Арахан мемлекеті: территориясы, саяси-әкімшілік құрылымы.

Қарахан әулетінің мемлекеті (942-1210 жж.). Х ғасырдың орта кезінде оңтүстік Шығыс Қазақстан мен Шығыс Түркістан жерінде Қарахан мемлекеті пайда болды. Орталығы – Баласағұн қаласы. Қарахан мемлекетінің құрылуы тарихында Қарлұқ конфедерациясы зор роль атқарды. Қарлұқтар мен бірге шігілдер мен яғма кірді. Қарахан мемлекетінің құрылуы Батыста Жетісудан Испиджабқа дейінгі және Шығыста Қашқарға дейінгі ұланбайтақ аумақта болған саяси оқиғалар және Қарлұқ мемлекетінің ыдырауымен тығыз байланысты болды.

Оғулшақтың немере інісі Сатұқ Боғраханды (915-955 жж.) Қарахан әулетінің негізін салушы деп есептейді. Исламды қабылдап, Саманилердің қолдауын пайдалана отырып, Сатұқ Боғрахан Оғулшаққа қарсы шығып, оны талқандады, сөйтіп Тараз бен Қашқарды бағындырды: 942 жылы ол Баласағұнда билеушісін құлатып, өзін жоғарғы қаған деп жариялады. Сатұқ өлгеннен кейін биік басына Мұса қаған келді. Ол Қағанаттың мемлекеттік діні ислам деп жариялады. Оның астанасы Қашқар болды. Мұса қаған қаза болған соң билік Әли-Арыстан қағанға өтеді. Ол Тараз бен Баласағұнды да өзіне бағынышты қалалар есебінде жариялаған. Қарахан мемлекетінің алғашқы саяси тарихы, Сатұқ ұрпақтарының ішіндегі ең күшті екі әулетінің Әли-Арыстан хан мен Хасан Бура ханның тұқымдарының арасында билік үшін ұзақ жылдарға созылған талас тартыстар басталды.

Қарахан мемлекеті екі иеліктен тұрды: 1) Шығыс хандық. Оның жері Оңтүстік Шығыс Қазақстан мен Шығыс Түркістан, астанасы Баласағұн, кейде Қашқар қаласы болып тұрған; 2) Батыс хандық. Орталығы Тараз, кейде Бұхар болған. Шығыс хандық қарахандықтардың негізгі бөлігі болып саналған. Сондықтан да оның қағаны дәстүр бойынша ұлы қаған деп есептелген.

Жетісу мен Шығыс Түркістанды ХІ ғ. басында Хасан әулетінен шыққан Тұған хан билеп тұрды. Онымен Борға хан баласы Қадырхан Жүсіп бәсекелес болды. 1005 жылы Туған ханды Қадырхан Қашқардан тықсырып шығарды. 1017-1018 жылы Жетісу көшпелі тайпалар шабуылына ұшырап, көп ұзамай Туған хан дүние салды. Қадырхан күшейіп, Шығыс Қарахан мемлекетіндегі бүкіл билік оның қолына көшеді.

1032 ж. Қадырхан иелігіне Жетісу, Испиджиб пен Тараз өңірлері Шығыс Түркістан қарайды. 1056 жылы Қадырхан баласы Иннал-тегін өкімет басына келеді. Иннал-тегіннің баласы Ибрахим болады. Осыдан кейін Шығыс қағанатының да он бес жыл бойы Қадырханның балалары Юсуар Торғулхан мен Бограхан Харун басқарады.

Екі қағанат арсындағы шекара Сырдарияны бойлай өтеді. Орта Азия мемлекеттерімен қызу сауда жүргізеді. 1089 жылы Орта Азиядағы Салжұқ сұлтандығы шабуыл жасап Самарқант қаласын басып алады. Осы кезде Шығыс Қарахан қағанатына Шығыс Түрік қағанатының билеушісі Тоғырыл шабуыл жасап Қашқар қаласын өзіне қаратты. Осындай шапқыншылықтан кейін ХІІ ғ. 1-жартыжылдығында Қарахан мемлекеті іс жүзінде тарихи сахнадан шығып қалды.

2. Қарақытай мемлекеті (1128-1213 жж.). Солтүстік Маньчжурия мен Монғолияда Қиданның Ляо мемлекеті (907-1125 жж.) құрылды. Қидандардың Ляо империясы тұрақты болмады. Маньчжур тайпаларының соққысынан кейін бас көтерместей жеңіліске ұшырады. Осыдан кейін қидан тайпалары Елюй Дашының басшылығымен батысқа келіп қоныстанған. Оларды жергілікті жерлерде қара қытай деп атады.

