Пән: «Балалар аурулары», «Нәрестелік кезеңнің физиологиясы мен патологиясының блогы» *2*98*1

#543

*!Жаңа туылған нәрестенің өмірінің 8 күнінде кіндік маңында, шабында қызарулар, суланулар, сызаттар пайда болды. Ары қарай олар іш терісіндегі, денесіндегі айқын эритемаларға ұласты. Солғын көпіршіктер, ауқымды эрозиялар пайда болды, Никольский симптомы оң. Жаңа туылған нәрестенің денесі «ыстық суға күйіп қалған» кейіпте.

Келтірілгендердің ішіндегі ЕҢ ықтималды болжамалы диагноз қайсысы?

*Пемфигус

*Везикулопустулез

*Тілме қабынуы

*+Риттердің эксфолиативті дерматиті

*Туа біткен буллезді эпидермолиз

 

#544

*!Нәрестеге 15 күн, салмақ жоғалтуда, нашар сорады, дене қызуы 38,0 С. Гиперестезия, тоникалық тырысулар, сарғаю, сулы кіндік, ине еккен жерлерден қанағыштық, өкпесінде перкуторлы дыбыстың қысқаруы байқалады.

Келтірілгендердің ішіндегі ЕҢ ықтималды болжамалы диагноз қайсысы?

*Құрсақішілік пневмония, ДВС-синдром

*Құрсақішілік цитомегаловирусты инфекция

*Постнаталды пневмония

*+Сепсис, ДВС-синдромы

*Менингит, ДВС-синдромы

#545

*!Нәресте пренаталды гипотрофия белгілерімен туылды. Алғашқы күннен бастап тыныс алуы нашар, мұрнынан сілекейлі-іріңді бөлініс бөлінеді. Денесінде ірі көпіршікті бөртпелер бар. Табан мен алақан терісі «жылтыр», көпіршіктер бір-бірімен қосылуға бейім.

Келтірілгендердің ішіндегі ЕҢ ықтималды болжамалы диагноз қайсысы?

*Туа біткен цитомегалия

*+Туа біткен мерез

*Туа біткен листериоз

* Туа біткенқызамық

*Туа біткен буллезді эпидермолиз

 

#546

*!Нәресте салмағы 2400,0 гр, бойы 45см., 36 аптада туылды. 3 тәуліктен бастап сарғаю синдромы басталып, 12 тәулікке дейін созылды, гепатоспленомегалия, денесінде петехиалды бөрітпелер пайда болды. Ұртынан алынған жағындыда ядросы мен цитоплазмасында қосындылары бар ірі көпядролы жасушалар табылды.

Келтірілгендердің ішіндегі ЕҢ ықтималды алдын ала болжамалы диагноз қайсысы?

*Туа біткен мерез

*Туа біткен қызылша

*Туа біткен листериоз

*Туа біткен токсоплазмоз

*+Туа біткен ЦМВ инфекциясы

#547

*!Нәрестеде өмірінің 2тәулігінде терісінде сарғаю пайда болды. Анамнезінен: нәресте 3 жүктіліктен,40 апта мерзімінде 1босанудан туылған. Туылғандағы салмағы 3200,0, бойы 51см.Анасының қан тобы-O (I) бірінші, Rh (+) оң, нәрестенің қан тобы -B (III) үшінші, Rh (-) теріс.

Қанның биохимиялық талдауында қандай көрсеткіштің жоғарлауы ЕҢ ықтималды болып табылады?

*АЛТ, АСТ

*Тимол сынамасының

*С-реактивті белоктың

*Тікелей билирубиннің

*+Тікелей емес билирубиннің

 

#548

*!Өмірінің 5 күні жаңа туылған нәрестеде терісінің сарғаюы байқалды. Гемоглобин - 164 г/л; тікелей емес фракция есебінен жалпы билирубин 198,5 ммоль/л. Анасының қан тобы А (II)екінші, Rh(+) оң, нәрестеде - A (II)екінші, Rh (-)теріс.

Келтірілгендердің қайсысы ЕҢ ықтималды болжамалы диагноз болып табылады?

*Туа біткен гепатит

*+Физиологиялық сарғаю

*Минковский-Шоффар анемиясы

*Өт шығару жолдары атрезиясы

*Нәрестелердің гемолитикалық ауруы

#549

*!Нәресте туылғанда тынысы жоқ, терісі боз, тітіркендіргіштерге жауап бермейді,жүрек соғысы әлсіз,сирек, аяқ-қолы салбыраған.

Төмендегілердің ішінде ЕҢ ықтималды алдын ала болжамалы диагноз қайсысы?

*Ұрықтың антенаталды өлімі

*Ұрықтың интранаталды өлімі

*Ерте неонатальдық өлім

*+Ауыр дәрежелі асфиксия

*Орта дәрежелі асфиксия

 

#550

*!Ұрықта туа біткен ақаулар дамуының ЕҢ ықтималды критикалық мерзімі қандай?

*28 аптаға дейін

*+12 аптаға дейін

*2-4 аптаға дейін

*16-17 аптаға дейін

*32-34 аптаға дейін

 

#551

*!ДДҰ ұсыныстары бойынша тірі туылудың ЕҢ ықтималды критерийлері болып қандай критерийлар жиынтығы табылады?

*Тыныс алуы, жүрек соғысы, рефлекстері

*Тыныс алуы, жүрек соғысы,терінің түсі

*Тыныс алуы, жүрек соғысы, бұлшық ет тонусы

*Тыныс алуы, жүрек соғысы, бұлшық ет тонусы, кіндік пульсациясы, терінің түсі

*+Тыныс алуы,жүрек соғысы,кіндік пульсациясы, бұлшық еттің спонтанды қозғалысы

 

#552

*!Неонотальдық кезең бұл

*туылған кезден өмірінің жетінші күніне дейінгі

*+туылған кезден өмірінің жиырма сегізінші күніне дейінгі

*құрсақішілік дамудың жиырма екінші аптасынан бір айға дейінгі

*құрсақішілік дамудың жиырма екінші аптасынан жетінші күніне дейінгі

*құрсақішілік дамудың жиырма сегізінші аптасынан өмірінің жетінші куніне дейінгі кезең

 

#553

*!Перинаталдық кезеңге сәйкес келеді

*ұрықтандырудан бастап босануға дейінгі

*туылған кезден бастап өмірінің жетінші күніне дейінгі

*құрсақішілік дамудың жиырма екінші аптасынан бір айға дейінгі

*+құрсақішілік дамудың жиырма екінші аптасынан өмірінің жетінші күніне дейінгі

*құрсақішілік дамудың жиырма сегізінші аптасынан өмірінің жетінші күніне дейінгі кезең

 

#554

*!Регионализациялау дегеніміз ана мен нәрестеге бірнеше деңгейде перинаталдық көмек көрсету, яғни

*бір деңгейлі

*екі деңгейлі

*+үш деңгейлі

*төрт деңгейлі

*бес деңгейлі

#555

*!Нәресте жүктіліктің 40-шы аптасында туылды.Туылғандағы салмағы 3750,0 гр., бойы 50см. Бірден даусын шығарып жылады.Босану бөлмесінде бірден емшек емді, емуі белсенді.3 тәулікте салмағы 3500,0 гр. Кеуде, іш, аяқ-қол терісінде қызғылт тусті көпіршікті-папулезді бөртпе байқалады.Тексеру кезінде жөргекте ақшыл-қызыл тусті дақтар анықталды.

