Вегенер гранулематозы диагнозының критерийлері 1 страница

Критерийлер Анықтамасы
Мұрын және ауыз қуысының қабынуы Ауыз қуысында жаралар болады; мұрыннан қанды сұйықтық бөлінеді
Өкпені рентгенологиялық тексергенде болатын өзгерістер Түйіндер, инфильтраттар, қуыстар
Бүйрек өзгерістері Микрогематурия (көру алаңында 5 көп эритроцит) немесе несеп тұнбасындағы эритроциттер жоғары
Биопсия Артерия қабырғасында немесе периваскулярлық және экстраваскулярлық кеңістіктерде гранулемалы қабыну

 

Екі және одан да көп белгінің болуы диагноз қоюға мүмкіндік береді.

Вегенер гранулематозын гранулемалы процестен (саркоидоз т.б.), стафилококктік пневмониядан, инфекциялық гранулемалардан (туберкулез), жеделше экстракапиллярлы гломерулонефриттен айыра білу керек.

Гудпасчер синдромыВГ-ден өзгешелігі Гудпасчер синдромында зақымданудың жүйелік белгілері (өкпе мен бүйрек қана зақымданады) болмайды, анемия ауыр болады, бүйрек биоптатында – бүйректің базальды мембранасына қарсы антиденелер (иммунофлюоресценттік тексергенде) және иммундық депозиттердің (JgG) сызықтың сипаты болады. ВГ-да иммуносупрессивті емге оң мәнді жауап болады, ал Гудпасчер синдромында мұндай реакция барлық жағдайда кездеспейді.

«Таза васкулиттер» деп аталатын васкулиттерде (ЖҚЖ, ТП)гранулемалы қабыну болмайды.

Саркоидоздамұрын-жұтқыншақтың кілегей қабығының жаралы-некрозды өзгерістері сирек болады, ВГ-нан өзгешелігі ауру онша қатерлі болмайды, бронх-өкпе лимфа түйіндерінің өскені және өкпенің интерстициальды өзгерістері анықталады.

Деструкциялы стафилококтік пневмонияныңВегенер гранулематозынан өзгешелігі онда жоғарғы тыныс жолдары мен бүйректер зақымданбайды. Стафилококтік пневмонияда рентгенологиялық тексергенде өкпе тінінің инфильтрациясы және әр түрлі жұқа қабырғалы қуыстар түріндегі деструкциялық өзгерістер анықталады. Бактериологиялық және серологиялық тексерулер, қанды комплементтің стафилококпен байланысу реакциясына тексеру ауру диагнозын дәлелдейді.

Өкпе туберкулезінде(инфильтрациялы – пневмониялық түрі) айқын клиникалық белгілер болмау жиі кездеседі. Рентгенологиялық тексергенде аурудан сауыққан туберкулез белгілері (петрификаттар), көлеңкелердің айқындау болуы және белгілердің баяу өзгеруі анықталады.

Жеделше экстракапиллярлы гломерулонефритнефроз синдромымен, қатерлі артериялық гипертониямен және тез дамитын бүйрек жетіспеушілігімен сипатталады. Бүйрек пунктатында пролиферативті гломерулонефрит және фиброзды-эпителиальды жарты айшықтар көрінеді.

Асқынулары: 1) Мұрын пердесінің перфорациясы

2) Құлақ мүкістігінің пайда болуы

3) Бүйрек жетіспеушілігі

Клиникалық диагнозды тұжырымдаудаескеру керек:

1) аурудың клиникалық-морфологиялық вариантын;

2) зақымданудың сипатын;

3) асқынуларды.

Диагноз тұжырымдау мысалдары:

1. Вегенер гранулематозы. Шектелген варианты. Жаралы-некрозды ринит, ларингит, пневмонит. Мұрын пердесінің перфорациясы.

2. Вегенер гранулематозы. Жайылмалы варианты. Жаралы-некрозды ринит, синусит, пневмонит, гломерулонефрит. СБЖ І сатысы.

