ЭЛОУ блогінің материалдық балансы

Жоспар

І.Кіріспе

Атмосфералық айдау 2

ІІ.Атмосфералық айдау қондырғысын жобалау

1. ЭЛОУ блогінің материалдық балансы 4

2. К-1 колоннасының материалдық балансы

3. К-2 колоннасының материалдық балансы 5

4.Су буының шығынын есептеу 6

ІІІ. Қорытынды 7

 

 

Кіріспе

Атмосфералық айдау. Атмосфералық айдау мұнайға шығу мүмкіншілігі 45-60% құрайтын, 3600C дейін қайнайтын, жанармайлы, керосинді және дизельді жарық мұнай фракцияларын ажырату үшін арналған.

Атмосфералық қондырғыларда терең емес мұнай айдауды жүргәзеді. Қалдығы – мазут. Процесс бұлар жоғарыға қарай, ал сұйық төменге қарай өтетін, ішінді қатынастық қондырғы орнаған цилиндірлі тік жабдықта – ректификациялы колонада пеште қыздырған мұнайды жеке фракцияларға бөлуде түйінделеді. Әр түрлі өлшемді және және пішінді ректификациялы колоналар мұнай өңдеу зауыттарының барлық қондырғыларында қолданылады, оларда тарелка сандары 20-60 арасында.

Мұнайды атмосфералық қысымда алғашқы айдау нəтижесінде мынадай өнімдер алынады: Негізінен пропан мен бутаннан тұратын сұйытылған көмірсутекті газ (тұрақтандырушы басты фракция). өнім мөлшері мұнайдың кен орнындағы қондырғыларда қаншалықты терең тұрақталғанына байланысты болады. Бұл өнімді күкіртті қосылыстардан тазартылған соң, шаруашылықта отын, газдарды бөлу қондырғыларына, шикі зат есебінде пайдалануға болады.

Бензин фракциясы.Каталитикалық риформинг қондырғыларында шикі зат есебінде қолданады, кейбір кездерде автобензин компоненті есебінде де пайдаланылады.

Керосин фракциясы. Ауареактивті қозғалтқыштарда, жарық алуда, тракторлардың карбюратор қозғалтқыштарында отын есебінде пайдаланылады. Гидротазалау, сілтімен əрекеттеу немесе меркаптансыздандыру қондырғыларында күкіртті 21 қосылыстардан бөлу жəне пайдалану сапасын жақсарту мақсатында қосымша əрекеттеуден өтеді.

Дизел фракциясы.Бұрын дизел фракциясын атмосфералық газойл, соляр майы деп атап келді. Бұл фракцияны автомобилдерде, тракторларда, тепловоздарда, теңіз жəне өзен кемелерінде орналасқан дизел қозғалтқыштардың отыны есебінде пайдаланылады. Қажет болған жағдайда, оны гидрогенизациялық əдіспен күкірттен тазалайды.

Мазут. Бұл мұнайды атмосфералық айдаудың қалдығы. Қазан отыны есебінде пайдаланады, кейбір кездерде термиялық крекинг қондырғысының шикі заты бола алады.

ЭЛОУ қондырғысында тұзсыздандырылған және сусыздандырылған мұнай қосымша жылуалмастырғышта қызыдырылып, жартылай бензиннен тазартылатын колоннаға келір түседі (1) колоннаның жоғарғы жағынан бөлінетін газ және жеңіл бензин ауалы және сулы аппараттарда салқындатылып, суландыру ыдысына келіп түседі. Конденсаттың жартысы (1) колоннаның жоғарғы жағына қайта жіберіледі. Бензині бөлінген мұнай (1) колонаның төменгі жағы арқылы құбырлы пешке жіберіледі. Құбырлы пеште қажетті температураға дейін қыздырылып, атмосфералық колоннаға (2) келіп түседі. Бензинсіздендірілген мұнайдың жарты бөлігі (1) колоннаның төменгі жағына астық ағын ретінде жүргізіледі. (2) колоннаның жоғарғы бөлігінен ауыр бензин, (3) буландырғыш колонна арқылы отындық фракциялар 180-220С, 220-280С, 280-350С фракциялары алынады. Атмосфералық колоннаның төменгі жағынан бөлінген мазут вакуумдық айдауға жіберіледі. Буландырғыш және атмосфералық колоннаның төменгі жағынан қыздырылған бу жеңіл фракцияларды буландыру мақсатында жіберіледі.

ЭЛОУ-АВТ-6 қондырғысының мұнайды атмосфералық айдау блогінің принципиалды сызба-нұсқасы.

 

1- Бензинсіздендіруші колонна; 2- атмосфералық колонна; 3-буландырғыш колонна; 4-атмосфералық пеш;

I –ЭЛОУ жіберілетін мұнай; II – жеңіл бензин; III – ауыр бензин; IV -180-220С фракция; V - 220-280 С фракция; VI - 280-350С фракция; VII – мазут; VIII –газ; IX –су буы.

 

ЭЛОУ блогінің материалдық балансы

  % масс. мың.т/ жыл т/сағ
Шикі мұнай 122,55
Нәтижесі      
Сусыздандырылған мұнай 990,099 121,336
Су 0,5 4,9505 0,6066
Шығын 0,5 4,9505 0,6066
Барлығы 122,55