Бүйректің жедел зақымдалуы. RIFLE жіктелуі. Этиопатогенезі. Клиникасы. Шұғыл көмек. Гемолитикалық-уремиялық синдром.

 

*3*14*1*

 

#182

*!15 жасар қыз бала, жасыл түсті қақырықтың шығуымен жүретін ылғалды жөтелге шағымданады. Қорғалған пенициллинмен (амоксиклав) емдеу курсы тағайындалды. Бірақ 3 күннен соң оның қолдары мен денесінің жоғарғы бөлігінің терісіне бөртпе шықты. Бөртпенің түсі қызыл және ол терінің бетінен көтеріліп тұр. Бөртпелер қышиды. Бұл кезде жөтел жоқ және кеуде торын тексергенде еш өзгеріс табылмады. Науқастың несебінде к/а 18-20-ға дейін лейкоциттер, бояғанда олардың негізінен эозинофилдер екендігі анықталды. Қанда – эозинофилия 16%. Креатинин 340 мкмоль/л. БЖЗ-ң дамуының қандай себебі мейілінше ықтимал?

 

*пиелонефрит

*эозинофилді васкулит

*бүйректің созылмалы ауруы

*+жедел интерстициалды нефрит

*тез үдейтін гломерулонефрит

 

#183

*!Қант диабетінің 1 типімен ауыратын 16 жасар ұл бала есінің бұзылысымен клиникаға жедел жеткізілді. Қарағанда: ошақты неврологиялық симптоматика жоқ. Тері тургоры қалыпты, АҚҚ 120/80 мм с.б., ЖЖЖ – 85/мин, ТЖ – 22/мин. Ішкі ағзалар жағынан патологиялар анықталған жоқ. Б/х қан талдауында: глюкоза 40 ммоль/л, калий 4 ммоль/л, натрий 125 ммоль/л, хлор 90 ммоль/л, мочевина 5 ммоль/л, бикарбонат 20 ммоль/л. Қандағы натрий деңгейін қалай бағалауға болады?

 

*гипонатриемия біріншілік

*гипонатриемия екіншілік

*+псевдогипонатриемия

*гипернатриемия

*натрий деңгейі қалыпты

 

#184

*!Қант диабетінің 1 типімен ауыратын 16 жасар ұл бала есінің бұзылысымен клиникаға жедел жеткізілді. Қарағанда: ошақты неврологиялық симптоматика жоқ. Тері тургоры қалыпты, АҚҚ 120/80 мм с.б., ЖЖЖ – 85/мин, ТЖ – 22/мин. Ішкі ағзалар жағынан патологиялар анықталған жоқ. Б/х қан талдауында: глюкоза 40 ммоль/л, калий 4 ммоль/л, натрий 125 ммоль/л, хлор 90 ммоль/л, мочевина 5 ммоль/л, бикарбонат 20 ммоль/л. Ең бірінші кезектегі емдеу тактикасы қандай?

 

*+гипергликемияны инсулинмен емдеу

*гипонатриемияны физ. ерітіндінің инфузиясымен емдеу

*гипонатриемияны 3% бикарбонат ерітіндісінің инфузиясымен емдеу

*седативті препараттармен есінің бұзылысын емдеу

*гипонатриемияны диуретиктермен емдеу

 

#185

*!6 жасар балада ампициллинге анафилактикалық шок дамып, БЖЗ орын алды. Осы кездегі дамыған БЖЗ-ң патогнетикалық механизмі қандай?

 

*вегетативті бұзылыстар

*қосарланған инфекция

*АГ-АД кешендерінің түзілуі

*+артериалдық қысымның түсуі

*зақымдалған тіндерден бөлінген токсикалық заттардың әсер етуі

 

#186

*!6 жасар ұл балада вена ішілік урография жүргізгеннен кейін диурезі азайды. Тексергенде: қанда креатинин 250 мкмоль/л, мочевина 9,9 ммоль/л. Қандай патология жайында ойлауға болады:

 

*БСА

*БСА фонындағы БЖЗ

*аллергиялық жедел интерстициалді нефрит

*токсикалық нефрит

*+контраст-индуцирленген нефропатия

 

#187

*!3 жасар қыз баланың анасы қызының дене қызуының 39˚С дейін жоғарылауына, қайта-қайта құсуына, күніне 10 ретке дейін ішінің өтуіне, несеп бөлуінің азаюына шағымданады. Бұл шағымдар осыдан 2 күн бұрын сапасыз тағам қабылдағаннан кейін пайда болған. Тексергенде: қанда креатинин 150 мкмоль/л, мочевина 12,8 ммоль/л, натрий-140 ммоль/л, калий-4,7 ммоль/л, хлор-122 ммоль/л, рН-7,27, рСО2-19 мм с.б., НСО3-14 ммоль/л. ЖНТ белок 0,099 г/л, Ле 4-6 к/а, Эр 8-10 к/а. Науқаста осы жағдайдың дамуына қандай себеп әкелді?

