Пән: «Балалар аурулары», «Балалар гастроэнтерологиясы» *2*97*1 2 страница

Төменде аталған диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ ықтимал?

 

*өт қабының гиперкинезиясы

*өт қабының гипокинезиясы

*Одди сфинктерінің дисфункциясы

*+созылмалы холецистит

*жедел холецистит

 

#831

*!Баланың ауырғанына 3-жыл болған. Ұзақ уақыт бойы преднизолон және стероидты емес қабынуға қарсы препараттарды қабылдаған. Соңғы 3-айда эпигастриида ауыру және ауырлау, қайталап жүрек айнулар және кекірулер пайда болды.

Патологиялық процессті анықтауда қандай зерттеу әдісінің ақпараттылығы ЕҢ жоғары?

 

*фракциялық асқазанды зондтау

* асқазан рН-метриясы

*асқазан УДЗ

*+ЭФГДС

* асқазан рентгенографиясы

 

#832

*!Ұл бала, 10 жаста, ревматизммен ауырғанына 3 жыл болды. Соңғы 3 айда тамақтанғанда және тамақтанған соң бірден эпигатсрийде ауыру, ауырлық сезімі, анда-санда жүрек айну, қыжыл пайда болды. ФЭГДС-те: асқазанның антралдық бөлімінде шырышты қабаттың гипертрофиясы түріндегі өзгерісі мен гастроэзофагеалдық рефлюкс анықталды.

ЕҢ қажет қосымша зерттеу әдісі қандай?

 

*іш қуысы ағзаларының УДЗ

*қарыншаішілік рН-метрия

*дуоденалдық зондылау

*+Helicobacter pylori-ге зерттеу

*асқазанды зондылау

 

#833

*!Қыз бала 12 жаста, оң қабырға астында оң жақ жауырынға берілетін қатты түнгі уақыттағы ауру сезіміне, тәбетінің күшеюіне, соңғы айда арықтауға шағымданады. Объективті қарауда пилородуоденалдық аймақта күрт ауырсынады, Мендель симптомы оң, алдыңғы іш қабырғасы бұлшықеттерінің шамалы кернелуі байқалады.

Төменде аталған диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ ықтимал?

 

*Крон ауруы

*созылмалы холецистит

*созылмалы колит

*созылмалы панкреатит

*+он екі елі ішектің ойық жара ауруы

 

 

#834

*!Ұл бала, 5 күндiк. Емшек емгеннен берi сұйық, сулы, қышқыл, көбiктi нәжiс, метеоризм, iшiнiң шаншып ауруы пайда болды. Төменде аталған диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ ықтимал?

 

*глютендi энтеропатия

*экксудативтi энтеропатия

*муковисцидоз

*+лактазалық жетiспеушiлiк

*жедел iшек инфекциясы

 

#835

!6 айлық нәресте, емшек емеді, физикалық дамуда қалыс қалады. 2 айынан бастап жемiс шырындарын енгiзгеннен кейiн тұрақты iш өтуi, құсу, метеоризм пайда болды. Төменде аталған диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ ықтимал?

 

*+біріншілік дисахаридазалық жетіспеушілік

*муковисцидоз, ішектік форма

*целиакия

* біріншілік экссудативті энтеропатия

* лактазалық жетiспеушiлiк

 

#836

*! Қыз бала 14 жаста. Майлы тағам жегеннен кейін 4 сағаттан кейін сол жақ қабырға астында толғақ тәрізді ауыру, жүрек айну. Қайталамалы құсулар пайда болды. Қарап тексергенде Мейо-Робсон нүктесінде айқын ауыру. Төменде аталған диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ ықтимал?

 

*жедел аппендицит

* жедел холецистит

*+ жедел панкреатит

* жедел гастрит

* жедел холангит

 

#837

*!Бала 2 жаста. Туылғаннан іш өтуге бейім, 2 айдан бері жиі суықтап ауырған, бронхообструктивті синдроммен қосарланған. Баланың тәбеті төмендеген, салмағы 11кг. Тері қабаты бозарған, тығыздығы төмендеген. ТЖ-38 минутына, ЖСЖ-116 рет минутына, тынысы қатаң, құрғақ ысқырықты және бірен-саран ылғалды майда көпіршікті сырылдар естіледі. Жүрек тондары әлсіреген, ырғағы дұрыс. Іші кебінген, жұмсақ, нәжісі жабысқақ, түсі боз, майлы, шірік иісті. Төменде аталған диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ ықтимал?

