Абылай ханның Қазақ хандығын біріктіруі.

Абылайдың алдында тұрған ең басты міндеттердің бірі – жоңғар шапқыншылығының нәтижесінде өз тұрғылықты жерінен, малынан айырылып, ауыр жағдайда қалған қазақ халқының экономикалық жағдайын көтеру болып табылды. Қытаймен сауда – қатынастарының кеңеюі байқалды. Қазақтар Құлжаға Үрімші, Қашқарға мал айдап, ол жақтан жібек, кілем, ыдыс, шәй әкелді. Ресеймен сауда – қатынастары өте жағары дамыды. Бір Орынбордан ғана 60-жылдардың бірінші жартысында жыл сайын жүз мың пұт ұн сатылып алынып, оның орнына 150 мың қой айдалды. XVIII ғасырдың 60-70 жылдарында уақытша тыныштықтан кейін Түркістан қаласында сауда орталығы ашылып, қайта өрлеп, өркендеді. Сауда керуендері, ежелгі Жібек Жолымен Қазақстанның оңтүстік қақпасынан өтіп осы қалада жиі тоқтады. Түркістан қаласы, Жетісудің, Батыс Қытайдың, Ресейдің саудагерлерін тартатын үлкен ірі қалаға айналды. Абылай Түркістанда орныққаннан кейін өз халқының пайдасына алым-салымдарды төлеткізіп, Қоқан бектерінің шапқыншылығынан қорғайтын “Хан қорғаны” сынды атақты бекініс салғызды. Абылайдың қарамағында жақсы қаруланған, нақты қауіп төнген кезінде тез жиналатын азиатты түрдегі әскері болды. Олар қырғыз манаптарымен, қоқан бектерімен күресте ерекше көзге түсті.

Абылай ханның жаңадан енгізген билік ету тәсілдерінің бірі – жеке таңдамалы әскері – төленгіттерді күшейтуі. Әрқашанда хандардың жеке күзетшілері болған, сол себепті де Абылай ханның өте күшті және көп адамдардан тұратын жеке таңдамалы әскері болған. Ол әскерді басқару үшін арнайы ережелер енгізілген. Тұрақты әскері бірте-бірте қазақ жасағын құрады. Бөгенбай, Қабанбай, Баян, Өтеген, Жәнібек, Наурызбай тағы басқа батырлар әр қайсысы 10 мың адамнан тұратын бірлестіктерді басқарған. Батырлардың қатарына атақты рулардың ғана емес, әскери іспен кәсіби түрде айналысатын қарапайым адамдар да қосылған. Олар көбінесе басқа міндеттерді атқарған: саяси қайраткерлерді көршілес мемлекеттерге іс сапрарға өзімен бірге апарды, ал кейбір кездерде олар өздері де саяси өкілдер ретінде қатысты.

Әбілмәмбет ханның ханға лайық қасиетін сыйлап, Абылай ол қайтыс болғаннан кейін ғана 1771 ж. жалпы қазақ хандығының тағына отырды және Әбілқайырдың баласы Әбілфейізге қолдау көрсетті. Бұл Қазақстанның Оңтүстік аймақтарында Абылай ханның билігін күшейтті. Ұлы жүз билеушісі Төле бимен жасалған ескі келісімдерге сүйеніп, үйсіндердің өтінішін қанағаттандырып, Абылай оларға билік жүргізу үшін өз баласы Әділді жіберді. Кіші жүздегі қиын жағдайды түсініп, Абылай Нұралы ханмен тұрақты қарым – қатынастарды сақтай отырып, Орынбор әкімшілігі алдында оған қолдау көрсетті

Кіші жүздің Ресейге қосылуы – Ресей патшалығына Қазақстан аумағының тек бір бөлігін ғана бақылауға жол берді. Ал негізгі Орта және Ұлы жүз жоңғар шапқыншылықтарына қарамастан, Ресей, Қытай, Жоңғар елі мен Цинь патшалығы жайында саясатты бақылау барысында одақтастарды анықтауға ерікті болды. Қытаймен және Ресеймен саяси теңдігіне қол жеткізу арқылы, қазақ елінің егемендігін сақтау жоспарын құрды.