Емі.Стандартты ем бойынша ішке циклофосфамидтың 1 мг/кг/күнге дозасын глюкокортикостероидпен (1 мг/кг/күнге) қосып қабылдау керек. ГКС бұл дозада қабылдауды циклофосфамидтің иммуносупрессивті әсері пайда болғанша (4 апта шамасы) жалғастыру керек, одан кейін ГКС дозасын 1-2 ай бойы азайтып отырып, препаратты альтернациялы қабылдауға көшеді (60 мг күн ара). Циклофосфамидпен емдеуді толық ремиссияға қол жеткізгеннен кейін кем дегенде бір жыл қабылдау керек. Одан кейін оның дозасын 2-3 айда 25 мг азайтады.

Аурудың тез үдемелі даму барысында циклофосфамидтің алғашқы дозасы 3-5 мг/кг/күнге құрайды, оған қоса ГКС (преднизолон 2-15 мг/кг/күнге) бірнеше күн беріп, кейін ГКС стандартты қабылдау режиміне көшеді.

Емнің экстракорпоральдық әдістері аурудың жедел түрінде, иммунодепрессанттардан тиімді әсер болмағанда қолданылады. Плазмаферезді бүйректің үдемелі патологиясында және цитостатиктерді көтере алмауда қолданады.

Прогнозы.Прогноз емге және асқынулардың бар-жоғына тәуелді. Емделмеген ВГ-да ауру адамдар 5 ай мен 2 жыл аралығында өледі. Иммунодепрессивті ем науқас адамдардың 75% ремиссияға қол жеткізеді. Рецидив 22-46% жағдайда байқалады.

Ревматизмдік аурулар бойынша тестілер сұрақтары

Бір дұрыс жауабын беріңіз

1. ЖҚЖ тән:

а) тромбоцитоз

б) гломерулонефриттің ерте дамитыны

в) буындардың анкилоздануы

г) ДНҚ қарсы антиденелер титрінің жоғарылауы

д) эритроцитоз

2. ЖҚЖ-ң ең жиі асқынуы:

а) бүйрек жетіспеушілігі

б) бауыр амилоидозы

в) асқазан-ішек жолының асқынулары

г) созылмалы панкреатит

д) бронхообструкциялық синдром

3. Келтірілген лабораториялық көрсеткіштердің ішінде ЖСД-ң диагнозын қою үшін қайсысы маңызды:

а) қанда оксипролиннің мөлшерін анықтау

б) комплемент титрі

в) қан сарысуындағы LE клеткаларының саны

г) қан сарысуындағы КФК деңгейі

д) ЭТЖ

4. Екінші ретті дерматомиозит себептері:

а) дәрі қабылдау

б) вирустық инфекция

в) қатерлі ісіктер

г) бактериялық инфекция

д) инсоляция

5. Дерматомиозитті емдеуде ерекше маңыз беріледі:

а) БҚҚП-ға

б) аминохинолин препараттарына

в) кортикостероидтарға

г) цитостатиктерге

д) кең спектрлі әсері бар антибиотиктерге

6. РФ дегеніміз:

а) JgG

б) клетка ядроларына қарсы антиденелер

в) агрегацияланған иммуноглобулинге қарсы антиденелер

г) нативті ДНҚ-ға қарсы антиденелер

д) комплемент

7. РА ең тән асқыну:

а) бүйрек амилоидозы

б) екінші ретті инфекция

в) тыныс жетіспеушілігі

г) инсульт

д) жүрек әлсіздігі

8. Подаграға тән рентгенологиялық белгілер:

а) деструкциялы артрит

б) оқ тесігі симптомы

в) шеміршектің әктенуі

г) периартикулярлық тіндер кальцинаты

д) остеопороз

9. Тофус дегеніміз не?

