МОДУЛЬ БОЙЫНША ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Педагогика институты

Білім беру педагогикасы және психологиясы» кафедрасы

 

 

СИЛЛАБУС

Пән: PedSh 4301 Педагогикалық шеберлік (3кредит )

Мамандық: 5В010300 – Педагогика және психология

Курс: 4

Оқытушы: п.ғ.к., аға оқытушы Таганова А.М.

Магистр Рамазанова Д.Ж.

Оқу жылы

Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Syllabus

Пән: PedSh 4301 Педагогикалық шеберлік (3 кредит )

Сабақ өткізу уақыты мен орыны ОСӨЖ-ның өткізу уақыты мен орыны Оқытушының аты-жөні Байланыс тел, e-mail
Сейсенбі 8.30-9.20 №503-ауд Сәрсенбі 01.09.2016ж. бастап 13.40-14.30   п.ғ.к, аға оқытушы Таганова А.М. Tasimoba 49 @mail.ru
Сейсенбі 8.30-11.20 №503-ауд   Сәрсенбі 10.10.2016ж. бастап 13.40-15.30 Рамазанова Д.Ж.   dosmirza.roza. @mail.ru    

ОҚУ ПӘНІНІҢ СИПАТЫ:«Педагогикалық шеберлік» оқу пәні болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындауда үлкен рөл атқарады. Аталған курс студенттердің педагогикалық шеберлік негіздерін және педагогикалық шеберлікке баулуға ғылыми тұрғыдан қараудымеңгеруіне көмектеседі, педагогикалық этика, сондай-ақ педагогикалық тұрғыдан қарым-қатынас процесінің ішкі заңдылықтарын танып білуге жол ашады.

Педагогикалық шеберлік» оқу пәнін жалпы және педагогикалық мәдениеттің құрамдас бөлігі ретінде педагогикалық шеберлікке баулудың бағыттары туралы жан-жақты түсінік береді. Ол болашақ маман қалыптасуының ажырамас талаптарына сәйкес ұстаз және оқушы арасындағы өзара қарым-қатынасының сипатын, сонымен бірге шеберлік аумағының болашақ маман өміріндегі жинақталған мәдени және әлеуметтік құндылықтарды молайтудағы және оны сақтаудағы рөлін түсінуге мүмкіндік береді.

ОҚУ ПӘНІНІҢ МАҚСАТ-МІНДЕТТЕРІ:

-колледждерде оқытудың әдіснамалық және жалпы теориялық мәселелерімен студенттерді қаруландыру;

- орта оқу орнындарында педагогикалық пәндерді оқытуды ұйымдастыру және басқару үшін қажетті тәжірибелік біліктер мен дағдыларды қалыптастыру;

Курстың міндеттері:

- негізгі базалық ұғымдарды игеру;

- педагогиканы оқытудың әдістемесі негізіндегі оқыту ерекшеліктерін, заңдылықтарын, механизмдерін игеру;

- Педагогиканы оқу пәні ретінде құрудың және қазіргі оқыту технологияларының ғылыми негіздерінің білуі.

ОҚУ ПӘНІНІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ:берілген курсты сәтті аяқтағанннан кейін студент келесідей қабілеттерді меңгереді:

Курсты игеру барысында күтілетін нәтижелер:

Құзіреттілік:педагогика пәнін оқыту принциптерін құру оқу пәні ретінде және педагогикалық пәндердің мазмұнын игеруді ұйымдастырудың тәсілдері ретінде елестете білуі.

Біліктілік:педагогиканы оқу пәні ретінде құрудың және қазіргі оқыту технологияларының ғылыми негіздерінің білуі;

Дағды:педагогиканы оқытудың тәжірибесінде теориялық білімдерді жүзеге асыра білу біліктілігі болуы керек.

Пререквезиттері: мамандыққа кіріспе, педагогика, педагогика тарихы.

Постреквезиттері:педагогикалық шешендік.

 

ОҚЫТУ ӘДІСІ:Бұл курс дәстүрлі дәріс сабағын талқылау әдісін пайдалану арқылы беріледі. Студенттерге аудиториядаға талқылауға белсенді қатысып, бір-бірінен үйреніп және топтың пікірінен өзіне пайдалы нәрселерді алу ұсынылады.

Аудиториялық сабақ дәріс, материалды талқылау, әр түрлі тапсырмалар мен жаттығуларды орындау, есептер шығаруды қамтиды. Студент әр сабаққа негізгі және қосымша әдебиеттер бойынша дайындалуы тиіс.

Әр дәрісте негізгі ұғымдар мен анықтамалар ұсынылып, түсіндіріледі. Сабаққа қатысу мен аталған түсініктерді конспект түрінде жазып отыру әр студентке міндетті. Оқытушы материалды әр студентке жеке бермейтіндіктен, материал болмаған жағдайда басқа студенттен көшіріп алу қажет.

Семинар (лаборатория) сабақтарында студенттерге өзіндік жұмыс тақырыптары мен тапсырмалары және дәріс материалдарының сұрақтары ұсынылады. Жеке тапсырмалар ОСӨЖ уақытында қабылданады.

Егер студентке өткен материалдар бойынша сұрақ туындаса, оқытушыдан көмек сұрауына болады.

БІЛІМДІ БАҒАЛАУ:

Ағымдағы бағалау: осы курстың барысында бағалау стратегиясыретінде бағалаудың келесі әдістері пайдаланылады:

жазбаша бақылау жұмыстары,үйтапсырмалары(математикалық көрсеткіштері, анализдері, алынған салыстырмалы мәліметтер бар, жазбаша тапсырмаларжәне т.с.с.), ауызша сұрау,тесттік тапсырмалар,зерттеу жұмыстары (жоба, курстық, презентациялар), мәнжазба, эссе және т.с.с.

Аралық бақылау (бақылау жұмысы):бақылау жұмысы курста өткен бөлімдер бойынша теориялық және практикалық, лабораториялық (есептеу, графикалық-есеп және шығармашылық) тапсырмаларды қамтиды.

Жеке өзіндік жұмыс:курс тақырыптары бойынша семинар сабақтарында тапсырмалар, үй тапсырмаларын, шығармашылық тапсырмаларды, мәнжазбаларды жеке орындау, ғылыми деректерді, ситуацияларды талдауды, газеттік ақпаратты пайдалану ескеріледі.

Үй тапсырмасы:үй тапсырмаларын студенттер міндетті түрде дайындайды және ОСӨЖ (ОМӨЖ) сабақтарында барлық топтар кесте бойынша тапсырады. Белгіленген уақыт мерзімінен кейін тапсырылған үй тапсырмаларына баға төмендетіледі.

Коллоквиум:өткен материал бойынша семестрде екі рет студенттен ауызша немесе жазбаша жауап алу түрінде жүргізіледі.

Курстық жұмыс, мәнжазба, эссе, презентация,графикалық-есеп жұмысы:нақты тақырып бойыншатапсырылады,кішігірім шығармашылық жұмыс болып табылады. Бағалау кезінде тақырыптың мазмұнының ашылуы, ғылыми деректердің пайдаланылуы, баяндалу стилі, көрнекіліктің пайдаланылуы ескеріледі. Жұмыстар бекітілген мерзімнен кейін қабылданбайды және бағаланбайды.

Аралық бақылау тесттері:өткен материалдар бойынша 10 және одан жоғары тапсырмаларды қамтитын тесттер. Тестілеу семестрде екі рет 7 және 15 апталарда кесте бойынша өткізіледі.

Қорытынды емтихан:қорытынды емтихан семестр соңында өткізіледі. Емтихан қабылданатын күн деканаттың емтихан кестесінде көрсетіледі. Емтихан компьютерлік тестілеу нысанында жүргізіледі. Тесттер курс бағдарламасының барлық бөлімдері бойынша тапсырмаларды қамтиды. Емтихан кезінде дәріс конспектілерін, кітаптарды, әртүрлі жазбаларды пайдалануға тыйым салынады. Төменбаға алған жағдайда, оны көтеру үшін, қосымша басқа тапсырмалар берілмейді. Емтиханды өткізу саясатын сақтамаған студент, емтиханды тапсырудан босатылып, емтиханды тапсырмаған болып есептелінеді.

Қорытынды баға: студенттер семестр соңында пәндер бойынша 100 (40%) балмен бағаланатын емтихан тапсырады.

МОДУЛЬ БОЙЫНША ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

№ р/с   Модульдің атауы мен дәрістердің тақырыптары Дәріс 2 кредит Семинар 1 кредит   өзіндік жұмыс кредит Ағым дық бақылау формалары Аралық бақылау формала ры
І МОДУЛЬ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК КУРСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Педагогикалық шеберлік педагогикалық мәдениеттің компоненті ретінде мәні мен мазмұны 06,06, 13.09.16 Сұрақ-жауап  
Педагогикалық шеберлікті қалыптастырудың негізгі кәсіби-педагогикалық іс-әрекет 13,20,20. 09.16 Сұрақ-жауап Мәнжазба коллоквиум тест
ІІ МОДУЛЬ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІКТІҢ ШАРТТАРЫ
Педагогикалық шеберліктің басты шарты педагогикалық эрудиция мен құзыреттілік. 27,27,04. 10.16 Сұрақ-жауап  
Педагогикалық техника педагог шеберлігінің элементі ретінде 04,04,11. 10.16. Сұрақ-жауап Мәнжазба коллоквиум тест
ІІІ МОДУЛЬ. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІКТІҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІКТЕРІ
Педагогтың сөзі тәрбиелік ықпал ету мен мағұлмат беру құралы 11,18,18. 10.16. Сұрақ-жауап  
Кәсіптік шеберліктің құрамдас бөлігі педагогикалық қарым-қатынас 25,25,01. 11.16 Сұрақ-жауап  
Педагогикалық қарым-қатынастың қажетті элементі педагогикалық этика мен такт 01,08,08. 11.16 Сұрақ-жауап  
Педагогикалық қарым қатынастың формасы коммуникативтік іс-әрекет 15,15, 22.11.16 Сұрақ-жауап  
Педагог-психологтың өзін-өзі тәрбиелеуі және кәсіби шеберлігін қалыптастыруы 22,29,29. 11.16. Сұрақ-жауап  
Жоғары және орта оқу орындарында оқу-тәрбие процесін басқарудағы оқытушының шеберлігі 06,06,13. 12.16 Сұрақ-жауап Мәнжазба коллоквиум тест
  Барлығы 2кредит (30сағ.) 1кредит (15сағ.) 2кредит (60сағ)    

 

Апта Лекция сабақтарының тақырыптары сағаты
  І модуль. Педагогикалық шеберлік курсының теориялық-әдіснамалық негіздері  
Педагогикалық шеберлік педагогикалық мәдениеттің компоненті ретінде мәні мен мазмұны
Педагогикалық шеберлікті қалыптастырудың негізгі кәсіби-педагогикалық іс-әрекет
  ІІ модуль. Педагогикалық шеберліктің шарттары  
Педагогикалық шеберліктің басты шарты педагогикалық эрудиция мен құзыреттілік
Педагогикалық техника педагог шеберлігінің элементі ретінде
  ІІІ модуль. Педагогикалық шеберліктің құрамдас бөліктері  
Педагогтың сөзі тәрбиелік ықпал ету мен мағұлмат беру құралы ретінде
Кәсіптік шеберліктің құрамдас бөлігі педагогикалық қарым-қатынас
Педагогикалық қарым-қатынастың қажетті элементі педагогикалық этика мен такт
Педагогикалық қарым қатынастың формасы коммуникативтік іс-әрекет
Педагог-психологтың өзін-өзі тәрбиелеуі және кәсіби шеберлігін қалыптастыруы
Жоғары және орта оқу орындарында оқу-тәрбие процесін басқарудағы оқытушының шеберлігі

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ ТАҚЫРЫПТАРЫ:

Апта Практикалық сабақтың тақырыптары сағаты
І модуль. Педагогикалық шеберлік курсының теориялық-әдіснамалық негіздері
Педагогикалық шеберлік педагогикалық мәдениеттің компоненті ретінде мәні мен мазмұны. Педагогикалық біліктіліктің мәні. 1.Педагогикалық біліктілік дегеніміз не? 2.Педагогикалық шеберліктің компоненттерін атаңыз. 3.Педагогтық қабілеттің көріністері жайында не білеміз? 4.Педагог-психолог мамандығының өзіндік ерекшеліктері нені құрайды?
Педагогикалық шеберлікті қалыптастырудың негізгі кәсіби-педагогикалық іс-әрекет. Педагогикалық біліктіліктің тәрбиедегі мәні 1.Ұстаз еңбегіндегі біліктіліктің мәні? 2.Сахнадағы актер шеберлігі мен педагогикалық іс-әрекеттегі актерлік шеберліктің өзара байланысын қалай түсінесіз? 3.Педагогикалық іс-әрекет ұғымын қалай түсінеміз? 4.Адамдардың өз-өзін тәрбиелеу негізінде жеткен жетістіктері туралы баспасөз материалдарынан мысалдар жазу. 5.Өз ұстаздарыңыз арасынан білікті деп таныған мұғалім қасиеттерін көрсетіңіздер.
ІІ модуль. Педагогикалық шеберліктің шарттары.
Педагогикалық шеберліктің басты шарты педагогикалық эрудиция мен құзыреттілік. Педагогикалық біліктіліктің элементі-педагогикалық техника. 1. Педагогтық техника ұғымына анықтамалар жиынтығын құрастыру 2.Соңғы практика кезінде оқушылармен қарым-қатынас негізінде туындаған педагогикалық ситуация көріністерін жазбаша баяндаңыз.
Педагогикалық техника педагог шеберлігінің элементі. Педагогикалық техника көріністері. 1.Л.И Рубинский «Мамандыққа кіріспе» оқулығы бойынша «өз еркіңмен мінезіңді тәрбиелеу» (44 бетте) тақырыбы бойынша өз пікіріңді жазбаша баянда. 2.Педагогикалық анықтамалықтардан және энциоклопедиялық жинақтардан «педагогикалық техника» түсіндірмесін ашуға жұмыстану.
ІІІ модуль. Педагогикалық шеберліктің құрамдас бөліктері.
Педагогтың сөзі тәрбиелік ықпал ету мен мағұлмат беру құралы. Педагог сөзі - тәрбиелік ықпал ету құралы. 1. Психологиялық таным процесі негізінде тіл және сөйлеу негіздерінің өзара байланысына сипаттама береміз. 2.Мұғалімнің сөйлеу мәдениетіне байланысты шағын мақала жазу.
Кәсіптік шеберліктің құрамдас бөлігі педагогикалық қарым-қатынас. Педагогикалық ықпал ету шеберлігі. 1. Педагогтың ата-аналармен қарым-қатынас шеберлігіне байланысты өмірден мысалдар келтіреміз 2. «Педагогикалық ізденіс» оқулығы бойынша Е.Н.Ильин «Тіл табыса білу өнері» мақаласын дәптеріңізге конспектілеу.
Педагогикалық қарым-қатынастың қажетті элементі педагогикалық этика мен такт 1.Педагогикалық қарым-қатынас стилі. 2.Педагогикалық такт - мұғалімнің оқушылармен педагогикалық карым-қатынас стилін орнатуы
Педагогикалық қарым-қатынастың формасы коммуникативтік іс-әрекет 1. Үгіттеудің сөздік формасы негізінде әңгімелеу өткізу. 2.Педагогтың ықпал ету күші қандай жағдайларда күшеймек? 3.Өткен мектеп өмірінде оқушылармен қарым-қатынас кезінде қандай мұғалім есімі қандай ерекше қасиеттерімен есіңізде қалды?
Педагог-психологтың өзін-өзі тәрбиелеуі және кәсіби шеберлігін қалыптастыруы 1.Көркем әдебиет шығармаларынан мұғалім еңбегіндегі сендіру мүмкіндігі туралы мысалдар жазу. 2.А.С.Макаренконың «Ұстаздық дастан» еңбегінен балаларға бұйрық беру, әзіл арқылы түсіндіру, мысқыл және талап мазмұнын жұбақтай жеткізе отырып бала тәрбиесінде жеткен табыс жолдарында болған оқиғалардан мысалдар келтіру.
Жоғары және орта оқу орындарында оқу-тәрбие процесін басқарудағы оқытушының шеберлігі Жоғары және орта оқу орындарында оқу-тәрбие процесін басқарудағы оқытушының шеберлігі 1.Ғылыми әдебиеттерден «педагогикалық шеберлік», «педагогикалық технология», «біртұтас педагогикалық процес» деген ұғымдарға берілген анықтамаларды жазып алыңыздар. 2.Жоғары оқу орындарына арналған Бордовская Н.В. Реан А.А. «Педагогика» оқулығындағы «XX ғасырдың инновацялық білім беру жүйелері» деген материалдармен танысыңыз. 3. «Қазіргі кезеңдегі жоғары оқу орнындағы педагогикалық технологиялар» проблемасына арналған жаңа басылым туралы мәліметтер дайындау және аннотациялық картотека жасау.

СӨЖ тапсырмалары

Бақылау жұмысы

Нұсқа 1

1.Педагогикалық шеберлік және мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің компененті ретінде.

2. Педагогикалық шеберлік компоненттері: гуманистік бағыт кәсіби білім, педагогикалық кабілет, педагогикалық техника.

3.Мұғалімнің кәсіби білімі - шеберлік негізі.

4. Педагог мамандығындағы актерлік және режиссерлік шеберлік элементтері.

5.Педагог мамандығындағы жеке шығармашылық қабілетті іске асыру.

Нұсқа 2

1.Педагогикалық қызмет коғамдық құбылыс ретінде. 2.Жалпы педагогикалық және кәсіби - педагогикалық кызмет.

3.Кәсіби - педагогикалық кызметтің мәні, оның кұрылымы. 4.Педагог кызметінің ерекшеліктері мен қиыншылықтары. 5.Мұғалім педагогикалық қызметінің субъектісі ретінде.

Нұсқа 3

1.Педагогикалық техника мұғалімнің жүріс-тұрысынын формасы және оның компоненті мұғалім іс-әрекетіндегі техниканың мәні.

2.Жас мұғалімнің педагогикалық техникасында әдеттегі кемшіліктер.

3.Педагогикалық шеберліктегі басқару техникасы. 4.Мұғалімнің өзін-өзі басқара білу шеберлігі, өзін-өзі қалыпқа келтіру техникасының негізі. Өзінің психофизикалық жағдайын меңгеру техникасы, өзін жөнге келтірудің негізі.

5.Педагогикалық өзара қызметте ауызша қатынас кұралдары. Өзара жалғасу кезіндегі қимыл мен бет қимылының /мимика/ рөлі. Педагогикалық қарым-қатынастағы пантомимика мен пластика. Зиянды әдеттер.

Тест тапсырмалары

Нұсқа 1