СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ШАРАЛАРЫН ЖОСПАРЛАУ

Дәріс сабағының мақсаты-Бизнес жоспар құрудың негізгі мақсатымен таныстыру. Бизнес жоспардың мазмұны мен құрылымын нақтылау.

Негізгі ұғымдар:Бизнес жоспар, құрамы мен құрылымы, мазмұны,бәсеке, сұраныс.

Дәріс сұрақтары.

1 Бизнес-жоспардың түсінігі

2 Бизнес-жоспар және ұзақ мерзімді инвестициялық шешімдерді қабылдау

3 Бизнес-жоспардың құрылымы мен мазмұны

 

1 Бүгінгі қазақстандық инвестиция тәжірибесінде мынадай жағдай қалыптасып отыр: бұрын қолданылған түсініктер мен терминдер өздерін тасушылармен нарықтық экономика қатарына еніп, іске кедергі келтіруде. «Техникалық-экономикалық дәлелдеме» дәстүрлі түсінігі де осындай жағдайда, оны көп жағдайда инвестициялық жобаға немесе бизнес-жоспарға теңестіруде. Бұның неге әкеліп соғатыны шетелдік инвесторлармен байланысқа түскен кезде белгілі болады. Несиені алуға кедергі келтіретін бөгеттердің бірі кәсіпорындардың көп бөлігі ТЭД–ді, біріншіден, жобалардың экономикалық тиімділігінің, өтелімділігінің есептеулері жоқ сызбалардың жиынтығы деп түсінеді. Жоба халықаралық нормаларға сай болуы тиіс. «Инвестициялық жоба» және «бизнес-жоспар» түсініктері көбінесе синонимдер ретінде қолданылады, бірақ олардың арасында, әсіресе, жобалық талдау тұрғысынан едәуір айырмашылықтар бар.

Әрине, көп жағдайда барлық нәрсе бір немесе бірнеше адамдар ойлап табатын бизнес-идеялардан (ойлардан) басталады, дегенмен бизнес-идеядан бастап жобаның жүзеге асуына және оны пайдалану кезеңдеріне дейінгі барлық жағдайда көптеген кедергілерден өту қажет. Оларды қалай жеңуге болады? Бұл жерде тиянақты дайындалған бизнес-жоспар көмектеседі.

«Бизнес-жоспар» термині біздің тәжірибемізде тоқсаныншы жылдардың басында қолданыла басталды, ол кезде еліміз экономиканың қайта құрылу дәуіріне енді және заманның өзі нарықтық жағдайлардағы кәсіпорындарды басқару қағидаларын өзгертуді талап етті. Жекелей алсақ, материалдық өндіріс салаларына капитал салымдарын дәстүрлі бюджет құралдары есебінен қаржыландыру іс жүзінде тоқтатылды және кәсіпорындардың көп бөлігінің алдында инвестицияға жету қиындығы тұрды да, оның қайтарылуы талап етілді. Дүниежүзілік тәжірибе бойынша, инвестицияландыру проце-сінде бизнес-жоспар маңызды элементтің бірі болып табылады. Бұл ағылшын тілінен сөзбе-сөз аударғанда «кәсіпкерлік іскерліктің жоспары» дегенді білдіреді және осы құжаттың мәнінің жоғарыболғаны соншалық, Батыс Еуропа елдерінің көбінің басқару органдарында жаңа кәсіпорынды тіркеу үшін тиісті құжаттармен қатар бизнес-жоспар міндетті түрде көрсетілуі тиіс.

Бизнес-жоспар - бұл кәсіпкерлік іскерлікпен байланысты басқарушылық шешімдерді кешенді, жүйелі түрде түсіндіретін, алдына қоятын мақсаттарды және одан шығатын міндеттерді анық көрсететін, сыртқы және ішкі жағдайларды объективті тұрғыда бағалайтын, мақсаттарға жету үшін қажетті ресурстарды анықтайтын, осының бәрін сандармен сипаттап, берілген шешімнің тиімділігін бизнеске тартылған барлық қатысушыларға (тұтынушылар мен оған ақша салушылардан бастап, одан жақсы нәтижелерді күтуге құқылы қоғамға дейін) дәлелдей алатын құжат.

Бизнес-жоспар барлық мүдделі тұлғалар мен ұйымдарға іскерлік ақпараттарды жеткізуге арналған: бизнестің потенциалды қатынасушылары мен көмекшілеріне, жергілікті әкімшілігіне, мүмкін болатын инвесторларға, эксперттерге.

Бизнес-жоспарды құжат ретінде түсіну ондағы ақпараттардың құпиялылығын білдіреді, әрине, бұл туралы арнайы жазбалар болуы керек.

