Еңбекақыны анықтайтын факторлар

Еңбекақыны мынандай факторлар анықтайды:

1. Жұмыс күшi құны. Бұл жұмыскердiң өмiрiне қажет және оның еңбек қабiлетiн қалпына келтiруге жәрдемдесетiн заттардың жинақ құны. Бұларға жататындар:жұмыскердiң қажеттiлiгiн қанағаттандыратын мүлiк құны; оны мамандыққа оқытуға кеткен шығындар; оның отбасының өмiр сүруiне қажеттi заттардың құны.Нақтылы жұмыс күшiнiң құны қажеттi өнiм көлемiн анықтайды. Оның өзiндiк жұмыс күшiнiң құны әр елде әртүрлi және уақыт өткен сайын өзгерiп отырады.

2. Жұмыскердiң еңбек өнiмдiлiгiнiң өсуi. Ол еңбекақыны ұлғайтуға мүмкiндiк бередi. Бiрақ оның өзiнде еңбек өнiмдiлiгiнiң өсуi еңбекақының өсуiндей шапшаң болады.

3. Жұмыс күшiн бiлiктiлеу және еңбектiң түрi. Мысалы күрделi қиын жұмыстардың ақысы неғұрлым жоғары болады.Ал сирек кездесетiн және қауiптi мамандық немесе ерекше талантты адамдардың шығармашылық еңбектерi , т.б. жоғары бағаланады.

4. Қажеттi өнiмнiң әлеуметтiк дәрежесi. Қазiргi қажеттi өнiмнiң барлығы жұмыскерге жеке еңбекақы түрiнде берiлмейдi. Қажеттi өнiмнiң бiр бөлiгi әлеуметтенедi. Және әртүрлi салық арқылы мемлекетке қоғамдық тұныну қорына кетедi.

Еңбекақы төлеудің негізінде өндіріс факторы ретінде еңбектің құны жатыр. Шекті өнімділік теориясына сәйкес қызметкер еңбекақының орнын толтыратын өнім өндіруге міндетті. Олай болса, еңбекақы қызметкердің еңбек тиімділігіне тәуелді.Әлеуметтік-экономикалық категория бойынша еңбекақының маңызын қызметкерлер мен жұмыс берушілер үшін қарастыру қажет.

Қызметкер үшін еңбекақы оның жеке табысының негізі және басты бөлігі болып табылады. Сонымен қатар, еңбекақы қызметкердің және оның жанұя мүшесіндегі адамдардың әл-ауқат деңгейін жоғарылататын құрал болып саналады. Осыдан еңбекақының ынталандырушы рөлі алынатын сыйақының көлемін көбейту үшін еңбек нәтижесін жақсартудан тұрады.

Жұмыс беруші үшін еңбекақы өндіріс шығындары болып саналады. Жұмыс беруші әсіресе бұйымның бірлігіне кететін шығындарды барынша азайтуға тырысады.

Еңбекақы түрлері

Еңбекақы төлеудің ақшалай және заттай (натуралдық) нышандары бар. Қызметкерге ақшаны өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін ақшалай форма еңбекақы төлеудегі ең басты нышандардың бірі болып табылады. Қазіргі кезде еңбекақыны төлеудің заттай нышаны сирек пайдаланылады. Еңбекке төлеудің мұндай нышанын ақша айналымының бұзылуы кезінде, экономиканың тұрақсыз, гиперинфляция және құлдырау жағдайларында кең қолданамыз.

Еңбекақы негізгі және қосымшадеп бөлінеді.

Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес жалақылардың айырмашылықтары мынадан тұрады:

- мемлекет иелiгiндегi кәсiпорындарда жалақы үкiмет актiлерiмен реттеледi, ал жеке кәсiпорындарда кәсiпорын әкiмшiлiгi шешiмiмен реттеледi, бiрақ ең төменгi жалақы жөнiндегi белгiленген заңнан кем болмауы керек;

- мемлекеттiк кәсiпорын жалақысы белгiленген және тұрақты;

- мемлекеттiк кәсiпорында жұмыс орны мен жалақы кепiлдi, мемлекеттiк емес кәсiпорында олар оның экономикалық жағдайына қарай анықталады.

Экономисттер еңбек ақының екі түрін көрсетті. Бастапқы (номиналды) жалақы- бұл 1 сағатқа, 1 күнге немесе 1 аптаға, т.с.с. шаққан ақша көлемі.

Нақты жалақы - бұл номиналды жалақы арқылы иемденуге болатын товарлар мен қызметтер саны, яғни номиналды жалақының “сатып алу мүмкіншілігі”.

Нақты жалақы иемденетін тауарлар мен қызметтердің бағасына және номиналды жалақыға тәуелді.

Нақты және номиналды жалақыны бір бағытпен есептеу міндетті емес. Мысалы, егер тауар бағасы бастапқы жалақыға қарағанда шапшаң өссе, онда бастапқы жалақы жоғарылап, ал нақты жалақы сол уақытта төмендеуі мүмкін.

Соңғы мезгілде республикамыздағы инфляция деңгейінің төмендеу тенденциясы байқалғанына қарамастан, ағымдағы жылдың айының нақты жалақысы 5,2%-ке төмендеді. Ал қыркүйек айында “Қазақстан статистикасы” журналының анықтамасы бойынша 4,5-ке өскен. Базисті тәсілмен есептелген нақты жалақының динамикасына осы көрсеткіштің қаңтар айындағы, яғни жыл басындағы өсу темпінің төмендеуі үлкен әсерін тигізген. Жалақы динамикасын айлар бойынша тізбектей тәсілмен талдау көбею тенденциясын – наурыз айынан қыркүйек айындағы нақты жалақының тұрақты өсуін көрсетті. Басқа шаралармен салыстырғанда минималды жалақы деңгейін периодпен бақылау бойынша үкіметтік шаралар оң нәтижелерге, яғни нақты жалақы индексінің өсуіне ала келді.