Азақстан тас дәуірінде (археологиялық кезеңдері және негізгі сипаттамасы).

І-Модуль. Ерте замандағы Қазақстан

Дәріс тақырыбы: Кіріспе. Қазақстан аумағындағы алғашқы қауымдық құрылыс

Дәріс жоспары:

1.Қазақстан тарихы пәнінің мақсаты мен міндеті.

2.Қазақстан тас дәуірінде (археологиялық кезеңдері және негізгі сипаттамасы)

3. Қазақстан қола дәуірінде (Андронов, Беғазы-Дәндібай мәдениеттері).

Азақстан тарихы пәнінің мақсаты мен міндеті.

Қазақстан Республикасының тарихы, түркі халықтары тарихымен ұштасып жатқан, ұзақ мерзімді қамтитын Отандық негіздегі ғылым саласы. Тәуелсіздікке қол жеткізген уақыттан бері курс мазмұнын оқыту өзектілігі арта түсуде. Өйткені патриотизмдік рухты күшейту үшін түрлі салада білім алып жатқан студенттерге Отан тарихын оқытудың маңызы зор. Мемлекетті рухани тұрғыдан өркендету бүгінгі күнде кезек күттірмес мәселелердің біріне айналып отыр. “Қазақстан тарихы” оқу пәнінің негізгі мақсаты Жоғары оқу орнының студенттеріне алғашқы адамзат баласының даму эволюциясынан бастап бүгінге дейінгі еліміздің басынан өткерген түрлі тарихи оқиғаларын оқыту, соның барысында Отансүйгіштікке баулу, мемлекеттің рухани, материалдық ескерткіштеріне құрметпен қарап, саяси-мемлекеттік маңызды тарихынан толық хабардар болуын қамту болып табылады. Оқу-әдістемелік кешен мемлекеттік типтік бағдарлама бойынша Қазақстан тарихын кезеңдерге бөлу барысында, дәйектілік негізде құрастырылды.

“Қазақстан тарихы” пәні осындай аталған мақсаттарды алға тарта отырып төмендегідей бірнеше міндет қояды:

- Студенттердің Қазақстанның ежелгі дәуірден бүгінге дейінгі кезең тарихын, жүйелі түрде оқыту.

- Түрлі салада маманданып жатқан студенттерді Отан тарихына құрметпен қарауға баулып, ұлттық дәстүр мен ұлттық руханиятты құрметтеуге үйрету.

- Мемлекеттік идеологиямен ұштасып жатқан саяси- экономикалық, мәдени шараларға атсалысуға үйрету.

- Студенттерді жалпы адамзаттық мәдениет және адамгершілік құндылықтарға баулу.

Тарих дегеніміз - халықтың зердесі. Ол болып өткен, оны түзете алмайсың және оның бір түсін екіншісімен ауыстырып, жаңадан жаза алмайсың. Біз оны бүкіл қайшылықтарымен және қайғылы беттерімен қоса, ол қандай болса нақ сондай, бүкіл алуан түрлі, тұтас күйінде қабылдауға тиіспіз.

 

азақстан тас дәуірінде (археологиялық кезеңдері және негізгі сипаттамасы).

Қазақстанның ежелгі тарихы: тас ғасыры (б.з. б. 2,6 млн. ж.-б.з.б. 3 мың ж.). Азамат тарихы әр түрлі әлеуметтік-экономикалық формацияның дамуына байланысты үлкен кезеңдерге бөлінеді. Археологияда адамзат тарихы өзіндік кезеңдерге бөлінген: тас ғасыры, қола және темір ғасырлары.

Қазақстан территориясындағы тас ғасыры. Тас ғасыры өз ретінде көне тас (палеолит), орта тас (мезолит), жаңа тас (неолит) және қола ғасырына өтпелі арадағы мыс пен тас қатар тараған ғасыр (энеолит) болып бөлінеді.

Палеолит – көне тас ғасыры, ол б.з.д. 2,6 млн. – 12 мың жылдыққа дейін созылады. Ерте (б.з. 2,6 млн. – 140 мың жыл бұрын) орта (140-35-30 мың жыл бұрын) және кейінгі (б.з. 35-30 - 12 мың жыл бұрын) палеолит болып үшке бөлінеді. Адамзат анайы шаруашылық қам-қаракеті табиғаттың дайын тұрған өнімдерін пайдаланумен шектелген.

Мезолит грекше аударғанда орта тас ғасыры дегенді білдіреді, ол б.з.д. 12-7 мың жыл. Бұл кезең Қазақстан тарихында ең аз зерттелген. Тек соңғы он жылда оншақты мезолит тас индустрия кешендеріне жататын ескерткіштер және тұрақтар табылып отыр. Жерлеу кешендері, алғашқы кезеңдер сияқты анықталмаған.

Неолит - жаңа тас ғасыры, ол б.з.д. 6-4 мың қамтиды. Соңғы жылдардағы зертеулер бірнеше неолиттік мәдениеттерді анықтауға мүмкіндік береді. Тобыл бойындағы Маханджар, Есілде – Атбасар және Орталық Қазақстан ескерткіштер тобы. Бұлардан ертерек Батыс Қазақстанда – Кельтеминар, Шығыс Қазақстанда – Усть-Нарым мәдениеттері табылған. Неолит – тас индустриаландырудың дамыған кезі. Тас өңдеу жаңа технологиялары пайда болды: аралау, бұрғылау, сүргілеу.

Энеолит – мыс пен тас ғасыры, б.з.д. 4-3 мың. орын алады. Соңғы уақытқа дейін энеолитті тас ғасырынан қола ғасырынан өтетін өтпелі кезең деп қарстырған. Алайда, бірқатар зерттеушілер энеолитті тарихтағы маңызды кезең деп біледі және оны біздің еліміздің оңтүстігінде мал және жер шаруашылығымен айналысатын тайпалардың гүлденуімен байланыстырады. Қазақстанның далалық және орманды бөліктердегі энеолит дәстүрі аңшылық-балықшылық кезең ретінде қарастырылады, бірақ Тобыл, Есіл бойындағы энеолит ескерткіштерін зерттеу өзгерістер әкеледі.