, гематурия анықталды, атасы бүйрек ауруынан қайтыс болған, әпкесінде 12 жасында микрогематурия анықталған. Қандай емдеу тактикасы мейілінше дұрыс?

 

*стероидтар

*цитостатиктер

*антиагреганттар

*+нефропротекторлар

*антикоагулянттар

 

#23

*!5 жастағы бала клиникаға бетінің пастоздығымен түсті. АҚ 130/80 мм с.б. Несеп талдауларында келесі өзгерістер анықталды: салыст.тығызд 1010, несеп түсі қою қоңыр, белок 1,5 г/л, лейкоциттер-2-3 к/а, эритроциттер – көру аймағында жаппай, цилиндрлер 10-15 к/а. Аталған болжам диагноздардың қайсысы мейілінше мүмкін болып табылады?

 

*+гломерулонефрит, нефритикалық синдром

*жедел пиелонефрит

*тұқым қуалайтын нефрит

*Берже ауруы

*несеп жүйесінің инфекциясы

 

#24

*!13 жасар қыз бала, диагнозы: нефротикалық синдром. Биопсия жасалынды, морфологиялық варианты – ФСГС. Кешенді емді қажет етеді: глюкокортикостероидтармен және Циклоспорин А-мен. Қымбат тұратын бұл препараттарды қабылдауға науқастың құқысы?

 

*ақылы

*+тегін

*төлемнің 25%-ы

*төлемнің 50%-ы

*төлемнің 75%-ы

 

#25

*!15 жастағы науқаста, өткерген респираторлы инфекциядан кейін қайталамалы макрогематурия байқалды (гломерулалық эритроциттер). Төменде аталған диагноздардың қайсысы мейілінше мүмкін?

 

*минималды өзгерістер ауруы

*+IgA-нефропатия

*мембраналық ГН

*мембрано-пролиферативті ГН

*ГН эндокапиллярлы-пролиферативті

 

#26

*!11 жастағы ұл бала, айқын ісінулерге, асцит, аз мөлшерде несеп шығаруға, әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне шағымданды. Суықтанудан соң жедел ауырды. АҚҚ120/80 мм с.б., зәрі ашық-сары. ЖҚТ: лейкоциттер – 6х109, ТК – 0,9, Нв – 110 г/л, ЭТЖ – 55 мм/сағ. Қан сарысуында: жалпы белок – 38 г/л, холестерин – 9,5 ммоль/л. ЖНТ: белок – 5,8 г/л, лейк. – 1-2 к/а, эритр. – 5-6 к/а, салыст.тығ – 1025. Глюкокортикостероидтармен патогенетикалық ем 6 апта мөлшері жүргізілді, ремиссия болған жоқ. Аталған әдістердің қайсысы диагноз қою үшін мейілінше негізделген?

 

*+биопсия

*урография

*цистоскопия

*цистография

*компьютерлік томография

 

#27

*!14 жасар жасөспірімге тексеру кезінде: протеинурия, қайталамалы макрогематурия. Морфологиялық түрде анықталды: мезангиалды жасушалардың диффузды пролиферациясы және мезангийдегі IgA депозиттері. Бұл ауруға қандай ағым тән?

 

*тез үдемелі

*жедел циклды

*әрқашан болжамы қолайлы

*ер адамдарда болжамы жақсы

*+бүйректің біртіндеп склероздануымен созылмалы ағым

 

#28

*!Жедел ішек инфекциясымен 3 айлық балаға бүйрек қызметінің толық жоғалуы сатысындағы пререналді БЖЗ диагнозы қойылды. RIFLE жіктелуі бойынша бұл мына сатыға сәйкес келеді:

 

*R

*I

*F

*+L

*E

 

#29

*!Жақсы дамып жатқан 1 жастағы балада 4 күнге созылған диареядан және құсудан кейін олигурия дамыды. Қанда азотемия, ацидоз. Қандай жағдай мейілінше ықтимал?

 

*шок

*бүйректің созылмалы ауруы

*+бүйректің жедел зақымдалуы

*жедел нефротикалық синдром

*жедел нефритикалық синдром

 

#30

*!3 жастағы балада нефротикалық синдром, креатинин 200 мкмоль/л. БЖЗ-ң мейілінше ықтимал себебін көрсетіңіз:

 

*гиперхолестеринемия

*+гиповолемия

*нефриттің жоғары белсенділігі

*жоғары АҚҚ

*гематурияның болуы

 

#31

*!Жүйелі қызыл жегімен 17 жасар қыз балада БЖЗ болжанды. Жүйелі васкулиттер кезіндегі БЖЗ дамуының себебі қандай?

 

*+тез үдемелі ГН

*гиповолемия

*кардиогенді шок

*бүйрек артериясының стенозы

*постреналды обструкция

 

#32

*!10 айлық балада – гастроэнтериттен кейін анықталды: анемия, тромбоцитопения, жоғарылаған креатинин. Мына этиологиялық факторлардың қайсысы мейілінше ықтимал?