 

*созылмалы энтерит

*созылмалы колит

*целиакия

*муковисцидоз, ішектік түрі

*+муковисцидоз, өкпелі-ішектік түрі

 

#838

*!Бала 7 айлық. Туылған кездегі салмағы 3100, емеді, туылғаннан бері іш өтуге бейім. Салмағы 6 кг. Тері қабаты бозғылт, құрғақ, тургоры төмендеген. Қатаң тынысты, сырылдар жоқ. Жүрек тондары аздап әлсіреген, ырғағы дұрыс, іші кебінген, жұмсақ. Бауыры +2,0+2,5+1,5см қабырға доғасынан төмен, консистенциясы тығыз. Нәжісі қоймалжың, қанық-сары түсті, майлы, шірік иісті. Төменде аталған диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ ықтимал?

 

*созылмалы энтерит

* экссудативті энтеропатия

* целиакия

* +муковисцидоз, ішектік түрі

* муковисцидоз, өкпелік-ішектік түрі

 

#839

*!Науқас 13 жаста. Іш аймағындағы қатты ауру сезімі, тоқтаусыз құсу, іштің желденуі, Дежарден және Мейо-Робсон нүктесінде ауру сезімі. Төменде аталған диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ ықтимал?

 

*жедел гастрит

* жедел холецистит

* жедел аппендицит

*+ жедел панкреатит

*жедел гепатит

 

#840

*!Бала 12 жаста. Ішінің ауруы арқасына беріледі, тоқтаусыз құсуға, жалпы жағдайының нашарлауына шағымданды. Биохимиялық қан анализінде амилаза 120 бір/л, нәжіс копрограммасында эластаза 87 мкг/мл. Ультрадыбыстық зерттеуде ұйқы безі ұлғайған және тығыздалған. Төменде аталған диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ ықтимал?

 

*жедел гастрит

*жедел дуоденит

*+ жедел панкреатит

* жедел холецистит

*асқазан ойық жарасы

 

#841

*!Бала 11 жаста. 3 жыл бойы ауырады. Оң жақ қабырға астында сыздап, қысып ауыратынына шағымданды, суық, майлы, қуырылған тамақты жегенде күшейеді. Сонымен қатар әлсіздік, шаршағыштық, жүрек айну және қыжыл маазалайды. Анда-санда құсады. Нәжісі қатаймаған. Төменде аталған диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ ықтимал?

 

*созылмалы гастрит

* созылмалы панкреатит

*+ созылмалы холецистит

* созылмалы дуоденит

*реактивті гепатит

 

#842

*!Бала 12 жаста. Шағымдары ашыққанда ұзаққа созылатын ауру сезімі, қозғыштық және әлсіздік. 3 жылдан бері ауырады, соңғы кездері ауру сезімі жиіленді, қышқыл дәммен кекіру, құсу, іш қату байқалды. Бала арық, бозарған. Тілінде ақ түсті жабынды. Іші жұмсақ, эпигастрий аймағында ауру сезімі бар. Төменде аталған диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ ықтимал?

 

*+созылмалы гастрит, гиперацидті

* жедел холецистит

* ойық жара, асқыну

* жедел панкреатит

* созылмалы холецистит, асқыну

 

#843

*!Қыз бала 12 жаста. Эпигастрий аймағында сыздап ауыру сезіміне, ас ішкен соң қыжылға кейде қышқыл дәмді кекіруге, іш өтуге бейім, 3 жылдан бері ауыратынына шағымданды. Бозғылт, тітіркенгіш, тілі ақ жабындымен жабылған, тістерінің ізі қалған. Іші жұмсақ, эпигастрий және пилородуоденальді аймақта ауру сезімі байқалады. Бауыр мен көкбауыр ұлғаймаған. Төменде аталған диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ ықтимал?

 

*+ созылмалы гастрит, асқынуы

*созылмалы гастродуоденит, асқынуы

*созылмалы холецистит, асқынуы

*өт шығару жолдарының дискинезиясы

*созылмалы панкреатит, асқынуы

 

#844

*!Бала 10 жаста, ас қабылдағаннан соң 2 сағаттан кейін, оң жақ қабырға асты аймағында ұзаққа созылмайтын сыздап, басып ауыруға шағымданды. Обьективті қарағанда оң жақ қабырға аймағы пальпациялағанда ауыратыны анықталды. Өт айдау емінен кейін жоғарыдағы симптомдар жойылды. Төменде аталған диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ ықтимал?