Сөйтіп, олар Оңтүстік-Шығыс пен, Оңтүстік Қазақстанда орналасты. Қидандар Орта Азияға Қарай жылжып, Салжұқ сұлтаны Санжарға соққы беріп, 1141 жылы Самарқанд қаласын басып алды. Осыдан кейін Елюй Дашы өзін Горхан деп жариялайды. Қайтар жолда горхан әскерлері Бұхараны оңай басып алып, Баласағұн аймағына келіп орналасты. ХҮ ғасырдың 30-40 жылдарында қазіргі Оңтүстік, Мауереннахр аймағының жері қара қытай иелігіне кірді.

Елюй Дашы 1143 ж. қайтыс болды. Баласы Иле жас болғандықтан хандықты Елюй Дашының әйелі Набұян басқарды. Жеті жылдан соң Даштың ұлы Иле әкесінің тағына отырып, 1150-1164 жж. горхан болды. Ол қайтыс болған соң қарындасы Бұбұған таққа отырып, 1164-177 жж. билік жүргізді. Оның хандығының соңғы кезінде қарақытай ордасында саяси өзгерістер көп болды, Бұбұған өлтіреді.

Оның орнына Иелінің баласы Жилучу горхан болды. Жилучу өзінің билігін 1213 жылға дейін жүргізді. Бұл кезде қарақытай Орта Азиядағы басып алған жерлерінен айырыла бастады. 1198 жылы Аңғал аймағынан шыққан Турид билеушілері қарақытайларға күйрете соққы береді.

3.Наймандар мен керейт ұлыстары (ХІІғ. басы – ХІІІ ғ.). Наймандардың, керейттердің ертеректегі мемлекеттері Орталық Азияның шығыстан Қазақстанға шектесіп жатқан Монғолия аумағында пайда болса да, олардың тарихының Қазақстан тарихына тікелей қатынасы бар. Көшпелі мемлекеттіктің бастаулары Орталық Азияның нақ шығысында жатыр, ежелден Қазақстанның өз жерінде мекендеген халықтар мен тайпалардан басталатын дәстүрлермен қатар олар кейіннен қазақ мемлекеттілігіне тән болды.

Найман тайпалар одағы ҮІІІ ғасырдың орта шенінде Жоғарғы Ертіс пен Орхон аралығында сегіз-оғыз (яғни «сегіз тайпаның одағы») деген атаумен пайда болған. Сегіз-оғыздар Хангайдың батысынан Тарбағатайға дейінгі жерді, яғни өзіміз кейінен наймандар деп атайтын жерді алып жатты. Найман тайпалар одағы ХІІ ғасырдың бірінші жартысында Елюй Даши бастаған қидандардың Жетісу жеріне кетуіне байланысты аталады.

Елюй Даши күштерін батысқа жинап, чжурчжендерді қуып шығып, қидандардың Ляо империясын қалпына келтірмекші болды. Елюй Дашиді ұйғыр идикуты қабылдаған кезде найман билеушілері оның әскерлерінің қажеттері үшін оған мал әкеліп берген.

Х-ХІІ басында наймандар Ляо империясына вассалдық тәуелділікте болып, оның батыс шетінде, яғни Шығыс Қазақстан мен Батыс Монғолия жерінде тұрған. Жетісуда Қарақытайлар мемлекеті құрылғаннан кейін наймандардың жерлері солардың иеліктерімен көрші болды. Рашид ад-Дин наймандар жөнінде бір бөлігі «өте тау-тасты жерлерді», ал бір бөлігі жазира-жазықтары мекендеген көшпелілер дейді. Деректемелердің көрсеткеніндей, кеш дегенде ХІ ғасырда найман тайпалары Селенга мен Орхон өзендерінің сағасынан Алтай тауларының Шығыс сілімдеріне дейінгі шығыстан батысқа тараған аумақты алып жатқан.

Керейіттер туралы алғашқы мәліметтер ХІ ғасырдың соңғы ширегіне жатады, олардың христиан дінін қабылдауына байланысты айтылады. Олар Тола өзенінің аңғарын, Орхон өзенінің орта ағысы ауданын және Онгын өзенінің аңғарын алып жатқан. Шыңғыс хан шапқыншылығы қарсаңында керейттер бүкіл қазіргі Монғолия мен Алтай аумағында үстемдік еткен, монғолдар да солардың қол астында болған.

Наймандар мен керейіттердің ұлыстары «бастапқы үлгідегі мемлекеттер», яғни ертедегі феодалдық мемлекеттік құрылымдар болды.

