Ж. қазан айындағы Қазақстан халықтары Ассамблеясының сессиясы

«Қазақстан халқы Ассамблеясы – еліміздің этноұлтаралық қарым – қатынасын дамытудың іргелі институтына, татулық пен сыйластықтың берекелі бекетіне айналды»

Мемлекет басшысы өз сөзінде Қазақстандағы жүргізіліп отырған ұлтаралық саясатқа әлемдік қауыдықта да қызығушылық туып отырғанын айтып өтті.

Қазақстан халқы Ассаблеясының мүшелері қатысқан биылғы сессия жұмысы «Ел бірлігі – біздің стратегиялық таңдау» тақырыбында өтті.

«Мәртебелі органның сессияларында қоғамдық өмірдің сан салаларын қамтитын, оның қабілетіне ықпал жасайтын әллеуметтік мәні зор мәселелер талқыланып жүр.» біздің үлгімізде шетелдік меймандар да өнеге тұтады. Олар сессия жұмысына қатысты Ассамблея қызыметінің жаңа қырларын үйренуде, бағыт – бағдарларынан тәлім алуда,» - деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан халқының мемлекеттік тілді меңгеруінің жалпы халықтық үдерісін басқаруы тиіс. Бұл үшін ешкімді де кемсітуге және төмендетуге жол берілмейді, қажетті шаралар кешенін жүйелі және дәйекті түрде жүзеге асыру қажет.

4. Астананы Алматыдан Астанаға көшіру, 1997ж.10 желтоқсандағы халыққа арналған Үндеу. «Жүз жылға тең он жыл» - Н.Ә.Назарбаевтың 2001 ж. 16 желтоқсанда Астанада тәуелсіз Қазақстанның 10 жылдығына арналған салтанатты мәжілісте сөйлеген сөзі.Осы кезеңде астанамыз Алматыдан Ақмолаға көшірілді. Бұл мәселе жөнінде Елбасы, Премьер-министр, Парламент сенатының төрағасы және Парламент мәжілісінің төрағасы халыққа үндеу жариялады. Үндеуде 1997 жылдың 10 желтоқсаннан бастап Ақмола еліміздің астанасы болатындығы, енді бұл жерде Отанымыздың жүрегі соғатындығы айтылды. Ал арнайы құжаттарда: «Қазақстан-Еуразиялық ел, Ақмола-географиялық жағынан Еуразия материгінің кіндігіне орналасқан қала» дей отырып, қаланың барлық талаптар бойынша астана болуға лайық екені көрсетілген. Үндеуде: «ХХ ғасыр тарихында біз тұңғыш рет өзіміздің еліміздің астанасы жөнінде еркін шешім қабылдап отырмыз. ХХІ ғасыр табалдырығында өз таңдауымыз бойынша ежелгі Сарыарқа төсінде жаңа астана құрамыз»,-делінген. 1998 жылы 6 мамырда Президент Жарлығымен Ақмола қаласының атауы Астана деп өзгертілді.

Негізгі әдебиеттер:

1. Қазақстан тарихы / Көне заманнан бүгінге дейін. – 5 томдық. 5 том. Алматы, 2010.

2. Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы, 1994.

3. Ч. Мусин. Қазақстан тарихы. Алматы, 2008.

1. Казбеков Б.К. Интеграция Казахстана и Центральной Азии в мировую экономику. А., 2002.

2. Назарбаев Н.А. На пороге ХХІ века. А., 1996.

3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жолы. Астана, 2006.

4. Назарбаев Н.А. В потоке истории. А., 1998.

5. Назарбаев Н.А. Критическое десятилетие. Алматы, 2003.

Қосымша әдебиеттер:

1. Арыстанбекова А. Объединенные Нации и Казахстан. А., 2002.

2. Джалилов З.Г. Ислам и общество в современном Казахстане. А., 2006.