Көрсетілген жағдайлардың қайсысы ЕҢ ықтималды?

*Дене салмағының транзиторлық азаюы,зәр қышқылды инфаркт,мелена,уытты эритема

*+Дене салмағының транзиторлық азаюы,уытты эритема,зәр қышқылды инфаркт

*Физиологиялық эритема, дене салмағының транзиторлық азаюы,олигурия

*Физиологиялық эритема, дене салмағының транзиторлық азаюы,мелена

*Дене салмағының транзиторлық азаюы,олигурия, тербөртпе

 

#556

*!Мерзімі жетіп туылған нәресте, дене салмағы 3250,0 гр., бойы 52см., Апгар бағанасы бойынша 8-10 баллмен туылды. Емшекті бірден емді. 5-тәулікте тері жамылғысының сарғыштығы байқалды, сүт бездері симметриялы түрде ұлғайған, бездер үстіндегі тері өзгеріссіз.Улкен дәреті сұйық, жасыл шырыш араласқан.

Шекаралық жағдайлардың қайсысы ЕҢ ықтималды?

*Физиологиялық сарғаю, мастит,дисбактериоз

*Физиологиялық сарғаю, мастит,ішектің транзиторлық катары

*Патологиялық сарғаю,физиологиялық мастопатия,дисбактериоз

*+Физиологиялық сарғаю,жыныстық криз,ішектің транзиторлық катары

*Патологиялық сарғаю,физиологиялық мастопатия, ішектің транзиторлық катары

 

#557

*!Нәресте жүктіліктің 38-ші аптасында туылды. Туылғандағы салмағы 3150,0 гр, бойы 50см. Бірден айғайлады, емшекті бірден емді, белсенді емеді. Тексеру барысында өмірінің 3 күні жөргекте ақшыл-қызыл түсті дақтар анықталды.

Көрсетілгендердің қайсысы нәрестедегі зәр қышқылды инфаркттың ЕҢ ықтималды себебі болып табылады?

*АДГ концентрациясының төмендеуі

*Ренин концентрацясының жоғарылауы

*Бүйрек түтікшелері қызметінің төмендеуі

*+Зат алмасудың катаболикалық бағыты

*Бүйректің сүзу қызметінің төмендеуі

 

#558

*!Нәресте жүктіліктің 40 аптасында туылды. Туылғандағы салмағы 3750,0 гр.Бірден айғайлады. Босану бөлмесінде емшекке салынды, белсенді емді. Өмірінің 3 кунінде жалпы жағдайы қанағаттанарлық, дене қызуы қалыпты.Кеуде, іш терісінде, аяқ – қолдарында ақшыл қызғылт түсті дақты-папулезды бөрітпе пайда болды.

Төменде көрсетілген болжамалы диагноздың қайсысы ЕҢ ықтимал болып табылады?

*Тербөртпе

*Везикулопустуллез

*Псевдофурункуллез

*+Уытты эритема

*Эпидемиялық күлдіреуік

 

#559

*!Мерзіміне жеткен нәресте қанағаттанарлық жағдайда туылып,3 куні уйіне шығарылды. Өмірінің 6 күнінде шап және қолтық тері қатпарларында айқын қызару пайда болып, ары қарай аздаған майда эрозияларға ұласты. Дене қызуы қалыпты, жалпы жағдайы қанағаттанарлық.

Көрсетілген болжамалы диагноздың қайсысы ЕҢ ықтимал болып табылады?

*Тербөртпе

*+Баздану

*Везикулез

*Тілме қабынуы

*Жаялықтық дерматит

 

#560

*!Жаңа туылған нәресте үшін төменде көрсетілгендердің ішінде ЕҢ ықтималды шекаралық жағдай қайсысы?

*Тербөртпе

*Гемангиома

*Күлдіреуік

*Телеангиоэктазия

*+Уытты эритема

 

#561

*!Жаңа туылған нәрестеде өмірінің 4 сағатында төбе және шүйде сүйектері аумағындағы жұмсақ тіндерде жұмсақ эластикалық консистенциялы жайылған ісік анықталды.

Төменде көрсетілген болжамалы диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтималды?

*+Босану кезіндегі ісік

*Кефалогематома

*Бас сүйегінің сынығы

*Төбе сүйегі аумағының жаншылуы

*Бастың шашты бөлігінің флегмонасы

 

#562

*!Нәресте жүктіліктің 43-ші аптасында туылды.Туылғандағы салмағы 4200,0 гр., бойы 54см.

Аталған белгілердің қайсысы мерзімінен асып туылған нәрестеге АНАҒҰРЛЫМ тән?

*Айқын лануго

*Бас сүйегінің жұмсақтығы

*Қызғылт, барқыттай тегіс тері

*+Алақан мен табан терісінің мацерациясы

*Жақсы дамыған тері асты май қабаты

 

#563

*!Жергілікті дәрігерге 2 апталық нәрестенің анасы нәрестенің сүт бездерінің қатаюы мен жыныс жолдарынан бөлінділерге шағымданды Қарағанда нәрестенің жағдайы қанағаттанарлық,қызуы қалыпты,салмақ қосып жатыр.

Төменде келтірілген болжамалы диагноздың қайсысы ЕҢ ықтималды?

*+Жыныстық криз

*Екі жақты мастит

*Десквамативті вульвовагинит

*Физиологиялық мастопатия

*Этиологиясы анықталмаған вульвовагинит

 

#564

*!Мерзімі жетіп туылған нәресте дене салмағы 3500,0 гр., бойы 52см., Апгар бағанасы бойынша 8-9 баллмен туылды.Емшекті бірден емді, тек ана сүтімен тамақтанады.3 тәулікте перзентханадан шығарылды. Өмірінің 2 аптасында мойында, іштің төменгі, кеуденің жоғарғы бөлігінде диаметрі 1-2мм болатын майда қызыл дақтар пайда болды. Жалпы жағдайы өзгермеген, дене қызуы қалыпты.

Төменде көрсетілген факторлардың қайсысы жаңа туылған нәрестедегі тербөртпенің ЕҢ ықтималды себебі болып табылады?

*Артық тамақтандыру

*Инфекция

*Тоңу

*+Жеткіліксіз күтім

*Босану кезіндегі терінің зақымдануы

 

#565

*!Төменде көрсетілгендердің қайсысы нәрестедегі бейімделу процесі бұзылысының ЕҢ негізгі себебі болып табылады?

*Капиллярлардың кеңеюі және қанағу серпімділігінің төмендеуі

*Кіндік тамырларының тарылып, ары қарай облитерацияға ұшырауы

*+Туылғаннан кейін өкпе артериолдарының тұрақты тарылуы

*Артериалдық гипертензия

*Тахикардия

 

#566

*!Жаңа туылған нәресте тексеру барысында қатты дыбыс естігенде құшағын ашып, содан соң қолдарын қайтадан бастапқы жағдайға акеледі .

Бұл рефлекс қалай аталады?

*Робинсон

*Ұстау

*Бабкин

*+Моро

*Бабинский

 

#567

*!Нәрестені асқазан түтікшесі арқылы тамақтандыру көрсетілген қандай ЕҢ маңызды қауіп-қатердің алдын алады?