Монғолдар талқандағаннан кейін найман мен керейіт топтары, қалыптасып жатқан көптеген түрік халықтарының құрамына, атап айтқанда қазақ халқының құрамына біртіндеп сіңісе береді. Наймандар монғол дәуірінде қазақ даласына қоныс аударып, Сырдарияға дейін жетіп, қазақ халқының қалыптасуына белсене қатысқан. Керейіттерге келетін болсақ, олардың бір бөлігі батысқа, Еділ бойына дейін барып, онда өздерінің керейіт деген этонимін сақтап қалды және кейініректе осы атаумен өзбектер мен қырғыздардың құрамына, ал шағын тобы қазақтардың да құрамына кірді.

Керейіт этнонимі Қара теңіз өңірі далаларының топономиясынан да кездеседі. Керейіттердің басқа бір бөлігі Солтүстік Қазақстанда қалды. Олар бұрынғы этнонимдегі –іт жалғауын жоғалтып, Керей (қара керей, абақ керей) деген атпен Орта жүз қазақтарына қосылды. Егер орта ғасырлардағы дала халқының монғол дәуірінде тұрақты түрде және алыстан қоныс аударуын ескерер болсақ, керейіттер мен керейлерді олар батыс керейіттердің шығысқа қарай кері көшіп немесе керейлердің жекелеген топтарының батысқа қарай одан әрі ілгерілеп қарым-қатынас жасау мүмкіндігін жоққа шығара алмаймыз. Орталық Азия халықтарының этникалық тарихынан жақсы біліп отырғанымыздай, мұндай араласу мейлінше дағдылы құбылыс болған.

4. Қыпшақ хандығы (ХІ ғ. басы – 1224 ж.). «Қыпшақ» атауы ең бірінші рет 760 ж. ежелгі түріктің руникалық ескерткішінде аталады. Мұсылман деректерінде қыпшақтар тұңғыш рет араб географы Ибн Хордабектің (ІХ ғ.) жылнамалық жағынан ҮІІІ ғ. жататын, түрік тайпаларының тізімінде көрсетіледі. 656 ж. Батыс түрік қағанаты құлағаннан кейін Алтай тауының солтүстік жағы мен Ертіс өңірін жайлаған қыпшақтардың едәуір мол топтары кимектердің басшылығымен тайпалар одағының өзегін құрайды. Алайда негізгі қыпшақ тайпаларының өзін-өзі билеуге ұмтылған талабы ҮІІІ ғ. соңында оларды Кимек федерациясынан бөлініп, олардан әрі, батысқа қарай көшуіне апарып соғады. Бірақ қыпшақтар түбірлі тәуелсіздікке жете алмайды. ІХ-Х ғғ. қыпшақтар тарихы кимектер тарихымен қоса өрледі: қыпшақтар кимек қағанатына саяси тәуелді болады, конфедерацияға, сосын Кимек қағанаты құрамына кіреді.

ХІ ғ. екінші жартысында қыпшақтар Маңғыстау мен Үстірт жерлеріне орнығады, олармен бірге сол арада оғыз тайпаларының біраз топтары да көшіп-қонып жүреді.

Қыпшақ хандары өз мемлекетінің шекарасын кеңейте отырып, оңтүстікте Тараз қаласының маңына дейін жетеді, сөйтіп Қарахандармен шектесіп жатқан жерден Қанжек Сеңгір бекінісін салады. Қыпшақ билеушілері мен Қарахандар арасындағы табиғи шекара Балқаш көлімен Алакөл шұңқырының көлдері болады.

Қыпшақ тайпаларының этникалық территориясы өздерінің этникалық-саяси бірлестігі шебінің тұрғысынан қарағанда, негізінен тұрақты болған, тек оңтүстік-батыс шекарада ХІІ ғ. 30-жылдарынан бастап Хорезмшахтар мемлекеті тым белсенді саясатты жүргізуге көшеді. Қыпшақ тайпаларының ХІ ғ. екінші жартысы мен ХІІІ ғ. бас кезінде бұлғарлармен және башқұрттармен өзара алыс-беріс жасап, аралас-құралас тұруы қыпшақ тілі мен мәдениетінің оларға ықпал етуі бағытында дамып отырған.

Қыпшақ қоғамы әлеуметтік және жіктік жағынан да тең болмаған. Мүліктік теңсіздіктің негізі – малға жекеменшік болып табылады. Негізгі байлық жылқының саны болған. Жазба деректер хабарына сүйенсек, қыпшақтар еліндегі көптеген кісілердің бірнеше мыңнан жылқысы болған, ал кейбіреулердің жылқысының саны 10 мыңға жеткен және одан да көп болған деседі. Қыпшақ отбасының меншігіндегі малға ру-тайпа белгілері – таңбалар басылған. Хисапсыз көп малы бар ақсүйектер жеке меншігіне заң жолымен бекітіп берілмесе де, мал жайылатын өрістің бәрін меншіктеген. Жайылымдарды бөліп беруді, көші-қон мәселелерін реттеп отыруды қыпшақ хандары мен тайпа тектілері уысынан шығармаған.

