Дәріс. Полиграфиялық кәсіпорындарың жоспарлау

Жоспарлауының классикалық үш түрі болуы мүмкін:

1 − тұрақты жоспар. Онда бұйым материалы немесе негізгі бөлшектері белгілі бір орында тұрады. Жоспарлауының бұл типі ауыр машина жасауда пайдаланады;

2 −операциялары жұмыстардың түрі бойынша, функционалды қасиеті бойынша топталған технологиялық үрдістің жоспарлауы;

3 −ағымды өндіріс немесе нәрселік қағидат бойынша жоспарлау.

Полиграфия кәсіпорындарын жобалау 2 және 3 әдістерімен жүргізілуі мүмкін.

Жоспалау жасаудың негізгі қағидалары мен тәртібі

Жоспарды жасағанда оның негізгі мәселелерін шешуден бастау керек те, одан құрама мәселелерге көшу керек. Жобалаудың және жоспардың ең негізгі мәселелеріне өндірісті тиімді орналастыра алатын, үлесті жерге салынатын, ғимараттың оңтайлы вариантын таңдау жатады.

Жоспардың қағидалы мәселелеріне мыналар жатады:

1. Кәсіпорынның өндірістік цехтарының өзара орналасуының жоспары;

2. Сыртқы және ішкі жүк ағымдарының бағыттарын жобалау, олардың жолдарын және көлік құралдарының жүйесін көрсету керек /ғимаратты үлесті жерге байланыстыру керек, жер үлесіне қажетті ғимаратты төменгі қабатының деңгейлерін белгілеу керек/

3. Кәсіпорындағы негізгі кісілер ағымдарының бағытын жобалау;

4. Өндірістік процестер үшін нормальді жағдай туғызу;

5. Өндірістік алаңдарды пайдалануының тиімділігін анықтау.

Өндірістік ғимараттар негізгі өндірістік цехтардың идеальді жоспарына қажетті жобалануы мүмкін. Жоспардың бұл әдісін ғимаратпен жабдықтың мерзімдері бірдей болған жағдайда ғана қолдануға болады.

Бір ғимаратта орналасатын полиграфиялық кәсіпорынның құрамында көптеген өндірістік цехтардың болуы, тиісті негізгі цехтарда идеальді жоспардың мүмкіншілігін жояды. Сонымен қатар, полиграфиялық кәсіпорындардың мерзімдері ұзақ өндірістік ғимараттар үшін идеальді жоспарды қолдануға болмайды, өйткені ғимараттың мерзімінде өндіріс технологиясы мен техникасы бірнеше рет өзгеруі мүмкін, қайта жоспар жасалынады.

Нақты жоспарды жобалау әдетте белгілі бір компромиспен байланысты, бірақ өндірістік процесс үшін жайлы жағдайды кәсіпорынның негізгі жүктер ағымы өтетін цехтарда жасау керек.

Өндірістік цехтардың жоспары

Өндірістік цехтар жоспарлауының мақсаты: технологиялық бөлімшелерді цех ішінде тиімді орналастыру, бөлімшелерді цех ішінде тиімді орналастыру, бөлімшелерде жұмыс орындарын жақсы ұйымдастыру.

Жабдықтар тұрған орын негізгі жұмысшылар істеуге ыңғайлы болу керек, қосымша жұмысшылар үшін жабдықты жөндеуге қажетті орындар қарастыру керек. Жабдықтар жанында шикізаттар, жартылай фабрикаттар, материалдар қоятын орындарда, қажетіне қарай оларды үйіп қоятын орындарды да қарастыру керек. Жабдықтар жанына дейін келетін жолдар болу керек.

Цех жоспарлауын жасауға қажетті алғашқы құжаттар мыналар: цех ішіндегі өндірістік процестің операциялық картасы, цех бөлмелерінің құрамы және есептеулермен шамамен анықталған цех бөлмелерінің аудандары. Өндірістік процестің операциялық карталарында жартылай фабрикаттардың жиналу орны жөнінде, операция аралық қорлар жөнінде, технологиялық операциялар үшін материалдар беру орны туралы, бұйымның құрама бөліктерінің жинастыру орны жөнінде және планировкаға қажетті тағы басқа мәліметтер болу керек. Өндірістік үрдістің жақсы жасалынған картасы цехтың қолайлы жоспарын салуға мүмкіндік береді.