*+Аспирацияның

*Гипотрофияның

*Дегидратацияның

*Дисбактериоздың

*Ішек моторикасы бұзылысының

 

#568

*!Нәрестедегі аэрофагияны болдырмау жолы

*спазмолитиктер тағайындау

*баланы үзіліспен емізу

*емізген кезде баланы тік ұстау

*емізгеннен кейін баланы жатқызу

*+емізгеннен кейін баланы тік ұстау

#569

*!Нәресте 2-ші жүктіліктен,1мерзімінен бұрын босанудан,Апгар бағанасы бойынша 6-7 баллмен жүктіліктің 34 аптасында туылды. Туылғандағы салмағы 2230,0 гр., бойы-43 см. Анамнезінен: жүктіліктің 1-жартысында токсикоз, екінші жартысында созылмалы пиелонефриттің өршуі байқалған.

Төменде келтірілгендердің қайсысы шала туылған нәрестенің өмір сүріп кету мүмкіндігін анықтайтын ЕҢ негізгі фактор болып табылады?

*+Гестация мерзімі

*Жаңа туылған нәрестенің салмағы мен бойы

*Жүктіліктің және босанудың қолайсыз ағымы

*Туылу кезіндегі шала туылған нәрестенің жағдайының ауырлығы

*Жоғарғы дәрежелі перинаталдық қауіп-қатер тобынан болу

 

#570

*!Нәресте 10-шы жүктіліктен,5-ші мерзімінен бұрын босанудан жүктіліктің 28-29 аптасында туылды, салмағы 1420,0 гр., бойы-38 см.Анамнезінде: 5 аборт болған,анасы 42 жаста, үй шаруасындағы әйел, медициналық мекемесі жоқ ауылды жерде тұрады.

Аталған факторлардың қайсысы шала тууылудың ЕҢ ықтималды себебі болып табылады?

*Анасының білімі

*+Көптеген аборттар

*Қоршаған ортаның әсері

*Анасының жасының 40-тан асқандығы

*Аумақтық медициналық қызмет көрсету деңгейі

 

#571

*!Нәресте 2-ші жүктіліктен, 1-ші мерзімінен бұрын босанудан,жүктіліктің 28 аптасында туылды,туылғандағы салмағы 1020,0гр.,бойы-37 см. Туылғаннан кейін нәрестеде гипотермия байқалды.

Төменде көрсетілгендердің қайсысы шала туылған нәрестедегі гипотремияның ЕҢ ықтималды себебі болып табылады?

*Дененің үлкен аумағы

*Туылғандағы төмен салмақ

*Қоршаған ортаның микроклиматы

*+Термореттеу орталығының жетілмеуі

*Тері асты май қабатының жұқа болуы

 

#572

*!Нәресте 2-ші жүктіліктен,1мерзімінен бұрын босанудан,Апгар бағанасы бойынша 1-3 баллмен жүктіліктің 34 аптасында туылды. Туылғандағы салмағы 2350,0 гр., бойы-44 см.

Екпінді терапия жүргізілуде, нәресте ұзақ уақытқа парентералды тамақтануға көшірілген.

Көрсетілгендердің қайсысы шала туылған нәрестені ұзақ уақыт парентеральды тамақтандырудан болатын асқынудың ЕҢ ықтималды себебі болып табылады?
*Ішектің шырышты қабатының атрофиясының дамуы
*Гипотрофияның дамуы
*+Инфицирлену даму қаупі
*Сору және жұту рефлекстерінің төмендеуі

*Ішекте қалыпты бифидум флораның қоныстануының ұзаруы

 

#573

*!Шала туылған нәресте жүктіліктің 28 аптасында, 1150,0гр. салмақпен, бойы 37cм.,тыныс алу бұзылысы синдромы және ОЖЖ-ң гипоксия белгілерімен туылды.

Өте төмен салмақпен шала туылған нәрестелерді тамақтандыру кезінде көрсетілгендердің қайсысы ЕҢ мүмкін мәселе болып табылады?
*+Жиі апноэ

*Жиі аспирация
*Гипогалактия даму қаупі
*Емшек сүтінің жоғары калоражы

*Сүттің калоражын күнделікті есептеу қажеттілігі

 

#574

*!Шала туылған нәресте жүктіліктің 27 аптасында, 940,0гр. салмақпен, бойы 35cм. болып туылды.

Шала туылған нәрестені тамақтандыруда туындайтын ЕҢ ықтималды қиыншылықтар қандай?
*Ұзақ ұйықтау
*Ішек перистальтикасының төмендігі
*Липаза ферментінің белсенділігінің төмендігі

*+Сору және жұту рефлекстерінің төмендігі

*Асқазан көлемінің кішілігі және тамақтың шығу уақытының ұзақтығы

 

#575

*!Шала туылған нәрестеде тыныс алу бұзылыс синдромының дамуында аталғандардың қайсысы ЕҢ мүмкін бейімдеуші фактор болып табылады?

*+Гестация мерзімінің 34 аптадан төмен болуы

*Құрсақішілік инфекциялар

*Перинатальдық гипоксия

*Өкпенің туа біткен ақаулары

*Анасының экстрагенитальді патологиясының болуы

 

#576

*!Көрсетілгендердің қайсысы шала туылған нәрестелердің сұйықтық жоғалтуының ЕҢ ықтималды себебі болып табылады?

*+Кувез жағдайында ұзақ уақыт болуы

*Емгеннен кейін аузынан артық сүттің шығуы

*Фототерапия

*Гипогалактия

*Гипотермия

 

#577

*!Шала туылған нәрестеге асқазан ішек жолдары жағынан қандай физиологиялық ерекшелік АНАҒҰРЛЫМ тән?

*+Ішек перистальтикасының төмендігі

*Биш май түйіндерінің болмауы

*Сілекейде лизоцимнің аз болуы

*Қысқа, кең өңеш

*Асқазан көлемінің кіші болуы

 

#578

*!Шала туылған нәрестеге тыныс алу ағзалары жағынан қандай физиологиялық ерекшелік АНАҒҰРЛЫМ тән?

*Диафрагманың жоғары орналасуы

*Жоғарғы тыныс жолдары тар

*Кеуде қуысы жұмсақ

*Тыныс алу ритмі тұрақсыз, жиі апноэмен

*+Альвеолаларда сурфактанттың мөлшері аз

 

#579

*!Шала туылған нәрестеге жүрек-қан тамыр жүйесі жағынан қандай физиологиялық ерекшелік АНАҒҰРЛЫМ тән?

*Артериалды қысымның төмен болуы

*Тамыр соғысы ритмі эмбриокардия типті

*Алғашқы сағаттардағы метаболикалық ацидоз

*+Жиі тұрақсыз, әлсіз пульс

*Фетальді коммуникация қызмет жасауына байланысты шуылдың болуы

 

#580

*!Шала туылған нәрестеге орталық жүйке жүйесі жағынан қандай физиологиялық ерекшелік АНАҒҰРЛЫМ тән?

*Бұлшықет гипотониясы

*+Терморегуляцияның толық жетілмеуі

*Тітіркендіргіштерге әлсіз жауап беруі

*Сору рефлексінің әлсіз болуы

*Қозғалысы ретсіз,шошыну, колының дірілдеуі, табан клонусы

 

#581

*!Шала туылған нәрестенің постнаталды күтімін ұйымдастырудағы ЕҢ маңызды принцип қандай?