а) остеофиттер

б) ураттардың тіндерде жиналуы

в) қабыну гранулемалары

г) тері асты шелдің ісінуі

д) пустула

10. Подаграның жедел ұстамасына түрткі болатын факторлар:

а) салқын тию

б) жеңіл жарақат

в) инфекция

г) алкоголь мен етті тағамды көп қолдану

д) ұзақ жүру

11. Подаграмен ауыратын науқастарда болатын өлімнің ең жиі себебі:

а) жүрек әлсіздігі

б) тромбоэмболиялық синдром

в) бүйрек жетіспеушілігі

г) бауыр жетіспеушілігі

д) ишемиялық инсульт

12. Анкилоздаушы спондилартритке тән белгі:

а) омыртқа жотасы қимылының азаюы

б) арқаның тура бұлшық етінің қатаюы

в) рентгенографияда екі жақты эрозиялы сакроилеит

г) омыртқа жотасы бүгілістерінің жадағайлануы

д) омыртқа жотасының ертеңгілік құрысуы

13. Түйінді периартерииттің жедел даму барысында тағайындау керек:

а) антибиотиктер

б) преднизолон

в) преднизолон және циклофосфамид

г) делагил

д) БҚҚП

14. Түйінді периартерииттің негізін құрайды:

а) орташа калибрлі артерияның қайталамалы тромбозы

б) микроциркуляция арнасы тамырларының эндотелийінің иммунды қабынуы

в) орташа және ұсақ калибрлі тамырлардың аутоиммунды панартриті

г) аяқтардың терең веналарының тромбофлебиті

д) ірі артериялар артерииті

15. Геморрагиялық васкулитте зақымданады:

а) ірі калибрлі артериялар

б) микроциркуляция арнасы

в) орташа калибрлі веналар

г) ірі калибрлі веналар

д) самай артериясы

16. Геморрагиялық васкулитке тән қансырағыштық типі:

а) гематомалық

б) петехиялы – дақты

в) васкулитті – пурпуралық

г) ангиоматозды

д) аралас

17. Біреуінен басқасынан бәрін геморрагиялық васкулитте тағайындауға болады:

а) гепарин

б) дезагреганттар

в) антигистаминдік препараттар

г) преднизолон

д) плазмаферез

18. Вегенер гранулематозына тән:

а) самай артериясының зақымдануы

б) бронхоэктаздардың болуы

в) мұрын – жұтқыншақ аймағының жаралы – некрозды зақымдануы

г) ұзақ даму ауруға тән

д) пульстің асимметриясы

19. Вегенер гранулематозын емдеуде таңдамалы дәріге жататыны:

а) кортикостероидтар

б) антибиотиктер

в) метотрексат

г) циклофосфамид

д) БҚҚП

20. Такаясу ауруына тән емес:

а) аурудың жас әйелдерде басым кездесуі

б) брахиоцефалиялық артериялар зақымдануы

в) синокаротид синдромының болуы

г) тез өріс алатын бүйрек жетіспеушілігінің бой көрсетуі

д) аурудың ұзаққа созылуы

21. Анкилоздаушы спондилоартритті емдеуде қолданылатын негізгі препараттар:

а) кортикостероидтар

б) цитостатиктер

в) БҚҚП

г) 4-аминохинолин өнімдері

д) сульфасалазин

22. Артрит, уретрит, конъюнктивит – қандай ауруға тән триада:

а) Шегрен синдромы

б) Рейтер синдромы

в) Фелти синдромы

г) гонорея

д) ревматоидтық артрит

23. 23 жастағы еркек сол жақ тізе буынының ауыратынына шағым айтады. Буын сипап қарағанда жылы, ішінде сұйықтық бар. Анамнезінде: үш апта бұрын сол жақ аяқ ұшының ІІ-ІІІ табан-бақайшық буындары қабынған, кейін – оң жақ сирақ асық буыны қабынып, конъюнктивит бой көрсеткен. Қарағанда өкше сүйегіне ахилл сіңірі бекитін жер ісінген және ауырады. Қан анамнезінде гемоглобин – 140 г/л, лейкоциттер – 9,1х109/л, ЭТЖ – 25 мм/сағ. Несеп анализі: белок – ізі, тұнбада – көру алаңында 15-20 лейкоцит. Қандай болжам диагноз:

а) Рейтер ауруы

б) ревматоидтық артрит

в) подагра

г) ревматизм

д) остеоартроз

24. 23 жастағы әйел осы жылдың наурыз айында делсалдық, артралгия, субфебрилитет байқаған. Июньде дәрігерге көрінген. Қарағанда қолұшының ұсақ буындарының проксимальді бунақ-аралық, алақан-бунақ, білезік буындарының артриті, шаштың күшті түсе бастағаны анықталды. Кеуде торының рентгенограммасында – диафрагманың жоғары тұруы, плевра синустарында сұйықтық бары көрінеді. АҚҚ с.б. 110/70 мм. Қанның анализі: гемоглобин – 98 г/л, лейкоциттер – 2,7х109/л, ЭТЖ – 36 мм/сағ. Несептің жалпы анализі: белок – 0,33%, тұнбада – қарау алаңында – 10-15 эритроцит.