Жоспарлау көліктік құралдармен, жүкті үйіп қою жүйесімен анықталады, өйткені планировка кезінде көлік құралының түрі анықталады.

Цехтардың планировкасы ғимараттың типін таңдаған соң ғимарат ішіне негізгі өндірістік, қосымша − өндірістік цехтарды, қажет орындарын, кәсіпорын шаруашылықтарын орналасуының қағидалы сұлбаларын қабылдаған соң жасалынады. Сол жұмысты істеу барысында ғимарат ішіндегі цехтың орнын анықтайды. Оның ауданын таңдалып алынған колонналар торына байланысты технологиялық есептеулер нәтижесінде анықтайды.

Цех бөлмесінің жоспарында коршілес цехтардың орны, кәсіпорынның жүктер, кісілер жүрісінің бағыттары көрсетіледі. Мәселен, басу цехының планировкасы үшін мынадай мәліметтер керек: қағаз, басу формасы қайдан келеді, басылған парақтар немесе дайын өнімді қайда жіберу керек.

Берілген ауданда жоспар жасауды былай жүргізуге болады:

1) Өндірістік процестің жүрісі бойынша, жүктер ағымының бағытымен технологиялық бөлмелерді орналастыру;

2) Технологиялық бөлімшелерде жабдықтарды немесе жұмыс орындарын орналастыру;

3) Технологиялық бөлімдерде бір типтес жұмыс орындарын топтау, операциялар арасында бұйымдарды тасуға арналған негізгі көліктік құралдарды таңдау.

Кәсіпорынның көліктік құралдары

Басылым өнімдерін жасау үшін өндірістік процесс операция аралық және цех аралық бұйымдар қозғалысына байланысты.

Негізгі жүк ағыны, қағаздар, картондардың, түптеу материалының, жартылай фабрикаттардың және дайын өнімдердің қозғалысымен байланысты.

Осы жүктердің ағымына байланысты көліктік операциялар басу, кітапшалау-түптеу цехтарында, қоймаларда және экспедицияда жүреді.

Кәсіпорындардың және өндірістік цехтардың планировкасы кәсіпорынның көліктік жүйесін шешумен тығыз байланысты.

Көліктік жүйесі тиімді және оңтайлы шешілген кәсіпорын мен өндірістік цехтардың планировкасын жоғары бағалау болып табылады.

Жүк ағымы жолдарын қысқарту және көліктік операциялар санын азайту, планировкасы жобалайтын жабдық сипатымен сәйкестірумен жеткізіледі.

Үлкен кәсіпорындарда ротациялық машиналарды екі қабатта орналастырған жөн. Төменгі қабатта /қағаздар қоймасында / қағаз беретін бөлігін орналастыру керек, ал келесі қабатта машинаның басу бөлігін орналастыру керек.

Құрылыс алаңын жоспарлау және болашақ ғимарат орнын айқындау барысында болашақ жүк тасымалдау жұмыстарын анағұрлым қысқартуға болады. Ол үшін ғимараттық жүк берілу жағы теміржол вагонының платформасы немесе жүк машинасының деңгейінде болуы керек. Осындай жағдайда ғана автотиегіштер қағаз рулондарын бірден вагоннан не автомашинадан көтеріп алып, қойманың кез-келген жеріне орналастыра алады.

Полиграфия кәсіпорындарында табақты қағаздар, шикізаттар және дайын өнімдер арнайы сөрелерге, астаулармен контейнерлерге тиеледі. Оларды тасымалдау үшін көтермелі платформамен жабдықталған электрокарлар, электротиегіштер қолданылады. Рулонды қағаздар тельфермен монорельс жолдарымен не кран − балкаларымен тасымалдануы мүмкін.