*Күтуде қолайлы жағдай орнату

*+Инфекцяның алдын-алу

*Дисбактериоздың алдын-алу

*Емшекпен емізу

*Иммунокоррекция

 

#582

*!Көрсетілгендердің қайсысы ұрықта ҚІДК дамуының ЕҢ ықтималды себебі болып табылады?

*Анасының зиянды әдеттері

*Ананың жасының 40-тан асуы

*Қолайсыз әлеуметтік жағдай

*Бала жолдасы мен кіндіктің даму ақаулары

*+Созылмалы фетоплацентарлық жетіспеушілік

#583

*!Жаңа туылған нәрестеде өмірінің 8 күнінде бөксе, жамбас терісінде диаметрі 1-3 мм болатын іші іріңді ұсақ күлдіреулер пайда болды. Жағдайы қалыпты.

Келтірілгендердің ішіндегі ЕҢ ықтималды болжамалы диагноз қайсысы?

*Пемфигус

*+Везикулопустулез

*Фигнердің псевдофурункулезі

*Риттердің эксфолиативті дерматиті

*Туа біткен буллезді эпидермолиз

 

#584

*!Жаңа туылған нәрестенің басының шашты бөлігінде, арқасында диаметрі 1,0 см болатын қып қызыл түсті тері асты түйіндері пайда болды. Нәрестенің жалпы жағдайы нашарлаған, дене температурасы 380 С.

Келтірілгендердің ішіндегі ЕҢ ықтималды болжамалы диагноз қайсысы?

*Нәрестенің некротикалық флегмонасы

*+Фигнер псевдофурункулезі

*Везикулопустулез

*Адипонекроз

*Пемфигус

 

#585

*!Жаңа туылған нәрестеде қан алмастыру операциясынан соң 2 күннен кейін кіндік сақинасында қызару және инфильтрация пайда болды, кіндік тамырлары пальпацияланады. Кіндік жарасынан аздаған серозды-іріңді бөлінулер бөлінеді.

Келтірілгендердің ішіндегі ЕҢ ықтималды болжамалы диагноз қайсысы?

*Суланған кіндік

*Кіндік жыланкөзі

*Кіндік фунгусы

*+Іріңді омфалит

*Кіндіктің гангренасы

 

#586

*!Нәресте 1жүктіліктен,1 мерзіміндегі босанудан. Жүктіліктің үшінші триместрінде созылмалы пиелонефриттің өршуі байқалған. Босану ұрық маңы суының босануға дейінгі кетуімен асқынды.Жаңа туылған нәрестеде өмірінің 3-ші күнінде терінің табиғи қыртыстарында, бастың шашты бөлігінде іріңді бөртпелер пайда болды. Нәрестенің жалпы жағдайы бұзылмаған.

Келтірілгендердің ішіндегі ЕҢ ықтималды болжамалы диагноз қайсысы?

*Тербөртпе

*Пемфигус

*Псевдофурункулёз

*+Везикулопустуллез

*Токсикалық эритема

 

#587

*!Жаңа туылған нәрестенің өмірінің 5-ші күнінде терісінде ұсақ іріңді көпіршіктер пайда болды. Терісі аздап қызарған. Дене температурасы қалыпты, емшекті белсенді сорады, құспайды. Жалпы жағдайы дұрыс.

Келтірілгендердің ішіндегі ЕҢ ықтималды болжамалы диагноз қайсысы?

*Риттердің эксфолиативті дерматиті

*+Везикулопустулез

*Фигнер псевдофурункуллезі

*Пемфигус

*Тербөртпе

 

#588

*!Нәресте 4-ші жүктіліктен,1 мерзіміндегі босанудан, қанағаттанарлық жағдайда туылған. Жүктіліктің 2-ші триместрінде анасы пневмониямен ауырған. Жаңа туылған нәрестенің өмірінің 4-ші тәулігінде арқасының төменгі үштен бір бөлігінің терісінде қошқыл көкшіл түсті қызару, ісік пайда болды және уланудың жалпы белгілері: мазасыздық, әлсіздік, байқалды, ембейді, қызуы 38,7 0С дейін жоғарылады.

Келтірілгендердің ішіндегі ЕҢ ықтималды болжамалы диагноз қайсысы?

*Күлдіреуік

*Адипонекроз

*Фигнер псевдофурункулёзі

*Риттердің эксфолиативті дерматиті

*+Нәрестенің некротикалық флегмонасы

 

#589

*!Жаңа туылған нәрестеде өмірінің 6-шы күнінде табиғи қатпарлардың терісінде ұсақ эрозияларға айналған айқын қызарулар пайда болды. Нәрестенің жалпы жағдайы өзгермеген,қызуы қалыпты.

Келтірілгендердің ішіндегі ЕҢ ықтималды болжамалы диагноз қайсысы?

*Риттердің эксфолиативті дерматиті

*Везикулопустулез

*Тербөртпе

*Пемфигус

*+Баздану

 

#590

*!Жаңа туылған нәрестеге 12 күн. Перзентханадан 5-ші күні кіндік қалдығы түскен соң шығарылған, шыққаннан кейін кіндік жарасы суланады,кіндік сақинасында аздаған қызару, жеңіл инфильтрация бар. Кіндік жарасынан аздаған қанды бөліністер бөлінеді. Киімі кіндігіне жабысады. Жалпы жағдайы бұзылмаған, белсенді емеді. Дене қызуы қалыпты.

Келтірілгендердің ішіндегі ЕҢ ықтималды болжамалы диагноз қайсысы?

*Урахус

*Сулы кіндік

*Амниотикалық кіндік

*+Серозды омфалит

*Кіндік жыланкөзі

 

#591

*!Нәресте қанағаттанарлық жағдайда туылды, ана омырауын емеді, анасы жүктілік кезінде толықтай тексеруден өткен, ешқандай патология анықталмаған. Туылғаннан кейін 3 тәулікте перзентхандан шығарылған. 5тәулікте нәрестенің денесінде көлемі асбұршақтай өздігінен жарылып, қайтадан пайда болатын көпіршіктер пайда болды.Нәрестенің жағдайы бұзылған,жалпы улану белгілері байқалады.

Келтірілгендердің ішіндегі ЕҢ ықтималды болжамалы диагноз қайсысы?

*+Нәрестелер пемфигусы

*Риттердің эксфолиативті дерматиті

*Везикулопустулез

*Туа біткен мерез

*Псевдофурункулез

 

#592

*!Жаңа туылған нәресте перзентханадан қанағаттанарлық жағдайда 3 тәулікте үйіне шығарылған. 7 тәулікте кіндік маңы терісінде ұсақ көпіршікті бөртпелер пайда болған. Ары қарай олардың көлемі асбұршақтай болып бүкіл денеге таралды, құрамында ірің бар, беті эрозиялы. Температурасы субфебрилді, әлсіз, сору рефлексі төмен.

Келтірілгендердің ішіндегі ЕҢ ықтималды болжамалы диагноз қайсысы?

*Везикулопустулез

*Псевдофурункулез

*Тілме қабыну

*+Нәрестелер пемфигусы

*Риттердің эксфолиативті дерматиті

 

#593

*!Мерзіміне жетіп туылған нәресте қанағаттанарлық жағдайда туылып, 3 тәулікте перзентханадан шығарылған.10 тәулікте сүт бездері ұлғайып, оның маңындағы тері жабындысы қызарған, іріңді бөлінулер бөлінеді. Дене қызуыы 38,6 0. Әлсіз, сору рефлексі нашарлаған.

