Инновация және оның түрлері. Инновациялық іс-әрекет.

Инновациялық өнім дегеніміз бұл түрлі дәрежеде технологиялық өзгерістерге ұшыраған өнім. Өнеркәсіпте инновацияның екі түрін бөліп қарастырады: өнім инновациясы және үрдіс инновациясы.

Өнім инновациясынатехнологиялық жаңа және технологилық жетілдірілген өнімдерді дайындау және өндіріске енгізу кіреді. Ол мына бұйымдарды қамтиды: жаңа ( қайта енгізілген) радикалдық өнімдік инновация; жетілдіруге ұшыраған бұйымдар, инкременталды өнімдік инновация; жаңа немесе өндірістің елеулі жетілдірілген әдістерінде құрылған бұйымдар - өзге де инновациялық өнім.

Үрдіс инновациясынатехнологиялық жаңа немесе өнімдерді табыстау әдітерін қоса технологиялық едәуір жетілдірілген өндірістік әдістерді әзірлеу және енгізу кіреді. Мұндай инновациялар жаңа өндірістік жабдықты, өндірістік үрдісті ұйымдастырудың жетілдірілген әдістерін немесе олардың жиынтықтарын пайдалануда, сондай- ақ зерттеулер мен әзірлемелер нәтижелерін пайдалануда негізделуі мүмкін.

Инновациялық қызметдегеніміз технологиялық жаңа ойларды (әдетте ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің немесе басқа ғылыми – техникалық жетістіктердің нәтижелерін) түрлендіруге байланысты қызмет түрі немесе рынокқа енгізілген, жетілдірілген өнімдер немесе қызметтер, жаңа немесе жетілдірілген технологиялық үрдістер немесе тәжірибелік қызметте пайдаланылған өндіріс қызметтерінің тәсілі. Инновациялық қызмет ғылыми, технологиялық, ұйымдастырушылық, қаржылық және коммерциялық іс- шаралар кешенін қамтиды, атап айтқанда өздерінің жиынтығында олар инновацияға әкеледі.

Технологиялық инновациялар рынокта енгізілген, жетілдірілген өнімдер немесе қызметтер, жаңа немесе жетілдірілген технологиялық үрдістер түрінде іске асырылатын инновациялық қызметтің немесе тәжірибелік қызметте пайдаланылатын өндіріс қызметтері тәсілінің түпкілікті нәтижесін көрсетеді. Егер инновация рынокқа немесе өндіріс үрдісіне енгізілсе, онда ол жүзеге асырылады деп саналады.

Озық өндірістік технологияларғамикроэлектроникада құрылған немесе компьютердің көмегімен басқарылатын және жобалауда, өндірісте немесе өнімдерді өңдеуде пайдаланылатын машиналарды, аппараттарды, жабдықты және аспаптарды қосатын технологиялар мен технологиялық үрдістер жатады.

Технологиялық жаңа өнімдеп бұл технологиялық сипаттамалары (функционалдық белгілері, конструкциялық орындалуы, қосымша операциялар, сондай-ақ қолданылатын материалдар мен компоненттер құрамы) немесе шамаланған пайдаланылуы негізіндегі жаңа, не осыған ұқсас бұрын шығарылған өнімдерден елеулі айырмашылығы бар өнімді айтамыз. Мұндай инновациялар негізіндегі жаңа технологияларды, не зерттеулер мен өзгермелер нәтижесін пайдалануда негізделуі мүмкін.

Технологиялық жетілдірілген өнім дегеніміз бұл қолда бар өнім, ол үшін сапалық сипаттамалар жақсартылады, тиімділігі ең жоғары компоненттерді немесе материалдарды,бір немесе одан көп техникалық қосалқы жүйелерді жартылай өзгертуді пайдалану арқылы өндірістің экономикалық тиімділігін арттырады.

Инновациялық- белсенді кәсіпорындар деп әзірмелерді және жаңа немесе жетілдірілген өнімдерді немесе қызметтерді, технологиялық үрдістерді немесе қызметтерді , технологиялық үрдістерді немесе қызметтерді ендіру тәсілдерін жүзеге асыратын кәсіпорындарды айтамыз. Инновацияны өндіріске енгізу жоғарғы мөлшердеігі шығындарды қажет етеді.Инновацияға жұмсалған шығындар дегеніміз кәсіпорындар ауқымында орындалатын инновациялық қызметтердің әр түрлі түрлерінің жүзеге асуымен байланысты ақшалай түрдегі нақты шығындар.Жалпы шығындар құрамына ағымдағы және күрделі шығындар кіреді. Инновациялық қызмет түрлеріне байланысты шығындар келесі түрлерге бөлінеді:

- жаңа өнімдер мен технологиялық үрдістерді енгізуге байланысты ғылыми зерттеулер мен әзірмелерге жұмсалған шығындар;

- заттандырылған технологияларды, өнертабыстарды пайдалануға арналған лицензияларды, өнеркәсіптік үлгілерді, тиімді модельдерді, патенттерге құқықты, патентсіз лицензияларды, технологиялық мазмұндағы қызметтерді сатып алуға жұмсалған шығындар;

- өндірістік жобалауға жұмсалған шығындар;

- аспаптық дайындыққа, өндірісті ұйымдастыруға және қосуға, жаңа өнімдер мен технологиялық үрдістерді енгізуге байланысты дайындыққа және қайта дайындыққа, байқап көріп ендіруге және сынаққа жұмсалған шығындар;

- жаңа немесе жетілдірілген өнімдер мен технологиялық үрдістерді енгізуге байланысты машиналар мен жабдықтарды сатып алуға жұмсалған шығындар.