Бизнес-жоспардың мазмұны кешенді және жүйелі болуы керек, бұл онда сақталған ақпараттардың толық екендігін (маркетингтік, қаржылық, құқықтық, экономикалық, техникалық, тарихи) білдіреді.

2.Бизнес-жоспар жаңа өндірістік қуат құру арқылы немесе өндірісті жаңарту, оны техникалық қайта қамтамасыздандыру негізінде жаңа өнім шығаруды іске асыру үшін сырттан қаржы көздерін тартумен байланысты ұзақ мерзімді инвестициялық шешімдерді негіздеуде қолданылады.

Кәсіпорынның капиталды активтеріне ресурстарды салғаннан кейін олар «байланысты» болып қалады да, кәсіпорынның осы мүлік түріне салынған қаржылық ресурстардың сипаты өзгереді, шығындардың «капиталдығы» олардың өндірістік процеске қаты-сатын басқа шығындардың түрлерінен айырмашылығын, үлкен ақша сомасының ұзақ мерзімге оқшаулануын білдіреді.

Бұл капиталдық салыным сатып алынған активтерді қолданудың бүкіл кезеңінде табыс әкелуі тиіс, инвестор салынған капиталынан күтетін табысының нормасы оның басқа бір салаға салынған салымының табыстылығынан кем түспеуіне үміттенуге құқылы.

Жұмыс істеу кезеңінің соңында активтер белгілі бір жойылу құнына ие болады немесе ешбір жойылу құнын иеленбейді. Капиталдық активтерге жұмсалатын ақша құралдары шикізатқа, материалдарға, еңбек ақысына кеткен шығындардан ерекшеленеді. Бұл мыналармен байланысты:

• өнімді өндіруге және өткізуге кеткен ағымдық шығындарды, құралдардың айналыс процесіндегі ұзақ үзіліске жол бермей, өнімді өткізгеннен түсірілген пайдадан жүйелі түрде жабу керек;

• капиталдық салынымдар, кәсіпорынға ұзақ мерзім бойы табыс әкелетін негізгі құралдар түріне айналады, сондықтан осындай шығындардың толық ақталуы инвестиция айналысының бұдан да ұзақ мерзімде толық циклды іске асуын білдіреді.

Осыған байланысты қабылданған шешімдер ұзақ мерзімді сипатқа ие және ақша ағымдарын болжаумен байланысты - бұл күрделі жұмыс, өйткені көптеген факторлардың өзгеруіне байланысты инвестицияландыру нәтижелерінің де тербелісі болуы мүмкін екенін есепке алу керек.

Жоғарыда айтылғандардан мыналар шығады:

• барлық инвестициялық шешімдер стратегиялық болып табылады, өйткені көп жағдайларда кәсіпорынның ағымдағы шығындарын алдын ала анықтайды. Инвестициялық шешімдер -ұзақ мерзімді шешімдер, оларды болжау сипаты кәсіпорынның қызметінің барлық аспектілерін сыртқы және ішкі факторларды есепке ала отырып, мұқият қайта өңдеуді талап етеді;

• инвестициялық шешімдер белгісіздікпен және тәуекелмен байланысты, сондықтан міндетті түрде арнайы құралдарды қолдануды керек етеді (тәуекелдерді талдау);

• инвестициялық шешімдердің белгісіздігі мен тәуекелдерінің минимизациялануы жоғары деңгейде дайындалған ақпараттық базаға негізделуі керек (шынайы және кешендік).

3.Бизнес-жоспарды жасаушылардың алдында тұрған негізгі міндет инвесторларды тарту болып табылады. Іс жүзінде қаржылық құрылымның (потенциалды инвестор) әрбіреуінде қарыз алушыны несиелендіру мақсатында құжаттарды дайындауында өз стандарттары (форматтары) бар, бірақ қандай жағдайда да мақсат бір - жобаның қаржылық тиімділігін дәлелдеу керек, басқаша айтқанда – жобаға салынған ақшалар күтілетін пайданы алып келетіндігін дәлелдеу керек.

Ол үшін алдымен жобаның табыс әкелетін бөлігін (өнім, баға, нарық, сату), одан кейін шығындық бөлігін (қондырғыны, шикізаттарды, материалдарды алуға, еңбек ақы төлеуге кеткен шығындар) қалыптастырады, мұнда бизнес пен қаржыландыру схемасының мүмкін болатын ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз ету варианттарын есепке алады, осыдан кейін кейде зерттеу мен тәуекелді есептеу әдістерін қолдана отырып, тиімділікті есептеу мен оны талдауға көшеді.

Мүмкін болатын варианттардың ішінде жаңа өнім өндірісінің бизнес-жоспарының келесі құрылымын қарастыруға болады:

1. Өндірілетін өнімнің сипаты.

2. Өнімді өткізу нарығы.

3. Бәсекелестері.

4. Маркетингтің жоспары.

5. Өндіріс жоспары.

6. Өндірісті ұйымдастыру.

7. Заңдық жоспары.

8. Қаржылық жоспары.

9. Қаржыландыру жоспары.

10. Резюме.

11. Қосымша. Бизнес-жоспарға қосымша ретінде заңдық сипаттағықұжаттар келтіріледі (жарғылық құжаттар, ресурстарды иелену мен қолдану құқығы және т.с.с.).

Басқа көбірек бөлшектенген және іске асып жатқан өндірістің кеңеюімен байланысты бизнес-жоспар құрылымының мысалы:

1. Кіріспе.

2. Кәсіпкерлік қызметтің мақсаты.

3. Кәсіпорынның мінездемесі мен потенциалы.

4. Кәсіпкерлік қызмет түрінің сипаттамасы.

5. Өнімнің сипаттамасы.

6. Өнімді өткізу нарығының бағасы.

7. Бәсекелестерінің сипаттамасы мен бағасы.

8. Өнімді өткізу болжамы.

9. Маркетинг стратегиясы.

10. Маркетинг жоспары.

11. Өндіріс жоспары.

12. Ұйымдастыру құрылымы мен менеджмент.

13. Персоналы.

14. Өнімнің табыстылығын талдау;

15. Қаржы стратегиясы;

16. Қаржы жоспары.

17. Қосымша.

Өнімнің (немесе қызмет көрсетудің), нарықтың, бәсекелестердің сипаты, маркетингтік жоспар жайлы бөлімдер аса маңызды, өйткені қандай дәрежеде нарыққа сәттілікпен ену мүмкіндігінен фирманың сәттілігі тәуелді. Осыған байланысты ағылшын сарапшыларының жаңадан бастаушы бизнесмендерге арналған қызықты сұрақтарына тоқталайық:

• Нарыққа шығу қандай тәуекелдермен байланысты?

• Сіздің жағдайыңызда қандай сауда ұсынысы бірегей болып табылады?

• Өнімнің патенттік қорғалуын қай дәрежеде іске асыру керек?

• Сіздің сатып алушыларыңыз тұтыну нарығында ма, өнеркәсіп нарығында ма?

• Осы мақсаттар үшін арнайы журналдармен танысу немесе көрмелерді аралау қай дәрежеде?

• Сіздің өніміңізді тұтынушы қандай ұтысқа ие болады?

• Тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қандай қосарлама қызметтер керек?

• Өнімді өткізу жүйесі қалай құрылады?

Бизнес-жоспар – жаңа бизнестің мақсатын немесе қызмет етіп жүрген бизнестің дамуын, оны басқару және ұйымдастыру міндеттерін анықтаушы, сонымен қатар қойылған мақсаттарына жету жолдары мен әдістерін туындайтын қиыншылықтарды талдау негізінде белгілеуші жоспарлық сипаттағы құжат.

Бизнес-жоспарды кәсіпкерлік саласындағы жаңа іскерлік түрін негіздеуде емес, басқа да бірқатар жағдайлар кезінде де жасауға болады:

• сыртқы нарыққа жаңа немесе бұрыннан шығарып жүрген өніммен шыққанда;

• инвесторларды тарту қажеттілігі туындағанда;

• несие алғанда;

• қаржылық іскерліктің жоспарын құрғанда;

• өнім өндірісінің көлемі өскенде.

Бүгінгі Қазақстан жағдайында бизнес-жоспар құру – үлкен мәнге ие болатын процедура, себебі ол кәсіпорынның потенциалын анықтауға, жаңа мақсаттар мен тапсырмаларды қоюға, жаңа рационалды шешімдерді өңдеуге, бөлімшелердің іс-әрекеттерін үйлестіруге, кадрлардың және бүкіл кәсіпорынның әлсіз және күшті жақтарын тануға мүмкіндік береді. Жалпы алғанда бизнес-жоспар жасау жаңа істі бағалау және оның құлдырау тәуекелдігін азайтуға мүмкіндік береді.

Бизнес-жоспардың мазмұны Бизнес-жоспар жасауда төмендегі сұрақтарға баса назар аударылғаны жөн:

• Сізге қанша құрал қажетті?

• Сізге берілген ақша қалай жұмсалады?

• Сіз өз өніміңіз немесе қызметтеріңізді қай жерде және қалай сатпақшысыз?

•Өз инвесторларыңызға ақшаны қалай қайтармақшысыз?

Бизнес-жоспардың мынадай бөлімдері болуы керек:

1. Қысқаша сипаттамасы.Бұл бөлім екі беттен аспайды, онда бизнес-жоспардың қысқаша мазмұны берілу керек:

• бизнестің сипаттамасы;

• басқару;

• негізгі қаржылық көрсеткіштері;

• инвестицияның қажеттілігі.

2.Компания.Бұл бөлім осы шақтағы компанияныңқызметінің толық сипаттамасын, оның тарихы мен стратегиясынкөрсету керек:

• компанияның тарихы;

• ағымдағы іскерлік;

• іс жүргізу стратегиясы.

3.Істің саласы.Саланың шолуы нарықтың өлшеміжайында ақпараттарды, осы өнеркәсіптік сала нарығыныңнегізгі қатысушыларын, осы саланың даму тенденциясын қамту
керек. Компанияның жетекшілері осы саланы және компанияның дамуына ықпал ететін сыртқы факторларын жете түсінукерек:

• өнеркәсібі;

• жетістікке жетудің сыни факторлары;

• басқа факторларын бағалау.

4.Өнім немесе қызмет көрсету.Компанияның өніміннемесе қызметтерін сипаттау. Сіздің компанияңыз ұсынатынөнімдердің немесе қызметтердің арасындағы айырмашылығына
және бәсекелестеріңіз ұсынатын баламаларына ерекше көңілбөліңіз:

• өнімдер немесе қызметтер;

• өнімді немесе қызметті салыстыру.

5.Маркетинг.Бұл бөлімде өз бизнесіңіздің нарықтықмүмкіндіктерін анықтап, бағалаңыз: өнімге деген қазіргі жәнепотенциалды сұранысты анықтаңыз, кәсіпорынның күшті және
әлсіз жақтарына және бәсекелестерге нақты және шынайы бағаберіңіз. Дұрыс болжамдарға сүйене отырып, өз өніміңіз бенқызметтеріңізге деген потенциалды қажеттіліктерді бағалаңыз.
Есеп «нарықтық тетіктерге» сезімталдықты және сыртқыортадағы өзгерістердің сіздің бизнесіңізге әсерін көрсету керек.Талдау жүргізу барысында мүмкіндігінше нарықты зерттеуге
сүйенгеніңіз жөн болады.

• клиенттеріңіз;

• бәсеке;

• сіздің компанияңыз.

6.Өндірістік іскерлік.Бұл бөлімде материалдық-техникалық құралдарды, орналасатын жерге және қондырғыларға деген қажеттілікті және компанияның мақсатына жетудегі
керекті еңбек ресурстары сипатталуы керек. Техникалықсұрақтардан аулақ болыңыз:

• мүлік пен қондырғы;

• өндіру немесе қызмет көрсету.

7.Басқару.Сіздің кәсіпорыныңыздағы басқарушы құрамымен жұмыс істейтін негізгі адамдардың тапқырлықпен ерекшеленетінін және бизнесті сәттілікпен жүргізе алатынын
көрсетіңіз:

• негізгі жетекшілері;

• ұйымның құрылымы мен бақылауы.

8.Инвестицияға деген қажеттілік.Бұл бөлімде компанияның алдында тұрған мақсаттарына жету үшін керекті қосымшақаржылар бағаланады. Барлық есептеулер мен болжамдалатынсомалар мұқият құжатталып, «Қаржы» бөлімінде келтірілгенмәліметтеріне сәйкес болуы керек. Егер сізге инвестицияларқажет болса, онда осы жерде жариялауға болады.

Инвестициялардың қажеттігі. Мүмкін болса, келесі сұрақтарға жауап беру үшін қаржылық болжауларды қолдануыңызға болады.

• Сырттан қаржыландырудың қандай көлемі сізге керекті?

• Компанияның басқару персоналының жеке қаржылық міндеттемелері қандай?

• Үлестік қатысу мен несиемен қаржыландырудың керекті қатынасы қандай?

• Инвестициялар қалай қолданылады?

• Несие берушілерге ақша қашан және қалай қайтары-лады?

9.Қаржы.Бұл бөлімде бүкіл бизнес-жоспардың дәлелденуіжүргізілу керек.

Қайталау сұрақтары:

1.Маркетингтік қызмет түсінігі

2.Қаржылық қызмет түсінігі

3.Инвестициялардың қажеттігі

4.Басқаруқызметі

5.Өндірістік іскерлік қызмет