Келтірілгендердің ішіндегі ЕҢ ықтималды болжамалы диагноз қайсысы?

*Склерема

*Склередема

*Некротикалық флегмона

*+Нәресте маститі

*Физиологиялық мастопатия

 

#594

*!Төменде көрсетілгендердің қайсысы флегманозды омфалитке ЕҢ тән болып табылады?

*Кіндік жарасынан серозды бөлінділер

*+Кіндік жарасынан іріңді бөлінділер

*Кіндік жарасының эпителизациясының баяу жүруі

*Кіндік жарасының түбінде грануляцияның өсуі

*Нәресте мазасыздығында ұлғаятын дөңгелек пішінді дөмпулер

 

#595

*!Жаңа туылған нәресте, жасы 14 күндік, сору рефлексі біршама төмендеген, дене температурасы бір қалыпты. Терісі қызарған, түлеген, басының шашты бөлігінде, табиғи қатпарларында,аяқ-қол терісінде үлкендігі ине басынан асбұршаққа дейін баратын іріңді айқын көрінбейтін қабынған тәжді көпіршікті бөртпелер бар.

Келтірілгендердің ішіндегі ЕҢ ықтималды болжамалы диагноз қайсысы?

*Пемфигус

*+Везикулопустулез

*Риттердің эксфолиативті дерматиті

*Фигнер псевдофурункулезі

*Туа біткен буллезді эпидермолиз

#596

*!Көрсетілген патогендердің қайсысы омфалиттің ЕҢ ықтималды этиологиялық факторы болып табылады?

*Грамм оң флора

*+Грамм теріс флора

*Шартты-патогенді флора

*Ассосацияланған флора

*Саңырауқұлақтар

#597

*!Жаңа туылған нәресте, жасы 8 күндік, III жүктіліктен, II босанудан, операциялық жолмен туылған, туылғандағы салмағы 2850,0гр, бойы 50 см. Өмірінің 7-ші күнінде кіндік жарасынан ірің бөліне бастады. Нәресте әлсіз, ему рефлексі төмендеген. Тері жамылғысы сұрғылт түсті, жалпы скелерема. Демікпесі бар, өкпені тыңдағанда әлсіз дыбыс. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия.

Қан көрсеткіштерінің қандай өзгерістері берілген патологияға ЕҢ тән болып табылады?

*Лейкопения, тромбоцитопения, таяқша ядролы солға қарай ығысу, ЭТЖ-6мм/сағ

*Лейкопения, тромбоцитопения, 10% бласты клеткалар, ЭТЖ-15мм/сағ

*+Анемия,лейкоцитоз,нейтрофилёз,лимфопения, ЭТЖ-15мм/сағ

*Лейкопения, нейтрофилёз,эозинофилия, ЭТЖ-2 мм/сағ

*Анемия, лейкоцитоз, тромбоцитоз, ЭТЖ -1 мм/сағ

 

#598

*!Келтірілген тексеру әдістердің қайсысы сепсис диагнозын дәлелдеу үшін ЕҢ негізгі болып табылады?

*Коагулограмма

*+Инфекция ошағын анықтау

*Қанның биохимиялық талдауы

*Бактериологиялық зерттеулер

*Қан мен зәрдің жалпы клиникалық талдаулары

 

#599

*!6 күндік шала туылған нәресте әлсіз, емшектен бас тартады,құсады. Өмірінің 5 күніне қарай дене салмағының 18%-н жоғалтты. Терісі бозғылт-сұр түсті, менингоэнцефалит белгілері бар. Өкпесінде ылғалды сырылдар естіледі. Іші кебіңкі, гепатолиенальды синдром, омфалит белгілері бар. Қанында лейкоцитоз, солға қарай ығысқан нейтрофиллез анықталды.

Келтірілгендердің ішіндегі ЕҢ ықтималды болжамалы диагноз қайсысы?

*Туа біткен токсоплазмоз

*Туа біткен микоплазмоз

*+Құрсақішілік сепсис *Туа біткен листериоз

*Туа біткен мерез

 

#600

*!Жаңа туылған нәрестелер сепсисінде аталған көрсеткіштердің қайсысының жоғарлауы ЕҢ ықтималды болып табылады?

*Лейкопения мен лимфоцитоз

*Нейтрофилезді лейкоцитоз

*+С-реактивті белоктың жоғарылауы

*Бауыр ферменттері белсенділігінің жоғарлауы

*Нейтрофилдердің жас түрлері санының артуы

 

#601

*!Сепсис дамуында ЕҢ ықтималды себеп қайсысы?

*+Гистологиялық зерттеудегі плацентит

*18 сағаттан аса ұзақ сусыз кезең

*Урогенитальды инфекцияның болуы

*Перинатальды инфекциялардың болуы

*Үйреншікті мерзімінен бұрын босану

 

#602

*!Нәрестелер сепсисінің қай түрі ЕҢ жиі нәрестелер өліміне алып келеді?

*Ерте сепсис

*Кеш сепсис

*Септицемия

*Септикопиемия

*+Септикалық шок

 

#603

*!Келтірілген клиникалық критерийлердің қайсысы жаңа туылған нәрестедегі жүйелі қабыну жауабы синдромына ЕҢ тән болып табылады?

*+Температуралық гомоестаздың бұзылысы *Тыныс алу жетіспеушілігі

*Коммуникабелдікті жоғалтуы *Әлсіз сору рефлексі

*Терінің бозғылттығы және сарғыштығы

 

#604

*!Нәресте Апгар бағанасы бойынша 5-7 балмен туылды.III босану, 35 аптада,жүктілік кольпит және созылмалы пиелонефрит өршуі фонында өткен. Туылғандағы салмағы 2000,0гр.,бойы-44см. Жасы-12 күн. Туылғаннан бастап демікпесі, бұлшықет гипотониясы, құсу байқалады. Салмақты нашар қосқан.Терісі сары-сұрғылт түсті, ісінген. Аяғында склеремасы бар.Өкпесінде тынысы әлсіз, сырылдар жоқ, жауырын бұрышынан төмен перкуторлы дыбыс қысқарған. Жүрек тондары тұйықталған. Кіндік жарасы суланады, іріңді бөліністер бар.

Келтірілгендердің ішіндегі ЕҢ ықтималды болжамалы диагноз қайсысы?

*Іріңді омфалит

*Катаралды омфалит

*Құрсақішілік пневмония

*Ерте сепсис,септицемия

*+Кеш сепсис,септикопиемия

 

#605

*!Сепсисте антибактериалды терапияның негізі

*+қоздырғыш анықталғаннан кейін антибиотикотерапияны коррекциялау

*синергизмге қабілетті препараттардың комбинациясын алу

*антогонизмге қабілетті препараттардың комбинациясын алу

*парентералды жолмен енгізу

*энтералды жолмен енгізу

 

#606

*!Нәрестелер сепсисінде токсикозбен күрестегі негізгі әдіс

*гемосорбция *+плазмаферез

*инфузионды терапия

*антибиотикотерапия

*антигеморрагиялық терапия

 

#607

*!Нәрестелер сепсисінде антибактериалды терапияны тоқтатудағы негізгі критерий

*жалпы жағдайының жақсаруы *ішек биоценозының қалыпқа келуі

*жаңа метастатикалық ошақтардың болмауы

*жүйелі қабыну реакциясы синдромының тоқтауы

*+гемограмма көрсеткіштерінің жақсаруы және алғашқы ошақтың тазалануы

 

#608

*!Нәрестелер сепсисіне төменде көрсетілген қандай лабораторлық көрсеткіш АНАҒҰРЛЫМ тән?

*Анемия

*+Қаннан қоздырғышты себу *Нейтрофилезбен лейкоцитоз *Бауыр ферменттері белсенділігінің жоғарлауы

*Альбуминдердің деңгейінің төмендеуімен гипопротеинемия

#609

*!Жаңа туылған нәрестелер асқазан-ішек жолдарының анатомо-физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты қандай ауруларға АСА бейім болып келеді?

*Гиперацидті гастритке

*Жедел аппендицитке

*Жедел холециститке

*+Инвагинацияға

*Жергілікті перитонитке

 

#610

*!Төменде көрсетілгендердің қайсысы нәрестенің алғашқы тыныс алуының ЕҢ маңызды физиологиялық механизімі болып табылады?

*Қандағы О2 жоғары концентрациясының тыныс алу орталығын тітіркендіруі

*+Қандағы көмірқышқыл газының концентрациясының артуы

*Қандағы көмірқышқыл газының концентрациясының азаюы

*Диафрагманың спонтанды жиырылуы

*Шунттардың жабылуы

 

#611

*!Жаңа туылған нәрестенің айқын атетоз тәрізді қозғалыстары ОЖЖ қандай ерекшеліктерімен АНАҒҰРЛЫМ байланысты?

*Детриттердің әлсіз дамуымен

*Бас миының жетілмеуімен

*Мишықтың жеткіліксіз дамуымен

*+Пирамидалық жолдардың жеткіліксіз миелинизациясымен

*Таламопаллидарлық жүйенің функционалдық басымдылығымен

 

#612

*!Жаңа туылған нәрестеге иммундық жүйе жағынан қандай физиологиялық ерекшелік АНАҒҰРЛЫМ тән?

*Жетілмеген фагоцитоз

*Вирусқа қарсы әлсіз қорғаныс

*Гуморальды иммунитет тапшылығы

*А және M классындағы иммуноглобулиндердің жеткіліксіздігі

*+Септикалық жағдайға, үрдістің жайылмалы түрге ауысуына бейімділік

 

#613

*!Жаңа туылған нәрестеге эндокринді жүйе жағынан қандай физиологиялық ерекшелік АНАҒҰРЛЫМ тән?

*Қалқанша бездің морфо-функционалдық жетілмеуі

*+Бүйрек үсті безінің морфо-функционалдық жетілмеуі

*Жыныс бездерінің төмен белсенділігі

*Инсулиннің төмен мөлшері

*Ерте гипогликемия

 

#614

*!Жаңа туылған нәрестеге эәр шығару жүйесі жағынан қандай физиологиялық ерекшелік АНАҒҰРЛЫМ тән?

*Төмен катаболизм

*Жиі зәр шығару

*Төмен концентрациялы зәр

*+Су-тұз алмасуының тұрақсыздығы

*Проксимальды және дистальды түтікшелердің жетілмеуі

 

#615

*!Жаңа туылған нәрестеге қан жасау жүйесі жағынан қандай физиологиялық ерекшелік АНАҒҰРЛЫМ тән?

*ДВС синдромның ерте дамуы

*Эритроциттер мен гемоглобиннің төмен деңгейі

*Тромбоциттердің төмен агрегациялық қабілеті

*+К витамині және К витаминіне тәуелді қан ұю факторларының төмен деңгейі

*Құрсақіші және құрсақтан тыс инфицирлену жағдайында нейтропенияның тез дамуы

 

#616

*!Туылғанға дейін стерилді жағдайда болатын нәрестенің ішегіне алғашқы микробтардың қоныстануының ЕҢ ықтимал жолы?

*Антенаталды, трансплацентарлық

*Постнаталды, «теріге тері» жанасуда

*Постнаталды, мед. персоналмен қатынас болғанда

*+Постнаталды, емшекке алғашқы салғанда

*Интранаталды, босану жолдарынан өткенде

#617

*!Шала туылған нәрестенің емшек ему мүмкіндігін АНАҒҰРЛЫМ анықтайтын қай фактор?

*Дене салмағы

*Гестация мерзімі

*Анасының тілегі

*Босандыру әдісі

*+Сору рефлексінің жетілгендігі

 

#618

*!Нәрестелер үшін қоңыр майдың төменде көрсетілген қай қызметі АСА маңызды?

*+Энергетикалық депо

*Салмағын арттырады

*Ақуыз алмасуына қатысады

*Ауырсыну стресінен қорғайды

*Көмірсу алмасуына қатысады

 

#619

*!Көрсетілгендердің қайсысы шала туылған нәрестенің анасындағы гипогалактияның ЕҢ ықтималды себебі болып табылады?

*Нәрестені емшекке кеш салу

*Сүт бездерінен сүтті сығып тұрмау

*Шала туылған нәрестені сағатпен емізу

*+Сору рефлексінің әлсіздігі

*Аралас тамақтандыру

 

#620

*!Нәресте 1 жүктіліктен, 1 босанудан, жүктіліктің 34 аптасында мерзімінен ерте шала туылды. Туылғандағы салмағы 2240,0гр., бойы 43cм.

Шала туылған нәрестені күтіп баптауға көрсетілгендердің қайсысы АНАҒҰРЛЫМ кері әсер етеді?

*Жасанды тамақтандыру

*Жағдайының ауырлығына байланысты оқшаулау

*Инвазивті процедуралар

*Полипрогмазия

*+Гипотермия

 

#621

*!Шала туылған нәрестелерді күтіп баптауда «жылу тізбегін» сақтау қандай АНАҒҰРЛЫМ оң нәтиже береді?

*Тыныс бұзылу синдромының азаюы

*Гипогликемияның дамуы

*+Тірі қалу мүмкіндігі жоғарлауы

*Шала туылған нәрестеге оптималды температурлық режим қалыптастыру

*Экстремальді төмен салмақты нәрестелердің күтім болжамын жақсарту

 

#622

*!Шала туылған нәресте күтімінде инкубаторды қолданудағы ЕҢ келеңсіз фактордың бірі

*қолдану инструкциясын бұзғанда нәрестенің тоңуы

*жарық-шуыл изоляциясын сақтамағанда

*+нәрестенің инфицирлену қаупі

*ылғалдандыру тәртібінің бұзылуы

*қызып кетуі

 

#623

*!Нәресте мерзімінен бұрын 27 аптада туылды. Туылған кездегі жағдайы өте нашар. Нәрестені қарағанда жүрек соғысы, тынысы,бұлшық етінің жиырылысы жоқ, тек әлсіз кіндік пульсациясы анықталды.

Бұл клиникалық белгілер қандай жағдайға АНАҒҰРЛЫМ тән?

*«Жаңа ғана туылған нәресте» синдромы

*Ұрықтың антенатальды өлімі

*Орташа асфиксия

*+Ауыр асфиксия

*СДР

 

#624

*!Терең шала туылған нәресте жылу жоғалтқандағы ЕҢ маңызды асқыну

*өлім

*лейкоцитоз

*+гипогликемияның дамуы

*АЛТ, АСТ деңгейінің жоғарлауы

*тікелей емес билирубиннің жоғарлауы

#625

*!Нәресте жүктіліктің 38 аптасында 2900,0 гр. салмақпен, ұзындығы 49 см,Апгар бағанасы бойынша 4-5 балмен ауыр жағдайда туылды. Денесінде көптеген айқын ұсақ түйінді-папулезді бөрітпелер бар. Алғашқы тәуліктерде дене қызуы 390, жағдайы үдемелі түрде нашарлаған.Сарғаю пайда болды, бауыры 2,5-3,5-4,0 см., көкбауыры +1,0 см. ұлғайған. Қосымша анамнезден: анасы базарда ет сатады.