Кітап-журнал ротациялық машиналарына формалар, офсеттік пластиналар арнайы қол арбаларымен жеткізіледі, ал ойыңқы басу машиналарының формалары монорельс бойымен кран – балканың көмегімен тасымалданады не болмаса машинаның құрамына кіретін арнайы форма тасымалдау арбасын пайдаланады.

Кітапшалау – түптеу цехтарында шикізаттарды тасымалдау үшін ленталы, жеңіл аспалы конвейерлер, шағын кареткалар /престелген дайын өніммен/ пайдаланады.

Төменнен жоғары тік тасымалдау үшін жүк лифтілерімен құрғату қондырғыларымен жабдықталған элеваторлар да пайдаланылады.

Қазіргі кезеңдегі жаңа тасымалдау жабдықтарын тиімді пайдалану үшін:

1. Еркін тасымалдау жолдарының жұмыс орындарына дейін бос болуын жоспарлау керек;

2. Көтермелі платформалармен жабдықталған электрокарлар тиеулі жүгімен жүк лифтілеріне еркін сыйуы керек. Лифтінің ауданы 2,0×2,5 м., жүк көтеруі 2 тн. кем болмауы керек;

3. Цех бөлмелерінің биіктігі қажет болған жағдайда өндірістік процестерге, техникалық эстетикаға онша әсер етпейтін аспалы тасымалдау жабдықтарын орнату мүмкіндігі болуы керек.

Өндірістік ішкі транспортты жобалауға тапсырыс ретінде жүк тасымалдау бағыттары, жүктің көлемі, сыйысты, орамалану не тиелу тәсілі, контейнерлер түрі, тасымалдау жүйесінің ағымды желідегі қозғалу жылдамдығы және, т.б. деректер көрсетілген технологиялық жоспар беріледі.

Сыртқы транспорт кәсіпорынды қағазбен, материалдармен жанар-жағар маймен қамтамасыз етеді, дайын өнімді жөнелтеді. Тәулігіне көп мөлшерде қағаз пайдаланатын ірі кәсіпорындарда құрылыс алаңын таңдағанда қажет болған жағдайда теміржол торабын пайдалану мүмкіндігін ескере отырып, жүктерді автокөлікпен жеткізуге болатынын да естен шығармау керек.

Жүк алмасуы шағын өндірістерде сыртқы жүк тасымалы негізінен автокөлікпен атқарылады.

Жүк тасымалдау ағымын механикаландыру барысында сыртқы және ішкі транспорттарында жүкті тиеу және түсіру жұмыстарына баса назар аудару керек. Қандай жағдайда болса да теміржол вагондарымен, автокөлікпен жүк түсіру не оларға жүк тиеу үшін көтермелі платформалары бар электркарларды электртиегіштерді пайдалану мүмкіндігін кеңінен қарастыру керек.

Көп қабатты ғимараттарда әкелінетін не жөнелтілетін жүктерді тасымалдау үшін жүк лифтілерін пайдалануға болады. Ол лифтілерді аула жағына қарай орналастырып, алдында платформа деңгейінде түсірілген жүк қойылатын алаңқай болуы қажет.

Жалпы, жобаланатын өндірістің қысқаша сипаттамасын былай беру керек:

2 Өндірістің шығаратын басылым өнімінің бағдарламасы, атаулары мен қысқаша сипаттамалары;

3 Өндіріс құрамы: өндірістік қосалқы, өндірістік көмекші цехтардың тізімі;

4 Өндіріс цехтарындағы технологиялық үрдістердің сипаттамасы;

5 Қабылданған техникалық шешімдердің және жаңа технологиялық үрдістердің сипаттамасы және дәлелденуі;

6 Қабылданған шешімді қазіргі кезеңдегі отандық және шетелдік техника жетістіктерімен техникалық прогрестің даму бағытын ескере отырып салыстыру;

7 Өндірістік сыбайластық (кооперативтік) байланыстары;

8 Өндіріске қажетті жұмысшылар штаты, қажетті алаңы, электр қуаты көрсетілген жалпы тізім;

9 Өндіріске қажетті негізгі материалдар мен шикізат мөлшері;

10 Жобаланған ғимараттың сипаттамасы және онда өндірістің орналасуы;

11 Жүк тасымалдау тәсілінің сипаттамасы;

12 Жобаның арнайы бөліктерін және тарауларын жобалауға берілетін тапсырмалар.