1745 жылы көктемде Қалдан-Цареннің әскері Зайсан көлінің өңіріне кірді. Бұл мәліметті қабылдаған Абылай оларға қарсы Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Жәнібек батырлар басқарған үш түмен әскерін жіберді. Бүкіл үш түменді жалпы басқаруды Абылай өз қолына алды. Абылай ханның тактика мен стратегиясының негізгі айырмашылығы шешуші шайқастарда сандық басымдылықты құру қабілеттілігі еді. Бұл кезде де жоңғарлардың 20 мыңдық әскеріне қарсы 30 мың жасақтардан тұратын мықты қаруланған әскерін шығарды. Бұл шайқас Тарбағатай таулары мен Зайсан көлінің арасында, қазіргі Қабанбай ауылының Солтүстігіндегі Шорға өзенінің маңында өтті. Жоңғарларға жан-жақтан соққы беріп, оларды бір бірінен байланыссыз қалған бірнеше бөліктерге бөліп алып, жалпы басқарудан айырды. Негізінен бұл шабуыл жоңғарларды қырып-жоюға арналды. Жоңғарлардың бүкіл 20 мың әскері өздерінің басшыларымен сол жерде қырғынға ұшырады. Бұл Абылай ханның бүкіл бүкіл жоңғарлармен күрес жүргізген жылдар ішінде ең ірі жеңісі болды. Бұл жеңістен кейін оның жағдайы неғұрлым күшейді және билігі шексіз болды.

Қазақ хандығының басына ірі басшының келуі және Тарбағатай тауының өңіріндегі жоңғарлармен шайқаста жеңіске жетуі халықтың арасында жаудан қазақ жерін толығымен азат ету міндетін қойды. Жоңғарларға қарсы шешуші күрес аяқталуға жақындады.

1745 жылы Қалдан-Царен қайтыс болғаннан кейін таққа талас басталып, тек 1750 жылы ғана Қалдан-Цареннің некесіз туылған баласы Лама-Жоржы таққа отырды. Оған ноян Даваци және Әмірсана қарсы шықты, бірақ 1751 жылы күзде олар жеңіліске ұшырап Қазақстанға қашып кетті. 1752 жылы күзде 20 мың санды ойрат әскері Қазақстан жеріне басып кірді. Өз жерін қорғаған қазақ жауынгерлері жоңғарларды жеңіліске ұшыратты. Абылай бейбіт келіссөз өткізу туралы ұсыныс жасаған, бірақ Лама-Жоржы оған келіспеді. Бұл кезде 1753 жылы Даваци және Әмірсана Лама-Жоржыға қарсы шығып, оны қырғынға ұшыратты. Абылай Амурсанға көмек ретінде 5 мың адам әскерін жіберді. Бірақ ол жеңіліске ұшырап, қайтадан Қазақстанға қашуға мәжбүр болды. Абылай орталықтандырылған Жоңғар мемлекетін қайта құруға мүдделі болды, бірақ бұл Қытай үкіметінің жоспарларына кірмеді, ал қазақтар, Амурсананың жақын одақтастары болғандықтан, Қытай патшалығы олар мен де күрес жүргізуге мәжбүр болды.

1756 жылдың аяғы мен 1757 жылдың басында Әмірсана өз елшілігін Ресей, Тува, Орта Азия жеріне жіберіп, Абылайдан қайта көмек сұрады. Абылай Цинь патшалығының қарсыласына қамқорлық жасап, Империяның саясатына қарсы әрекет жасап отырды. Әмірсананы қолдап, Абылай, Қазақстан мен Қытай арасындағы аралық кеңестік ретінде қолдау мақсатында Жоңғарияны сақтауға ұмтылды.

1756-1757 жылдары Жоңғарияға Қытайдың 90 мың әскерінің басып кіруі, оның тағдырын шешті. Жоңғария жеке мемлекет ретінде өмір сүруін тоқтатты. Маньчжур-Цинь әскерінің Қазақстан шекарасына жақындауынан Абылайхан қауіптенді. 1757 жылы көктемде Цинь генералы Фудэ мен Чжанхойдың әскері Қазақстан шекарасына басып кірді. Мемлекетке қауіп төнді. Абылай, Күлсары, Күлеке үшеуі 6 мың әскерін жинап, өз территорияларын жаудан азат етті.