 

*созылмалы панкреатит

* созылмалы хронический гастрит

* созылмалы холецистит

* созылмалы колит

*+ өт шығару жолдарының дискинезиясы

#845

*!Қыз бала, 14 жаста. 2 жылдан бері эпигастрии аймағында,тамақ ішкеннен кейін қарқынды, тұрақты, сыздап ауыратын ауру сезімі болады. Тілі ақ жабындымен жабылған. Пальпация кезінде эпигастрии аймағында, іштің орта сызығы бойымен ауырсыну байқалады,. Зерттеу кезінде асқазанның базальді секрециясы деңгейі жоғарылаған. ЖҚА: гемоглобин – 110 г/л, эритроциттер-2,8*1012/л, л-7,5*109/л, ЭТЖ-7 мм/сағ. Фиброскопия – асқазанның қабырғаларының қалыңдауы, қатпарлары тегістелген. Төменде аталған диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ ықтимал?

 

* жедел гастродуоденит секрецияның төмендеуімен

* атрофиялық гастрит

* асқазан ойық жарасы

* 12 елі ішектің ойық жарасы

* +созылмалы гастрит

 

#846

*!Ұл бала 11 жаста. Шағымы оң жақ қабырға астында ұстамалы ауыру, жүрек айнуы, бір рет құсу. 2 күннен бері ауырады. Тері жамылғысы бозғылт, көз астында қарайған, тілі сары түсті жабындымен жабылған. Кер, Ортнер, Мерфи симптомдары оң. Бауыр +2 см, пальпация кезінде ауырады. Қан анализінде Нв130 г/л, эр-4,5 млн, лейк-12 мың, п-6%, 63%, л-26%, м-5%, ЭТЖ 35 мм/сағ. Төменде аталған диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ ықтимал?

 

*жедел гастрит

*ойық жара

*жедел панкреатит

*+жедел холецистит

*жедел гастродуоденит

 

#847

*!Ұл бала 14 жаста, 2 жылдан бері ауырады. Шағымдары: ащы және тұзды астан кейін эпигастрии аймағында сыздап ауыруы. Кейде жүректің айнуы және құсудан кейін жеңілдеу сезімі байқалады. Іші пальпация кезінде эпигастральды аймағын ауырсынады. Фракциялап зерттеу кезінде асқазан сөліне тұз қышқылының дебетіашқарынға-50 мг, секрецияның базальді фазасында 30 минутта - 37 мг, секрецияның сағаттық қысымы- 72 мл. Төменде аталған диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ ықтимал?

 

* созылмалы холецистит

* +созылмалы гастродуоденит

* Асқазанның функциональді бұзылысы

* созылмалы панкреатит

* өт қабының бұзылысы

 

#848

*! Қыз бала 15 жаста,2 ай бойы ювенильді идиопатиялық артритке байланысты диклофенак қабылдайды. 1 ай бойы астан кейін эпигастрии аймағында ауру сезімі мазалайды, әлсіздік. Іші пальпацияда жұмсақ, бұлшық ет кернелмеген. Төменде аталған диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ ықтимал?

 

* созылмалы холецистит

* +созылмалы гастродуоденит

* созылмалы гепатит

* созылмалы панкреатит

*өт қабының бұзылысы

 

#849

*!Бала 10 жаста, 2 жылдан бері ауырады. Шағымдары ащы және тұзды астан кейін эпигастрии аймағында сыздап ауыру. Кейде жүректің айнуы және құсудан кейін жеңілдеу сезімі байқалады. Ішін пальпациялағанда эпигастральды аймағын ауырсынады. Асқазан рентгеноскопиясы:өңеш пен кардия өткізгіштігі еркін. Асқазан гипотониясы, аш қарынға көп мөлшерде сұйықтық байқалады, зерттеу барысында мөлшері ұлғаяды. Перистальтикасы төмендеген, шырышты қабат қатпарлары зақымдалған. Асқазан контуры тегіс. 12 елі ішек дұрыс пішінді. Тез босайды. Дуодено-еюнальды өтпе қалыпты орналасқан. Төменде аталған диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ ықтимал?

 

* созылмалы холецистит

* +созылмалы гастродуоденит

* асқазанның функционалды бұзылысы

* созылмалы панкреатит

* өт қабының дисфункциясы

 

#850

*! Қыз бала 11 жаста, 1жыл бойы ащы және тұзды астан кейін эпигастрии аймағында сыздап ауыру мазалайды. Кейде жүректің айнуы және тағаммен құсудан кейін жеңілдеу сезімі байқалады. Іші пальпация кезінде эпигастральды аймағы ауырсынады. Нәжісі мен зәрі өзгеріссіз. Төменде аталған диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ ықтимал?