Болжам диагноз:

а) ревматизм

б) инфекциялық эндокардит

в) ревматоидтық артрит

г) түйінді периартериит

д) жүйелі қызыл жегі

25. Қызба, полиневрит, артериялық гипертензия, бронхобструкциясы синдром қандай ауруда байқалады?

а) жүйелі қызыл жегі

б) дерматомиозит

в) түйінді периартериит

г) жедел ревматизм

д) инфекциялық эндокардит

26. Активті ревмокардит және жүрек ақаулары қалыптасқаннан кейін ревматизмнің екінші ретті профилактикасы іске асырылады:

а) 1 жыл бойы

б) 3 жыл бойы

в) 5 жыл бойы

г) 10 жыл бойы

27. Гудпасчер синдромында зақымданады:

а) өкпелер мен бүйректер

б) жүрек пен өкпе

в) жүрек пен бүйрек

г) асқазан – ішек жолы

д) ОНЖ

28. 27 жастағы әйел. Жарты жыл ішінде бір немесе бірнеше саусақтарының қысқа мерзім ішінде ағарып кететінін байқаған, соңғы ай ішінде – алақан-бунақ және білезік буындары тұрақты түрде ауыратын болған. Жүргенде ентігу, жүрек соғуы пайда болған. Қарағанда: қолұшы сыртының терісі, саусақтардың терісі, білек, маңдай, кеуде терісі тығыздалған, жалтырап тұрады, екі саусақ арасына алуға келмейді; ісінуге байланысты алақан – бунақ және білезік буындары түрлерін орташа дәрежелі өзгерткен (дефигурация), жүрек тондары тұйықталған, өкпе артериясы үстінде ІІ тон акценті, тахикардия; өкпенің төменгі бөліктерінің үстінде – крепитацияға ұқсас сырылдар естіледі.

Сіздің болмашы диагнозыңыз:

а) жүйелі қызыл жегі

б) жүйелі склеродермия

в) ревматизм

г) ревматоидтық артрит

д) дерматомиозит

Мына схеманы қолданып, дұрыс жауабын беріңіз:

А – 1, 2, 3 дұрыс болса

Б – 1, 3 дұрыс болса

В – 2, 4 дұрыс болса

Г – 4 дұрыс болса

Д - бәрі дұрыс болса

29. Жүйелі қызыл жегіні емдеуде ескеру керек:

1. кортикостероидтар таңдамалы дәрілерге жатады

2. гломерулонефрит цитостатиктер тағайындаудың көрсетпесі болып табылады

3. кортикостероидтармен сүйемел ем ұзаққа созылады

4. жағымсыз әсерлері пайда болғанда кортикостероидтарды аминохинолин дәрілерімен ауыстыруға болады

30. Жүйелі склеродермияда болатын ауруға тән висцеральдық зақымданулар:

1. базальды пневмофиброз

2. жайылмалы гломерулонефрит

3. эзофагит

4. плеврит

31. CREST синдромының диагноз қою белгілері:

1. эзофагит

2. Рейно синдромы

3. тері кальцинозы

4. телеангиэктазиялар

32. Жүйелі склеродермияда фиброз түзуді тежеу үшін қолданады:

1. колхицин

2. делагил

3. Д-пеницилламин

4. метотрексат

33. РА қолданылатын базис емінің дәрілері:

1. БҚҚП

2. метотрексат

3. кортикостероидтар

4. алтын дәрілері

34. Остеоартрозға тән белгі:

1. ұзаққа созылғанда контрактуралардың пайда болуы

2. аурудың жас кезде басым дамитыны

3. зақымданған буындар аймағында тофустар түзілуі

4. остеофиттер түзілуі

35. Остеоартроз белгілері:

1. Геберден түйіндері

2. ертеңгілік ұзаққа созылған құрысу

3. «мотор» буынның бұлшық еттерінің семуі

4. преднизолонның өте жоғарғы тиімділігі

36. Остеоартроздың рентгенологиялық белгілері:

1. буын саңылауының тарылуы

2. остеофиттер

3. шеміршекасты остеосклероз

4. сүйектің буын беттерінің шеттік эрозиялары

37. Остеоартроздағы буын синдромының ерекшелігі:

1. артралгияның «механикалық» сипаты

2. тізе және ұршық буындарының жиі зақымдануы

3. синовиттің сирек болатыны

4. анкилоз даму ауруға тән емес

38. Квинке ісігінде көрсетілетін шұғыл жәрдем:

1. адреналинді тері астына егу

2. димедролды етке егу

3. преднизолонды венаға жіберу

4. седуксенді венаға егу

39. Анафилаксия шогында қолданылады:

1. адреналин

2. преднизолон

3. антигистаминдік дәрілер

4. строфантин

40. Дерматомиозитке тән белгілер:

1. «көбелек» симптомы

2. супраорбитальдық ісіну және көз айналасы терісінің гиперемиясы

3. буындар деформациясы

4. өте күшті бұлшық ет әлсіздігі

41. РА активтілік белгілері:

1. ЭТЖ өсуі

2. Геберден түйіндері

3. ертеңгілік 1 сағаттан ұзаққа созылатын құрысу

4. АСЛ – О жоғары титрі

42. ЖҚЖ тән диагностикалық триада:

1. дерматит

2. артрит

3. полисерозит

4. нефрит

 

 

НЕСЕП БӨЛУ ЖҮЙЕСІНІҢ АУРУЛАРЫ

Жедел гломерулонефрит

Жедел гломерулонефрит (ЖГН) – бүйректердің тұқым қуалайтын екі жақты иммунды қабынуы; қабыну процесі алдымен және басым түрде бүйрек шумақтарын, кейін өзекшелер мен интерстициальды тінді және бүйрек тамырларын қамтиды.

Бүйрек ауруларының ішінде гломерулонефриттердің (ГН) үлесіне 36,8% тиеді, пиелонефриттердің үлесіне 39,13%, басқа аурулар үлесіне 14,1% тиеді. Терапевтік стационардағы ауру адамдар ішінде жедел және созылмалы гломерулонефритпен ауыратындар 0,5-0,3% құрайды, көбіне 20-40 жастағылар ауырады. ЖГН еркектерде әйелдермен салыстырғанда жиірек кездеседі (қатынасы 2:1).

Көп жағдайда гломерулонефрит жеке ауру болып келеді, бірақ ол бүйректердің басқа патологиялық процеспен зақымдануының (мысалы жүйелі ауруларда) салдары да болуы мүмкін.

Гломерулонефриттің іштен туа болатын (тұқым қуалайтын) түрлері сирек кездеседі.

Этиологиясы және патогенезі. Себебіне қарай инфекциялық, инфекциялық емес, жүйелі ауруларда кездесетін және туа болатын гломерулонефриттердің түрлерін бөледі.

Гломерулонефриттердің ең жиі себебі деп А тобына (49 және 12 штаммалары) жататын b-гемолитикалық стрептококті есептейді. ЖГН себебі стрептококтік инфекциямен байланысты аурулардан кейін (баспа, созылмалы тонзиллит, фурункулез, скарлатина, отит, синуситтер, тілме т.б.) жиі дамиды (74-78% жағдайда).

Гломерулонефрит басқа инфекциялық процестердің (бактериялық – пневмококк, стафилококк, менингококк, іш сүзегі таяқшасы, бозғылт спирохета және басқалары; вирустық – В гепатитінің, гриптің, қызылшаның, инфекциялық мононуклеоздың, жел шешегінің, эпидемиялық паротиттің, Коксаки және ЕСНО вирустары; паразитарлық – безгек, токсоплазмоз және басқалары) нәтижесінде де дамиды.

