ХІV-ХVІІІ ғғ. Қазақстанның қалалық мәдениеті.

Халықаралық саудамен қатар Сырдария қалаларының көшпелі дүниемен дәстүрлі саудасы және жергілікті сауда жүргізіледі. Сырдария қалаларынан далаға астық, қала қолөнерінің өнімдері, мата апарылды. Қалалар төңіректегі егінші және көшпелі халықты қажетті товарлармен базар арқылы жабдықтап отырды.

Қазақтардың негізгі кәсібі мал шаруашылығы болды. Қазақтар негізінен қой, жылқы және түйе өсірген; қазақтардың шаруашылығында мүйізді ірі қара болмашы орын алған, өйткені ол жыл бойы бағуға, әсіресе қыс кезінде қар астынан тебіндеп жайылуға нашар бейімделген.

Деректемeлердің кейбір хабарларынан қазақтардың егіншілікпен шұғылданғаны байқалады. Бірақ Қазақ хандығы аумағының түрлі аудандарында егіншіліктің дамуы мейлінше әркелкі болды, аудандардың басым көпшілігінде егін шаруашылығы төменгі дәрежеде болды, немесе болмады. Алайда, кейбір аудандарда егіншілік зор маңызға ие болды, бұл ең алдымен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанға қатысты еді.

Қазақтардың шаруашылығында әр түрлі қолөнер мен үй кәсіпшіліктері елеулі орын алды, олардың көпшілігі мал шаруашылығы өнімдерін өңдеумен байланысты еді. Қазақтар ежелден тері өңдеп, киіз басуды, оларды түрлі түске бояуды білген, олар теріге, металға және тағы басқа материалдарға батыру арқылы өрнектеуді, құрап жамау және кестелеп тігу тәсілін шебер меңгерген.

Дербес мемлекеттілік, оны қорғау мен нығайту қажеттілігі жағдайында бір мезгілде әрі көреген суырып салма ақын, әрі хандықтың бас идеологі, әрі хандардың серігі мен кеңесшісі, әрі тайпаның жауынгер басшысы ретінде көрінген жыраулардың рөлі едәуір арта түсті.

Қазақ хандығының мемлекеттік құрылысының өзіндік ерекшелігі, халық өмірінің ерекше жағдайлары мен өзіндік ерекшелігі бар қазақ қоғамы «билер сөзі», «билер айтысы», «билер дауы», «төрелік айту», «шешендік сөздер» деп аталатын көркемдік мәдениеттің бірегей түрін туғызды.

.

Қазақ халқының тұрғын-үйі – материалдық мәдениеттің тамаша ескерткіші. Қазақтың киіз үйі ағаш сүйегі мен киізден тұрады. Ағаш сүйегі мынадай төрт бөліктен тұрады: 1) құрастырмалы-жиналмалы қабырғасы – қанат, олардан киіз үйдің қабырғалары (кереге) құралады; 2) күмбез сүйегі (уық); 3) дөңгелек төбесі (шаңырақ); 4) есік немесе сықырлауық. Ағаш сүйектің әрбір бөлігіне белгілі бір киіз жамылғы сәйкес келеді, оларды шебер қазақ әйелдері жасайды, олар: 1) керегелерге тұтылатын туырлық, олар бірнешеу; 2) үзік күмбезге жабылады, олар екеу; 3) түндік – шаңыраққа жабылатын шаршы киіз; 4) Киіз есік – киіз үйдің есік ойығын жауып тұратын ұзынша киіз.

Егіншілік мәдениеті бар аудандарда отырықшы үйлер салынған. Киіз үй тәрізді дөңгелек жартылай жертөбелер немесе киіз үйге ұқсатып, жоспарланған жербетіне дөңгелетіп тұрғызылған құрылыстар, сондай-ақ жер бетіндегі тұрғын үйлер (бір, екі, үш бөлмелі) қолда бар табиғи материалдан: өзен аңғарларында шикі кірпіштен, тауларда тақта тастардан салынған.

Қазақтың темір ұсталары негізгі еңбек құралдарын, балта, пышақ, қырықтық, шеге және басқаларын жасады.

Сұрақтар:

1. ХІІІ-ХҮ ғасырлардағы батырлық эпос, жазбаша әдебиет бағыты қалай дамыды?

2. Билер институты қазақ қоғамында қандай роль атқарды?

Негізгі әдебиеттер:

1.Қазақстан тарихы / Көне заманнан бүгінге дейін. – 5 томдық. 1 том. Алматы, 1996.

2.Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы, 1994.

3. Ч. Мусин. Қазақстан тарихы. Алматы, 2008.

4.Абусеитова М.Х. Казахское ханство во второй половине XVI в. А., 1985.

6.Дулати М.Х. Тарихи Рашиди. А., 2003.

7.История Казахстана в арабских источниках. В 3-х томах. Т. 3. А., 2006.

8.История Казахстана в персидских источниках. В 5-ти томах. Т. 4-5. А., 2006.

9.История Казахстана в русских источниках. В 10-ти томах. Т. 1-4. А., 2005-2007.

10.Казахско-русские отношения в XVI-XVIIIвв.Сбор документов и материалов. А., 1961.

11.Казахстан в XV-XVIII вв. А., 1969.

12.Материалы по истории казахских ханств XV-XVIII вв. А., 1969.

13.Фазлаллах ибн Рузбихан. Михман-наме-и-Бухара (Записки бухарского гостя). М., 1976.

Қосымша әдебиеттер:

1.Абусеитова М.Х. Казахстан и Центральная Азия в ХҮ- ХҮІІ вв.: история, политика, дипломатия. – Алматы, 1998.

2.Аккошкаров Е. Из истории казахов. А., 1997.

3. Марков Г.Е. Кочевники Азии. Структура хозяйства и общественной организации. М., 1976.

4. Масанов Э.А. Очерк истории этнографического изучения казахского народа в СССР. А., 1966.

5. Оразбаева Н.А. Народно-декоративно-прикладное искусство казахов. Л., 1970.

6. Пищулина К.А. Присырдаринские города и их значение в истории казахских ханств в XV-XVII веках // Казахстан в XV-XVII веках. А., 1969.

7. Пищулина К.А. Юго-Восточный Казахстан в середине XІV – начале XVI вв. // Вопросы политической и социально-экономической истории. А., 1977.

8. Поляков С.П. Историческая этнография Средней Азии и Казахстана. Хозяйство. Социальная организация. Этническая история. М., 1980.

9.Сарыбаев Б. Казахские музыкальные инструменты. А., 1978.