 

*обструктивті уропатия

*шумақшалардың иммундық патологиясы

*несеп шығару жүйесінің жедел инфекциясы

*респираторлық жолдың жедел инфекциясы

*+диареялық синдром салдарынан дамыған дегидратация

 

#188

*!11 жасар ұл балада анафилактикалық шок фонында БЖЗ дамыды. Консервативті және бүйрек алмастырушы ем жүргізіліп жатыр. Полиурия сатысында өмірге қауіп төндіретін жағдайды анықтау мақсатында қандай зерттеу жүргізу керек?

 

*ЭКГ

*+қандағы К

*тромбоцитер

*өкпе рентгенограммасы

*бүйректің УДЗ

 

#189

*!С гепатитінің салдарынан дамыған бауыр циррозымен ауыратын 13 жасар ұл балада АІЖ-нан қан кету көрінісінен кейін креатинин мен мочевина деңгейі жоғарылады. Бүйрек қызметінің бұзылуына қандай себеп әкелді?

 

*+АҚҚ төмендеуі

*нефрит дамуы

*улы дәрі-дәрмектерің әсері

*асциттің болуы

*гипопротеинемия

#190

*!12 жасар балада БЖЗ белгілерімен краш-синдром болжанды. БЖЗ-ң басқа себептерінен ажырату үшін несептегі қандай көрсеткіш бүйрек зақымдалуының ақпаратты-болжамды критерий болып табылады?

 

*гематурия

*цилиндрурия

*лейкоцитурия

*+миоглобинурия

*гемоглобинурия

 

#191

*!12 жасар балада БЖЗ белгілерімен краш-синдром болжанды. Брінші кезекте қандай емдеу тактикасы қолданылады?

 

*диуретиктер үлкен мөлшерде

*+ерте инфузиялық ем

*сұйықтықты шектеу

*кальций препараттары

*калий препараттары

 

#192

*!3 жастағы бала кардиохирургиялық бөлімшеге ота жасау үшін түсті. Отадан кейін жағдайы нашарлады: диурезі азайып, улану белгілері күшейді. Талдауларда: 3-ші күні креатинин 60-тан 158 мкмоль/л-ге дейін, мочевина 4,7-ден 15 ммоль/л-ге дейін жоғарылады, натрий 142 ммоль/л, калий 6,0 ммоль/л, хлор 120 ммоль/л; рН-7,22, рСО2-19 мм с.б., НСО3-15 ммоль/л. БЖЗ-ң ерте сатысында қандай биомаркерді анықтау диагноз қоюға көмектеседі?

 

*IL 10

*IL 6

*Midkine

*+NGAL

*СD 20

#193

*!5 жасар балаға жедел постстрептококктық ГН, БЖЗ 2 диагнозы қойылды. БЖЗ 2 диагностикасының критерийлерін көрсетіңіз.

 

*несептегі белок 2,5 г/тәул.

*макрогематурия

*ШФЖ 75 мл/мин

*+ШФЖ 40 мл/мин

*қандағы калий 4,5 ммоль/л

 

#194

*!2 айлық балаға пневмония фонында БЖЗ 2 диагнозы қойылды. Несепте белок 0,99 г/л., эритроциттер 15-20 к/а, лейкоциттер 1-2 к/а. БЖЗ 2 дамуының МЕЙІЛІНШЕ ықтимал себебі:

 

*гипоксия

*инфекциялық-токсикалық шок

*+тубуло-интерстициалды нефрит

*пиелонефрит

*нефритикалық синдром

 

#195

*!2 айлық балада жедел ішек инфекциясы фонында БЖЗ дамыды. Осы кезде өмірге мына жағдай қауіп төндіруі мүмкін:

 

*+гиперкалиемия

*гипокалиемия

*гипернатриемия

*гипонатриемия

*эклампсия