Гломерулонефриттер экзо- және эндогендік антигендер (сарысу, вакциналар, химиялық заттарға үстеме сезімталдық немесе оларды көтере алмау, дәрілер, жәндіктер улары, өсімдік тозаңдары, алкоголь. ЖҚЖ адамның өз клеткаларының ядролары, ісіктердің тіндері) әсерінен де туындайды.

Гломерулонефриттер жүйелі ауруларда да (ЖҚЖ, түйінді периартериит, Шенлейн-Генох ауруы, Гудпасчер синдромы және басқа васкулиттер) байқалады.

ГН іштен туа болған (тұқым қуалайтын) синдромдар түрінде кездеседі: Альпорт, Фабри синдромдары және т.б.

ЖГН дамуына жағдай туғызатын факторларға салқын тию және тұқым қуу бейімділігі жатады.

Қазіргі кезде гломерулонефриттердің дамуы жөнінде иммунды қабыну генезінің концепциясы қабылданған. 60-80% жағдайда гломерулонефриттердің иммунды комплекстік сипаты болады деп есептейді.

Иммунды комплекстік нефриттің дамуының екі варианты бар. Бірінші вариантында иммундық комплекстер антиденелердің (аутоантиденелердің) бүйрек шумағы капиллярлары қабырғасының базальды мембранасының белоктық бөлшектері болып табылатын антигендерімен (базальды мембрана стрептококк токсиндерінің және басқа себептердің әсерінен зақымданып, антигендік қасиетке ие болады) әрекеттесуінің нәтижесінде пайда болады. Бұл комплекстер тікелей базальды мембранаға шөгіп, оларды зақымдайды (иммунопатогенездің аутоиммундық варианты). Бұл вариант сирек байқалады. Басқа иммундық комплекстер антиденелердің бүйректен тыс және шумақтардан тыс антигендермен (оның ішінде стрептококктік антигендермен) қанда байланысуынан туындайды. Бұл иммундық комплекстер басында қанда айналып жүріп (АИК), комплементтерді белсендіреді. АИК (айналымдағы иммундық комплекстер) бір бөлігі шумақ капиллярларының базальды мембраналарына немесе мезангийге шөгіп, иммундық қабыну тудырады (ЖГН иммуно-патогенезінің иммунды комплекстік варианты). Бүйрек шумақтарын тікелей комплемент зақымдайды. Шумақтарды иммундық комплекстер мен комплемент жиналған жерлерде пайда болатын нейтрофильдердің лизосомальды ферменттері де зақымдайды. Зақымдануға жауап реакция ретінде мезангий мен эндотелий клеткаларының пролиферациясы бой көрсетіп, оның өзі иммундық комплекстердің организмнен бөлінуіне (элиминация) жағдай жасайды. Егер бұл процесс тиімді болып келсе, онда организм толық сауығады. Иммундық комплекс көп болса және базальды мембрананың зақымдануы ауыр болса, онда процесс созылмалы дамуға көшеді, кейде аурудың жағымсыз варианты – жеделше капиллярлы гломерулонефрит дамиды.

Патогенезіне қарай гломерулонефриттің аз иммунды вариантын ажыратады (түйінді периартерииттегі, Вегенер гранулематозындағы гломерулонефрит). Аурудың бұл вариантында антиденелер нейтрофильдердің цитоплазмасына, протеиназаға және нейтрофильдердің миелопероксидазасына қарсы түзіліп, ақырында эндотелийді, оның ішінде бүйрек тамырларын зақымдайды.

Антиденелік гломерулонефритте (Гудпасчер синдромы) антиденелер шумақ капиллярларының базальды мембранасына қарсы, жиі өзекшелердің базальды мембранасына қарсы және альвеолярлы-базальды мембранасына қарсы түзіліп, осы базальды мембраналарды зақымдайды.

Соңғы кезде гломерулонефриттер патогенезінде В және Т-лимфоциттер қатысатын клеткалық иммунитет реакциясына көңіл аударыла бастады.