Бүкіл мұсылман Азиясы ішінде бірінші орын алуға ұмтылған Хорезмшах Мухаммед (1200-1220 жж.) мемлекеті құрамына ХІІІ ғ. бас кезінде Сығанақ облысы да кіреді. Сығанақ иелігінен айырылып қалғанына қарамастан, қыпшақ хандары Хорезмге қарсы қажырлы күресін жалғастыра береді. Жент қаласынан солтүстікке қарай Дешті қыпшақ еліне Мұхаммед Хорезмшах талай рет жорық жасайды. 1216 ж. Қадырханға қарсы аттанған әскери жорықтарының бірінде ол Ырғызға дейін жетіп, Торғай даласында қыпшақтар еліне қашып кірген меркіттерді қуалап келе жатқан Шыңғыс хан қолымен кездейсоқ соқтығысып қалады. Сұлтанмен айқасып қалғаннан кейін, монғолдар түн жамылып шегініп кетеді. Бұл монғолдардың Қазақстан жерінде алғаш рет болуы еді, бұған ілесе қыпшақтардың Хорезмшахтармен ұзаққа созылған бәсекесі тоқтап қалады. Моңғол басқыншылығының дәуірі келіп жеткен еді.

 

Сұрақтар:

1. Қарахан мемлекетінің (940-1210 жж.) ішкі және сыртқы жағдайын гүлденуіне не себеп болды?

2.Қазақстан жерінде қыпшақ этникалық қоғамның қалыптасуы ұзақ уақытты қамтып, 3 кезеңге бөлінді. Осы үш кезеңдердің әрқайсысына кеңірек тоқталып, анықтама беріңіз.

Негізгі әдебиеттер:

1.Қазақстан тарихы / Көне заманнан бүгінге дейін. – 5 томдық. 1 том. Алматы, 1996.

2.Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы, 1994.

3. Ч. Мусин. Қазақстан тарихы. Алматы, 2008.

4. Ахинжанов С.М. Кыпчаки в истории средневекового Казахстана. А., 1989.

5. Бартольд В.В. Двенадцать лекций по истории турецких народов Средней Азии. Сочинения. Т. 5. М., 1968.

6. История Казахстана в арабских источниках. В 5-ти томах. Т. 1. А., 2006.

7. История Казахстана и Центральной Азии. А., 2001.

8. Кадырбаев А.Ш. Очерки истории средневековых уйгуров, джалаиров, найманов и киреитов. А., 1993.

9. Кадырбаев А.Ш. За пределами Великой степи. А., 1994.

10. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан: Летопись трех тысячелетии. А., 1992.

11. Кумеков Б.Е. Государство кимаков в ІХ-ХІ вв. по арабским источникам. Алма-Ата, 1972.

12. Кумеков Б.Е. Арабские источники по истории кыпчаков, куманов и кимеков VIII-XIII вв. СПб., 1994.

13. Моңғол деректеріндегі Қазақстан тарихы. 3 томдық. 1-3 тт. А., 2007.

14. Қытай деректеріндегі Қазақстан тарихы. 4 томдық. 1-2 тт. А., 2007.

 

Қосымша әдебиеттер:

1. Әбілғазы. Түрік шежіресі. А., 1991.

2. Байпаков К.М. Средневековая городская культура Южного Казахстана и Семиречья (VI – нач. XIII вв.). А., 1986.

3. Барманкулов М.К. Вселенная тюрков. А., 1996.

4. Барманкулов М.К. Хрустальные мечты тюрков о квадронации. А., 1999.

5. Босворт К.Э. Нашествия варваров: появление тюрок в мусульманском мире. М., 1981.

6. Гумилев Л.Н. Древняя Русь и Великая степь. М., 1989.

7. Караев О. История караханидского каганата. – Фрунзе, 1983.

8. Лившиц В.А. Согдийцы в Семиречье: Лингвистические и этнографические исследования. Красная речка и Бурана. – Фрунзе, 1989.

9. Стеблева И.В. Поэтика древнетюркской литературы и ее трансформация в раннеклассический период. М., 1976.

 

6. Дәріс тақырыбы:Ерте және дамыған ортағасырлық мемлекеттердің рухани және материалдық мәдениеті (VІ-ХІІ ғғ.).

Дәріс жоспары:

1.Түркілердің көшпелі өркениеті.

2.Ұлы Жібек жолының ортағасырлық қалалардың дамуындағы маңызы.

3.VІ-ХІІ ғғ. рухани және материалдық мәдени ескерткіштер.