 

* созылмалы холецистит

* +созылмалы гастродуоденит

* асқазанның функционалды бұзылысы

* созылмалы панкреатит

* гастроэзофагалді рефлюкс

 

#851

*! Қыз бала 10 жаста. Бойы 130 см., салмағы 25 кг. Салмақты аз қосуына, iшiнiң кебуiне, көп мөлшердегi жиi нәжiске, эпизодты құсуларға шағымданады. Анамнезiнде: бұл шағымдар 6 айынан басталған. Копрологиялық зерттеуде нәжiсiнде II типтi стеаторея. Фиброгастродуоденоскопияда-субатрофиялық дуоденит. Төменде аталған диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ ықтимал?

 

*муковисцидоз

*панкреатит

*целиакия

*+тiтiркенген iшек синдромы

*тағамдық аллергия

 

#852

*! Қыз бала 14 жаста. 3 ай бойы ай бойы ювенильді идиопатиялық артритке байланысты преднизолон қабылдайды. Жедел эпигастрии аймағында ауру сезімі, әлсіздік, қайталамалы қошқыл түсті құсуларға шағымданды. Қарап тексергенде бозарған, пульс-120 рет минутына, АҚҚ-90/70мм с.б. Пальпация кезінде іш аймағы жұмсақ, бұлшық еті қатаймаған. Төменде аталған диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ ықтимал?

 

*жедел холецистит

*+асқазан ойық жарасы

*аппендицит

*жедел панкреатит

*жедел гастрит

 

#853

*! Бала 12 жаста, шағымы оң жақ мықын аймағында толғақ тәрізді ауру сезімі. Ауру тәулігіне 10-12 рет қайталанатын, жиі қан аралас нәжістің болуымен сипатталады. Баланың салмағы күрт төмендеген, жағдайы ауыр. Төменде аталған диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ ықтимал?

 

* асқазан ойық жарасы

*+бейспецифиялық жаралы колит

* Крон ауруы

*гастроэнтероколит

*жедел панкреатит

 

#854

*! Бала 12 жаста. Шағымы іш аймағы шаншып ауыруы, көбінесе түнгі уақытта. Ауру типі: аштық-ауыру, тамақтан соң-жеңілдеу. Ауру сезімі арқасына, беліне беріледі. Мендель симптомы оң. Төменде аталған диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ ықтимал?

 

*созылмалы холецистит, өршу кезеңі

* жедел холецистит

* + ойық жара, өршу

* жедел панкреатит

* созылмалы гастродуоденит, өршу

 

#855

*!Он екі елі ішектің шырышты қабаты қызырған, ісінген, пиязшық аймағында мөлшері 0,3см беткей өзгерістер. Бұл эндоскопиялық сурет қандай диагнозға ЕҢ сәйкес?

 

* беткейлі дуоденит

* гипертрофиялық дуоденит

* атрофиялық дуоденит

* он екі елі ішектің ойық жарасы

* + эрозивті дуоденит

 

#856

*!Балада сүт және көкөніс жегеннен соң, іш аймағында, нақты орыны белгісіз, сыздап ауыру анықталды. Спазм, ауыру, ішектің әр бөлігінде шұрылдар бар. Нәжісі шырышпен, полифекалия. Төменде аталған диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ ықтимал?

 

*ДЖВП гипертониялық тип бойынша

*ДЖВП гипотониялық тип бойынша

*созылмалы панкреатит

*+созылмалы энтероколит

*созылмалы холецистит

 

 

#857

*!Қыз бала 14 жаста. Тамақтанудан кейiн пайда болатын iшінің ауыруына, кекiруге, жүрек айнуына, төс артындағы күйдiру сезiмiне шағымданады. Бұл шағымдар бiрнеше жыл мазалайды, тексерiлмеген. Төменде аталған болжам диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ ықтимал?

 

*асқазанның ойық жара ауруы

*созылмалы гастрит

*созылмалы холецистит

*созылмалы панкреатит

*+ГЭР

#858

*!Балалардағы гастроэзофагалды рефлюкстің негізгі диагностикалық әдісі:

 

*рентгенологиялық тексеру

*эндоскопиялық тексеру

*+өңешішілік рн-метрия

*ультрадыбыспен тексеру

*асқазанды зондылау

 

#859

*!Өт қышқылының синтезінің төмендеуі, өтке холестериннің бөлінуі өт қабы шырышты қабатында муцинның гиперсекрециясы. Осы көрініс төмендегі жағдайлардың қайсысына ЕҢ тән?