3. К новым стандартам в развитии общественных наук в Центральной Азии // Материалы Международной научной конференции. А., 2006

4. Международный диалог и культурное разнообразие // Сбоник материалов круглого стола. А., 2007.

5. Суфизм в Иране и Центральной Азии // Материалы международной конференции. А., 2007.

6. Сыроежкин К.Л. Мифы и реальность этнического сепаратизма в Китае и безопасность Центральной Азии.

7. Центральная Азия: диалог цивилизаций в ХХІ в. // Материалы международной конференции. А., 2003.

Дәріс тақырыбы: Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы.

Дәріс жоспары:

1. Егемендік жолындағы қиындықтар: экономикалық дағдарыс, әлеуметтік қиындықтар, өмір сүру деңгейінің төмендеуі, жұмыссыздық. Оларды жою шаралары.

2. БҰҰ даму Бағдарламасы, адамның даму мәселесі туралы есептер, Адам дамуының интексі.

3 Экономикалық өнеркәсіп, аграрлық және финанс – банк секторларын дамытудың келешегі.

4. ҚР Тексако-Мобил, Би ЛИ Амоко, Шелл, Шеврон, т.б. АҚШ-тың ТНК, Батыс Европаның, Оңтүстік Шығыс Азияның, Таяу Шығыстың бірқатар компанияларының сыртқы экономикалық ынтымақтастығы.

 

Егемендік жолындағы қиындықтар: экономикалық дағдарыс, әлеуметтік қиындықтар, өмір сүру деңгейінің төмендеуі, жұмыссыздық. Оларды жою шаралары.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін әлеуметтік-экономикалық байланыстардың үзілуіне байланысты жұмыс істеп отырған кәсіпорындар бірінен соң бірі тоқтап жатты, соған орай, жұмыссыздық көбейіп кетті, тұрмысқа қажетті тауарлардың жаппай тапшылығы үдей түсті. Асқынған инфляция шарықтап кетті. Мәселен 1991-1993 жылдар аралығында еліміздегі инфляция деңгейі 2.200 пайызға дейін өскен.

Қазақстан ТМД-ның басқа елдері сияқты, нарықтық экономика жолына 1992 жылдың қаңтар айынан аяқ басты. Алғашқы кезде елімізде өзара байланысып жатқан екі міндетті шешу қажет болды:

- экономиканы тұрақтандыру және дағдарыстан шығару;

- нарықтық қатынастарды құру және дамыту.

Еліміздің алғашқы кездегі әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясы Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың 1992 жылы жарияланған «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» және 1993 жылы көрген «Қоғамның идеялық бірігуі - Қазақстанның дамуының кепіл» деген еңбектерінде жарияланды.

Сонымен елімізде жүргізілген экономикалық реформаның алғашқы кезеңі. 1992-1993 жылдардың аралығы болып табылады. Бұл кезең экономиканы түбегейлі қайта құрудан, яғни жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшуден басталып, ұлттық валютамызды енгізгенге дейін аралықты қамтиды. Нарықтық экономиканың заңдық базасы құрылды. Сыртқы экономикалық қатынас, оның ішінде шетел капиталын тарту, банкі саласын қалыптастыру шаралары жүргізілді.

Экономикалық реформаның екінші кезеңі 1993 жылы қараша айында ұлттық валютамызды енгізуден және өзіміздің макроэкономикалық саясатымызды қалыптастырудан басталды. Ұлттық теңгеміздің енгізілуі еліміздің экономикалық және саяси өміріндегі үлкен маңызды оқиға болды.

Еліміз 1992 жылдан бастап нарықтық қатынасқа көшкеннен кейін мемлекеттік нысандар жаппай жекешелендірілді. Өйткені, жекешеледіру экономикалық реформалар саясатының басты бағыттарының бірі болды. Содан бергі аралықта республика бойынша жеке кәсіпорындардың үлес салмағы 80 пайыз, соның ішінде өнеркәсіпте – 86, ауыл шаруашылығында – 95, құрылыста – 84, көлікте – 96 пайыз.