1757 жылдың ортасында Тарбағатайда, Айдынсу өңірінде Қытай әскері қазақтарды қуып жетіп, шайқасты бастады. Қазақтар жеңіліске ұшырап, Абылайхан жамбасынан жарақат алды. Ресей патшалығы тек нәтиже бермеген дипломатиялық қарсылық білдірумен ғана шектелді. Ресейдің ішкі тұрақсыздылығы, Еуропадағы 7 жылға созылған соғыс, қазақ-қытай конфликтісіне ашық түрде араласуға мүмкіндік бермеді.

Қазақстанның Оңтүстік шекаралары да Қазақ жерінің құрамдас бөлігі ретінде Абылайдың қарамағында болды. 1762 жылы қарақалпақтарға жорық жасап, Ұлы жүздің руларына және қоңыраттарға бұрынғы заманнан қазақ жерлері болып табылатын жайылымдарды пайдалануға мүмкіншілік берді. 1765 жылы Абылай Қоқандыққа қарсы және қоқандықтың қарамағындағы қырғыздарға қарсы әскерін жіберді. 1770 жылы өткен Жайлау шайқасының нәтижесінде қырғыздар жеңіліске ұшырады.

Абылайды қазақ халқының арасындағы беделі 1771 жылы, оны Хан ретінде сайлағаннан кейін, едәуір өсті. Әбілмәмбет хан қайтыс болғаннан кейін, дара билеуші ретінде таққа Абылай отырды. Оның нақты басымдылығын қолдап, үш орданың билеушілері оның қол астына ерікті түрде кірді. Оған Орынбор және Сібір Әскери-отаршылдық билік жағынан күшті қысым көрсетілгеніне қарамастан Абылай өз саясатын өзгертпей, көрші Азиялық мемлекеттер үшін мықты күш ретінде көрінді.

1781 жылы көктемде емшілердің күш салып емдеуіне қарамастан, Абылай қайтыс болды. Бұл кезде ол 70 жаста еді. Абылай өз өліміне дейін Түркістанда үш жүздің өкілдерін жинап алып, өзінен кейін, орнына екінші баласын, көптеген жылдар бойы қазақ жерлерін қорғау үшін ат салысқан Уәли сұлтанды қалдырды.

Негізгі әдебиеттер:

1.Қазақстан тарихы / Көне заманнан бүгінге дейін. – 5 томдық. 3 том. Алматы, 2002

2.Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы, 1994.

3. Ч. Мусин. Қазақстан тарихы. Алматы, 2008.

4.Абдиров М. Завоевание Казахстана царской Россией. А., 2000.

5.Витевский В.Н. Неплюев и Оренбургский в прежнем его составе до 1758 г. Т. 3. – Казань, 1896.

6.Вяткин М.П. Очерки по истории Казахской ССР. М.-Л., 1941.

7.Зиманов С.З. Политический строй Казахстана конца XVIІ и первой половины ХІХ в. А., 1960.

8.История Казахстана в русских источниках. В 10-ти томах. Т. 3-6. А., 2005-2007.

9.Казахско-русские отношения в XVI-XVIII вв. Сборник материалов. А., 1961.

 

Қосымша әдебиеттер:

1.Абылай хан / Құрастырғандар О. Смағұлов, М. Қожа, А. Оразаққызы. А., 1999.

2.Абылай хан: Өмірі мен қызметіне қатысты құжаттар мен материалдар. – Петропавл, 2005.

3.Аполлова Н.Г. Экономические и политические связи Казахстана с Россией в XVIII – начале ХІХ вв. А., 1960.

4.Әбсадықов А. Хан Абылай: тарихи шындық және халықтық таным. Хан Абылай: реальность и фольклор. – Костанай, 2000.

5.Ерофеева И.В. События и люди Казахских степей (эпоха позднего средневековья и нового времени) как объект исторической ремистификации // Научное знание и мифотворчество в современной историографии Казахстана. А., 2007.

6.Левшин А. Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких, орд и степей. Составитель Ерофеева И.В. А., 1996.