* өт жолдарының даму ақаулары

* өт қабы даму ақауы

* билиарлы тракт дисфункциясы

* жедел холецистит

*+ холелитиаз

 

#860

!Ұл бала 14 жаста, аш қарынға және тамақтанудан соң 2-3 сағаттан кейін пайда болатын iшінің ауыруына шағымданады. Ауырғанына 2-жылдай болды. Соңғы кезде ауыру сезімі күшейе және ұзара түсті, түнде байқалатын болды. Тұқымқуалаушылығы: әкесінде созылмалы гастрит. Жалпы улану симптомдары айқын, қозғыш, жылауық. Тілі қалың ақ жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, кіндік маңын ауырсынады. Бауыры мен көкбауыры ұлғаймаған. Диагноз қоюда қандай әдіс ЕҢ дұрысы:

 

*асқазанішілік рН-метрия
*асқазан секрециясын зерттеу
*асқазан мен он екі елі ішектің рентгеноскопиясы
*ультрадыбысты зерттеу
*+фиброгастродуоденоскопия

 

 

#861

*! 13 жастағы баланы аймақтық дәрігер эпигастрийдегі, әсіресе аш кезінде және түнде болатын ауыруға, үдемелі әлсіздікке, іш қатуға, бас айналуға, терісінің құрғауына, шаш пен тырнақтың сыңғыштығына, жүктемесіз жүрек аймағындағы ауыру сезіміне, жоғары тітіркенгіштікке шағымдарымен стационарға жіберді. Қандай зерттеу әдісінің ақпараттылығы ЕҢ жоғары?

 

*электрокардиография

*+фиброгастродуоденоскопия

*сигмоидоскопия

*энцефалография

*клиникалық қан анализы

 

#862

*! 11 жасар қыз баланы 1 жыл көлемінде тұзды және ащы тамақтан кейін эпигастрия аймағының сыздап ауыруы мазалайды. Анда санда жүрегі айнып, құсқаннан жеңілдейді. Іштің пальпациясында эпигастрий аймағы ауырады. Нәжісі мен зәрі қалыпты. Қай зерттеу әдісі ЕҢ ақпаратты?

 

* ФЭГДС

* уреазды тест

* хеликобактер пилориға ИФА

* тыныстық тест

*+ асқазанның шырышты қабатының гистологиясы

 

#863

*! Бала 1 айлық. 37 аптасында шала туылды, емшек емеді. 1 айда 500 гр. салмақ қосты. Тәбеті қалыпты. Емізу кезінде мазасыздық байқалады және 2-3 мл көлемінде іріген сүтпен құсады. Үлкен дәреті тәулігіне 8-10 рет жасыл түсті, шырыш аралас, қорытылмаған көпіршікті, осырады. Аталған симптомокомплекстің ЕҢ ықтимал себебі:

*+ішек дисбиозы

*функциональды іш өту

*мальабсорбции синдромы

*циклды құсу синдромы

* тітіркенген ішек синдромы

 

#864

*! Жасөспірім бала. Оң жақ қабырға астының майлы, суық тағамнан кейін күшейетін үнемі ауыруына шағымданады. Ауыру ұстамалы сипатта, оң жауырын мен оң иыққа беріледі. Ұстамалар тәулік бойы жалғасады, но-шпа қабылдағаннан кейін басылады. Осы жағдайдың диагностикасындағы ЕҢ ақпараттылығы жоғары зерттеу әдісі:

* қашықтық және қатынастық термография

* өтті биохимиялық зерттеу

*+ ультрадыбыстық зерттеу

* пероральды холецистография

* көктамырішілік холецистография

 

#865

*!7 айлық балада жүргізілген антибиотикемі курсынан соң дәреті 6 ретке дейін жиіледі, Нәжісі сулы, шырышпен, жасыл түсті. Жалпы жағдайы бұзылған жоқ. Кейде коликалар мазалайды. Қай бактериологиялық зерттеу әдісі еЕҢ ақпаратты?

 

*тоқ ішектің шырышты қабатының биоптатын зерттеу

*+ фекалийдің микрофлорасының құрамын зерттеу

* тоқ ішектің шырышты қабатының қырындысын зерттеу

* тоқ ішектің шырышты қабатының шайындысын зерттеу

* тоқ ішектің шырышты қабатының биоптатын зерттеу

 

#866

*!Пациент стационарлық емдеуде. Тоқ ішек бойымен іші ауыруына, дефекация актының бұзылуына шағымданады (дефекацияның жиілеуі, нәжісінің сұйылуы). Нәжісінде қан және шырыш пайда болды. Аталған зерттеу әдістерінің қайсысы диагноз қоюда ЕҢ ақпаратты?