ЕҢ ықтималды алдын ала болжамалы диагноз қайсысы?

*Туа біткен мерез

*+Туа біткен листериоз

*Туа біткен ЦМВ-инфекция

*Туа біткен токсоплазмоз

*Туа біткен қызамық

#626

*!Нәресте 3-ші жүктіліктен,1 мерзімінен ерте босанудан туылған. Алғашқы 2 жүктілік – өлі туылумен аяқталған. Анасының анамнезінде жүктіліктің 12-14 апта мерзімінде қызуы көтеріліп ЖРВИ болған.Нәрестеде туылғаннан кейін гипертермия, тыныс алу бұзылысы байқалған. Нәрестенің жағдайы үдемелі түрде нашарлап, өмірінің 15 тәулігінде тыныс алу жетіспеушілігінен шетінеді. Мәйітті тексеру барысында жұтқыншақтың артқы қабырғасында, ми тіндерінде гранулемалар анықталды, субарахноидалды кеңістік қою іріңді экссудатпен толған.

Келтірілгендердің ішіндегі ЕҢ ықтималды алдын ала болжамалы диагноз қайсысы?

*Токсоплазмоз

*+Листериоз

*Цитомегалия

*Мерез

*Пневмония

 

#627

*!Жаңа туылған нәрестеде туыла салысымен гипертермия, бүкіл денесінде геморрагиялық бөртпелер, менингоэнцефалит белгілері байқалды. Қаннық жалпы талдамасында айқын лейкоцитоз, нейтрофилез. Алдын ала болжамалы диагноз: Туа біткен листериоз.

Келтірілгендердің ішінде қайсысы ЕҢ ықтималды патоген болып табылады?

*+Грам оң флора

*Грам теріс флора

*Фильтрленуші вирус

*В тобындағы стрептококк

*Спирохета

 

#628

*!Нәресте ауыр жағдайда,Апгар бағанасы бойынша 3-5 балмен туылды. Жұтқыншақтың артқы қабырғасында,бадамшаларда, конъюнктивада көптеген ақшыл сары ұсақ түйін тәрізді бөрітпемен бірге петехиалды бөрітпелер байқалады. Өмірінің алғашқы тәуліктерінде дене температурасы 390С.Жағдайы біртіндеп нашарлап, сарғаю, гепатоспленомегалия қосылды.

Келтірілгендердің ішіндегі ЕҢ ықтималды алдын ала болжамалы диагноз қайсысы?

*Туа біткенмерез

*+Туа біткен листериоз

*Энтеровирусты инфекция

*Туа біткен токсоплазмоз

*Цитомегаловирусты инфекция

#629

*!Нәресте 4 жүктіліктен, 2 мерзімінен бұрын босанудан туылды,бірден даусын шығарып жылады, анасының анамнезінде 2 түсік тастау болған. Анасы ауылдық жерде тұрады, жүктіліктің соңғы апталарында дене қызуы 39одейін көтеріліп, бел омыртқасы тұсындағы ауырсынуға, кіші дәретке жиі баруына шағымданған. Нәресте туылған соң 2 сағаттан кейін нәрестенің температурасы 38,5одейін көтеріліп, тыныс жетіспеушілігі байқалған. Денесінде тәулік соңына қарай петехиалды және ақшыл сары түсті түйінді бөрітпелер, гепатоспленомегалия пайда болған.

Келтірілгендердің ішіндегі ЕҢ ықтималды болжамалы диагноз қайсысы?

*+Листериоз

*Цитомегалия

*Токсоплазмоз

*Қызамық

*Феталді гепатит

 

#630

*!Көрсетілген симптомдардың қайсысы нәрестелердің ҚІИ-на ЕҢ тән болып келеді?

*СДР

*+ҚІДК

*Экзантемалар

*Ауыр неврологиялық бұзылыстар

*Жүрек-қан тамыр жетіспеушілігі

 

#631

*!Нәрестеге вирусты гепатит В қарсы активті-пассивті иммунизация жүргізу АНАҒҰРЛЫМ дұрыс болып табылады

*вакцинаны арнайы иммуноглобулиннің алдында 2 сағат бұрын енгізу

*вакцинаны арнайы иммуноглобулиннің алдында 1 тәулік бұрын енгізу

*вакцинаны арнайы иммуноглобулиннен соң 2 сағаттан кейін енгізу

*вакцинаны арнайы иммуноглобулиннен соң 1 тәуліктен кейін енгізу

*+вакцинаны және арнайы иммуноглобулинді бір мезгілде енгізу

 

#632

*!Неонаталдық гепатитке АНАҒҰРЛЫМ тән

*АЛТ, АСТ төмендеуі

*гипергликемия, глюкозурия

*+холестаз маркерларының жоғарлауы

*бауырдың синтездеу қызметінің бұзылуы

*тікелей билирубиннің сағаттық өсуі 9 мкмоль/л/сағ артық болуы

#633

*!Нәресте 38-39 аптада салмағы 2100,0гр., бойы 49cм. болып қанағаттанарлық жағдайда туылды. Дем алысы қалыпты, жүрек соғысы жиілігі минутына 130-дан жоғары, тері жамылғысының түсі қызыл, бұлшық еттің гипотониясы, ему рефлексі әлсіз.

Төменде көрсетілген алдын-ала диагноздың ЕҢ дұрысы қайсысы?

*Өте аз салмақпен мерзімінде туылған нәресте

*+ҚІДК-мен мерзімінде туылған нәресте

*ҚІДК-мен шала туылған нәресте

*Аз салмақпен шала туылған нәресте

*Өте аз салмақпен шала туылған нәресте

 

#634

!Нәрестеге тексеру жүргізген кезде алақанына салынған дәрігердің саусағын қатты қысады.

Бұл рефлекс қалай аталады?

*Перес

*Бабкин

*Галант

*Қорғаныш

*+Робинсон

 

#635

*!Жаңа туылған нәрестенің алақанының тенорға жақын маңайын үлкен саусақпен басқан кезде нәресте ауызын ашып басын бұрады.

Бұл рефлекс қалай аталады?

*Галант

*Қорғаныш

*Ұстау

*Перес

*+Бабкин

 

#636

*!1күндік мерзіміне жетіп туылған нәресте.Емшекті жақсы емеді, құспайды. Туа біткен автоматизм рефлекстері толық шақырылады. Жалпы қарағанда ағзалар мен мүшелер жағынан өзгерістер жоқ. Анамнезінде: антенатальды және интранатальды кезеңдер ерекшеліксіз өткен. Анасының шағымы нәрестенің зәрі болмаған. ЖҚА,ЖЗА қалыпта, өзгеріссіз.

Төменде көрсетілген алдын-ала диагноздың қайсысы АНАҒҰРЛЫМ мүмкін?

