Тақырыбы: Негізгі анықтамалар

Дәріс 1

 

 

Электротехникалық құрылғылардың бір-бірімен электромагниттік үйлесімділігі жайлы сөз болғанда жекелеген тізбектер мен құрылғылардың басқа тізбектер мен құрылғыларға әсері жайлы айтуға тура келеді. Бұдан ары мұндай типті процес (немесе күй) ықпалы деп кейбір құрылғыларда қосымша кернеулер мен басқа құрылғылардан электр энергиясының бөлігінің сорылуы есебінен токтар пайда болатын процестерді айтамыз. Бұл жағдайда сыртқы әсерлер деп төменгі вольтты тізбектерге жоғары вольтты (немесе күшті ағатын) тізбектер тапрапынан әсер ететін ықпалдарды айтамыз. Осылайша, өзара ықпал дегеніміз- бір немесе бір типті желінің көршілес тізбектерінен болатын ықпал.Осылайша сыртқы әсерлер деп, жүктемелік желі тарапынан байланыс жүйелеріне болатын әсерді, ал өзара әсерлер деп байланыстың магнит өткізгіштік желісінің әртүрлі жұптарының ықпалын айтамыз.

Айнымалы токтың электрофикацияланған темір жолдары (25 немесе 2х25 кВ сызықты автотрансформаторлы) өтізгішті байланыс және өткізгішті тарату желілеріне магниттік, электрлік және гальваникалық ықпалдар болуы мүмкін.

Магнитті ықпал жүктемелік желімен айнымалы электр тогының өтуіне негізделеді. Магниттік ықпалға ауалы және кабельді байланыс өткізгіштері және өткізгішті тарату желілері ұшырайды.

Электрлік ықпал жүктемелі желіде айнымалы электр кернеунің бар болуына негізделеді. Электрлік ықпалға кабелден металл қабықшасыз жасалған ауалы және кабельді байланыс өткізгіштерінің және өткізгішті тарату желілері ұшырайды.

Гальваникалық ықпал жерде жүктемелік токтардың ағуына негізделеді.Гальваникалық ықпалға кері өткізгіш ретінде жерді қолданатын кабелдер мен тізбектердің жерлестірілген металл қабықшалары ұшырайды. Гальваникалық ықпалды сонымен қатар тізбектің кез-келген нүктесінде тек бір жерлестіру болған кезде ескеру керек.

Әсер етудің дәрежесі және сипаты бойынша ықпалдарды кедергі келтіретін және қауіпті деп ажыратады. Ықпалды қауіпті деп егер өткізгішті байланыс тізбектерінде және өткізгішті тарату тізбектеріндегі пайда болатын кернеу мен ток байланысты қолданатын абонеттер мен қызмет көрстететін персоналдардың өміріне қауіп туғызса, немесе осы тізбеккке қосылған аппараттар мен приборларды бүлдірсе атайды. Ықпалды, кедергі келтіретін деп тарату желілері мен байланыс арналарында олардың қалыпты әрекеттерін бұзатын кедергілер пайда болса айтады.

Электрофикацияланған темір жолдың өткізгішті байланыс және өтізгішті тарату тізбегіне ықпалы жүктемелік желінің жұмыс режиміне және қоректендіру схемасына, жүктемелік желінің параметрлеріне және сыртқы электрмен қамтамасыз ету жүйесінің жоғары вольтты желісіне және жүктемелік подстанциялардың құрылғыларының параметрлеріне және электр қозғалмалы составтарға, жүктемелі желінгің және байланыс желілерінің жақындасу ені мен ұзындығына, байланыс желілерінің параметрлеріне, байланыс желілерінің кедергілерге сезгіштігіне, жүктемелі желінің барлық элементтерінің өтізгішті байланыс және өткізгішті тарату тізбектеріне қатысты өзара орналасуына тәуелді.

Жүктемелік желінің қоректендіруінің екі сұлбасын ажырату қажет:

-ұзындығы АВ жүктемелік желісінің бөлігі ЖЖ-ден бір жағының ұзына бойына қоректенетін бір жақты қоректендіру схемасы - ұзындығы АС иінінен және ұзындығы СВ иіненен тұратын ПС секциялау постысымен жалғанатын АВ жүктемелік желінің бөлігі қалыпты ЖЖ-ден екі жақты қореқтенетін екі жақты қоректену схемасы; бұл жағдайда I1 және I2 жүктемелік токтары кеңістік бойынша 1800-қа ығысқан; АТ-автотрансформаторлар.

Бұдан басқа, жүктемелі желінің 2 жұмыстық режимін ажыратуға болады:

-барлық ЖП жүктемелік подстанциялар қоректендірудің қабылданған схемалары бойынша жалғанған қалыпты режим (1 және 2);

-жүктемелік подстанциялардың бірі кенеттен өшіп (ережеге сай 2 сағаттан артық емес) және оның жүктемесін бір немесе екі түйіндес подстанциялар алатын мәжбүр режим.

 

Дәріс 2