ХХ ғ. басындағы Қазақстан мәдениеті.

Қазақстанда XIXғ аяғы XX ғ басында оқу ағарту ісі таптық сипатта болды. Ұлт мектептер туралы 1870 ж «Ресейде мекендейтін бұратаналарға білім беру жөніндегі шаралар туралы» заң қабылданды.Онда ағарту жүйесі 3 санатқа бөлінді:

1) әлі аз орыстанғандар үшін

2) орыстары көп жерлерде тұратындар үшін

3) жеткілікті дәрежеде орыстанғандар үшін

Егер 1901 ж Қазақстанда Оқу ағарту министрлігі бойынша 283 орыс және 207 орыс-қазақ мектептері болса,1916ж 2448-ге жеткен, оның 562 орыс-қазақ мектептері болды. 1917ж 47 жоғары-бастауыш училище, 17 орта мектеп ,4 реалдық училище, 4 ерлер , 4 қыздар гимназиясы,13 ауыл шаруашылық төменгі мектебі, 2 қолөнер мектебі жұмыс істеді.

Қазақ тіліндегі мерзімді баспасөздің алғашқы басылымдары « Түркістан уәлаятының газетін»( 1870-1882) , « Дала уәлаятының газетін» (1888-1902) отаршылдық өкімет органдары құрды. Ресми емес қазақ мерзімді баспасөзінің қалыптасуы XX ғасыр басында жалпы азаттық қозғалыспен тығыз байланыста болды. 1907 ж 28 наурызда ІІ Мемлекеттік Дума депутаты Шәймерден Қосшығұловтың «Серке» газетінің бірінші нөмері шықты. 3-4 нөмері ғана шығарылып , цензура оны қауіпті деп тауып жауып тастады.

Мұхаметжан Сералин 1910 ж 10 қаңтарда Троицкде қазақ халқының тарихындағы тұңғыш «Айқап» ұлттық журналының 1-ші нөмерін шығарды. Ұйымдастырушысы және баспагер, идеялық басшысы және редакторы М. Сералин (1872-1929).Ол бұрын педагогтық журналистік қызметпен айналысқан ,әдебиетші,қоғам қайраткері.М.Сералин еңбегін зерттеушілер: ол Қазақстанда демократиялық бағыттағы ұлттық журнал шығаруды бірінші болып жолға қойды. «Айқап» патша өкіметінің реакциясының кейін қазақ қоғамын оятты деген қортынды жасайды..

«Айқап» бағдарламасы мына бағытта жұмыс істеді:

« 1.Отырықшылыққа көшу, қалалар тұрғызу, жерден қол үзбеу;

2.Мектептер мен медреселер ашу, білімді әрі мәдениетті болу;

3.Дін істерін өз қолына алу, өз мүфтиін сайлау;

4.Мемлекеттік Думаның мінберінен халық мүдделерін қорғау және

оларды үкіметке жеткізе алатын депутаттардың болуы;

5.Петербургте тұрақты өкілдік болуы».

Қазақ газеті - 1913 жылдың ақпанынан 1918 жылдық қаңтарына дейін 3000 дана таралыммен 265 номері жарық көрді.Газет Ахмет Байтұрсыновтың басшылығымен шығып тұрды.Жекелеген нөмерлері 8000 данаға жететін таралыммен шықты.Газетті Орынбор , Уфа ,Қазан , Петербург, Мәскеу, Томск қалаларындағы , Турция мен Қытайдағы оқырмандар алып тұрды.

Біртұтас болып біріккен ғажайып үштік-А.Байтұрсынов ,М.Дулатов,Ә. Бөкейханов қалың қазақ елінің мүддесін білдіріп, оның шамшырағы болған ғасырдың ұлттық газетін құра білді.Олар « Қазақ» газетінің төңірегіне қазақ демократиялық зиялыларының бүкіл бетке ұстарларын, соның ішінде Шәкерім Құдайбердиев, Мағжан Жұмабаев,Ғұмар Қарашев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Жүсіпбек Аймауытов , Бейімбет Майлин, Жақып Ақбаев, Халел Досмұхамедов, Сәбит Дөнентаев, Мұстафа Шоқай, Мұхамеджан Тынышбаев және басқа да көптеген көрнекті қайраткерлерді топтастыра алды.Дегенмен де, негізгі идеялық-теориялық салмақты А.Байтұрсынов, М. Дулатов, Ә. Бөкейханов көтерді.

Сұрақтар:

1. ХХ ғ. басындағы қазақтың саяси, интеллектуалды, рухани элитасы (Ә. Бөкейханов, М.Дулатов, А.Байтұрсынов т.б).

2. 1917 ж. Ақпан буржуазиялық демократиялық революциясының халықаралық маңызы және оның Қазақстанға әсері қандай болды?

3. ХХ ғ. басындағы Қазақстан мәдениеті.

 

Негізгі әдебиеттер:

1. Алексеенко И.В. Население дореволюционного Казахстана. А., 1981.

2. Восстание 1916 г. в Средней Азии и Казахстане. М., 1960.

3. Востров В.В., Муканов М.С. Родоплеменной состав и расселение казахов (конец ХІХ–начало ХІХ вв.). А., 1968.

4. Қойгелдиев М.Қ. Алаш қозғалысы. А., 1995.

5. Малтусынов С.Н. Аграрный вопрос в Казахстане и государственная дума России 1906-1917 гг. А., 2006.

6. Национально-освободительное движение в Казахстане и Средней Азии в 1916 году: характер, уроки, итоги. Составители: Мажитов С.Ф., Жакишева С.А., Романов Ю.И. А., 1996.

7. Нұрпейісов К.Н. Алаш һәм Алашорда. А., 1995.

Қосымша әдебиеттер:

2. Асылбеков М.Х. Железнодорожники Казахстана в первой русской революции (1905-1907гг.). А., 1965.

3. Асылбеков М.Х., Галиев А.Б. Социально-демографические процессы в Казахстане (1917-1980 гг). А., 1991.

4. Галузо П.Г. Аграрные отношения на юге Казахстана в 1867-1917 гг. А., 1965.

 

20. Дәріс тақырыбы:Қазақстан Қазан төңкерісі мен азамат соғысы жылдарында.

Дәріс жоспары:

1. 1917 ж. қазан төңкерісі кезіндегі Қазақстан.

2.Азамат соғысы (1918-1920 ж.ж.) халық қасіреті.

3. 1917 ж. Алаш және Кеңес үкіметтерінің құрылуы.

4. Қазақ АКСР-ң құрылуы.