Бұл элементтер өндірістік стандартына сай орындалуы керек.

Полиграфия өндірісінің жобасындағы негізгі технологиялық бөлімнің мазмұны мынандай тараулардан құралуы қажет:

1. Жобалауға берілген тапсырманы талдау;

2. Жобаланатын басу түрін және басу машиналарын таңдау және дәлелдеу;

3. Кешенді өндірістік процесті қалыптастыру;

4. Өндірістің принципиалды схемасы;

5. Өндіріс құрамын жобалау;

6. Берілген өндіріс көлеміне қажетті басу машиналары санын есептеу;

7. Өндіріс цехтарын жобалауға қажетті өз ара келісілген тапсырыстарды қалыптастыру;

7.1 Басу цехын жобалау;

7.2 Көлемдік жоспарлау мүмкіндіктеріне сай ғимарат типін таңдау;

7.2.1 Ғимараттың негізгі құрылыс элементтері;

7.2.2 Өндіріс бөлмелерінің едені;

7.2.3 Өндіріс бөлмелерін өңдеу;

7.3 Кәсіпорын өндірісін ғимаратта жобалау;

7.4 Цехтар аралық жүк тасымал ағымын, транспорт /көлік/ жүйесін шешу;

7.4.1 Электрокар және электрарба;

7.4.2 Жүк лифтісі;

7.4.3 Үздіксіз тасымал жүйесі;

7.5 Цехта бөлмелерді жоспарлау және жабдықтарды орналастыру;

7.6. Цехаралық жүк тасымал ағымы және транспорт жүйесін шешу;

7.7 Өндірісті инженерлік қамтамасыз ету тапсырысын қалыптастыру;

7.7.1 Жылуды беруге, ыстық суға, ауа алмасуына, (вентиляция), қажетті жылу қуаты көлемін есептеу;

7.7.2 Технологиялық жабдықтарға және жарық беруге қажетті электр қуаты мөлшерін есептеу;

7.7.3 Вентиляция мен ауа кондиционерлерін есептеу;

7.7.4 Пайдаланатын су мөлшерін және канализация мүмкіндігін есептеу;

7.7.5 Қажетті жоғары қысымды ауа көлемін есептеу;

7.7.6 Технологиялық бу көлемін есептеу;

8 Өндірістің санитарлық және өртке қарсы сипаттамасы;

8.1 Әлеуметтік бөлмелер құрамы;

8.2 Өндірістік және әлеуметтік тұрмыстық бөлмелердің климаттық жағдайы;

8.3 Өндірістік зияндық;

8.4 Шуды төмендету шаралары;

8.5 Өндіріс категориясын анықтау;

8.6 Ғимараттың отқа төзімділігін анықтау;

8.7 Атмосфераға тарайтын зиянды заттардың нормативті көрсеткіштері (ПДК);

8.8 Канализацияға кететін төгінді сулардың нормативтік көрсеткіштері (ПВС);

8.9 Табиғи және жасанды жарықтың нормалары;

8.10 Ауыз су мен санитарлық-техникалық қажеттілікке пайдаланылатын судың санитарлық көрсеткіштері.

Полиграфия өндірісінің құрылыс алаңы ғимараттар мен құрылымдар аралығы санитарлық нормаға, қағидаға, өртке қарсы нормаларға сәйкес келтірілу керек.

Графикалық бөлім ЕСКД-ге (конструкторлық құжаттардың Біртұтас жүйесі-КҚБЖ) сәйкес орындалуы керек.

Бөлу осьтері және құрылыс сызбаларында өлшемдерінің қойылуы

Бөлу осьтары ғимарат сызбасы контурының сыртына шығарылып шағын шеңбермен шектеледі. Оның ішіне осьтің белгісі қойылады.