Гломерулонефрит патогенезінде микроциркуляцияның, қанның реологиялық қасиеттерінің бұзылулары мен гиперкоагуляцияның бой көрсетуі маңызды роль атқарады.

Патоморфологиясы. Патоморфологиялық тұрғыдан жедел гломерулонефрит жайылмалы пролиферативті гломерулонефрит болып табылады. Онда барлық дерлік бүйрек шумағы зақымданады. Аурудың өте жіті сатысында шумақтарда геморрагиялық экссудат болады, оның нәтижесінде шумақтардың мөлшері ұлғаяды. Осы сатыда мезангий мен капиллярлар тұзақтарында нейтрофильдердің инфильтрациясы анықталады. Келесі фаза – эндотелий клеткалары мен мезангий клеткаларының инфильтрациясы. Бұл өзгерістер әдетте қайтымды болып келеді, егер олар бір жыл бойы және одан да көп сақталса, онда жедел гломерулонефриттің созылмалы дамуға көшкені деп есептейді.

Классификациясы. Жедел гломерулонефриттің жалпылай қабылданған классификациясы жоқ. Күнделікті жұмыста төмендегідей классификацияны қолданады:

Этиологиясына қарай:

а) стрептококктен кейінгі ЖГН: (А тобының b-гемолитикалық стрептокогі, нефротогенді штамдары 1,4,8,12,49);

б) инфекциядан кейінгі ЖГН: [стафилококктар мен пневмококктар, туберкулез таяқшасы, бруцеллалар, вирустар (В, С гепатитінің, жел шешектің, қызылшаның, ЕСНО, Коксаки, қызамықтың, АИВ), қарапайымдар (токсоплазмоз, безгек плазмодийі); паразитарлық (шистосомоз, трихинеллез, альвеококкоз)].

Клиникалық дамуына қарай:

а) жеке ЖГН (жедел нефриттік синдром, стрептококктік немесе басқа инфекциядан кейін 1-4 апта өткен соң пайда болған);

б) ұзара дамыған ЖГН (ісіну мен АГ 1 айдан ұзақ, ал несептегі өзгерістер – 3 айдан ұзақ сақталған).

Морфологиясына қарай: ЖГН-ке жедел жайылмалы пролиферативті гломерулонефрит сәйкес келеді.

Клиникасы. Жедел гломерулонефриттің клиникалық көрінісі оның классикалық түрінде айқын көрінеді және оның белгілері несепте болатын өзгерістерге, несептің жедел тоқтауына (3-5% жағдайда анурия байқалады) тәуелді бой көрсетеді.

Несеп бөлудің жедел тоқтауы олигурияны, ісінуді, артериялық гипертензияны және ентігуді тудырады.

Ісіну – жедел гломерулонефриттің ең басты және ең жиі белгісі (науқас адамдардың 70-90% байқалады). Ісіну бүйректік және бүйректік емес патогенетикалық факторлардың әсерінен пайда болады. Бүйректік факторларға жататындар шумақтық фильтрацияның (сүзгінің) азаюы және натрий мен судың өзекшелік реабсорбциясының күшеюі жатады, бүйректен тыс факторларға – жалпы тамыр өткізгіштігінің күшеюі, гипо- және диспротеинемияның, әсіресе гипоальбуминемияның дамуы, онкотикалық қысымның азаюы, альдостерон секрециясының күшеюі және натрийдің организмде жиналуы, қанда АДГ концентрациясының көбеюі мен бүйрек өзекшелерінің дистальдық бөліктерінде судың реабсорбциясының күшеюі жатады.

Нефриттік ісінулерге тез пайда болу (кейде бірнеше сағат, тәулік) және жайыла тарау (бетте, дене тұлғасында, аяқ-қолда) тән. Көбіне олар беттен басталады. Кейде ісіну сұйықтығы сірі қуыстарға жиналады. Нефроз синдромында болатын ісінуден айырмашылығы «жедел нефриттік» ісінулердегі натрий мен судың жиналуына қоса гиперволемия және брадикардия байқалады. Жедел нефриттік ісінулер мен тері жамылғысының қуқыл тартуы науқас адамға ауруға тән пішін береді.