Бақылау сұрақтары

1.Кәсіпорындардағы негізгі жұмысшылардың санын технологиялық есептеулер арқылы қандай негізгі көрсеткішті анықтап алу керек?

2. Fр-режимді уақыт фонды деген не?

3. Штаты белгіленген жабдықтың жылдық уақыт қоры анықтау формуласы?

4. Жабдықта жұмыс істеп, күтіп қызмет көрсететін жұмысшылардың тізімдік саны қандай формула бойынша есептеледі?

5. Нақты өндірісте жұмыс істеп жүрген жұмысшылардың саны, кейбір жұмысшылардың әртүрлі себептермен жұмысқа шықпай қалатындығынан, тізімдік жұмысшылардың санына қарағанда аз болады. Бұл айырмашылықты қандай формула бойынша табады?

Дәріс. Газет басу өндірісін жобалау

Қазіргі кезде газет басу өндірісінде офсеттік басу әдісін қолданады. Газет өнімдері негізінен түрлі-түсті әрі көп бетті болып шығуда. Басу формаларын дайындау жылдам және қарапайым орындалады. Газет өнімінің таралымы да тез басылып шығады. Тарылымы жағынан газет өнімі 3000 не 200 000 т.б. бола береді. Мерзімділіктері де әртүрлі, кеңінен тараған форматқа – А3, А2 форматтары жатады, ал газет беті (полоса) 4, 8, 16 және одан да көп бола береді.

Газет өндірісіндегі технологиялық есептеулер. Газет өндірісінің мынандай ерекшеліктері бар:

- газет үлкен ақпарат көзі;

- газет барынша кең тарайтын және жаппай бұқаралық оқырман аудиториясы бар мерзімді ақпарат тасушы.

- Газет өнімдерін дайындайтын технологиялық циклға форма жасау және газетті басу процесі кіреді.

- Газет тек бір рет қана қолданылатын өнімге жататындықтан барынша арзан және экономикалық ұтымды материалдарды қолдану керек.

Газет басу өндірісін жобалау үшін, төменде көрсетілген кесте құрастыру керек.

Кесте 13.1

Басу жабдығының жүктемесі

 

Есептей-тін позиция-ның № Цилиндрдің бір айналымдағы дана саны Өту таралымы, мың.айна-лым Форма саны Форма жиының ауысым саны Газетті басу саны, сағ. Форма ауыстыру уақыты, сағ. Газетті даярлау жалпы уақыты, сағ. Басу секция саны (машина-лардың)
            4,55   0,25   4,80  
            1,82     1,82  
              2,27     2,27  
            2,73   0,25   2,98  
        12,5       0,60     0,60   -
              0,95     0,95  
            8,18   0,75   8,93  
            6,82   0,5   7,32  
            2,73   0,25   2,98  

Ескерту. Нормативтік көрсеткіштер ретінде келесілер алынған:

Бір бояулық газетті басу кезінде агрегаттін секция өндірілуі n = 22 мың. а/сағ., екі бояулық газет басу кезінде n = 21 мың. айналым/сағ.

1. Бір бояулық газет басу кезінде форма жиының ауысу норма уақыты t1 = 0,25 сағ., екі бояулық газет басу t2 = 0,35 сағ.

2. Форманың таралымға төзімділігі – 500 мың. таңба.

3. Газеттердің басу уақыты τ ≤ 4 сағ.

 

1. Әр газет атауының өтім таралымын, яғни жабдық цилиндрінің айналымының санына қарай анықтап алу керек. Мысалы, бір таралымның санын бір айналымның санына бөлу керек:

Т пр = Т/Рфиз.б.т. (13.1)

2. Басу формаларының санын есептеп алу керек, осы үшін таралымды басу форманың төзімділігіне (500 мың.таңба) бөледі. Бөлінген нәтиже санды бүтін санға жуықтайды.

Газеттік басу өндірісінің жобалауға берілетін тапсырманы 13.2 кесте түрі бойынша құрастырады (тапсырма шартты). График құрастыру кезінде аптаның әр күніне әр атауға газеттің дана (экземпляр) саның анықтайды, физикалық емес шартты түрінде. Шартты дана - бір төртбеттік газетті А2 өлшемде алады. Газет даярлау кезінде агрегаттің секциядағы цилиндрдің бір айналымында алуға болады: төрт 4-беттік газет А2 өлшемде; екі 6- немесе 8-беттік газет А2 өлшемде; төрт 8-беттік газет А3 өлшемде; сегіз 4-беттік газет А3 өлшемде және т.б.

Ауысу коэффициенты шартты саның физикалық дана саның қарым қатынасы, қайсысы агрегаттың секциясының бір жұмыс циклда алуға болады:

Газет Көлемі Ауысу

өлшемі беттерде коэффициенті

 

А2 4 1

6 2

8 2

А3 4 0,5

8 1

 

Кесте 13.2

Жобалауға берілетін тапсырма

 

Есептей-тін позицияның № Газеттің атауы   Жылына шыгу саны (мерзімділігі) Өлшемі (Форматы) Көлемі (бет саны) Тарылымы (мың.дана) Бояулығы Басуды бастау уақыты (сағ. мин)     4 беттік А2 өлшемге келтірілген мың. дана саны  
    Апта күндерінде газет басу графигі
Дүй. Сейс. Сәрс. Бейс. Жұма Сен. Жек.
      Орта-лық газет-тер:     Спорт-тық       А2   А3                 20-30     22-30     -     -         -     -         -  

Негізгі: 3[73-74];

Қосымша: 12[45-52]

Бақылау сұрақтары

1.Газет өнімдері деген не? Таралымы, мерзімділігі қандай?

2. Газет өндірісінің қандай ерекшеліктері бар?

3. Әр газет атауының өтім таралымын қалай анықтайды?

4. Газеттік басу өндірісінің жобалауға берілетін тапсырманы қандай мәліметтер бойынша құрастырады (тапсырма шартты).

5. Басу жабдығының жүктемесінің көрсеткіштері.