 

*шигелла

*стафилококк

*энтеровирус

*кампиллобактерия

*+шигатоксин өндіретін E.coli

 

#33

*!3 жасар бала В12 дәруменінің 10 таблеткасын жеп қойды. Құсу пайда болып, диурезі азайды, несепте эритроциттер пайда болды. Төменде көрсетілген жағдайлардың қайсысының дамуы мейілінше ықтимал?

 

*+реналді БЖЗ

*пререналді БЖЗ

*постреналді БЖЗ

*обструктивті БЖЗ

*функционалды БЖЗ

 

#34

*!3 жасар бала В12 дәруменінің 10 таблеткасын жеп қойды. Құсу пайда болып, диурезі азайды, несепте эритроциттер пайда болды. БЖЗ-ң олигоуриялық кезеңінің ұзақтығы қаншаға созылады:

 

*1 жыл

*1-2 апта

*бірнеше сағат

*2 айдан астам

*+бірнеше сағаттан бірнеше аптаға дейін

 

#35

*!СЕҚҚП қабылдағаннан кейін 10 жасар қыз балада олигурия дамып, бозарды, бетінде бөртпе пайда болды. Артынан полиурия дамыды. Несепте менш.салм. – 1005, қант ++, белок – 0,033%. Лейкоциттер мен эритроциттер – к/а 2-3. Нефронның қай бөлімінің зақымдалғанын болжауға болады?

 

*әкелуші артериолалардың

*әкетуші артериолалардың

*ірі тамырлардың

*шумақшалардың

*+өзекшелердің

 

#36

*!2 айлық балада жедел ішек инфекциясы фонында БЖЗ дамыды. БЖЗ сатысын бағалау үшін мына зерттеуді жүргізу керек:

 

*тромбоциттер

*ретикулоциттер

*+креатинин

*билирубин

*калий, натрий

 

#37

*!3 жасар балада бүйректің созылмалы ауруының 4 сатысы. БСА-ң мейілінше ықтимал себебі:

 

*қант диабеті

*нефротикалық синдром

*жедел стрептококктан кейінгі ГН

*бүйрек аплазиясы

*+ҚНР 5 дәр.

 

#38

*!13 жасар ұл бала. Диагноз: созылмалы гломерулонефрит. Тұрақты протеинурия байқалады. ШФЖ – 156 мл/мин. Бүйректің созылмалы ауруының қандай сатысына сәйкес келеді?

 

*+1

*2

*3

*4

*5

 

#39

*!3 жасар балада ҚНР-ң 3 дәр. фонында БСА-ң 3 сатысы анықталды. Үдеудің МЕЙІЛІНШЕ универсалды механизмі болып табылады?

 

*протеинурия

*гипертензия

*пиелонефриттің рецидивтері

*реналды анемия

*+шумақішілік гипертензия және гиперфильтрация

 

#40

*!1,5 жасар балада туа біткен нефротикалық синдром фонындағы БСА-ң 3 сатысы. Бүйректің созылмалы ауруы кезінде гиперфильтрацияның рөлі қандай?

 

*бүйрек қызметін жақсарту

*бүйрек қызметіне әсер етпейді

*+нефросклероз үдеуінің универсалды механизмі

*тек пиелонефрит кезінде склероздаушы әсері бар

*тек гломерулонефрит кезінде склероздаушы әсері бар

 

#41

*!Балаларда шумақтық фильтрация жылдамдығы төменде келтірілгеннің арасында қай формуламен есептеледі?

 

*+Шварц

*Реберг-Тареев

*Кокрофт-Голт

*Дене салмағының индексі

*Салмақ-жасының көрсеткіші

 

#42

*!Несеп-тас ауруы бар 10 жасар қыз балада Шварц бойынша есептелген шумақтық фильтрация жылдамдығы 35мл/мин. Төменде келтірілген бүйректің созылмалы ауруының арасында қай сатысын ойлауға болады?

 

*1

*2

*+3

*4

*5

 

#43

*!Балаға несеп жолдарының ақауларына байланысты ота жасалды. Төменде аталғандардың қайсысы нефросклероздың диагностикасын нақты көрсетеді?

 

*несептегі белок

*+қандағы креатинин

*бүйрек УДЗ

*цистография

*экскреторлы урография

 

#44

*!13 жасар ұл бала. Диагноз: созылмалы гломерулонефрит. Тұрақты протеинурия байқалады. ШФЖ=156 мл/мин. Бүйректің созылмалы ауруының қандай сатысына сәйкес келеді?

 

*+1

*2

*3

*4

*5

 

#45

*!1,5 айлық балада оң бүйректің гипоплазиясы. Аталғандардың қайсысы олигонефрония кезінде бүйректің созылмалы ауруының ең мүмкін болатын даму механизмі болып табылады?

 

*+гиперфильтрация

*обструктивті уропатия

*несеп жүйесінің инфекциясы

*бүйрек тамырларының васкулиті

*шумақтардың иммунды зақымдалуы