Ұзынынан бөлу осьтары орыс алфавитінің А-дан басталған әріптерімен белгіленеді маркаланады. Көлденең осьтар солдан оңға қарай (1-ден бастап цифрлармен белгіленеді, маркаланады.

Өлшем сызықтарының шетіндегі стрелкалар орнына оның шығару сызықтарымен қиылысында таңба сызықшамен «\» засечка белгілеуге болады. Бұл жағдайда өлшем сызығы шығару сызығынан 1–3 мм сыртқа шығып тұруы керек. Симметриялық көріністер мен қоймаларда барлық өлшемдерді симметрия осіне дейін көрсетуге болады, өлшем сызықтарының симметрия осімен қиылысқан жерін айқышталған таңба сызықшамен «\» шектеу керек.

План сызбасында сыртқы ұзындық және көлденең қабырғаларының сырт жағынан 2–3 өлшем сызықтарын жүргізуге болады. Бірінші өлшем сызығын іргеден 12–16 мм кем жүргізу керек, бұл сызбаны оқуға кедергі болмау үшін жүргізеді. Бірінші өлшем сызығында есік-терезелер, қабырғалар аралығы көрсетіледі, екінші өлшем сызығында бөлу осьтері аралығы беріледі. Ішкі бөлмелердің мөлшерін көрсету үшін өлшем сызықтары осі бөлмелердің ішінде беріледі. Бөлмелердің жалпы ауданын сол бөлменің ішінде м2 өлшемінде беріледі, оны көрсететін санның асты сызылып не шеңберленіп қойылады. Сызба қоймаларында осьті төменгі жағына шығарып шеңбермен тұйықтап тиісті белгісі қойылады. Өлшем сызықтарында осьаралық мөлшері беріледі. Сонымен қатар онда еденнің, баспалдақ алаңшаларының және кейбір конструкциялық элементтердің төменгі бетінің шартты санды белгілері де көрсетіледі. Ол белгі шартты түрде тең жақты үшбұрыш ретінде қалыптасқан.

+ 0,000 белгісі ретінде 1 қабаттың таза еден деңгейі қабылданады. Санды белгілер метр өлшемінде үш ондық санымен берілуі керек. Әр сандық белгі көрсетілген деңгейдің 1 қабаттағы таза еден деңгейінен биіктігін көрсетеді. Егер сандық белгілінің алдында (–) тұрса өлшем мөлшері таза еден деңгейінен төмен қарай алынады.

Цех планын сызу

Цехтың планы 1:100 масштабында орындалады. Ірі цехтар болса 1:200 масштабында да орындалуға болады. Планда цехқа қатысты барлық жабдықтар, құрылғылар жұмыс орындары көрсетілуі керек, атап айтқанда:

1) өндірістік (технологиялық) жабдықтар;

2) Жұмыс кезіндегі жұмысшының жабдықтың жанындағы орны;

3) Жабдық жоқ жердегі жұмыс орындары (еденде не болмаса арнайы тұрғыда өлшемі мен габарит),

4) Жұмыс үстелдері, тұрғылар;

5) Сайман шкафтары (үстелшелер);

6) Қағаз бен материалдар жабдығы жанындағы орындар;

7) Этажеркалар жанындағы орындар;

8) Жұмыс орнына саналатын тасымалдау құрылғылары, көлбеу сырғымалары.

9) Бақылау жүргізілетін және шикізатпен материалдарды уақытша сақтайтын алаңшалар;

10) Шеберлер орны;

Планда сондай-ақ, цехтың жүк көтеру және тасымалдау құрылғылары: көпірлі және балкалы крандар, консольді, велосипедті, порталды және жартылай порталды, жергілікті бұрылмалы крандар, тельферлер, таль, рольгангтар мен конвейерлер, рельсті тар колеялы және кең колеялы жолдар, жүк көтергіш лифтілер.

Сонымен қатар, план тасымал транспорты жүретін, жүріп өтетін жолдар штрих пунктирлі сызықтармен, өндірістік қажеттікке транспорттық тасымалдау мақсатында жасалған тоннельдер мен құдықтар штрихті сызықтармен көрсетілуі керек.

Құрылыс бөлімінде планда мыналар берілуі керек:

• Осімен берілген колонналар рет санымен қоса;

• Колонналардың төменгі жағының көрінісі және тұғыры штрихты сызықтармен көрсетілген;

• Сыртқы және ішкі қабырғалар - күрделі және жеңіл және қалқа бөгеттер (перегородка) шыныдан не тордан жасалған болса да;

• Сыртқы және ішкі есік терезелер, қақпалар;

• Жертөле, жерасты бөлмелер, антресольдер.

Планда барлық қажетті өлшемдер берілуі керек: цехтың ендері, колонналар адымы, цехтың жалпы ені, пролеттардың жалпы ұзындығы, цехтың ұзындығы, бойлық және көлденең кісі өтетін жолдардың ені, әрбір қосымша бөлімшелердің ені, ұзындығы және ауданы, басу машиналарынан колонналарға дейін арақашықтықтар, басу машиналары арасындағы қашықтықтар, жұмыс орындарымен арақашықтықтары, үлкен агрегаттардың габариттік өлшемдері. Планда көрсету тиісті кескіндермен мен оның өлшемдері, масштабта сызылу керек.

Планда көрсетілген болу керек барлық технологиялық жабдықтар, автоматтандырылған желілер, сонымен қатар жұмыс орындарындағы құрылғылар, қоймалық және бақылау жүргізілетін алаңшалар, жүк көтергіш және көліктік құрылғылар реттік нөмірлермен белгіленіп спецификацияға енгізу.

Спецификацияда мыналар көрсетіледі:

1. Планда белгіленген нөмір;

2. Жабдық немесе құрылғы атауы;

3. Сипаттамалар, негізгі өлшемдер, жүк көтергіштік, аудан;

4. Жабдықтар, құрылғылар электрқозғалтқыштарының қуаты.

Планда өндірістік қосымша бөлімшелер атаулары, немесе нөмірлері, сонымен қатар /көп қабатты ғимараттарда/ қабат нөмірі жазылуы керек.

Егер цех көпқабатты ғимаратта орналасса, онда бір парақта барлық қабаттар көрінісін бірінің үстіне бірін салып көрсетеді. Онда колонналар осьтері, барлық қабаттар габариттері сәйкес келуі керек.

Цех планы сызылған парақта бас планнан бөлініп алынған жөн, цех орнының басқа цехтарға қарағанда жері көрсетілуі керек, сонымен қатар завод ішіндегі көлік жолдары, цехқа келетін, цехтар арасындағы, қоймалармен жалғастыратын жолдар да берілуі керек.

Кеңсе және тұрмыстық бөлмелер (гардероб, сантехника бөлігі) үшін биіктігің көрсетіп ғимарат салып көрсету.

Цехта ені тар темір жол жоспарлайды, цехтың ішінде жүк көтергіштігі кран - балка бар болуын, салмағын жазып көрсетеді. Цех планындағы барлық бөлмелер үшін едендер типі, есіктер типтері, сонымен қатар олардың қай жаққа ашу бағыттары да көрсетілген болу тиісті.

Тұрмыстық бөлмелердiң төбе жабындары цехтiкiмен бiрдей; құрама темiр бетон үлкен панельдi плиталар бiр шет жағымен қабырғаға тiреледi, ал екiншi шет жағымен шығыңқы цех ортасында орналасқан прогонға қойылады. Сонда шатыр көлбеу жазықтықта боп орналасады.

Қималарда ғимараттың жеке элементтерiнiң деңгей белгiлерi қойылған.

Цех планында және қималарында жеке бөлiктер астына дөңгелектер қойылған. Оның iшiнде екi цифр көрсетiлген (бөлшек түрiнде). Жоғарғы цифр (бөлшек алымы) бөлiм немесе бөлшек нөмiрiн көрсетедi, ал төменгi цифр сол пландағы (бөлшек бөлiмi) сол бөлiктiң бөлшектерi сызылған жұмыстың сызбалары бар парақ нөмiрi көрсетiледi.

Негізгі: 3[64-65];

Қосымша: 12[60-75]