Ұлттық өнім өндірісінің ортақ көлеміндегі жеке сектордың үлесі 50 пайыз, оның ішінде өнеркәсіпте – 40, ауыл шаруашылығында - 90 пайызға жуық, құрылыста – 60, саудада – 85 пайыз болып отыр. Сөйтіп, ел экономикасында жеке сектор басым болып отыр. Сөйтіп, ел экономикасында жеке сектор басым болып отыр. Қазіргі уақытта «Жеке меншік кәсіпорындарда 4,7 млн. адам жұмыс істейді, бұл экономикада жалпы еңбекпен қамтылғандардың 77 пайызын құрайды. Елімізде миллионға жуық азамат еңбек ететін 400 мыңдай шағын және орта бизнес нысандары жұмыс істейді.

Республикамыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы, негізінен алғанда шикізат кешенінің даму бағытын тікелей байланысты болып отыр. Олай дейтініміз Қазақстан әлеміндегі шикізат қоры бай елдердің қатарына жатады және экономикасы шикізат өндіруге бағытталған. Қазақстан фольфрам, ванадий, уран және барий қоры жөнінде бірінші орын алса, әлемдік мыс қорының 10 пайызын, қорғасынның – 19, мырыштың – 13, темірдің – 10, көмірдің – 9, марганецтің – 25, хромий кендерінің – 30 пайызын иеленіп отыр.

Тәуелсіз Қазақстан Республикасы экономикалық дамуда көптеген қиыншылықтарды басынан кешіре отырып, ілгері дамып келеді. Жетістіктері баршылық. Мәселен, 2000 жылы ішкі жалпы өкімінің өсімі 9,6% болды. Өндіріс көлемі – 14,6%, жүк тасымалдау – 13,3%, сыртқы тауар айналымы – 56,7% өсті. 2000 жылы елдің экономикалық өсімі 10%-ға жуық көтерілді. 2001 жылы бұл көрсеткіш 12%-ға артты. Соның нәтижесінде әлеуметтік сала бойынша жалақы мен зейнетақы деңгейін көтеріп, ТМД елдері арасында алдыңғы қатарға шығуға мүмкіндік туды.

Қазақстанның ішкі экономикасын көтеру арқылы инвестициялық ахуалын жақсартуға негіз қаланды. Он жылдың ішінде еліміздің экономикасына 18,5 млрд. доллар көлемінде тікелей шетелдік инвестиция құйылды.

Негізгі әдебиеттер:

1. Қазақстан тарихы / Көне заманнан бүгінге дейін. – 5 томдық. 3 том. Алматы, 2002

2. Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы, 1994.

3. Ч. Мусин. Қазақстан тарихы. Алматы, 2008.

1. Назарбаев Н.А. На пороге ХХІ века. А., 1996.

2. Назарбаев Н.А. Пять лет независимости Казахстана. А., 1996.

3. Назарбаев Н.А. Казахстан-2030. Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев. //Казахстанская правда. 1997, 10 октября.

4. Назарбаев Н.А. В потоке истории. А., 1998.

5. Сәбден О., Қошанов А.К., Құсайынов Б.Д. және т.б. Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі, бағалау критерийлері мен арттыру жолдары. Монография. А., 2008.

Қосымша әдебиеттер:

1. Абылхожин Ж.Б., Бурханов К.Н., Кадырбаев А.Ш. Страна в сердце Евразии. Сюжеты по истории Казахстана. А., 1998.

2. Кшибеков Д.К. Национальная идея. А., 2007.

3. Назарбаев Н.А. Эпицентр мира. Астана, 2001.

4. Назарбаев Н.А. Критическое десятилетие. Алматы, 2003.

5. Сәбден О., Тоқсанбай С.Р. Қаржы-экономика сөздігі. А., 2008.