 

*ирригография

*ректороманоскопия

*колоноскопия

*+шырышты қабатының гистологиясы

*копрология

 

#867

! * Бала тоқ ішек бойымен іші ауыруына шағымданады. Ауыру дефекациядан кейін басылады. Анасының айтуынша іші ауырғандабаланың дәреті де сұйылады, сосын қайта қатаяды. Кейде бір тәуліктен аса іш қатулар пайда болады. Пациент 5 айдан бері ауырады. Копрограммада патологиялық түзілістер жоқ. Төменде аталған диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ ықтимал?

 

*+ІТС

*жаралы колит

*Крон ауруы

*панкреатит

*билиарлы тракттың дисфункциясы

#868

*! Бала 1 айлық. Соңғы 2 апта бойы фонтандай құсуға байланысты ауруханаға жатқызылды. Қарап тексергенде 2ші дәрежелі эксикоз және гипотрофия байқалды, көзге көрінетін асқазан перистальтикасы, пальпация кезіндеқақпақшаның сезілуі. Төменде аталған диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ ықтимал?

 

* өңеш халазиясы

*+ пилоростеноз

* пилороспазм

* ахалазия

* эзофагоспазм

#869

*! Науқас Б. 12 жаста. Ішінің ауыруына, құсуға, тәбетінің төмендеуіне шағымданып түсті. Анамнезінде: жарты жылдай ауырады, көбінесе іші ас қабылдаған соң 1,5-2 сағаттан кейін ауырады. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, терісі бозғылт, тілі ақ жабындымен жабылған, іш пальпациясында эпигастрия аймағында ауру сезімі байқалады. Қандай зерттеу жоспары ЕҢ ақпаратты?

 

* іш қуысының УДЗ, билирубин деңгейін анықтау

* іш қуысының УДЗ, амилаза деңгейін анықтау

* дуоденальды зондтау, асқазанды фракционды зондтау

*+ ФЭГДС, уреазды тест

* іш қуысының УДЗ

#870

*! Колоноскопия жүргізгенде анықталды: тоқ ішектің шырышты қабатындағы ошақтық бұзылыстар. Осы аймақтарда шырышты қабат гиперемияланған, қан тамыр суреті визуализацияланбайды, шырышты қабаты «тасты төсеу» түрінде бұдырлы, тегіс емес. Осы эндоскопиялық көрініс қандай ауруға тән?

 

*арнайы емес жаралы колит

*ішек амебиазы

*+ Кронауруы

*дизентирия

*улы колит

#871

*!2 жасар бала. 10 айлығынан қосымша тамақ (ботқа) енгізгеннен соң сұйық нәжіс пайда болды, салмақты аз қосады. Тәбеті күшейген. Сасық иіспен полифекалия анықталды.

Төменде аталған диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ ықтимал?

 

*муковисцидоз

*ішек инфекциясы

*дисбактериоз

*+целиакия

*экссудативтік энтеропатия

#872

*! Қыз бала 4 ай. Емшек емеді, физикалық дамуы артта қалған 2 айынан бастап жемiс шырындарын енгiзгеннен кейiн үлкен дәреті жиілеген, метеоризм, құсу пайда болды. Төменде аталған диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ ықтимал?

 

*+біріншілік дисахаридаза жетіспеушілігі

*муковисцидоз, ішектік түрі

*целиакия

*біріншілік экссудативті энтеропатия

*лактаза жетіспеушілігі

#873

*! 11 айлық бала. Дене салмағы 7300 г., бойының ұзындығы 68 см. Туғандағы дене массасы 3200, бойының ұзындығы 50 см. 4 айға дейін емшек емген, содан кейін адаптацияланған қоспаға ауыстырылды. 5 айынан бері қосымша тамақ енгізілді - ботқа (манна, сұлы), 6 айынан бері – көкөніс езбесі. 5 айға дейін өсіп, дамуы жас ерекшелігіне сәйкес, содан кейін салмақты аз қосуда айына 80-100 гр., 7 айынан бері – салмағын жоғалтты. Үлкен дәреті тәулігіне 2-3 рет, мөлшері көп, кейде күніне 5 рет. Осы пациентте ащы ішектің шырышты қабатының биопсиясынан күтіледі: