Тақырыбы: Мәжбүр режимдегі ықпал етуші токтарды анықтау

 

Қауіпті токтарды жүктемелік желі мәжбүр режимде жұмыс істегенде есептейді.

Байланыс тізбегі мен өткізгішті тарту жерден изоляцияланған екі өткізгішті изоляцияланған өткізгішке, 25 кВ контактілік желімен жанасқан адамның денесің арқылы өтетін токтың мәні, мА, келсі формуламен анықтау керек:

Параллель жақындасқанда

 

күрделі жақындасқанда

 

 

мұндағы К1- жүктемелік желінің тіректерінде орналасқан ықпал етуші өткізгіштердің мөлшері;mэ - байланыс желісіндегі немесе өткізгішті байланыстағы жерлестірілген өткізгіштердің саны; жерлестірілген деп үнемі жермен 3000 Ом-нан жоғары кедергі,50 Гц жиілік арқылы жалғанған барлық өткізгіштерді түсінеміз;НК - рельстің басынан контактілік желінің алынған конструкциясы үшін 6,8 м-ге тең етіп алынатын эквивалент контактілік желіге дейінгі қашықтық;НА- тарату немесе байланыс өткізгішін асудың орташа биіктігі,м; - байланыс желісінің немесе өткізгішті тартудың параллель жақындасуда және күрделі жақындасудың j-ші бөлігіндегі есептік бөлік шегіндегі жүктемелік желімен жақындасу ұзындығы,км; a,aj- байланыс желісінің немесе өткізгішті тартудың параллель жақындасуда және күрделі жақындасудың j-ші бөлігіндегі жақындасу ені,м.

Ықпал етуші ток ретінде жақындасудың барлық ұзындығы бойынша бірдей және жүктемелік желі бойымен электровоздардың токтарының шын тарылуы (сатылы) кезінде туындайтын осындай қауіпті кернеуді өткізгіште индукциялайтын эквивалент ықпал етуші ток алынады: .

Контактілік желінің жұмысшы ықпал етуші тогының шамасы контактілік өткізгішті қоректендіру шамасына тәуелді. Осы токты бір жақты қоректендіргенде бұл токтың шамасы электровоздың әрқайсысының ток тұтынуын біле отырып, қоректендірудің жүктемелі иініндегі электропоездардың санына сәйкес анықталуы мүмкін.

Электровоздардың иін ұзындығында бірқалыпты таралуын ескере отырып жүктеменің қандай да бір фиктивті тогын анықтауға болады. Осы иіннің ұшында шоғырланған бұл токты есептік ток деп атаймыз (Ie).

Магниттік ықпалдың ұзындық бойынша сатылы өзгеретін жүктемелі айнымалы токтың электр жүктемесін қоректендіру иін ұзындығына магниттік ықпалды қарастырғанда келесідей жасау керек. Қоректендіру иінінің жекелеген бөліктері бойынша өтетін токтардың қорытқы ықпалын алмастыратын иіннің ұшында шоғырланған есептік ықпал етуші ток келесі формулмен есептеледі:

 

 

мұндағы Iэл – бір электровоз тұтынатын токтың шамасы; n- қоректендірудің осы иінінде бірқалыпты таралған электровоздардың саны.

Жүктемелі иіннің ұзындығындағы токтың байланыс өткізгішіне магниттік әсері келесі формулмен анықталады:

 

 

болғандықтан, көрсетілген теңдеулердің оң жақтарын теңестіріп келесіні аламыз

 

Бұдан келесі шығады:

 

 

Жүктемелік желінің мәжбүр жұмыс режиміндегі жақындасу ұзындығындағы эквивалент токтың шамасын келесі өрнектен анықтаймыз:

 

 

мұндағы Iк- жүктемелік желінің мәжбүр жұмыс режиміндегі қоректендіру иінінің есептік иінінің қорытқы жүктемелік тогы. Оның шамасы жуық түрде келесі формуламен анықталуы мүмкін:

 

,

 

мұндағы жүктемелік желідегі подстанция мен одан ең қашықтағы электровоздың арасындағы кернеудің максимал шығыны:

болғанда =5500 B;

болғанда деп алады.

 

Дәріс 5