*+Нәрестенің физологиялық ануриясы

*Анурияның экстренальды формасы

*Анурияның субренальды формасы

*Анурияның аренальды формасы

*Анурияның ренальды формасы

 

#637

*!Нәрестені қарап тексеру барысында неврологиялық статусын анықтау үшін қай параметр ЕҢ ақпаратты?

*+Сана

*Тырысу

*Тексеруге реакциясы

*Шартсыз рефлекстердің болуы

*Спонтанды қозғалыс белсенділігі

 

#638

*!Жаңа туылған нәрестені күтіп баптауда келтірілгендердің қайсысы АНАҒҰРЛЫМ жағымды әсер етеді?

*Туылғаннан кейін анасымен «терімен тері» жанасуы

*Медицина қызметкерлерінің дұрыс көзқарасы

*Туылғаннан бастап емшекпен емізу

*Ана мен баланың бірге болуы

*+Аналық сезімін білдіруі

 

#639

*!Нәрестені "еркін киіндірудің" АНАҒҰРЛЫМ басым артықшылығы қандай?

*Еркін тыныс алады

*Белсенді қозғалады

*+Гипотермияның алдын алады

*Сору рефлексі белсенді болады

*Еркін жағдайда тыныш ұйықтайды

 

#640

*!22 жастағы ана, соматикалық жағынан денсаулығы жақсы. Жүктіліктің 16-шы және 38-шіаптасында патронаж жасалған. 2-ші босануы. Жүктілік пен босану ерекшеліксіз, қалыпты өткен.Нәрестенің туылғандағы салмағы 3450,0, бойы 52 см, Апгар бағанасы бойынша 8-9 баллға бағаланды. Анасының кеудесіне 30 минуттан кейін салынды, белсенді емді. Қанағаттанарлық жағдайда үйіне шығарылды. Соматикалық жағынан өзгерістері жоқ. Туа біткен автоматизм рефлекстері толық шақырылады.

Осы нәрестені қай денсаулық тобына жатқызған АНАҒҰРЛЫМ дұрыс?

*+ І

* ІІ

* ІІІ

* ІV

* V

*Пән: «Балалар аурулары», «Нәрестелік кезеңнің физиологиясы мен патологиясының блогы» *3*56*1*

 

#641

*!Жергілікті педиатр жаңа туылған нәрестені қарау кезінде нәресте флегмонасын қойды.

Науқасқа байланысты қандай тактика ЕҢ дұрыс болып табылады?

*Зақымданған жерді бриллиант көгінің 3% ертіндісімен үй жағдайында өңдеу

*+Нәрестені шұғыл түрде нәрестелердің хирургиялық бөліміне жіберу

*Нәрестені күндізгі стационар бөлімінде бақылауға қалдыру

*Антибиотиктер тағайындап нәрестені үйде қалдыру

*Дәрігер дерматологқа кеңеске жолдау

#642

*!Нәрестеде туылғаннан бастап көзінен шырышты-серозды бөліністер байқалды. Апта соңына қарай көзінен көп мөлшерде іріңді бөліністер бөліне бастады, 2-3 аптасында күшті жөтел қосылды. Жалпы қан анализінде лейкоцитоз, эозинофилия,кеуде қуысының рентгенограммасында өкпе мен бронхтардың жоғарғы бөлігінің зақымдануы байқалады: паренхима құрылымының зақымдануы майда торлы сипатта.

Көрсетілген дәрілік препараттардың қайсысын тағайындау ЕҢ дұрыс шешім болып табылады?

*+Эритромицин

*Цефтриаксон

*Метронидазол

*Ванкомицин

*Виферон

#643

*!Нәрестеде 2-ші тәулігінде тері жамылғыларының сарғаюы пайда болды. Емшекті емеді, құспайды. Анамнезінен: нәресте 3 жүктіліктен 40 апта мерзіміндегі 1 босанудан. Туылғандағы салмағы 3200,0 бойы 51см.

Анасының қан тобы О(I) бірінші, Rh(+)оң, баланың қан тобы (ІІІ) үшінші, Rh(-)теріс

Нәрестені ары қарай ЕҢ дұрыс жүргізу тактикасы қандай?

*Емшек сүтімен емізуді жалғастыру және ары қарай бақылау

*Фототерапия тағайындау және емізуді жалғастыру

*Ана мен баланың қан тобын, резус-факторын анықтау

*+ЖҚА,б/х қан талдауын тағайындау,билирубиннің сағаттық өсуін бақылау

*ПИТ бөліміне ауыстыру, шұғыл түрде қан алмастыру отасын бастау

#644

*!Нәрестенің тынысы жоқ,терісі көк, тітіркенуге жауап бермейді, жүрек соғысы минутына 90 рет, аяқ қолдары салбыраған.

Нәрестенің жағдайын Апгар бағанасы бойынша бағалаудың Ең ықтималды балы қайсы?

*2

*4

*3

*+1

*0

 

#645

*!Нәресте 5-жүктіліктен, 40 аптада 3босанудан туылды. Анамнезінде: жүктілік 1-жартысындатоксикозбен, жүктіліктің екінші жартысысозылмалы пиелонефриттің өршуімен асқынған.

Нәрестенің туылғандағы жағдайының ауырлық дәрежесін қай бағана бойынша бағалау АНАҒҰРЛЫМ дұрыс болып табылады?

*+Апгар

*Сильверман

*Дубович

*Дементьев

*Полачек

 

#646

*!Нәресте 4 жүктіліктен, 38 аптада 2 босанудан, жамбаспен туылған.

Нәрестенің жағдайын Апгар бағанасы бойынша ЕҢ дұрысы туылғаннан кейін қай минуттарда бағалаған жөн?

*1 және 3

*+1 және 5

*1 және 10

*1 және 15

*1 және 20

 

#647

*!Жаңа туған нәрестеде1 минутта жүрек соғысы әлсіз,сирек, тынысы жоқ, тері жамылғысы боз, аяқ-қолдары салбыраған.Жүргізілген реанимациялық шаралардан соң 5 минуттан кейін жүрек соғысы 90, тыныс алуы пайда болды,бірақ тұрақсыз, акроцианоз, атония, арефлексия байқалды.

Жаңа туылған нәрестенің Апгар бағанасы бойынша ЕҢ ықтималды балы қандай?

*1-4

*0-2

*0-3

*1-2

*+1-3

#648

*!Бал емізетін анада дене қызуы 37,5ºС дейін көтеріліп,сүт бездерінде қатаю, ауырсыну, аздаған қызару пайда болды.Сүт бездерін сыққанда түсі өзгермеген,қан және ірің жоқ.

Нәрестені ары қарай жүргізудің ЕҢ дұрыс жолы қандай?

*Емшекпен емізуді тоқтату

*Жасанды тамақтандыруға ауыстыру

*Ана сүтіне бактериологиялық зерттеу тағайындау

*Сауылып қайнатылған емшек сүтімен тамақтандыру

*+Емшек емуді жалғастыру,қалған сүтті сауып отыру

 

 

#649

*!Нәресте жүктіліктің 38 аптада туылған. Дене салмағы 3400,0 гр., бойы-52см. Бірден айқайлады. Емшекті бірден емді. 2 сағаттан кейін анасымен бірге палатаға ауыстырылды.

Кіндік қалдығының ЕҢ дұрыс күтімі қандай?

*Спиртпен өңдеу

*Лигатура салу

*Таңғыш салу

*+Құрғақ және ашық ұстау

*Қою марганец ерітіндісімен күйдіру

 

#650